Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 09:45, курсовая работа
Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.
«Ана көрген – тон пішер»
Күні: 07.03.2013ж.
Класы: 0 «В»
Тақырыбы: «Ана көрген тон пішер»
Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.
Көрнекілігі: Шарлар, Слайд, Ана, бала, отбасы жөнінде нақыл сөздер жазылған плакаттар: «Анаң-асыл қазынаң, әкең-асқар тау»,«Ана алдында-құрмет, ата алдында-ізет».
Барысы:
Жүргізуші:
Таусылмайды өмірде жастар әні,
Биіктерге асамыз асқар әлі.
Бүгінгі мереке құрметіне,
Ойын-сауық кешіміз басталады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан
бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Армысыңдар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты біздің аналар, ұстаздар, ару қыздар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешке қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар! Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі. Осы 8 наурыз мерекесіне орай мектеп алды даярлық тобында ұйымастырылып отырған «Ана көрген – тон пішер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мың бұралған арулар билей
басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(өз реттерін таңдау қағаздары ұсынылады) Сайыскерлеріміздің ретін анықтадық.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық- демекші
бүгінгі сайысымыздың әділ бағаларын
беретін әділқазы мүшелерімен танысайық:
Ендігі сәтте бүгінгі
байқауымыздың шарттарымен
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе жұптарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру
Шын жүрек, ақ көңілмен,
Алғашқы көктемнің күлімдеген
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күніменен!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды, - дей келе,
келесі кезекте балаларыңыздың жүрек
жарды тілектерін тыңдап, сыйлықтарын
қабыл алыңыздар! Олай болса шәкірттеріңіздің
аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі «Кім тапқыр?» бөлімінде,
Сыналар білімі мен парасаты – дей келе,
келесі турымыз «Кім тапқыр?» Бағана айтып
өткеніміздей бул турда қыздарымызға
жұмбақ, аналарымызға мақал-мәтелдің жалғасын
табу ұсынылады.
... (Аяғын көріп асын іш).
Анаға қарап қыз өсер,
... (әкеге қарап ұл өсер).
Қызына: Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
... (Ана үлгісін көрмесе).
Ананың көңілі балада,
... (баланың көңілі далада).
Қызына: Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
... (Атаңа ауыр жүк артпа).
Қыз өссе елдің көркі,
... (Гүл өссе жердің көркі).
Қызына: Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай – салада ағады.
Бүршік шашып,жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Ауылымның мынау бейбіт аспанынан,
Төгілсін күй күмбірлеп, басталсын ән.
Өлең-ән, ой тамаша тыңдаңыздар,
Өнерпаз біздің мынау жастарымыздан. Хор: «Апатайым – анашым».
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа,
Өнер көрсет,құрбылармен жарыста - дей келе, келесі кезекті «Өнерлі өрге жүзер» атты турымызға береміз.
1.
2.
3.
Аналар ақ тілекті, сөз
көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін». Алдарыңызда
қазақ биімен Аралбаева Аяулым.
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны,
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Сұлулықпен жалғанда кім таласады - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі турымыз сән үлгісін көрсету:
1.
2.
3.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті 4 сынып оқушыларының орындауындағы « » биіне береміз.
Мәз-мейрам боп ұшады құсқа ұқсап,
Кей сәттерде арманмен көкке ұшад.
Мұң-қайғысыз, уайымды білмейтін.
Міне, осы бақытты балалық шақ, - дегеней, келесі айналымымыз «Бақытты балалық шақ».
1.
2.
3.
Ата-әже ақыл айтар данамыз,
Өнегесімен өседі әркез санамыз.
«Ата-әже» әнін тарту етсін деп,
____________ ортаға қарсы аламыз.
Ән: 4 сынып оқушысы Аружанды «Ата әже» әнімен қарсы алыңызар.
Ас әзірлеп, көңілдерден шығайық,
Киелі астың қадірін әркез ұғайық.
«Ас-адамның арқауы» деген сөзбен,
Ендеше, дәмді асты ұсынайық, - демекші, келесі айналымымызда үйден дайындап келген астарымыз жайлы айтып өтейік.
1.
2.
3.
Бала десе жарыла жаздап жүрегі,
Қамын ойлап, еркелетіп жүреді.
Аналардың ойынына кезек келді,
Ойынның аты: «Кім көп сөз біледі?»
Ойын: «Кім көп сөз біледі?»
Ортаға 2 ана шығады. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады.Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөзлер айтуы керек. Мысалы, айым, күнім, жұлдызым, алтыным, күмісім,…,…, Көп сөз айтқан бала жеңіске жетеді.
Әділ баға береді еп сенеміз,
Дәл қазір жеңімпазды білеміз.
Әділқазы алқаларға ендеше,
Келесі сөз кезегін береміз.
(Әділқазылар сөйлейді.)
Әсем әуен арнайды,
Анашым деп жырлайды.
Бүлдіршіндер сіздерге,
«Ақ мамам» әнін жолдайды. Хор «Ақ мамам».
Жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің
«Ана көрген –тон пішері» атты мерекелік
кешімізді көңіл қойып
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,
Сіздің ыстық құшағының бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе – Отан ғана!
2-жүргізуші:
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Ер жеткізіп, елге берген баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным – қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Өлең «Анашым»
1-оқушы:
Шын жүрек, ақ көңілмен,
Алғашқы көктемнің күлімдеген
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күніменен!
2-оқушы:
Наурыз – мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн-Ана,
Алып келдің Жер бетіне гүл көктем!
Өлең «Асыл ана»
3-оқушы:
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,
Сендер жазған ақындар жыр дастаны.
Сендер жазған әндері самғайтүсіп,
Жүрегіне із тастар әр адамның.
4-оқушы:
Табиғат тауып келісім,
Жүректің мұзы ерісін.
Қуаныш кернеп ел ішін,
Аналар күні тойлансын!
Өлең «Анашым»
5-оқушы:
Жадырап тұр бүгінде берекеміз,
Бір тамшы білімді көл етеміз.
Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!
6-оқушы:
Армысың, ару қыздар, абзал ана!
Анаға тең келетін бар ма дана?!
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!
Қуанышпен құшақтарға көңіл толсын!
Өлең «Ана туралы»
7-оқушы:
Тіршілік шыққан күннен нәр алады,
Ананың ақ сүтінен жаралады.
«Анама» деп салған әні
Аналар, бір сіздерге арналады.
Жанары жалын, жүзі гүл,
Жүрегі толған мейірім, нұр.
Еңбекте асып, жүлде плған,
Өнерде озып, жыр жазған.
8-оқушы:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы, анашым!
Бар өмірдің жүрегі,
Өзің алтын ордасың
Тілегімнің тірегі,
Уайымың болмасын!
Өлең «Мама»
9-оқушы:
Алақаны – ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа!
10-оқушы:
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай!
Өлең «Анашым»
11-оқушы: Анамызға
деген біздің көңіліміз,
12-оқушы: Ардақты аналар, апа-қарындастар! Сіздерге осынаау мерейлімереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз!
Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!
13-оқушы: Осымен
өздеріңізге арналған
8 –
Наурыз Аналар мерекесі
( екі бала бастайды)
1 – бала: Той
пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын
ашайық.
2 – бала: Ана
дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас
сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген алтын
қазық алтын бақ.
(балалар аналарына
сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер
ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар,
сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін
көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты
болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға
шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең
биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында
Басқа бақыт
не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой
керемет.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп
келемін.
Мәпелейді, әлдилейді,
бағады.
«Құлыным» деп
құшағына алады
Өзгеге де, өзіне
де жауапты
Барлығына қалай
уақыт табады?!
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық
бәріміз
Ән: «Аналар мерекесі»
Бір бала ортаға
шығады
- Алло, әже? Мерекеңізбен
құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім
бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын
құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көреді
әжелерін,
Ойыншықтар да
әпереді
Балабақшаға
да әкеледі,
Жақсы қандай
әжелері.
Жүргізуші: Қариясы
бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған.
Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып,
әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем
айдай»
Али: Әлпештеген
аялаған
Ақ сүт берген
апатайым
Сәлем жазып
бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Нұралы:Мені
жақсы көреді
Күндей күліп
келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып
береді.
Ойын: «Әжемнің
жібі»
Балалар әжелеріне
арналған ағылшын тілінде тақпақтар айтады
Қоңырау дыбысы
естіледі.
Жүргізуші: Бұл
кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан
Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай
үй әулиемін
Шақыр мені үйге
сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін
мен
Құттықтап әжелерді,
қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде
күн сәулесі,
Тұрсын қағып
терезе
Сендерге сыйлық
ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып
қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рахмет
саған Кузя.
Қоңырау соғады,
музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки
старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз
шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен
Кикимора кіреді
Кикимора: Орман
аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені
мұнда.
Мен қырсық, жаман
емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі,
ақылды деп айтады.
Қайда түсіп
кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің
бе Кикимора
Кикимора: Сәлем
бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен
бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар
аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап
жатыр.
Кикимора: немен
құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен
ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін
халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой,
қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой,
ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине,
мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау
тартады
Балалар кезекпен:
әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой,
қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім
келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен
өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар
да әдемі билей алады.
Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз
айтады:
Кузя: Маған ешкім
ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді
ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек
жоқпын
Сен Кикимора
жаман емессің
Сен көңілді,
күлкүлісің
Күлімдеп маған
тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине
қымбаттым.Сен боласың ұлым менің.(Қуанып
билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана»
деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай
тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді.Жүре
ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін.
Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрәніс «Үш
ана»
Ортаға стол
және үш орындық қояды.Бір орындықтың
шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың
киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер
ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген
Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан
тапты да,
Хал сұрауды
көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің
қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып
отырмай,
Тамақ ішсең
жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп
қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына
алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы
сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай
қызының
Қалын сұрап
біледі
Анасы:
Әйгерімжан,
бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің
бе?
Қызықтап әлде
ойынды,
Кешке дейін
жүрдің бе?
Күнде саған
ұмытпай,
Тамағыңды іш
деймін.
Тіл алмайсың
қырсығып,
Осы сені не істеймін
(отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже
кіреді.
Ол – дағы өз
қызының
Қалын сұрап
біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба,
жарқыным.
Ішпедің – ау
тамақ та,
Жайын ойлап
жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой
қабағың.
Сөткемен тұрып
жұмыста
Болмай қалды
– ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын,
қараңдаршы,
Қырсық мінез
бала болу.
Бәрінен де оңай
емес,
Білсеңіздер
ана болу!
Қоңырау соғады
Үш аспазшы шығады.біреуі
ең басты аспазшы
Біз – екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті
қуырып
Балаларға бересіңдер
деп
Ең басты аспазшы
ұйықтап кетеді
Аспазшы жүгіріп
жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен
борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге
балалар.
Жүргізуші: Пісіруге
көмектесеміз.
Ойын «Жеміс
- жидектер»
Ойын біткен
соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар
шығады
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді
тамашалағандарыңыз үшін рахмет.Сау болыңыздар!
Информация о работе ЭЕМ арифметикалық негіздері. ЭЕМ-де ақпаратты көрсету