Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа
Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.
К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77
Қазақ халқының өнегелі дәстүрлері арқылы ұлтжанды терең білімді ұрпақты тәрбиелеу жайлы 20-шы жылдары ең алғаш сөз қозғаған М.Жұмабаев болды. Ол сол кездің өзінде-ақ бала тәрбиесінде халық педагогикасының үлгілерін кеңінен пайдалануды уағыздаған. Оның айтуынша әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. «Әрбір ұлттың баланы тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»- деген көрегендік тұжырым жасаған.
Өзінің «Педагогика» атты еңбегінде педагогика мен психологияның, физиологияның қарастыратын мәселелерін қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерімен ұштастыра отырып баяндайды. Еңбекте көңілден шығатындай құптарлық ғылыми тұжырымдар, салиқалы ой-пікірлер халықтың күнделікті тұрмыс-әрекетінен алынған тәлімгерлік мысалдар кездеседі. Мысалы автор адамгершілік—эмоцияналдық қасиеттерінің ең негізі болып табылатын сүйіспеншілік, әсемдік сезімдерін, сөйлеу қасиеттерінің табиғатын ғылыми тұрғыдан терең мазмұндайды, бүгінгі күн талабынан шығатындай парасатты ойлар толғайды.
Мысалы, «балада,- дейді ақын және ғалым-психолог Мағжан,- анасын сүю сезімі оянады. Ананы сүю - анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып, айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң, білім тереңдетіёаен кезде, адамда елін сүю сезімі оянады. Өз елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздерден көрінері - ізгілік деген сөздің дүрыс һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүюі, өз елін сүюі, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде барлық адамзатты дос һәм бауыр көру екен. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. Адамның шын мағынасымен ңадамң болуы өзін-өзі сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт». Біздің ойымызша Мағжанның осы айтылған даналық сөздері адамгершілік тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай дейтініміз, адамгершіліктің асыл қасиеттерін меңгеріп, бойға сіңіріп, дағдыға айналдырмай тәрбие мәселесін жан-жақты шешу мүмкін емес.
Кезінде М.Әуезовтың «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе» - дегенінде үлкен мән жатыр. Ұсынылып отырған проблема қазақстанның педагогика ғылыми саласында өткен ғасырдың 70-ші жылдардан бастап зерттеу нысанасына алына бастайды. И.Орманбеков пен А.Мұхамбаеваның еңбектерінде қазақ халқының адамгершілік тәрбиесі саласындағы үлгілі дәстүрлерінің мүмкіндіктері әңгімеленсе, Н.Верщагина оқу-тәрбие процесі арқылы бастауыш сыныптарда отбасылық өмірдің адамгершілік негізін қалыптастыруды жүзеге асыруда жастар тәрбиесіне баса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталады.
Осы проблеманы нәтижеліі шешуде жеткіншек ұрпақты өз ұлтының қалыптасқан салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, оларды асқан шеберлікпен, қажымай-талмай насихаттап отыру қажет болды. Ал мұның өзі халықтық педагогика саласында терең мазмұнды, ғылыми тұрғыда дэлелденген зерттеулер жүргізуді талап етті. Көп кешікпей алғашқы еңбектер Қ.Б.Жарықбаев, М.Х.Балтабаев, Б.Әлмұхамбетов, С.Қалиев және т.б. жарық көре бастады. Оларда қазақтың халықтық педагогикасындағы құнды ой-пікірлерге талдау берілді. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады, ондағы -адамгершілік тәрбие берудің жекелеген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тәрбиелік мәні саралап көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңында»- «қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Сондықтан оны ғылыми негізінде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейкесті мәселелердің бірі. Осы бағытта нәтижелі жұмыстар істеп жатқан ғалымдарды, мектептерді Республикалық баспалардан шыққан ғылыми-әдістемелік еңбектерден, журнал мен газет беттерінен көруге болады. Халық педагогикасының жаппай оқу орындарында, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде қолдану үшін әрбір педагогикалық ұжым озат мектептің іс-тәжірибесімен жан-жақты танысып, оны өз мектебіне насихаттау. Оны бірте-бірте оқу-тәрбие процесіне енгізу. Жоғарыдағы аталған еңбектер біздің дипломдық жұмысымызға айтарлықтай үлесін қосты, әсіресе,- адамгершілік тәрбиесінің асыл қасиеттерін дұрыс түсінуге ықпалын тигізді.
А.Дайрабаеваның халық педагогикасы элементтерін мектептің барлық сатыларында пайдалану жолдарын зерттеген еңбектерінде қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл аударған. Автор өз еңбектерінде халықтың ежелден сақталған әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлер бойынша қыздарға адамгершілік әдеттерін меңгерудің құнды деген амал жолдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелейді. Сонымен қатар қазақтың ауыз әдебиеті шығармашылығындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлердің мазмұндық негіздерін көрсетеді. Осы жерде біздер, қазақтың халықтық тәрбиесінің кейбір өзіндік ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын «халық» деген ұғымға берілген түсініктерді талдағанды жөн көрдік. Энциклопедиялық анықтамаларда «халық дегеніміз - территориясы тұтас, тілі ортақ, ортақ экономикалық және әлеуметтік салт-дәстүрі бар адамдар қауымының белгісі бір тарихи кезеңдегі тұтастығы» - деп көрсетілген. Олай болса, біздің пікірімізше, халық үш түрлі негізден құралады. Олар әлеуметтік дәстүр, экономикалық және әлеуметтік өмір, тарихи кезең.
Бірінші, халық - әлеумет; отбасы жеке адам тәрбиесіне дейін таратылмақ. Екінші, экономикалық және әлеуметтік өмір - шаруашылық және басқару тәсілі мен ел билеушілер, яғіи жеке адамдар: олардың қалыптасқан моральдық бейнесі айқындалады. Үшінші, әлеуметтік өмір -халықтың өмірінің жиынтығы десек артық емес. Ол ауыз әдебиеті, аңыз ертегі, салт-дәстүрлер-, арқылы оларды жеке орындаушыларға, зергерлер мен шеберлерге, ақындар мен жыршыларға алып келеді. Сонымен осы үш тармақтың үшеуінің де тірелер жері адам. Олай болса, адам оның отбасысы осы тамырлар арқылы жақындасып қорытылған, өмір күшінде екшелеген талаптарды бұлжытпай орындауға дағдыланады. Немесе осы тұтастықты біз халықтық педагогика деп атап жүрміз. Бұл ұғымдар бір нәрсенің екі жағы тәрізді адамдардың адамгершілік өмірінің өлшеушісі. Демек, халықтық педагогиканы тәрбие бастауы десек оның өнеге берер ақиқат нәтижесі әдет пен имандылық.
Қазақ мектебінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, халық педагогикасының негізгі міселелерін оқу-тәрбие процесіне шығармашылықпен енгізу, нәтижелерін жинақтау және одан әрі қарай насихаттау, дамыту бүкіл педегогикалық қауым алдындағы басты міндеттердің бірі. Оны насихаттаудың тиімді жолдарының бірі педагогикалық оқулақтар және әдістемелік құралдар жазып, оны мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдер мен психологтарға жеткізіп беру. Педагогикалық оқулардың мақсаты - қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеудегі үлгі мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет ғұрыптардың мектептерде пайдалану, жақсы тәжірибені насихаттау және оны мұғалім жұртшылығының игілігіне айналдыру.
Бұл жөнінде облыстар және Республика бойынша жыл сайын өткізілетін «Педагогикалық оқулардың» (Педагогические чтения) ролі өте зор. Сондықтан оларды кеңінен ғылыми негізінде пайдаланып, халық педагогикасына, қазақ халқының этнопедагогикасына байланысты тақырыптарды жыл сайын уағыздай және оқу-тәрбие процесіне енгізудің тәсілдерін іздестіріп отыру қажет.
Солардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Үздіксіз білім беру институтында өткізілетін қазақ мектептерінде сапалы білім беру проблемалары тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық педагогикалық оқуын айтуға болады. Осындай педагогикалық оқуда озат мұғалімдердің халық педагогикасы тақырыптарына жазылған баяндамалары көптеп саналады.
Мұғалімдер жұртшылығына халық педагогикасын насихаттаудың ең басты формасы облыс орталығындағы мұғалімдер білімін жетілдіру институты. Институт барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын мұғалімдер курстарын өткізеді. Ол үшін әрбір пәннің педагогика, психология курстарының бағдарламаларын жасайды. Бағдарламада халық педагогикасының негізгі мәселелері демек тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен әдістері, қазақ халқы педагогикасындағы тәрбиенің түрлері, яғни ақыл-ой, имандылық, еңбек, эстетикалық, дене, экологиялық, экономикалық, патриоттық және әйелмен тәрбиелері қарастырылды. Сонымен бірге белгілі халық педагогтары, олардың тәжірибелерін үйрену, зерттеу, жинақтау және тарату, оқу пәндерінің тәрбие жұмыстарының бағдарламаларына кіреді.
Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары жасаған бағдарламаларды әрбір аудандық, қалалық оқу білімдері және әдістемелік кабинеттер пайдаланып, пән мұғалімдері және тәрбиешілермен тұрақты семинарлар өткізіп отыру қажет. Осы бағытта өткізілетін іс-әрекеттері халық педагогикасын насихаттаудың және дамудың негізгі көзі болады.
Халық педагогикасын насихаттаудың және оны оқу-тәрбие ісіне енгізу жұмыстарының нәтижесі ғалымдардың, педагогикалық ұжымдардың іскерлігіне, белсенділік іс-әрекеттеріне байланысты. Сондықтан, барлық орта және жоғары оқу орындарының етенелі міндеттерінің бірі осы проблеманы зерттеу, көпшілікке тарату және жұртшылықтың игілігіне айналдыру деп айтсақ болады.
Қазақтың халықтық педагогикасындағы балалар мен жастарға адамгершілік тәрбие берудің тамыры тереңде жатыр, оның өзіне тән жүйесі, ерекшеліктері, әдіс тәсілдері мен амал жолдарын қалыптастыруға үлес қосу біздің негізгі мақсатымыз. Халықтық педагогика арқылы оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс.
Халық педагогикасында бірінші орында «Ұлттық мәртебе» болып тұр. Бұл халықтың тілі, діні, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі жалпы өмір жиынтығының биігі. Сол биіктік ұрпақ тәрбиесінің өз деңгейінен түсірмеу үшін «Ата дәстүрін» құрайды. Ал, ата дәстүрі күнделікті өмірде «Азаматтық борыш» арқылы жүзеге асырылады.
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде
сынып жетекшісінің оқушыларды
жете танып-білуінің
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтарды жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және комппьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда психолог, ата-ана барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай коррекция коррекция сабақтан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда, балалар оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.
Табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе сыныпсикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелердегі театрланған коррекция сабақтар-осының бәрі адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыруда жағымды ойлардың маңызы зор. Ол өзіне деген сенімді дамытады, қорқынышты болдырмайды, адамның бойына салмақтылық пен қайырымдылық әкеледі «Тек қана жақсылықты ойлап адам баласына ізет көрсету, инабатты болу», әділ де адал болуы сияқты имандылық қаситеттерді бақыт деп санаған адам ғана айналасындағыларға ізгілік нұрын шашады.
Балаларды жас кезінен бастап көтеріңкі ойлардың мәнін түсіне білуге үйрету керек. Мұндай білім олардың бүкіл өмірінде баға жетпес қолдау көрсетіп, жеке жұбаныш әкелетін болады. Біздің ойларымыз қандай болса, өміріміздің де сондай болатынын түсіне білу керек. Біз өзіміздің қалауымыздың бэріне егер біздің тілегіміз ізгі және шынайы болса ғана қол жеткіземіз. Іздеңдер, табасыңдар. Сұраңдар, бәрі де сендерге ашыладың, -дейді Адамдық ұлы. Сол себепті біздің өзімізге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тілеуімізді жоғары Ақылдың есігін қағу деп атауға әбден болады.
Бала үшін ізгі түлектің үлгісі мынадай: «Мен өзіме және өзімнің туыстарыма - анама, әкеме, әжеме, ағама және кішкентай қарындастарыма денсаулық тілеймін! Менің отбасымда тыныштық және сүйіспеншілік болсын! Өзімнің көршілеріме, таныстарыма, достарма бақыт тілеймін! Біздің елімізде, бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!». Адам өзінің қабілетіне қарай әртүрлі мансап иелері болуы мүмкін, бірақ оның адамдық қалпын, адамгершілік рухын, ішкі дүниесін бұл мансаптармен өлшеуге ешбір болмайды. Адамгершілік сапа-адамдыққа баға берудің өлшем таразысы, көрсеткіші. Адам ғұмырында талай қиындықтарға кездеседі, талай мансаптың тізгінін ұстайды. Бұл кезде адам шайқалмай қалмақ емес, кейбір адам мінез-құлқында өзгерістар де пайда болады. Адам іс әрекеттің қос тізгінін жақсы қалыптасқан ішкі қасиетіне билете білсе, сонда ар, ұят, адамгершілік-ішкі дүниенің молдығы байқалады. Адамдықты қарапайымдылықпен ұштастыра білген адам беделді, жұртшылық тарапынан әрдайым қолдау тауып отырады. Осындай жан дүниесі бай адамгершілігі мол адамды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің атқаратын ролі өте зор.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Мұғалім баламен кездескен сэттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде (коррекция сабақты ұйымдастыру, оны өткізу, үзіліс кезінде, тәрбие сағаттары, жекелей әңгімелесу т.б.) баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыты болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ол білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.
Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері