Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:14, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
 аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
 аудиттің сатылары мен функциялары;
 аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
 ішкі аудит, оның мақсаттары мен міндеттері және атқаратын қызметтері;

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................5
1.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі.......................................................................5
1.2. Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы............................8

ІІ. ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.................................12
2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары......................12
2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.......................14
2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16
2.4. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері........................18
2.5. Аудиторлардың кәсіби этикасы....................................................................23
2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі...............26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................31

Файлы: 1 файл

Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.doc

— 254.50 Кб (Скачать)
  • шешімді таңдау проблемасы;
  • жаман және жақсы туралы түсінік;
  • әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

     Әдеп  кең мағынасында өнегелік принциптері  мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзіе-өзі ұстау  әдебі ретінде баяндалады. Іс жүзінде  әр түрлі әдептілік нормалары  мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.

     Өзін-өзі  ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін-өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстіне, онда кәсіби талаптар да бар. Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекст нақты өзін-өзі ұстау декларациясы болып табылады, әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.

     Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім  қабылдауды басшылық жасау жатса  да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы (қызметі) осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

     Әрбір адам – тек жеке тұлға ғана емес, ал сонымен бірге қандай да бір  кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен  аудиторлар да «өз әріптестері қабылдайтын  шешімдері» қадағалаушы кеңес берушілер, оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды.

     1988 ж. АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың  өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің  жаңа нұсқасы қабылданды, оның  ішінде олардың кәсіби тәртібін  көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

  1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.
  2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қараі әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.
  3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындалуы қажет.
  4. Объективтілігі және тәуелсізгдігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.
  5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруғы ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейіне пайдаланғаны жөн.
  6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптеріне сақтауы керек.

     Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің  негізгі ережелерін үйреніп, кез  келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды  анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

     а) Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйскені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.

     Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады, егер аудитор:

  • клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
  • таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;
  • компаниядан несие алса немесе берсе;
  • тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;
  • компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
  • компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;
  • егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
  • клиент инвестор болатын болса, онда инвестор – кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;
  • егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей қатысты немесе онымен кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және

     т.б.

     ә) Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

     Жаңа  немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор  бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардыңесебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың қажеті жоқ.

     Кәсіпорын басшылар аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпараттты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.

     б) Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзіретіндегі қызметтерлі ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

     в) Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұсқан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Олар:

  • клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;
  • кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті жүзеге асыру;
  • тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танылуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;
  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;
  • басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреулерге төлеу.

     г) Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.

     ҚР  Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттелетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтатады. Бұл – өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктілікпен және аудиторлық есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады. 

     2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі 

     ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 маусымдағы қаулысымен аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді.

     ҚР  Ұлттық банкі Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы №384 қаулысымен өтініш берушіге және банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге лицензия беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар бекітілді.

     Мемлекеттік емес мекеме-аудиторларды аттестаттау бойынша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның ҚР-ның аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын – аудиторлық аумақтық палаталары. Ережеде, сондай-ақ, Біліктілік комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері, құқықтары мен міндеттері және жұмыс істеу тәртібі анықталған.

     Аттестациялау деп – өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде  емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестация аудиторлыққа кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды. Аталмыш құжатта келесілер анықталған:

  • аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау тәртібі;
  • модульдық емтихан тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар;
  • ұйымдастыру және бағалау топтары;
  • аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;
  • аттестация нятижелерін рәсімдеу;
  • аттестацияның өткізілуіне жауапкершілік және бақылау жасау.

     Қазақстанда аудитордың білім  алуы. ҚР-ның «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 3-тармағының 9-бабында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.

     Жоғарыда  айтылғандардан аудиторлық қызметпен  айналысуға қойылатын негізгі талаптардың  бірі – аудиторлық білім алуы екендігін  көреміз.

     Аудитор алуға тиісті білімінің негізгі  элементтері келесілер болып  табылады:

  • негізгі (базалық) білім;
  • жұмыс тәжірибесі;
  • арнайы кәсіптік білім.

     Негізгі (базалық) білімге экономикалық немесе заңгерлік жоғары білім жатады.

     Практикалық жұмыс тәжірибесі тиісті жылдар санымен  және атқарған лауазымдық жұмысымен  анықталады.

     Арнайы  кәсіптік білім беруге аудиторларды дайындау және оларды қайта дайындау бойынша оқу-әдістемелік орталықтарында және ұйымдарда білім беру

     және  аудиторлық фирмаларда тәжірибеден  өткізу кіреді.

     Аудитор өзінің кәсіби біліктілік деңгейін мынадай  жолдармен көтеруіне болады:

  • заңдық құжаттарды, стандарттарды, ереже-нұсқауларды оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тұрақты және жүйелі түрде оқып-үйрену арқылы;
  • семинарға, конференцияға қатысу арқылы;
  • аудит өткізудің әдістемесі және оны ұйымдастыру бойынша шетелдік және отандық тәжірибені оқып-үйрену (зерттеу) арқылы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                             ҚОРЫТЫНДЫ  

     Курстық жұмысты қорыта келсек, аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

     Аудиторлық  қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен  кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

     Қаржылық  есеп беру аудитінің мақсаты –  аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің  дайындалғаны жөнінде қорытынды  беру мүмкіндігін беру.

Информация о работе Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары