Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- меншік ұғымына сипаттама беру;
- меншіктің экономикалық негіздеріне тоқталу;
Ғылым, техника, сыртқы және ішкі нарықтарында қызметтер мен тауарларды өндіру мен өткізудің тәжірибе жетістіктерінің (олардың түріне, сапасына, бағасына және т.б.-ға сұраныстың өзгеру тенденциясын алғанда) негізінде тиімді даму үшін кең мүмкіндіктерді береді.
Тек акционерлік қоғамдар акциялар шығара алады.
Акционерлік қоғамның әрбір қатысушысының жарғылық қорындағы, жинаған мүлікте және банк шоттарындағы жинаған ақша қаражаттардың үлесін анықтайтын акциялар құнының есебіндегі олардың шектеулі жауапкершілігі.
Операцияларды жүргізудің басқару қарапайымдылығы.
Акционерлік қоғамның шексіз өмір сүруі.
Қоғам банкротқа ұшыраған кезде тек өзінің акция құны шеңберінде тәуекел етеді.
Кемшіліктері:
Акционерлік қоғамды ұйымдастыруда, мемлекеттік тіркеу мен құрылымның өзгеруіндегі болатын қиыншылықтар.
Әрекет ету мерзіміне қарамастан, салық салу қойылымының жоғары болуы.
Барлық акционерлердің акционерлік қоғамды басқаруға қатыса алмауы, өйткені, шынайы бақылау үшін 20%-ке ие болуы керек.
Кейбір тұлғалардың қолында зор акция мөлшері шоғырланады, әрине, бұл оны пайдалануға әкелуі мүмкін.
Тағы бір айта кететін жайт, серіктестіктер мен қоғам арасындағы ерекшелік, ол қоғам капиталдың бірігуін білдіреді, яғни құрылтайшылардың қатысуы мүліктік салымдарында айқындалады. Ал серіктестік - тұлғалардың бірігуін білдіреді, яғни құрылтайшылар тек серіктестіктің қызметінде өз мүлкімен ғана қатыспай, сонымен қатар кәсіпкерлікпен де айналысады. Екіншіден, қоғамның қатысушылары жарғылық капиталға салған салымдардың шеңберінде ғана шығындар тәуекеліне жауапты, ал серіктестіктің құрылтайшылары өзінің барлық мүлкінің қарыздары бойынша ғана шектеулі жауапкершілігіне жауапты.
Қорытынды
Меншік қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болады. Меншік құқығы обьективті және субьективті мағынада түсініледі. Обьективті мағына бойынша меншік құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын күшейтетін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субьективті мағынада-белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары тиесілі. Бұлар дәлірек айтқанда меншік иесінің құқық өкілеттігінің, яғни адамның меншік құқығының мазмұнын құрайды
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, ие болса, азамт жеке автомобильге, жиһазға және тағы басқаларға ие бола алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығы басқа адамға берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия, сақтау және тағы басқа шарттар бойынша комиссионер берілген мүліктің сақатушысы, заң негізінде иелену құқығы және тағы басқа құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы, өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш машинаны өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады.
Мүлікті техниканы шаруашылық мақсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да жүзеге асырады. Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады. Пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ет уқұқығы-меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқаруға беру және тағы басқалар). Билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана құқылы.
Меншік тек экономикалық мағынада ғана емес, құқылық формада да даму алады. Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы даму алады:
Акционерлік қоғам басқа да меншік формаларымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Кәсіпорынды ашық акционерлік қоғамға түрлендіру, оған ірі қаржы ресурстарын тез арада тартуға мүмкіндік береді. Акцияны сатудан түскен түсім эмитент-компанияның шотына түсіп, бизнесті жаңғырту, диверсификациялау және т.б. үшін қызмет етеді.
АҚ жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттары арасында ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор АҚ-ның жарғысында бекітілген тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі акционерлік қоғамның құқығын көрсетеді. Екіншіден, ол қоғамның кейінгі қызметіне қуат беретін бастапқы (жаңа акционерлік қоғам ретінде құрылса) капитал шамасы.
Акция - АҚ-ның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын, жазбаша куәлік, меншік нысаны, бағалы қағазды білдіреді.
Акционерлік қоғам әр түрлі акциялар шығарады және оларды иеленушілеріне қарай артықшылықтар береді. Мәлімдеуші және атаулы акциялар болады. Акциялар жай және артықшылығы бар болып та бөлінеді.
Біз меншіктің артықшылығы мен кемшіліктерін айта келіп сөзімізді қорытындылау барысында Қазақстан Республикасында тұңғыш рет сонау жекешелендіру жылдарында халыққа берілген купондардың қайтарымы болғанын атап өткіміз келеді
Сол жылдары құрылған 57 жекешелендіру қорларының арасынан тек қана жалғыз «Бутя-капитал» қоры ғана халықтың бағалы қағаздарының дивидендін биыл берді. Бұл да болса бағалы қағаздарға деген халық сенімін арттыратын қадам деп ойлаймын. Мүмкін келешекте акционерлік қоғамдардың акциялары халық арасында сұранысқа ие болып, олар биржадағы котировка курстарын жіті бақылайтындар қатарына кірер деген үміттемін. Әзірге бірақ мұндай жетілген капитализмнің ауылы әлі де алыста сияқты. «Үмітсіз шайтан» деген...
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері