Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.

Оглавление

К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77

Файлы: 1 файл

Дип.-психологтің-оқушылардың-ата-аналарымен-жүргізетін-жұмыстары.doc

— 835.50 Кб (Скачать)

Осы бөліктердің бір-бірімен үштасып жүруі барысында «Мен» жағдайы әртүрлі болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не шиеленіс жағдай туады.

Трансакциялар әртүрлі болады:

1. параллель жүретін трансакция.

Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірін толықтырып отырады.

2. қайшылас жүретін трансакция.

Бұл жағдайда түрткі мен жауап бір-бірімен қайшылас келеді.

3. Бүркемелі жүретін трансакция.

Шиеленіс анық көрініс бермеседе, ішкі мазмұны бір-бірін қайшылас болып келеді.

Қарым-қатынастың позитивті аяқталуына паралелль трансакциялар ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда ұрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқгалуына алып келеді, нэтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

3) Ойындарды талдау.

Трансактік талдау-стандартты хабарларда қайта-қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникацияның комплекті, стереотипті (жүріс-тұрыс стереотиптері) тізбектерін зерттеу. Осындай жүріс-тұрыс стереотиптеріне ойындар негізгі орын алады. Ойындар бұл трансакцияның стандарты тізбектері болып табылады. Осындай трансакцияларға фон болып психологиялық факторлар табылады. Ойындар спонтандық, ашық қарым-қатынасқа қарсы қойылады.

Ойындар белгілі «сый алу» үшін жүзеге асырылады: зорланушылықты алып тастау (шығарып жіберу), уақытты құру (реттеу) және т.с.с.

Трансакциялық талдау барасында ойынның үш түрі (типі) қолданылады:

1.  Құрбан келтіру (ымырашыл басшы өз-өзін құрбандыққа келтіргендей болып отырады).

2.  Қудалаушы (авторитарлы басшыға тән).

3.  Құтқарушы (демократия жолымен басқаратын басшы). Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланылады. Трансакцияны ұйымдастыру барысында ойын арқылы уақытта реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану барысында әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргенін жан-жақты талдайды.

Шектелу (шет жүрушілік) қарым-қатынас қатысушыларының трансакциялармен алмасудан бас тартуын білдіреді.

Ритуал жағдайда өткізу уақытының реті қолданылатын әдеттермен толық болжамдалған. Қарым-қатынас қатысушыларының барлығы алдын-ала кім не істейтінін біледі.

Іс-әрекет-қоршаған дүниенің объектілеріне мақсатталған әрекеттер көмегімен уақытты және келтіру тәсілі болып табылады. Бұған іскерлік кездесулерді, ыдысты жуу, сабақ жүргізу, кітап жазу, емтиханға дайындалу және т.с.с.

Ермекпен уақыт өткізу тәсілі.

Э. Берннің айтуынша: «тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға даяр болады. Олар трансакциялар мен жартылай ритуалды алмасуды білдіреді. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

Ойын арқылы уақытты реттеу тәсілі. Әр адам өз уақытын тиімді пайдалану қажет.

Жақындасу бұл уақытты өткізудің алғашқы 5 тәсілімен бас тарту. Партнерлер «Мен-жақсы», «Сен-жақсы» деген позицияларды-ұстанады.

Трансакция барысында әр поциент өз уақытын 3 фактор бойынша программалап реттеуге үйренуі қажет:

1. Материалды факторлар.

2. Әлеуметтік факторлар.

3. Жекелік факторлар.

Ойындар трансакциясының өте кең және күрделі ансамбльдердің бөлшегі болып табылады. Оларды сценарийлер деп атайды.

4) Сценарийлерді талдау

Сценарийлерді талдау бұл өмірді қалай сүру қажеттігі жайлы ерте санасыз шешімдерін табу эдісі. Трансакцияның бұл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-тұрысты зерттеу болып табылады. Бұл жерде әрекетсіздікті емес, шешім қабылдаудан қашу деп түйкіленеді.

Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модальдығы өмірге деген позициясы әр адамның өмір сценарийімен байланысты. Сондықтан трансакция барысында әр поциент өмір сценарийі талданады. Адам өмірі трансакциялық талдау бойынша бірнеше кезеңге бөлінеді. Әр жас кезеңі өмір сценарийына өз үлесін қосады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып адамның өмірінде күрделі жаңалықтардың болатын кезеңдерін жалпы жатырқаушылық кезеңдер деп белгілеуге болады деген. Осы жатырқаушылықтар жаңа өмір нышаны жасуша ретінде пайда болғанда, туылғанда, қарым-қатынас басталғанда және әлеуметтік ортаның бір мүшесі болғанда орын алады. Оны келесі суретпен көрсетуге болады.

Осы кезендерде адамдардың мінез-құлық, оның позициясы өзгере береді. Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар және сол адамды қоршаған үлкендер программалап қойған.

Позиция-бұл қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасына қалыптасатын, интегралды екі аспектіні нұсқау болып табылады.

Жеке адам позициясы сол программа бойынша құрылады. Қалыптасатын көзқарас екі аспектіден тұрады.

•     Объективтік болмысқа көзқарасы.

•     Өзі-өзіне көзқарас.

Позиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дұрыс еместі екенін түсінік, басқа позицияға өту туралы шешім қабылдауы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай вариантта екенін көрсету қажет.

Қарапайым екі жақты позициялар бұл «Мен» және «Сен» болып саналады. Олардың 2 модальдығы бар:

3.   позитивті (қысқаша түрде былай белгілейміз- «+»)

4.   негативті (сәйкесінше «-»).

Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4-түрлі варианттық басқа адамды қабылдау көрінісін береді:

1 Мен «-» -Сен «+».

Психологиялық түрде бұл депрессивті позиция, ол әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Профессионалды өмірде көбінесе бұл позиция әртүрлі адамның олардың алдында саналы түрде кемісінуіне түрткі болады.

2. Мен «-»-Сен «-».

Үмітсіздікке, болашақтан жақслықта күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңдеуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді. Бұл үмітсіз позициясы болып табылады.

3.    Мен «+»- Сен «-».

Басымдық сезім туғызады, өзін ортақ санап, ешкімді менсінбейді, мен-мен болып кетеді. Бұл позиция біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді. Бұл артықшылық позициясы болып саналады. Бұл позиция көбінесе орта жеке адамдарға тән.

4.    Мен «+» -Сен «+».

Бұл өмірлік позиция ерте балалық шақта санасыз деңгейде қалыптасады. Үлкен табыстыққа алып келеді. Бұл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлұматтар бейнеленеді. Бұл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар дені сау адамның позициялары болып саналады. Қорыта келе трансакциядан мыналар көрінеді:

•  әрбір адам келіп жатқан мағлұматты 3 канал бойынша, яғни ДР және В қабылдайды және әсерленеді;

•  эмоционалды канал (Д)-өте тез әсер ететін канал. Бірінші каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш-жігерді талап етеді;

•  параллель бағытталған мағлұматпен өзара алмасулар көп жағдайда гармониялығын дәлелдейді;

•  қайшылас трансакциялар шиеленісушілікке алап келеді;

• жауап реакциясы шығып жатқан сигналдарға байланысты. Әңгімелесушімен қабыл алынған бүркемелі трансакциялар дай-дамаймен бітуге мүмкін беретін жосықсыз қарым-қатынасқа алып келеді;

Трансактік талдау барысында зерттеушінің қарым-қатынас мәдениетіне сол адамның жан-дүниесіндегі үш негіз: «ата-аналық Мен», «үлкендік Мен» және «балалық Мен» әсерлерін анықтау арқылы олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адам өзімен-өзі гармонияда болу жолдарын тауып беру ерекшеліктері көрсетілген. Трансакция элементтерін мектеп психологі оқушылардың қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийінде, қарым-қатынас моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануға болады. Трансакциялық талдаудың технологиясының қиындығына және бұл тәсілді оқушылармен жеке дара жүргізу қажеттілігіне байланысты мектепте қолдана алмадық. Бірақ кейінгі жүмыстарымызда бұл талдауды кеңінен қолдану қажет екендігш анық байқадық.

 


 



Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері