Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:14, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
 аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
 аудиттің сатылары мен функциялары;
 аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
 ішкі аудит, оның мақсаттары мен міндеттері және атқаратын қызметтері;

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................5
1.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі.......................................................................5
1.2. Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы............................8

ІІ. ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.................................12
2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары......................12
2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.......................14
2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16
2.4. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері........................18
2.5. Аудиторлардың кәсіби этикасы....................................................................23
2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі...............26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................31

Файлы: 1 файл

Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

     Аудиторлық  қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізетін сыртқы аудит  түрінде, сонымен қатар қызметі  аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның  мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады.

     Сыртқы  аудиттің басты міндеті – тексеру жүргізілген ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін айқындау, оның белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау.

     Ішкі  аудиттің басты міндеті – басқару мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз еті. Бұл үшін ішкі аудит кәсіпорын басшылығын дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін жасалған талдаудың нәтижелерімен, белгілі бір бөлімшенің қызметіне баға берумен, ұсынастармен және уақтылы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді.

     Сыртқы аудит кезең сайын сырттан  шақырылатын  аудиторлар немесе әр түрлі

     аудиторлық  ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды есеп негізінен жоғарғы  тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға  және тағы басқаларға арналған. Бұл  қорытынды есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында қолданады.

     Ішкі  аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда  табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып  келеді. Ең алдымен ескерілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде  ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып,  оның қызметін бағалау және тексеру бойынша жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады.

     Ал  операциялық аудитке келетін  болсақ, бұл  – жүйесінің жұмысын  жетілдіру мақсатымен басқарудың әр түрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметін тәуелсіз және жүйелі түрде бағалау. Мұнда басты назар ішкі  бақылау жүйесі  жұмысының және  кәсіпорын  қызметтері жұмысының сенімділігіне аударылады.

     Операциялық аудитті жүргізген кезде кәсіпорын  қызметін басқару жүйесінің және есеп саясатының жүзеге асырылуының дұрыстығын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Операциялық аудиттің негізгі мақсаты тұрғысынан қарағанда, яғни тиімділік пен өтімділікті зерттеу тұрғысынан қарағанда, кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің және есеп саясатының әсері мен тиімділігін  айыра  білу  қажеттілігі

     туындайды.

     Экологиялық аудит – бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді анықтауға болады.

     Аудиттің  бұл түрінің маңыздылығы соңғы  жылдарда өсуде. Бұл кәсіпкершілікпен айналысатын және басқа да кәсіпорындардың  қоршаған ортаға тигізіп жатқан теріс  әсерлеріне үкіметтің және қоғамның қам-қатерінің өсуіне байланысты.

     Экоаудиттің объектісі ретінде қоршаған ортаға әсерін тигізетін құрылыстар мен  кәсіпорындар, ШЖС-ді жою және консервациялау, кеңейту, реконструкциялау, салу

     бағдарламаларының немесе жоспарларының жобалары, сонымен қатар территорияны игерудің жобалары саналуы мүмкін.

     Сонымен, мұндай жағдайда экологиялық аудиттің объектісі ретінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік қызметтің түрлері танылуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Қолданылған әдебиеттер 

     
  1. Абленов Д.О.  Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
  2. Әжібаева З.Н., Байболтаев Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. А34 Аудит: Оқулық. – Алматы : 2006.
  3. А.А.Сәтмырзаев, Б.Е.Укашев  Аудит теориясы (оқу құралы). Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А.Сейтқасымов. – Алматы: «Ұлағат» университеті, 1998, - 156 бет.
  4. Әжібаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004, 527 стр.
  5. Бычкова С.М Аудиторская деятельность. Теория и практика. – СПб.: Изд-во «Лань», 2000.
  6. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Типтік бағдарлама экономика мамандығын дайындайтын студенттеріне арналған. – Алматы: Экономика, 2000. – 17 бет.
  7. Кочинев Ю.Ю. Аудит. – СПб.: Питер, 2005, - 304 стр.

Информация о работе Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары