Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 17:05, курсовая работа
Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің “Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы” тақырыбындағы курстық жұмысының мақсаты өндірістегі ахуал мен жағдайларды әр қырынан қарастырып, олардың әлеуметтік, психологиялық моральдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Өндіріс – мемлекет экономикасының өрлеп, алға басуының негізгі көзі. Сондықтан менің курстық жұмысым өндірісті жандандырудың негізі болып табылатын бірнеше факторлардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, өндіріс басшысының ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеудегі және өндірісті тиімід ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігінің мазмұнын жан-жақта қарастыруды міндеттейді.
Кіріспе...................................................................................................................3
І. Ұжымның әлеуметтік - психологиялық жағдайы
1.1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы........................5
1.2. Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері...................8
ІІ. Өндірістің ұжымның негізгі сипаттары
2.1. Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары...........................................................................................................12
2.2. Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері..........................................................................27
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Дау-дамайлы мәселелердің туындап, адамдар арасындағы іскерлік қатынас орнатуға кедергі жасайтын әр түрлі себептердің бар екендігі жасырын жәйт емес-ті. Сондай жәйттердің, бірнеше түрлері бар. Онын бірі өндіріс орындарындағы бастықтар мен жұмыскерлер арасындағы жоғарылы-төменді даулы мәселелер болса, ал жұмыскерлер мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасындағы талас-тартыстардың туындап отыруы. Мұндай талас-тартыстардың туындауы бір жағынан әр алуан іс-әрекеттер мен қызмет түрлерінің жөнге салынуына байланысты талап-тілектер болса, ал екінші жағынан өндіріс орны мен ұжым ішіндегі іс-әрекеттердің қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын өсек-өтірік пен әр алуан алыпқашты пікірлерді таратумен байланысты. Істің жөні мен өнімділігін артыруға байланысты дау-дамайлар әдетте ұжымдағы байсалды түрде талас-тартысты мәселелерді көпшіліктің ашық түрде айтылатын сын мен өзара сын пікірлерін талқылау нәтижесінде шешілсе, ал өсек-аян мен жеке бастық кикілжіңге тіректелетін талас-тартыстар ұжым ішінде іріткі тудыратын жағымсыз, әрекеттер болып саналады.
Өндіріс орындары мен мекемлерде, ұжымдар мен жеке адамдар арасындағы дау-дамайдың туындауына көбінесе мынадай жәйтердің себеп болатынына көз жеткіземіз: Ұжымдар мен адамдардың топтары арасындағы мақсат-мүдделердің сәйкессіздігі олар арасындағы алауыздық; ұжым мен өндірістегі адамдарға қатысты ұйымдық құрылымның атқаратын істерінің уақыт талабына сәйкессіздігі және жұмыс стилінінің ескіруі; ұжымдағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы үйлесімсіз қарым-қатынас; адамдардың міндетті істері және олардың құқығының айқынсыздығы; кейбір қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатар атқаратын істерінің көптігі, мақсат-міндеттердің айқынсыздығы; кәсіптік іскерліктің жетімсіздігі; мамандыктың мардымсыздығы; қызметкерлердің болашақ іс нәтижелеріне және қызмет бабында өсу жолына сенімсіздігі; жетекшілер тарапынан қарамағындағы адамдарға немқұрайлы көзқарасы мен кейбір қызметкерлерге қоятын орынсыз талаптар; өзгелерге деген реніш-өкпесі мен қызғаншақтығы, күңшіл пиғылы — мұның бәрі адамдарға қатысты психологиялық жәйттер екенін үнемі ескертіп отыруды қажет етеді.
Жетекші қызметкердің өз бойындағы қабілетін, мінез-құлқындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарын таразылап, қарамағындағы адамдарға істің жәйін ашықта, шынайы түрде айтып отыратын болса, оның ұжымдағы беделі артып, іскерлік әрекеті мен өзгелермен қарым-қатынасы нығая түсері даусыз.
Жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас-тартысты мәселелердің мән-жайына жете көңіл аударып, оларды дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымындағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.
Мұндай жағдайда жетекші өзінің басшылық ісін мынадай ретпен жүзеге асыруды мақсат етеді: дау-дамай туғызған мәселе мен оның жағдайы. Бұл жәйтті анықтауда жетекші қызметкер болған окиғаның себептерін, оның туындауы туралы қажетті мағлұматтарды толық білуі керек; сол дау-дамайлы мәселенің түйінін шешіп, оны болдырмаудың тиімді амал-тәсілдерін белгілейді; сондай-ақ адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің одан әрі қарай шиеленіспеуі үшін оны барынша қысқа мерзім ішінде шешуді қарастыру қажет; талас-тартысты топтардың арасында туған кикілжің мен дау-дамайлы мәселелер өршіп кетпеуін тоқтату үшін жанжалдасушы жақтардың мақсатарын канағаттандырарлық тиімді жолдарын бірлесе отырып шешкен жемісті болары күмәнсіз және ол топтардың мақсаттарын да жүзеге асырудың адал-тәсілдерін іздестіру керек.
Басшылар мен жетекшілердің даулы мәселелерді шешуде олардың туындау себептері мен салдарын жан-жақты талдай отырып, объективті тұрғыдан шешіп отырудың нәтижелері әлдеқайда тұрақты болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Дау-дамайлы мәселелерді
шешуде мынадай факторларды үнемі
ескеріп отырған пайдалы
— талас-тартысты мәселенің туындау себептері мен оған қатысушы адамдар мен топтардың пікірлерін екі жағының да ашық-айқын түрде айтып ортаға салынуы және оны шешудің тиімді жолдарын белгілеу;
— талас-тартысты қатысушылардың өзара біріне-бірі сенімділік білдіріп, істің мән-жайын анықтауға ықыласты болуы.
Дау-дамайлы мәселені әділ түрде шешудің тиімді жолдары әдетте біз даулы мәселенің түйінін шешуде өзіміздің мақсат-мүддеміз бен іс-әрекетімізді қарсыластарымыздың көзқарасы тұрғысынан пайымдап түсінуге мән бере бермейміз. Сондай ерекшеліктерге жататын түсінігіміздің бірі — біз өзіміздің қылығымызбен мінезіміз жайында теріс көзқараста болып, карсылас адамдардың зұлымдығының құрбанына айналып отырмыз, біздің пікіріміз бен мақсатымыз дұрыс, шындық біздің жағымызда деген ойда боламыз да, ал біздің қарсыластарымыз даулы мәселені шешуге ықылас білдіріп отырған жоқ деп санап, қарсы жақтар өз көзқарастарын мақұлдаумен шектеледі де карсыластарына жеккөрушілікпен карайды. Сөйтіп қарсыластар арасындағы даулы мәселенің шешілуі онан әрі қарай шиеленісе түседі. Мұндай шиелістің бұдан былайда күрделене беруі қарсылас жақтардың бірін-бірі дұшпан деп санап, өзара келісімге келе алмай ашу-ызаның қармағынан шыға алмауынан деп бағалаған дұрыс. Қарсыластар арасындағы бұл жәйт тек екі жақтың да көңіл күйі мен іс-әрекетін берекесіздікке душар етумен ғана шектелмей, жалпы ұжым ішіндегі қалыпты жағдайдың бұзылуына әкеп соқтыратын жағымсыз ахуалдың туындауына себепші болады.
Ұжым мен адамдар
арасындағы талас-тартысты мәселенің
байыпты шешілуіне себепші
Қорытынды
Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы — ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда карсыластардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім. Өзара келісімге келіп жалпы тіл таба алмайтын адамдар бір ұжымда қызмет істегенмен межелі нәтижелерге қолы жетпейді.
Еңбекте адам арасындағы
қарым-қатынас жасап түсіне білудің
өзекті мәселелері болып саналатын
жетекші қызметкер мен
Қарым-қатынас жасаушылар өз арасында көтерген мәселелері мен хабар алысу кезінде бірінің сөзі ынта қойып тыңдап, әңгіменің мәнжайын барынша жете түсінісуді мақсат тұтады. Әріптестердің талап-тілегі мен хабары, көңіл-күйі олардың көзқарасынан, дауыс ырғағынан, бет құбылысы мен ым-ишараларынан анық аңғарылады. Айтушы да, тыңдаушы да өзара түсініктік білдіріп бірінің сөзін екіншісі ықылас-ынта қойып тыңдайды, мұңын тыңдап оған жанашырлық кейіп білдіріп, ал сәттісімен игі ісі мен игі ісін жүзеге асыруына тілектестігін білдіреді. Халқымызда «Жақсы сөз -жарым ырыс» дейтін мәтел осы бір жәйтті білдірсе керек. Әріптесінің айтқан сөзін ықылассыз тыңдап, кейде оған бірден өзінің қарсылығын, наразылығын да білдіруге асығады. Әрине, мұндай жағдайда әріптестер арасындағы пікір алысып сөйлесу өзара түсініктікке жеткізе бермейтіні хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер
10.Тәжібаев Т. Жалпы психология. -Алматы, 1993.
Информация о работе Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы