Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:14, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Аудиттің түрлері, аудиторлық қызметтер және аудиторлар» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
 аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
 аудиттің сатылары мен функциялары;
 аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;
 ішкі аудит, оның мақсаттары мен міндеттері және атқаратын қызметтері;

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ТАРАУ. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................5
1.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі.......................................................................5
1.2. Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы............................8

ІІ. ТАРАУ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.................................12
2.1. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары......................12
2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.......................14
2.3. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер.........16
2.4. Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері........................18
2.5. Аудиторлардың кәсіби этикасы....................................................................23
2.6. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі...............26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................31

Файлы: 1 файл

Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

     Жалпы, жұмыс және есеп беру стандарттары. Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындау үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

     Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

  • даярлығы;
  • құзереттілігі;
  • тәуелсіздігі;
  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

     Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

     Олардың құрамына кіретін:

  • аудиторлық тексеруге дайындалу;
  • қадағалауды жүзеге асыру;
  • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;
  • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

     Есеп  беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

     Мақсаттары  мен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:

  • қорытынды – қаржылық тексерулердің (ревизия) нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы;
  • есеп беру – шаруашылық қызметтерін тексеру бойынша аудиторлардың тұжырымы;
  • хат – ұйым басқарушылары үшін;
  • ескерту – шығындау фирмалар мен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.

     Оның  үстіне, тексеру немесе кеңес берудің  жекелеген мәселелері бойынша анықтамалар  жасалады.

     Есеп  берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ұрындыруы ықтимал есеп және бақылау  жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру; құрылымдық кеңестер беру; болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәеге ие болатынын анықтау.

     Есеп  берулерде келтірілген ақпараттар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз, объективті және сындарлы болып, басшылықты іс-қимылмен қамтамасыз етуі керек.

     Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды  шығаруда мекен-жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөрі және күні көрсетілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақтылы өткізітуі мен стандарттарға  сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсаттары мен ауқымы көрініс табуы қажет. 

     2.2. Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары 

     «Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді.

     ҚР «Аудиторлық өызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізінде біріктіреді және мүшелік жарналар мен ҚР-ның  заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

     Аудиторлық  ұйымның құрамындағы аудиторлардың  саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.

     Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек.

     Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

     Нарықтық  экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен ШЖС-лер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

     ҚР  «Аудиторлық қызметтер туралы»  заңында ашық үлгідегі акционерлік  қоғамды, өндірістік кооператив пен  мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық-құқықтық формада  аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.

     Аудиторлық  ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты  пайдалану:

  • шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
  • біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
  • акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
  • шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
  • жеке-дара аудит және кеңес беру.

     Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 ж. Дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсан», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді. Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы банк мекемелері жатады.

     Екінші  тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен  біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы тпитегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 ж. Сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

     Үшінші  тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау  және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның

     нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

     Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын  дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі  қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАҚ «Центраудит – Казахстан», ЖШС «Ержановтар және Ко», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жатқызуға болады.

     Бесінші типі – жеке-дара аудиттеу және кеңес  беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып отырған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында айтылып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

     Аудиторлық  ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың  негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы  кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді. 

     2.3. Аудиторлық қызметтердің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер

     Қаржылық  есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете  алады. «Аудиторлық қызмет туралы»  заңның 2-бабына сәйкес аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есеп беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметтерді көрсете алады:

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статискалық қорытынды есепті құру;
  • салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
  • қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
  • қосымша кәсіби білім бері ретінде бухгалтерлік есеп, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен талдауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;
  • бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізе оқыту;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
  • адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысты жоқ заң қызметтерін көрсету.

     Бухгалтерлік  есепті жүргізу және қалпына келтіру. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.

     «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 20-бабында  атап көрсетілгендей, бухгалтерлік есепті  жолға қою, қалпына келтіру, жүргізу, сонымен қатар аудит жүргізіліп отырған кезеңдегі қаржылық қорытынды есепті құру бойынша қызмет көрсеткен аудиторға кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығы туралы қорытынды беруге тыйым салынады. Ол қызмет көрсетудің осы түріне қойылған шектеу болып табылады.

     Есепті  жүргізу үшін аудиторлық фирма үшін есеп саясатын дайындайды, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, қосалқы шоттар тізімін

     қалыптастырады, аналитикалық (талдамалық) шоттар мен  регистрлерді таңдауды жүзеге асырады, шоттарды жүргізу нысанын ұсынады.

     Тұтынушының тілегі бойынша аудиторлық фирмалардың  қызметтері жұмысты тікелей оның кеңсесінде орындайды. Егер тұтынушыда ұйымдастыру техникаларын сатып алуға жеткілікті қаражаттар болмаса және аудиторлық фирма қызметкерлерінің жұмысы үшін жағдай жоқ болса, онда бастапқы құжаттарды толтыра отырып, оларды ары қарай өңдеуді, тізімдерді жүргізуді аудиторлық фирмаға тапсырады.

     Бухгалтерлік  есепті қалпына келтіру белгілі бір кезең бойынша жүргізіледі және бір реттік сипатта болады. Қызмет көрсетудің осы түрін көрсету үшін аудиторларға барлық бастапқы және басқа құжаттар қажет болады.

     Қаржылық  және статистикалық  қорытынды есептерді  құру. Есепті жүргізу немесе қалпына келтіру жұмыстарын кешенді жүргізуден кейін аудиторлық фирмалар қаржылық және статистикалық қорытынды есептерді құра алады. Басқа жағдайда қаржылық есеп беруді құру тапсырыс беруші ұсынған бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп негізінде аудиторлық фирмалар жұмысының дербес түрі бола алады.

     Салықтық  жоспарлау, міндетті төлемдерді бюджетке есептеу, салық декларациясын  толтыру. Есеп берулерді мемлекеттік салық комитеті тапсыру бұл бухгалтерден ең жоғарғы шыдамдылық пен сабырлықты талап ететін аса күрделі процесс. Осы барлық жұмысты аудиторлық фирма өзіне алады. Қызмет көрсетудің бұл түрі алдыңғы қызмет көрсетумен тікелей байланысты және қорытынды есеп алдын ала осы аудиторлық фирмамен құрылған кезде орындалады.

     Қаржы-шаруашылық қызметті талдау. Нарықтық жағдайда кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы жедел ақпаратқа ие болуы керек, өнім немесе қызмет көрсетудің ең рентабельді түрін анықтайды, туындаған дағдарыстан және т.б. шығу шараларын даярлайды. Кәсіпорын қызметкерлері бизнес-жоспарды құру тәжірибесіне әрқашан ие болмайды, қаржының талдау жүргізу дағдылары мен әдістемесін білмейді.

     Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салақ салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, «дөңгелек үстелдер» жүргізуді уөздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары  оқытушыларын,  мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосымшалар көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.

     Бухгалтерлік  есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты  жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік есепті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқты қызметтермен тығыз байланысты. 
 

Информация о работе Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары