Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 17:05, курсовая работа

Краткое описание

Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің “Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы” тақырыбындағы курстық жұмысының мақсаты өндірістегі ахуал мен жағдайларды әр қырынан қарастырып, олардың әлеуметтік, психологиялық моральдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Өндіріс – мемлекет экономикасының өрлеп, алға басуының негізгі көзі. Сондықтан менің курстық жұмысым өндірісті жандандырудың негізі болып табылатын бірнеше факторлардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, өндіріс басшысының ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеудегі және өндірісті тиімід ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігінің мазмұнын жан-жақта қарастыруды міндеттейді.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3
І. Ұжымның әлеуметтік - психологиялық жағдайы
1.1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы........................5
1.2. Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері...................8
ІІ. Өндірістің ұжымның негізгі сипаттары
2.1. Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары...........................................................................................................12
2.2. Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері..........................................................................27
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35

Файлы: 1 файл

73__iii----25.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі 

 

 

 

 

 

 

 «»

 кафедрасы

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы:

«Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: топ студенті

Тексерген: оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-2013

 

Жоспар

Кіріспе...................................................................................................................3

 

І. Ұжымның әлеуметтік - психологиялық жағдайы

1.1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы........................5

1.2. Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері...................8

 

ІІ. Өндірістің ұжымның негізгі  сипаттары

2.1. Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары...........................................................................................................12

2.2. Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері..........................................................................27

Қорытынды........................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің “Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы” тақырыбындағы курстық жұмысының мақсаты өндірістегі ахуал мен жағдайларды әр қырынан қарастырып, олардың әлеуметтік, психологиялық моральдық ерекшеліктеріне талдау жасау.

Өндіріс – мемлекет экономикасының өрлеп, алға басуының негізгі көзі. Сондықтан менің курстық жұмысым өндірісті жандандырудың негізі болып табылатын бірнеше факторлардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, өндіріс басшысының ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеудегі және өндірісті тиімід ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігінің мазмұнын жан-жақта қарастыруды міндеттейді.

Тақырыпта келтіргендей ұжымдағы өндірісті өнімділігін  арттырып, дамытуда ондағы психологиялық  аспектілердің зор ықпалын танытатын  деректемелер тақырыптық өзектілігін  көрсетеді.

Ұжым – бұл шағын мемлекет. Әр елдің елдің өз халықтары арасындағы ішкі бірлігі мен ынтымақтастығының қажеттілігі сияқты, ұжымдағы әртүрлі мәселелерді шешуде ондағы қызметкерлердің арасындағы психологиялық тепе-теңдікті сақтау мен қалыптастырудың негізігі ерекшеліктері жайындағы мәліметтер тақырыптың құндылығын ашады.

Мен курстық жұмысымның идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің, мәселен АҚШ-тың кейбір өндіріс ұжымындағы психологиялық  ахуал оның өзіндік сапалық ерекшеліктеріне  қатысты мәліметтерді қарастырдым және белгілі ұстаз, жазушы А.С. Макаренконың ұжымды тәлім-тәрбие арқылы жетілдіру идеясында жасалған еңбегінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдім.

Мен курстық жұмысымды  психологиялық, педагогикалық әдістемелерді  негізге ала отырып орындадым. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі 4 бөлімнен тұрады:

1). өндірістік  ұжымның  әлеуметтік – психологиялық ахуалы;

2) ұжымдық қатынастар  және оның психологиялық негіздері;

3) өндіріс ұжымын басқару  және жетекшінің тұлғалық сипаттары;

4) өндірістік ұжымдағы талас – тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері. Жұмысты орындау барысында мен Платон, Рубинштейн сынды зерттеуші ғалымдардың ұжым туралы еңбектерін әдістеме ретінде қолдандым және өндірістік ұжымда психологиялық ахуалды жақсарту үшін саналылықтың, білімділіктің, жауапкершіліктің және басқа да адами қасиеттер мен табиғи, кәсібі қабілеттің қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше психологиялық мазмұнды нақты мәліметтермен тақырыпты толықтырдым.

 

І. Ұжымның әлеуметтік - психологиялық жағдайы

1.1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы

Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында  еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары  мен талап-тілектеріне жете мән  беріп, оларға жете назар аударып  отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың шығарған өнімдеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отырғандығы мәлім. Еңбек ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауларына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, ұжым жетекшісі мен олардың мүшелерінің арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асыру үшін әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселелердің бірі – адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.

Ұжым мүшелері арасында рухани, адамгершілік, психологиялық  басқа да қасиеттерінің алмасуының арқасында әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасады.

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты дегеніміз – ұжым мүшелерінің нақты психологиясының мазмұнын және бағытын, олардың құндылық бағдарлары мен өзара байланыстарын көрсететін әлеуметтік және рухани – экономикалық күй.

Өндірістік ұжымның  әлеуметтік-психологиялық климатын құраушы екі түрлі факторлар тобын бөліп көрсетуге болады: 1) макроорта факторлары; 2) микроорта факторлары.

Бірінші топқа - әртүрлі  меншік формалары кіретін өндірістік қатынастар жатады. Жоғары билік немесе экономикалық органдар шаруашылық басшылықты жүзеге асыра отырып, өндірістік ұжымдарды басқару міндетін атқарады. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты олар өздері қожалық етіп, сырттан араласу азайды, ал мемлекеттік емес еңбек ұжымдарында бұл тіпті болмауы керек.

Қазақстан және басқа  да ТМД мемлекеттері бастан кешіріп отырған өтпелі кезең, өндірістік ұжымдарға қарама-қайшы ″макроәсерлер″ әкелуде.

Өндіріске шет елдік  капиталдың енуіне еңбеккерлердің бір  бөлігі қарсы, кейбіреулері шет елдік  инвесторға жұмыс істегісі келмейді.

Микроорта факторларының  ішінен келесі топтарды айырады:

  1. Нақты өндірістік жағдайды анықтайтын тікелек материалдық техникалық орта, оған еңбек жағдайлары мен ұйымдастырылуы кіреді.
  2. Ұжым мүшелерінің өндіріс барысындағы қарым-қатынас формалары.
  3. Ресми құрылым көбіне ресми емес құрылыммен толықтырылады. Бұл – еңбеккерлер арасындағы әртүрлі қарым-қатынас формалары: достық, жолдастық т. б.

Қазақстанның бір топ  өндірістік кәсіп орындарында өткізілген анкеталық сұрау бойынша 28-37% жауап  берушілер өз еңбегінде ұжымдағы достық қатынастар қызықтырады деп жауап берген.

  1. Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты анықтайтын маңызды факторлардың бірі – басқару тәсілі. Шешімдердің қалай қабылданатынына байланысты негізгі үш басқару тәсілі анықталады: авторитарлық, демократиялық және либералдық.

Әлеуметтік–психологиялық тұтастық пен еңбеккерлердің ұжымға психологиялық қосылуын арттыру – кәсіпорындарда көптеген инженерлер атқаратын басшылық жұмыстың маңызды бөлігі болуы тиіс.

  1. Ұжымда жақсы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыруда басқару стилі ғана емес, ұжымдағы тұлғалар арасындағы ауыз бірлік те өте маңызды. Бұл жерде жеке тұлғаның ерекшеліктері емес олардың бірлігі, бірін-бірі толықтыра білуі маңызды.

Әлеуметтік-психологиялық  сипаттағы құбылыстарға кәсіп орындардағы  кикілжің қақтығыстар жатады. Олардың пайда болу себептерін, сатыларын атқаратын міндеттерін конфликтология зерттейді.

Әлеуметтік-психологиялық  климат өте нәзік құбылыс болып  және сандық есептеу қиын болса да әлеуметтік психологтардың зерттеулері  бұл феноменнің де еңбеккерлердің өз еңбегіне деген қатынасын анықтайтын басқа маңызды факторлардың қатарында екендігін анықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 2.Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері

Адам ақыл иесі саналы жан ретінде әлеуметтік ортада, қоғамдық жағдайда өмір сүреді. Әлеуметтік орта адамдардың өзара қарым-қатынасынан тұратын қоғам. Әрбір адамның әлеуметтік ортаға, қоғамға деген қатынасын, оған деген көңіл-күйін білдіруі - әлеуметтік психологияның зерттейтін мәселесі болып саналады. Осы принципке сүйене отырып адамдардың белгілі топтарға бөлінуін, сол топтардың қоғам өміріндегі тіршілік бейнесін қарым-қатынас жасауы арқылы жүзеге асыру жолдарын психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның мән-жайын ашып көрсетуіміз керек.

Ұжымдағы көптеген мәселелердің мазмұнының, түрлерінің, мақсатының өзіндік  сипаттары, ерекшеліктері және алуан түрлі өзгешеліктері бар. Кез келген әрбір ұжымда жетекшілер мен бағынушылар болатыны мәлім. Ұжымдағы адамдарды басқарып, олардың іс-әрекеттерін басқарып, белгілі ізге салып отыру жетекшілердің міндеті. Мұндай жәйт оркестрді басқарып отыратын дирижердің қызметі сияқты. Қоғамдық өмірде, өнеркәсіп орнымен өзге де еңбек ұйымында әрбір адамның атқаратын кызметі өзіндік рөлі болатыны мәлім. Мұндай ұжымдық тірлікте олардың бірі жетекшілік қызмет атқаратын болса, тағы біреулері — оның орынбасары не көмекшілік қызмет атқарады. Ал үшінші біреулер, әрине көпшілігі, тікелей өндірістік жұмыспен шұғылданып игіліктер жасаумен шұғылданады. Сөйтіп әлеуметтік ортада әрбір адамның. өзіндік орны мен қоғамдық қызметі болады. Мұндай әлеуметтік тіршілік бейнесі адамның. жеке басына тән даралық қабілеті мен іскерлігіне, өмір тәжірибесіне байланысты. Адамдардьң бірлесіп тіршілік етуі де олардың сол даралық қасиеттері мен акыл-ойының даму деңгейіне тәуелді болып отыратындығының айғағы. Ежелгі дүние ғұламасы Платон адамдардың даралық табиғатына тән қасиеттер ерекше ескере отырып, әлеуметтегі адамдардың бәрі тегі бір туыс, алайда олар бірін-бірі өздерінің даралық кабілеттеріне орай түрліше, біреулері басқару ісіне бейім болып туса, өзгелері оған көмекшілік, демеушілік қызмет атқаруға лайықты, ал үшінші біреулері егін егіп, шаруашылықпен шуғылдануға лайықты, колөнермен айналысуға бейім болады деген-ді. Осы ойын онан әрі жалғастырып ұлы ғұлама адамның бойындағы қабілеттілігін жетілдіруге қолайлы жағдай жасайтын қабілетке ие болса, ал кейбіреулері күмісті алтынға айналдыра алар еді деген ой түйген. Оның бұл пікірінің түпкі мәні жетекші басқару ісінен тиісті нәтижелер шығарып, өзгелерге ақыл-кеңес айтып тағылым-тәрбие береді, сөйтіп өзіне жүктелген істі тындырымды етіп атқара алады дейді.

Басшы болған адамның  ісінің нәтижелі болып көпшілік адамға жол-жосық көрсетіп отыруы нендей жардайларға  байланысты? деген сұрақ туары  белгілі. Өмір тәжірибесі жетекші ісінің тиімді болуы ең алдымен өндіріс  ұжымындағы қилы-қилы мәселелерді орынды шешіп отыру — сол ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық қолайлы ахуал орнатуға тәуелді екендігін көрсетеді. Басқару ісінің түйінді мәселелерін зерттеу осы ғасырдың 20 жылдарынан бастап қолға алынды. Қазіргі кезде бұл мәселені іздестіруде көптеген психологиялық зерттеу нәтижелері айтарлықтай табысқа жетіп отырғаны айқын. Осы салада жургізілген зерттеулер шетелдік оқымыстылардың үлесіне тиеді. Шетелдік зерттеулердің қол жеткізген табыстары арнайы әдебиеттерде баяндалып, олар психологтар мен социолог мамандардың өндіріс пен шаруашылық істерін басқаратын мекемелер мен жетекші қызметкердің қуатты құралына айналып отыр. Бұл саладағы шетелдік әріптестердің ғылыми зерттеулері ең алдымен, адамдардың өмір сүрген ортасымен, әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты болып, шағын адамдар топтарындағы психологиялық колайлы ахуал орнатудың өзекті мәселелеріне арналып, бұл жайында бағалы да, пайдалы мағлұматтар жинақталган. Сөйтіп психологиялық зерттеу нәтижелері жеке адамдар мен шағын топтар, басқару ісіндегі жетекші кызметкерлер мен жұмысшылар, техникалық-инженерлік қызметкерлер арасындағы қатынас орнатып, қолайлы ахуал жасалғандырын дәйектей түседі.

Осы орайда АҚШ-та электронды-есептеу  машиналарын жасап шығаратын  күрделі компанияның президенті С. Аллан: адамның өмір тіршілігінде әрбір адаммен жалпы тіл табысып жұмыс істей білу — негізгі ғылым болып саналады дейді. Дегенмен адамның бұндай сипаты ғылым емес, сол адамның бойындағы табиғи дарыны болар? Бұл мәселенің түйінін ауыл-шаруашылығы машиналарын жасайтын фирма президенті: адам бойындағы іскерлік қасиеттің өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады, көптеген істің мән-жайын үйреніп білуіне болады, деген ой түйеді. Солай дегенмен адамның жан дүниесін түсініп, онымен өндірісте жалпы тіл табысып істес болу кез келген басшының қолынан келе бермейді. Мұндай факторлар адамдар арасында түсіністік орнатып, заводтар мен өндіріс басшыларының қызметінде шешуші рөл атқаратындығына айрықша мән беріледі.

АҚШ-та өндірісті басқаратын жетекшілерге қойылатын негізгі  талап базар (нарық) экономикасын білуі бірінші орында тұрса, екінші орынға фирмадағы жұмысты ғылыми зерттеу істерін дұрыс ұйымдастырып, фирманың келесі жылдарда неғұрлым өнімді істеуін қамтамасыз ету. Үшінші талап — сол фирмадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, әрбір жұмысшының іскерлігі мен қабілетінің жете біліп, оның бойындағы күш-қуатын, 6ілімін, іскерлігін дұрыс пайдалану. Осы талапқа сәйкес АҚШ-та жүргізілген арнайы психологиялық зерттеулер әкімшілік басқару істеріне көтерілу үшін 57 шенеуниктік қызметке катысты адамдарды іздестірген. Олардың әрқайсысы 100 балдық жүйе бойынша іздестіріліп бағаланған. Осы зерттеу бойынша «адамдармен қарым-қатынас» орнату мәселелеріне баса мән беретін басшылардың бағасы 87 балдан төмендемеген. Ал, қызметінің шеңберінен шыға алмаған әкімшілік қызмет атқаратын шенеуніктердің бағасы 23 балдан аспаған.

Информация о работе Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы