Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа
Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.
К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77
Жалпы адамзаттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп оларды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, тәлім-тәрбиені пайдалана білуге халық алдында борышты. Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оны жан-жақты тануға бағытталған зерттеу обьектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп, оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол-баланың жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оқу-тәрбие процесінде үздіксіз жүретін, мұғалім мен оқушы арасында үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Мектеп психологі коррекция сабақтың жоспарын жасағанда, коррекция сабақтың басты мақсаты оқушының сол коррекция сабаққа деген қызығушылығын оятудың жолдарын қарастыру болу керек. Өйткені оқушының зейінін тұрақтандырамыз деп, оларды тыныштандырудың әрекетін жасаймыз. Бірақ оқушы сол коррекция сабақты тыңдауға, қабылдауға дайын ба, жоқ па, оған көңіл бөле бермей, уақыт күттірмейтін коррекция сабақ та басталып кетеді. Нәтижесі кейде ойдан шығып жатады, кейде қынжылатын жағдайға тіреліп жатады. Сондықтан коррекция сабақты бастаудың өзі мұғалімнен тапқырлықты, шеберлікті, білімділікті, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Уақыттың өлшеміне қарасақ, көп нәрсені сыйғызуға болады, бірақ оның тиімділігіне назар аудару қажет. Мұғалім коррекция сабаққа дайындалғанда коррекция сабақтың барысына емес, оның басталуына мэн бергені жөн. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сынып жетекшісінің ата-анамен ынтымақтастығының маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Парламентінің әлем парламентариаларына жолдаған «XXI ғасыр Бейбітшілік пен Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс!» қаулысының басты міндеті-жаңа ғасыр тәрбиесінің негізінде жалпы адамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негізгі мақсаты-адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік, имандылық, салауаттылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін болмыс арқылы түсіндіре отырып, салауаттылыққа тәрбиелеу. Бұл жаңа ғасыр белесінде жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз. Олай болса оқушыларға мектепте берілетін тәрбие орнықты әрі өзіндік ерекшелігі анықталған , баланың еркін дамуына жағдай жасалған өз сипаты, заңдылығы нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет. Өмір салты, мұра, адамгершілік ұстанымдар, адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл-ой көмегімен жүзеге асырылса, лыққа қол жетпек. Ал лықтың өлшемі адамгершілік, мәні-өмір сүру, шегі-табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.
Ал бүгінгі күні мұғалімнің басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Жас ұрпақтың бойынан тауып дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруға әрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, ата-ана, қоғам, тіпті болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес. Өйткені мұғалімнің коррекция сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын, бойындағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш-осы адамгершілік қүндылықтар. Тәрбие -өте нәзік, күрделі процесс. Бұл сыртқы әсер етудің де, ішкі күштердің де ықпалымен өтіп жатады. Барлық сыртқы әсерлер мен ықпалдар әрбір жеке адамның даралық өзгешеліктерін сипаттайтын ішкі жағдайлармен орайласады. Басқаша айтқанда, сыртқы жағдайлардың оқушыларға ықпал етуінің нәтижесі бұларға олардың қалай қабылдайтындығында, яғни әрбір баланың психикасында болып жатқан ішкі процестерге түгелдей және толығымен тәуелді болып келеді.
Атақты ғалым И.П. Павлов адамның жүйке жүйесінің төрт тип темпераментін анықтаған. Әрбір адам, ата-ана Мұғалім баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оның мінез-құлқын, темпераментін жақсы білуі тиіс.
Тәрбие жұмысында өзін-өзі бақылаудың маңызы зор. Өзін-өзі бақылау дұрыс өріс алмаған жерде өз мәніндегі өзін-өзі тәрбиелеу бар деп айту қиын. Өзін-өзі тәрбиелеу-бұл адамның алдына мақсат-міндет қоя алуы, соған жеткілікті жолдарды өзінің ойластыруы, оның орындалуы болып саналады. Өз іс-әрекетін осылайша бақылаудың бір түріне күнделік жүргізу жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу адамгершілігі мол адам қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Ол үшін өзіне-өзі болмаса бір-біріне мінездеме жазғызуға да болады. Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол мұғалімдерден тағайындайды. Сынып жетекшісін тағайындау қызметі негізінен оқушылардың бастауыш сыныптан кейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі. Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты-оқушыларды жан-жақты білуі.
К.Д.Ушинский «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс»-деген. Н.К.Крупская: «Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек». Балаларды осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық жолына түсіп кету оңай, -деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады. А.С.Макаренко: «Тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес, тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек»-деп оқушыларды жан-жақты білумен қатар, оны тәрбиелік ықпалмен ұштастыру қажеттігін көрсетеді.
Сыныпты тұңғыш рет қабылдай отырып, оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында ол олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін, құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізі ерекшеліктерін, ұйымшылдығы мен белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық климаттың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу тәрбие үрдісінің сапасын арттыруда берері мол.
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушылырға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысқаннан кейін, өзінен бұрынғы жетекші немесе бастауыш сынып мұғалімімен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады. Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін коррекция сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды , ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады. Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ғана шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуында көздейді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының не нәрсеге қызыға қарайтынын, не нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі. Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу-оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасыдағы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.
Сынып жетекшісінің өз оқушыларының үй жағдайларымен танысуы, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың педагогикалық білім дәрежелерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Ендігі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылы бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып, талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты. Зертеудің нәтижелерін қорытындылау барысында оқушылардың әрқайсысына жеке-дара психологиялық мінездеме жазып, соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісінде тиісті шаралар белгіленеді. Халық педагогикасы элементтерін тәлім-тәрбие процесінде пайдалануда сынып жетекшісінің міндеттері сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:
сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
- сыныптағы оқушылардың не нәрсе
сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
оқушыларды тәрбиелеуде сынаптан және мектептен тыс әралуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету. тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің «Жарғысы» т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі және отбасы.
Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге арналған үлгі мен зерттеу әдістерін қарап, осы жұмысқа қатысты біліміңізді толықтыруға болады.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:
- зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау; зерттеу барысныда оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету;
- зерттеудің оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізілуі;
- зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялылығын болдырмау;
зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің обьективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану;
зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету;
- зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару;
- зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.
Оқушының психологиялық — педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын, бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты зерттеуден өткізіледі. Сонымен қатар психологиялық зерттеулер жүргізгенде оқушыларды зерттеуге негіз болатын «Оқушы статусына қойылатын талаптар» негізін ескеру қажет.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларға түсіруге ыңғайлы етіп, жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зертелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі түрде бөлуге болады:
1-блок. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері.
2-блок. Оқушы таным процестерінің және жалпы интеллкетуалдық дамуының ерекшеліктері
3-блок. Мотивациялық - жекелік сферасын бағалау.
4-блок. Баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы.
5-блок. Мектепішілік қарым-қатынас
барысындағы оқушының мінез-құл
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін бағалау көрсеткіштерін анықтап алып, сол көрсеткіштерді зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады.
Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелер жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану ыңғайлы болады.
Блоктар бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтижесі оқушының психологиялық-педагогикалық статусын көрсетіп, психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру ретін анықтауға негіз болады.
Оқушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып, педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алуға мүмкіндік туады. Оқушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялық педагогикалық карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат әр психодиагностикалық минимум өткізілгеннен соң толықтырылып, нәтижесі талданып балалармен жеке дара және топтық түзету дамыту іс-шараларының мазмұнын анықтауға негіз болады. Оқушының психологиялық педагогикалық статусын зерттеу барысында көпетеген психодиагностикалық әдістемелер қолданылады. Оларды зерттелінетін балалардың жас кезеңдеріне байланыста ретке келтіріп, жинақтау қажет. Комплектік зерттеу барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар, қолданатын әдістер бірінші ретте болады. Ал орта және жоғары сынып оқушыларын зерттеуді таным процестерін бағалаудан бастаған дұрыс сияқты.
Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі үрдіс. Бұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстары шығармашылықпен, төзімділікті қажет етеді. Біздің тәрбие жұмысымыздың негізгі мақсаты оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына адамгершілік құндылықтар арқылы іс-әрекетін қалыптастыру.
Осы тәжірибеге сүйене отырып біз сынып жетекшілерінің жұмысында ұлттық салт дәстүрді, халық педагогикасының озық тәжірибесін пайдалану жолдарын анықтауға арналған көптеген шығармаларды талдадық. Соның нәтижесінде бастауыш мектептерде сынып жетекшілері оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда төмендегідей бағытта жұмыс жүргізуіне арналған бағдарламаның негізін құрастырдық. Оның кейбір элементтерін төртінші курста өткен мамандық тәжірибе барысында Н.Ондасынов атындағы № 38 мектеп-гимназияда және № 70 бастауыш мектеп бала-бақшада сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде және мектеп психологі ретінде пайдаландық. Оның қысқартылған нұсқасын ұсынамыз.
Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері