Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.

Оглавление

К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77

Файлы: 1 файл

Дип.-психологтің-оқушылардың-ата-аналарымен-жүргізетін-жұмыстары.doc

— 835.50 Кб (Скачать)

М А 3 М Ұ Н Ы


 

 

К I Р I С П Е.............................................................................................................3

1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

    АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

    ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6

1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық

  үлгілерін пайдалану............................................................................................17

1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-

  білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36

 

2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

    ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ

2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының

  маңызы.................................................................................................................48

2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген

 психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58

Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77

 

 

КІРІСПЕ

 

Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын ролі ерекше. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша "Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады".

Осы проблеманы шешуге мектеп психологінің қосатын үлесі өте үлкен. Мектеп психологі мектеп пен отбасының бірлесіп атқаратын қызметін ретке келтіруге және ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беруге белсенді қатынасады. Дүние жүзінде, оның ішінде біздің отанымыз Қазақстанда, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру барысында адамгершілік тәрбиесі - үзідіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның өмірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұнын оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы мен мектептің орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса бастайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тэлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.

Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.

Зерттеу объектісі: мектеп психологиялық қызметі.

Зерттеу пәні: мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізетін жұмысы.

Зерттеу базасы Шымкент қаласының Н.Оңдасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп гимназиясы, № 70 бастауыш мектеп бала-бақша.

Зерттеу мақсаты: психологтің оқушылардың ата-аналарымен- жүргізетін жұмыстарының маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу, және практикалық жағынан іске асыруда отбасының алатын орнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасының маңызын ашу;

оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ата-ана тәрбиесінің ерекше орын алатынын көрсету;

психологтың отбасына көрсететін көмектерінің маңызын ашу;

психодиагностикалық және коррекциялық жұмыстарда пайдаланылатын әдістемелерді жинақтау және оларды қолдану жолдарын көрсету.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін мамандық іс-тәжірибе барысында студенттер, сынып жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын жүргізгенде, мектеп психологі ата-аналарға психологиялық қызмет көрсету барысында пайдалануна болады.

Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналарымен және әртүрлі жастағы оқушылармен қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге арналған „Отбасылық қарым-қатынастың аймағы" тесті (Авторы: отбасылық психотерапевт Э.Г.Эйдемиллер, Санкт-Петербург), Кондаштың «Әлеуметтік - ситуациялы мазасыздану шкаласы», «Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі» (мектепке оқушылардың бейімделеуін диагностикалау), коррекциялық сабақтар және ойын тренингтері пайдаланылды.

Диплом жұмысын орындау келесі екі кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде жеке тұлға дамуына отбасының қосатын үлесін анықтаған ғалымдар еңбектерін талдай отырып балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды және дипломдық зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды. Екінші кезеңде мектеп оқушыларының қарым-қатынас мәдениеті, олардың мазасыздануы, оған әсерін тигізетін себептер, оқу мотивациялары зерттелінді, зерттеу нәтижелері талданды, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге арналған арнайы коррекциялық сабақтар мен ойын тренингтері жүргізілді, ата-аналарға арналған сабақтар ұйымдастырылды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

 

I бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛЫРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі

 

Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.

Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байласныстарға тоқталамыз.

Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шашесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар.

Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасыда қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ көңілі, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ отбасында тәрбиеленеді. Жұмсақ мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған "бір кісілік орын бар" деген мақал осының куәсі. Отбасы мүшелерінің әрбір іс-әрекеті, тындырған не тындыра алмаған жұмыстары әртүрлі жағдайда көрсеткен мінез-құлқының қырлары, бір-біріне тигізетін көмегі, не зияны түгелдей халық дәстүрінің сынынан, елегінен өтіп "дүрыс", не "бұрыс" деген бағаларын алады. Отбасында жарасымды орнын тапқан салттар мен дәстүрлер аса тиімді тәрбие құралына айналады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.

Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: "Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі - құрбы-құрдасынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады". Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен отбасыда алады. Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін отбасыдағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті.

А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбаесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.

Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Олар баланы тәрбиелегнеде қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуес. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне ата-аналар түсінбейді немесе онша мән бермейді. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетін тәсіл. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, үйде болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды.. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ған айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға менмендікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады. Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына көкіректік көрсетіп, әкесінің лауазымын, аналарының талантын айтып, мақтанады. Кейбір ата-аналар балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну арқылы айтқандарын тыңдатады.

Әрине отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін емес, ата-анасынан сыйлық алу үшін деп ұғып, үлкен сыйлық алу мақсатында олар саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейтін болып өсуі мүмкін. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал.

Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып ішінде оқушылардың қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, мектептегі сабаққа ынта-жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескеру. Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әртүрлі қабылдап жатады. Бірі ерекше ілтипат көрсетсе кейбіреулері жақтырмайды. Сынып жетекшісі, психолог екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыруы керек. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының масат міндеттері бір екенін ата-аналар жақсы түсіністе болуы қажет.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қаблетін, қайсы нэрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйрету барысында меңгерілетін психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова т.б. көптеген психологтар еңбектерінде жан-жақты талдаған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы соңғы кезде балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы нормативтердің өзгеруі. Сонымен қатар оқыту процесінің мазмұнының өзгеруі және оған негіз болатын барлық факторлар талданды. Дегенмен бұл еңбектермен ата-аналар өз бетімен танысып, баланың ақыл-ойының дамуын ғылыми негізде басқаруға барлық уақытта мүмкіншіліктері болмайды. Сондықтан психологиялық ағарту жұмысы барысында үйрету процесінің ақыл-ой тәрбиесіндегі ерекшеліктерін психолог жете біліп ол білімін көпшілікке жеткізуі керек.

Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері