Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.

Оглавление

К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77

Файлы: 1 файл

Дип.-психологтің-оқушылардың-ата-аналарымен-жүргізетін-жұмыстары.doc

— 835.50 Кб (Скачать)

Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.

1. Абай. «Ғылым таппай мақтанба».

2. Ақиқаттың ауылы. Шәкәрім.

3. Абайдың 14-ші қарасөзі.

4. Мұхаммед пайғамбар хадисі. Психолог:

- Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде сендер ақ түсті аңғармай, адамдар бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайша айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрместен неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайындағы теледидардағы бағдарламаларды бірінші ретте көреміз, бұзықтық, басқаларға жасалған қатыгездік туралы рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын»,- деп жауап бер»- делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның, ұстаздарыңның, ата-аналардың тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым - жақсы, ата - жақсы, ана -жақсы, құрбы - жақсы, ұстаздар - жақсы. Қоршаған ортадағы басқа адамдардың барлығын оң белгімен қабылдау, оларға ізгі ниет білдірудің, адамгершілік қасиеттің үлкен көрінісі. Оны жақсылап тұжырымдап көрсету қажет.

Үшінші бұлт:

-  Адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік. Ата-анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты:

1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік

2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.

3-ші қатар: досттарыма сүйіспеншілік.

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар. (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз. Онда баланың басқаларға деген мейірмандығы мен ынтымақ қатынасы көрініс берген.

Төртінші бұлтқа таядық. Тест тапсырмасы.

1-ші қатарға.

Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

а) Ештеңе білмегендей боласың.

б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.

в) Достарыңның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.

Балалар жауаптары

Баланың аты

Мектепке адаптация деңгейі

1

Айнұр

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

2

Әсел

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

3

Әбдікәрім

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

4

Бағила

Достарымның қарсылығынан қорыкпастан, осы баламен достасқым келеді.

5

Болат

Достарымның қарсьшығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

6

Бекарыстан

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

7

Гулдария

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

8

Гулжан

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

9

Ғалым

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

10

Ғабит

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

11

Кәмилә

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

12

Кәрім

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

13

Қатира

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

14

Сәуле

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

15

Сәкен

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

16

Рахима

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

17

Торжан

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

18

Тоқберген

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

19

Ораз

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

20

Үлжан

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.

21

Фархат

Достарымның қарсылығынан қорықпастан, осы баламен достасқым келеді.


 

Тапсырма тек бірінші қатарға берілгенімен оны орындауға барлық балалардың қатынасқысы келді. Сондықтан нәтижесін талдағанда барлық балалардың жауаптарын ескердік.

2-ші қатарға.

Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

а) Үлкен ағаш болғанда

б) Көшет кезінде

в) Тал кезінде

3-ші қатарға.

Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне «математика сабағына дайындаламын»- деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

а) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.

б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың

в) Шыныңды айтасың.

Ойын нәтижесінде үшінші бұлт жеңілгенін мойындап, күннің көзін ашады.

Төртінші бұлт.

Таңғажайып алаң.

- Адамгершілік қатынастарына жататын  адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр-соны табамыз.

Ол «әдептілік» деген сөз болды. Осы сөзді тапқаннан кейін төртінші бүлттың да қабағы ашылады.

Бесінші бұлт.

Ол тапсырма - сұрақтарға жауап.

1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің?

2. Махаббат сүйіспеншілігі деген не?

3. Аманат деген не?

Осы сұрақтардың жауабын дұрыс айта білсе деген мақсатпен Өтебай Тұрманжановтың «Ананаң аманаты» деген тақпағын оқып беруге болады. Тапсырма орындалғаннан соң бұл бұлтта күннің көзін жауып тұрудан бас тартады.

Барлық тапсырмаларды орындаған соң бұлттар ашылып, Күн күлімдеп шығады.

Бұл коррекциялық сабақтың балаларға әсері өте үлкен болды. Әдептілік, жайдарылық, сыйысымдылық болмаса адамдар арасындағы қарым-қатынас бұлт төнген күндей тұнжырап, адамдар бір-біріне ашылмайтындығын балалар жақсы түсінді. Барлығы отбасында және мектепте бір-бірімен, ата-аналармен және мұғалімдермен қарым-қатынас жасағанда күндей күлімдеп жүру керек екендігін түсінді.

Бұл коррекциялық сабақтар барысында оны тиімді жүргізуге балалардың өздері дайындалып келгені жақсы екендігін де қатынасушылар жақсы сезінеді. Сондықтан келесі сабақтың тақырыбын жариялап жіберген тиімді болатындығы анық байқалды.

2-ші коррекциялық сабақ. Тақырыбы: «Ақ бидай» ертегісі.

Коррекция сабақтың тәрбиелік мэні: Балаларды еңбеккерлікке, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелей отырып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.

Коррекцияның негізгі мақсаты: Балалардың таным процестерін, оның ішінде шығармашылқ қабілеттерін дамыту, оларды өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

Коррекция сабақтың жүру барысы:

Балалар өткен коррекциядағы талданған мәселелерді қысқаша еске түсіріп, өздерінің дайындаған жұмыстарын ортаға салады. Ол ғылым, оқу-білім туралы мақал-мәтелдер, олар айтылады. Мақал-мәтелдер сайысы өтеді. Нәтижесі талданып болғаннан соң «Ақ бидай» ойыны ұсынылады.

Ойын.

Матадан тігілген дорбаға бидай салып балаларға ұсынамын. Балалар сүрақ-жауап жұмыстарын жүргізеді.

Дорбаның ішінде не бар екен?

- Жеуге жарай ма?

- Ия.

- Адам өміріне пайдалы ма?

- ия.

- Арпа ма?

- Жоқ.

- Бидай ма?

- Ия.

Психолог. «Ақ бидай» ертегісімен танысамыз. Психолог ертегіні айтып береді. Балалар түсініксіз сөздерді «Түртіп алу» жүйесі бойынша белгілеп алып отырады. Ертегі оқылып болғаннан кейін оның мазмұны талданады. Оқуға ынтасын қалыптастыру үшін таным процестерін коррекциялау жүмысы жүргізіледі. Ол үшін балаларды бірнеше шығармашылық орталықтарға бөліп, әр орталыққа зерттеу жұмысын жүргізетін тапсмырмалар беріледі.

Орталықтарға мынадай жұмыстар тапсырылуы мүмкін:

Математика орталығы.

Көрнекіліктері: Ыдыста бидай, таразы, түрлі-түсті суреттер.

Жақшасы бар өрнек құра алатындай етіп, есеп құрастыру.

Кері есеп құрастыру.

Оқу орталығы.

Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап дайындау.

Оқу техникасын қалыптастыру орталығы.

Балалар өз бетімен ертегі тексті бойынша жұмыс істейді.

Жазу орталығы.

«Бидай» сөзіне қатыстырып, мәтін құрау.

«Бидай» сөзіне (сын есім, сан есім, етістік ) сөз таптарын қатыстырып, сөйлем құрау.

Ғылым орталығы

Нанды қалай жасайды? (зерттеу жұмысы)

Бидайдан дайындалатын тағамдар түрлерін кестеге толтыру.

Ұнның түрлерін салыстырып зерттеу.

Өнер орталығы.

Ертегі бойынша сурет салу.

Ертегі бойынша көрініс көрсету.

Ермек-саз орталығы.

«Бидай» тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар дайындады.

Орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар:

- Бірлесіп жұмыс істеуге;

- Бір-бірінен үйренуге;

- Өздерінің білімдерін тәжірибе жасау арқылы іс-жүзінде пайдалануға;

- Өзбетімен қабылдай білуге үйренеді. Орталықтардағы жұмыстарды қорытындылау. (5-6 минут). Орталықтардағы жұмысты бағалау;

Коррекция сабақ мазмұнын балалар қалай меңгергенін бағалау картасы

 

Атауы

тірі табиғат

жақсы қасиет

жаман қасиет

Бидай

+

+

 

Арамшөп

+

 

+

Адам

+

+

 

Аңдар

+

+

+

Құстар

+

+

+


 

Әрбір ата-ана, психолог-тәрбиешілер жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарымқатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек. Баланың жан-дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды іріктегенде төмендегі талаптар орындалуы қажет:

-  мазмұнын таңдағанда ертегі немесе әңгімелердің көлеміне назар аудару керек. Кішкентайлармен жұмыс жүргізуге ұзақ айтылатын, шұбалаңқы әңгімелерді пайдалануға болмайды;

- мазмұны коррекция сабақтың тақырбына сәйкес болғаны жөн;

- мазмұны балаға қандай да болмасын құндылықты түсінумен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек;

- мазмұнын баланың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу қажет. Келесі кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата-аналар мен балаларды бірге «балалалық шаққа» саяқатқа шақырдық.

3-ші коррекциялық сабақ.

Тақырыбы: «Мен құрбыларымды жақсы көремін».

Балалардың шеңбер құра отырғызып оларды бір-бірінің қолдарынан ұстауын сұраңыз. Енді бірнеше тренинг ойындары жүргізілетінін айтып, балалардың ата-аналары ойынға шақырылады.

1. «Мен сені жақсы көремін» ойыны.

Балалардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» (көршісінің атын айтады) дейді де қатар отырғанның қолын қысады. Жақсы көруді қабылдаушы оған күлімсіреп жауап береді және соны көрші оқушыға қайталайды. Осы айналым аяқталғаннан кейін психолог балаларға өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіреді.

2. «Сақина салу» ойыны.

Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша сақинаны береді. Психологтің немесе бақа жүргізушінің сөзі бойынша (немесе басқаша санамақ бойынша) сақинаны жұмылған қос алақанға салғандай болып, оған бір жағымды сөз айтылады. Сақина салынған адам басқаларға өз өнерін көрсетуі керек және сақина салған адамға алғысын білдіру қажет.

3. «Құнды қасиет беру» ойыны.

Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда коррекция сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.

Ойының қорытындысы бойынша:

- шындақты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға;

- адамлық секілдімінездің қасиеті, ән айту немесе өлең оқып беруге;

- құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені, ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгімелеуге болады.

4. «Психолог сөйлейді» ойыны.

Психолог топтың алдында тұрады және балалардын әлдебір әрекетті орындауды, бірақ оны тек «Психолог сөйлейді» деген сөзден кейін жасайтыны айтылады. Психолог осы сөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек оңды әрекеттер жалғасуы керек. Егер психолог «Психолог сөйлейді!» - дегенді айтпай әлдебір әрекетті орындайтын болса, оны қатысушылар қайталап жасамауы керек. Психологтан кейін осы әрекетті қайталаған бала ойыннан шығады. Ойын қызықты, балалардың босаңсуына уақыт бермей тез қарқынмен жүргізілсе мүлдем қызықты болады.

Бұл ойын балалардың назарын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің әркеттерімен балаларға үлгі беретін психологтің өзін де тәртіпке салады.

Ойындарға ата-аналардың қатынасуы олардың балалық «Менін» оятып, бала болу қандай екенін естеріне салады және ата мен бала арасындағы түсінбеушіліктерден шығуға мүмкіндік береді.

5. «Кімде қандай қасиет бар» ойыны.

Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т.б.

Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

6. «Сүйіспеншілік» ойыны.

Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.

Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол өзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.

Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері