Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- меншік ұғымына сипаттама беру;
- меншіктің экономикалық негіздеріне тоқталу;
Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсіну қажет. Біріншіден, эконмоикалық категория ретінде, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық сипат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналмағанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін. Оған бірден-бір дәлел еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз. Қарапайым тілде айтатын болсақ меншік белгілі бір заттың, бұйымның, өнімнің мүліктің қандай да бір тұлғаға тиесілі екендіктерін білдіреді. Сондықтан да бұл категория «мен» деген түбір сөзден өрбіген. Меншік мемлекеттік жеке меншік нысандарына бөлінеді.
Заңды тұлғалардың жеке меншігі ретінде шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады.
Меншік қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі: Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары жер ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және тағы басқалар жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері
Меншікке ертеректегі
француз социалисі Пьер Жозеф
Прудоның меншік ұрлау деген мағынаны
береді дегені бар. Жоғарыда келтірілген
анықтамаларда белгілі бір
Дәстүрлі кеңестік қайта
құру кезеңіне дейінгі экономикалық
әдебиеттерде меншік категориясының мәнін,
оның ададмра арасындағы қатынасты
сипаттайтынын тек Маркс ашқан
түсінік берік орнағаны белгілі.
К. Маркс меншіктің әлеуметтік-
Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелегіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы біз айтамыз: «мына жер аумағы-менің меншігімде». Меншіктің экономикалық мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды.
Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік обьектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды праволар нормасы ғана емес, мораль формалары, дәстүр формаларын қабылдау жәй әділеттілік ережелері тағы басқалар арқылы да көрсетті. Адамдардың бір-бірінің мүлігін ұрламауы да тек бас жауапкершілігінен қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына өмір сүріп отырған қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болу ықтимал.
Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К.Маркстың еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты обьективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік онымен байланысты экономикалық оқшаулану тауралы рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты.
Сонымен жеке мнешік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан да ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады.
Экономикалық дамудың обьективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді. К.Маркстың акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсетілген.
Меншік экономикалық категория ретінде ең алдымен өз мәнінде жеке меншік болып табылады. Мемлекеттік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді.
Меншік тек экономикалық мағынада ғана емес, құқылық формада да даму алады. Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы даму алады:
Айтылғандардан мынадй
қорытынды шығаруға болады: меншік
категориясына теориялық
Бір жағынан меншіктің заңды формасы өндірістің пассивті нәтижесі ғана емес, ол оның дамуын қарқындатып, немесе бәсеңдетуге ықпал етеді. Өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі бір иемдену құқы болмайынша оны және онымен өндірген өнімдерді пайдалануға да құқы болмайды. Сондықтан да меншік құқының заңды нормалары экономикалық қатынастарды нақтылау формалары болып табылады.
Қоғам дамуының шешуші кезеңінде заңдық шешімдер, құқықтық актілер аса маңызды рол атқарады. Оларсыз қоғамның белгілі бір сатыдан екіншісіне өтуі де мүмкін емес. Көптеген экономикалық міндеттерді, шараларды сауатты жасалған заңның көмегімен тез арада шешуге болар еді. Бұл деген қоғамдық өмірдің әр қилы жағын революциялық әдіспен қайта құрудың үлкен тетігі. Бұрынғы нақты социализм елдерінде меншік қатынасын қайта құруда осы әдіс кеңінен орын алғаны да белгілі. Мұның көмегімен тоталитарлық мемлекеттік меншік орнына жеке және қоғамдасқан меншіктің көп қырлы формалары қалыптасуда. Сонымен қатар мнешік қатынасын қайта құру жай мақсат емес, адамдардың әр қилы тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлік қызметті кеңінен дамытуға жағдай жасаудың құралы.
Басқаша айтсақ меншік бұл адамдар
арасындағы өндіріс факторлары мен
нәтижелерін иемденуге
Иемдену нақты қоғамдық затты иелену әдісі болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді Әрі қарай өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену обьектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнім жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қара йжүзеге асады. Егер өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер өндіріс топ мүддесіне қоғам мүддесін көздесе онда қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу біріншісі өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы, еңбек бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектік жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне, бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс-бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауралы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша меншік заңы бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқыды иемденумен байланысты.
Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзіні ңзаттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берген. Сонда ғана меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігі иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына и еболады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше иелену пайдалану мен іске жарату толық меншік емес. Меншік жүйесінде бұлар меншік нысандары мен меншікті пайдаланушылар арасындағы екінші реттік қатынастарды білдіретін категориялар болып табылады.
Информация о работе Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері