Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:14, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
аудиттің сатылары мен функциялары;
аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
ішкі аудит, оның мақсаттары мен міндеттері және атқаратын қызметтері;
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................5
1.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі.......................................................................5
1.2. Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы............................8
ІІ. ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.................................12
2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары......................12
2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.......................14
2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16
2.4. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері........................18
2.5. Аудиторлардың кәсіби этикасы....................................................................23
2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі...............26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................31
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І.
ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1. Аудиттің
мәні және қажеттілігі.........
1.2. Аудиттің
пәні, мақсаттары мен міндеттері
және маңызы...................
ІІ.
ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ТҮРЛЕРІ.......................
2.1. Аудиторлық
қызметтің жалпы қабылданған стандарттары..................
2.2. Аудиторлық
қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.....................
2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16
2.4. Аудиторлардың
жауапкершілігі, құқығы және міндеттері....................
2.5. Аудиторлардың
кәсіби этикасы.......................
2.6. Аудиторларды
кәсіби аттестациялау және лицензиялау
жүйесі...............26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
Жалпы аудит терминіне келетін болсақ, ол латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Курстық жұмыстың мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуге болып табылады. Олар:
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқа пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезеде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелденуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық
қызметтің негізгі міндеті
I
ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1
Аудиттің мәні
және қажеттілігі
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит- бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да ШЖС-дің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибеде салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Тексерудің мақсаты – кемшіліктерді құрту жәнежамандықты жою, ал аудиттың мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшілік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен қаламайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізінде шығындарды ұтымды өту мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және ШЖС-дің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен ШЖС-лер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің озықтүрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады. Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру ШЖС-дің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктерімен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, ШЖС-дің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайында бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
Кәсіби
аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді
өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу
ұлттық экономикалық нақты секторындағы
ШЖС-дің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық
және өткізушілік қызметтерінде болатын
оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін
ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру
бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді
тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне
қызмет етеді.
Информация о работе Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары