Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа
Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.
К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77
Жауаптарды талдау барысында ата-аналар мен балалардың қатынасы олардың үлгеріміне және статусына үлкен әсерін тигізетінін байқадық. Балалардың тәрбиесіне теріс әсері өте үлкен болатын жағдай ата-аналардың себепсіз қаталдыгы және тәлім-тәрбиеге немқұрайды қарайтындығы екені анықталды. Отбасындағы қарым-қатынастың мән мағнасы өте терең екенін көрсеті үшін ата-аналармен трансактілік талдау әдістемесін пайдаландық. Трансактілік талдауды ұсынған Э.Берн. Ол өз қағидасында адамның үш „Менінің" арақатынасын талдаған. Трансактілік талдау деген қарым-қатынас актісін тасымалдау мағнасында пайдаланылған. Адамдар қарым-қатынас жасағанда „Мен" позициясының біреуі анық байқалады және жетекші болады. Қарым-қатынас барысындағы позициялар қилысып түссе ол қайшылас жағдайды тудырып адамдар арасында түсінбеушілікті, шиеленіс жағдайды туғызады.
Трансакция нұсқасы.
Қарым-қатынас барысында орын алатын трансакция варианттарын талдау барысында «Мен» жағдайлары ретінде де белгіленеді:
1. Ата-аналық «Меннің» көріністері:
2. Қамқор ата-аналық «Мен»;
3. Сыншыл ата-аналық «Мен»;
Жүріс-тұрыс ережелерінен, нормалардан тұратын Ата-аналық «Мен» индивидке стандартты жағдайларда ойдағыдай бағытталуға мүмкіндік береді, сананы қарапайым, үйреншікті мәселелермен жүктелуден босата отырып, жүріс-тұрыстың пайдалы, сыналған стереотиптерін «жібередің. Ата-аналық Мен бұл біздің ішкі комментатор және бағалаушы болып табылады.
2. Үлкендік «Мен» жағдайы мағлұматтың логикалық құрамдарын қабылдайды және өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын эмоциясыз тексере отырып қабылдайды. Үлкендік «Мен» Ата-аналыққа қарағанда стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет ететін, таңдауға еркіндік беретін, сонымен қатар шешім қабылдаудың саддарын және жауапкершілігін ұғынуды қажет ететін жағдайларға бейімделеді.
3. Балалық «Мен» сезімдер тіршілік принциптеріне ілеседі. Қазіргі кездегі жүріс-тұрысқа балалық шақтағы жасырынды сезімдер әсер етеді. Сондықтан балалық «Меннің» өмірдегі орны өте күрделі және ерекше қызметтерді атқарады. (Мысалы, шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, өзінше бір ерекшеліктерді көрсетуді, шиеленістіруі өмірге өте қажетті жағдайларды туғызу т.б.). Сонымен бірге балалық «Мен» адамның өз бетімен мәселені шешуге шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде шатақ мінезбен көрініс береді. Э. Берннің классификациясы бойынша балалық «Мен» 3 түрге бөлінеді:
1. табиғи балалық «Мен» (қуаныш, қайғы және т.б. сияқты спотандық реакциялар).
2. икемделуші балалық «Мен» (бейімделуші, құлақ қоюшы, қорқақ, кінәлі, жалтақтаушы және т.с.с).
3. қарсылық білдіретін балалық «Мен» (өзін басқаларға таныту үшін қарсыласып, қырсықтық белгісін көрсетеді).
Позициялардан:
1. ата-ана-әке, әпке, педагог, бастық рөлдері ойналады.
2. үлкендік-көрші, бағынушы, кездейсоқ серік, өзінің бағасын білетін және т.б. рөлдер.
3. балалық-жас маман, халықтың сүйікті артисті, жезде рөлдері.
Әр бір адамның жеке тұлғасында осы 3 құрамдыстары байқалады. Осы 3 құрамды бөлік бір-бірімен гормониялық байланыста болуы керек. Егер біреуінің көрінісі сыртқы жағдайға сай болмаса, қарым-қатынас бұзылуы, шиеленіс жағдайы туы мүмкін. Шиеленіс жағдайларды шешу жолын қалай іздеу керек екенін Э. Берн тапқан. Оның пікірінше адамның осы құрамды бөліктерінің қайсысы бәсең көрініс берген болса, соны оятып жандандыру психотерапия мақсаты болып табылады. «Мен» позициясын диагностикалау және оны гармониялық жағдайға келтіру ол жеке адамның барлық функцияларын оңтайландыру болып табылады. Өйткені Мен көріністерінің әр қайсысы өз функцияларын атқарады.
Қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау барысында әр қарым-қатынастың мақсатына байланысты. «Меннің» 3 позициясының үлес салмағы әр түрлі болады. Осы 3 «Меннің» арақатынасын трансакциялық талдау бойынша анықтауға мүмкіндік туады. Осы талдау мінез-құлық құрылымын, оның ерекшелігін, әр құрамды бөліктерінің жалпы көрініске қосатын үлесін анықтап алғаннан соң трансактік талдау қарым-қатынас мэдениетінің өлшемі болып табылады.
2) Трансакцияны талдау.
Трансакция - бұл екі не одан көп адамдар арасындағы коммуникацияның бөлігі болып табылады. Трансакцияны талдаудың негізгі 2 бөліктен тұрады.
1. Түрткі трансакция.
2. Адамдарды қарым-қатынасқа шақырады.
2. Жауап трансакция (Түрткіге сай одан басым немесе төмен жауап беруі).
Осы бөліктердің бір-бірімен ұштасып жүруі барысында «Мен» жағдайы әртүрлі болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не шиеленіс жағдай туады.
Трансакциялар әртүрлі болады:
1. Параллель жүретін трансакция.
Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірін толықтырып отырады.
2. Кайшылас жүретін трансакция.
Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірімен қайшылас келеді.
3. Бүркемелі жүретін трансакция.
Шиеленіс анық көрініс бермеседе, ішкі мазмұны бір-бірін қайшылас болып келеді.
Қарым-қатынастың позитивті аяқталуына паралелль трансакциялар ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда ұрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқталуына алып келеді, нәтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.
Қарапайым екі жақты позициялар бұл «Мен» және «Сен» болып саналады. Олардың 2 модальдығы бар:
1. позитивті (қысқаша түрде былай белгілейміз- «+»)
2. негативті (сәйкесінше «-»).
Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4-түрлі варианттық басқа адамды қабылдау көрінісін береді:
1. Мен «-» -Сен «+». (Мен жаман, сен жақсы позициясы).
2. Мен «-»-Сен «-».(Мен жаман, сен жаман позициясы).
3. Мен «+»- Сен «-». (Мен жақсы, сен жаман позициясы).
4. Мен «+» -Сен «+». (Мен жақсы, сен жақсы позициясы).
Бұл өмірлік позиция ерте балалық шақта санасыз деңгейде қалыптасады. Үлкен табыстыққа алып келеді. Бұл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлұматтар бейнеленеді. Бұл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар дені сау адамның позициялары болып саналады. (Толық қосымшада берілген).
2.2. Оқушылар және олардың
ата-аналарымен жүргізілген
Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, «Отбасы суреті», «Біз қандай ата-анамыз?,» «Отбасылық қарым-қатынастың аймағы» тесті (Авторы: отбасылық психотерапевт Э.Г.Эйдемиллер, Санкт-Петербург), Кондаштың «Әлеуметтік - ситуациялы мазасыздану шкаласы», «Оқу мотивациясын анықтау» әдістемелері көмегімен зерттеу нәтижелері оқушылар және олардың ата-аналарымен психологиялық ағарту және психокоррекциялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде екінші сынып оқушыларына арналған адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулары өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың ата-аналарымен түсінісуін нығайту мәселелері шешілді. Сондықтан психокоррекциялық жұмыс жүргізу барысында осы ерекшеліктерді ескере отырып отбасында түсінушіліктің, артық қаталдық пен жалған беделдің қажеті жоқ екендігін көрсету керек екенін дәлелдедік.
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүргізілген сынып ата-аналары мен олардың балаларын қосып өткізген тренинг сағаттарының үлгі-жоспарларын ұсынамыз. Бұл жоспарларға сүйене отырып көптеген варианттарын, тақырыптарын анықтап алуға болады.
Дүниенің ең асылы, бағалысы адам болып саналады. Олай болса сол асылдың бойындағы ең басты шешуші қасиеттері неден тұрады деген сауал туындайды. Осы жас ұрпақтың адамшылық сипаттарының негіздері қандай болмақ деген сұрақ қазақтың ақын-жазушы ағартушыларын қатты ойландырған, толғандырған.
Әрбір халық өзінің данышпан адамдарын жадынан шығармайды, оларды әрқашан құрметтейді, қалдырған мұраларын сақтайды дәстүрлерін пайдаланып отырады. Осы жөнінен біз де Шоқан, Ыбырай, Абай, Жамбыл сияқты тарихи қайраткерлерімізді әрдайым еске алып, дәстүрлерін пайдаланып отырамыз. Бұлардың педагогикалық ілімінде баланың адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі іс-тәжірибесімен, еңбекпен ұштасып отырады. Оларды бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарында кеңінен пайдалануға болады.
Мысалы: «Тәй- тәй» бағдарламасы мектепке дейінгі балаларды тэрбиелеуге арналған, ол 1994 жылдың қыркүйек айында бастама алды. Бұл бағдарламаның негізін бастауыш мектептерде өңдеп пайдалануға өте ыңғайлы. Психологиялық қызмет көрсету барысында көптеген дидактикалық ойындарды, ертегілер мен қызықты әңгімелерді, «Жануарлар мектебі», «Қисынсықдықтар», және ұлттық ойындарды кеңінен пайдалануға болады. Осы бағдарламаға сүйене отырып жасалған бірнеше коррекциялық сабақтардың үлгісін келтіреміз.
1-ші коррекциялық сабақ.
Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл мұра»
Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірбандық, ойшылдық, шыншылдық, қайырымдылық т.б. адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында өтілді.
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.
Нақыл сөздер:
1. Адамның ішінде болмайды аласы, Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Шәкәрім.
2. Дос кешірім сұрағанда игілікпен адамның күнәсі-ысырапышылық күнәсімен бірдей.
3. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
4. Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай.
Коррекциялық сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескен соң коррекция сағаты басталып кетеді.
2. Оқушылар орындарына отырып, музыка әуені тоқталады, сол кезде есік қағылып, хат әкелінеді. Хатта бүгінгі коррекция сағатының тақырыбы жазылған екен.
Тақырып баяндалып, коррекция сабақтың мақсаты айтылған соң, психолог кіріспе әңгімесін бастайды.
- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін бай адам деген қандай адам, рух деген не? - деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіледі.
Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпісінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - рух пен нәпсің күресі жүріп жатады.
Ұлы бабамыз Шәкәрім айтқандай:
- Адамның ішінде болмайды аласы, Оларды бұзатын нәпісінің таласы.
Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы қасиеттер жүректен туындайды.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік.
Бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейрімді, кешірімді, қанағатышыл, ақылды болады. Осындай қасиетері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиетермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.
Бүгінгі коррекция сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дүрыс санадым. Ойымызды әрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінеген күннің суретіне қарайық.
Жарық күн. Оның бетін ала бұлт көлегейлеп тұр. Күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңестіреміз. Өйткені барлық тірі табиғат өкілдерінің өмірі осы күннің сәулесінен келетін нұрмен байланысты. Ал осы күннің бетін көлегейлеп тұрған бұлтты біз ананың жүрегіндегі көлеңке сияқты қабылдаймыз. Біз ананың сезімін сөйлетейік. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттардың ішіндегі ойларын ашайық.
Бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?
Бұлттарғы бірінші тапсырма: баяу ән әуінімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады.
- Өмірде тыныштық болса екен.
- Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.
- Мектеп бітіргеннен соң аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.
Психолог:
- Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкелді. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымда адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанып отырған сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде, автоколлонна бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылқ жасап, көмек көрсетеді. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.
1-ші бұлт ашылды - қайырымдылық қасиетін білдік.
Екінші бұлт:
Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері