Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- меншік ұғымына сипаттама беру;
- меншіктің экономикалық негіздеріне тоқталу;
Өндiрiстiк және қаржы құрылымдар бiрлестiгiне қажеттiлiк отандық және шетелдiк нарықта шетел корпорацияларымен бәсекелестiк күреске қарсы тұру қажеттiлiгiнен туындайды. Қазақстандағы жоғары деңгейдегi монополизм туралы көз-қарастарды қайта құру уақыты жеттi. Олар шетелдiк компаниялар жағынан бәсекелестiк болмаған кезде экономикалық реформалар бастапқы кезеңiнде дұрыс болуы мүмкiн. Қазiргi уақытта отандық өнеркәсiптер Қазақстан аумағында iрi батыс корпорацияларымен бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге мәжбүр. Сондықтан бiрiктiрiлген корпорациялық құрылымдар шеңберiндегi Қазақстандық кәсiпкерлер күштерiнiң бiрлестiгi өте қажеттi болып, оларды басқарудың әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеуге көмектеседi.
Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу-бұл өндірісті тікелей мемлекеттік-әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көшу. Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: біріншіден, меншік құрылымы жеке меншік пайдасына қарай өзгереді және қоғамдық құрылым қысқарады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық ролі мен қызметі өзгереді, мемлекет шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық процестерді директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы ретейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып алулар келеді, мемлекет ресурстарды бөліп-тарату функцияларын жүзеге асыру міндетінен босайды, біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылады.
Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған алғашқы ұлттық бағдарламасы 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған. Негізгі мақсаты-мемлекттік меншікті басқа нысандарға айналдыру, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін сатып алуы болатын.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама 1993 жылдың наурызында қабылданып, кіші жаппайды ғана емес, сонымен қатар жеке жобалар бойынша жекешелендіруді де қамтыды. Осы кезеңнің негізгі мақсаты-нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау.
Мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарламасы негізінен жекешелендіру үрдісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына жетіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезеңде сауда қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50 пайызы, екінші кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді, үшінші кезеңде жекешелендіру үрдісі аяқталды.
Экономиканы әміршілдік-әкімшілдік
басқару жүйесікезінде
а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді;
ә) өндірісті басқаруда
бюрократтану жүріп экономиканың артықшылығы
тапталды. Шетел тәжірибесі көрсеткендей
мемлекеттік меншік 30-40% болғанда, рынок
өзінің экономика тиімділігін сипаттай
Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен алу мен жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға берілді.
Ұлттық бағдарламаға
сай Қазақстан Республикасында
мемлекеттен алу мен
2.2 Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарын реформалау және тиімділігін арттыру
Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
Қазақстан Республикасының ерекше меншік обьектілері жекешелендіруге жатпайды. Олар-жер, оның байлығы, су әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.
Экономиканы мемлекеттен алу-жай емес кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің аясына ауысуын қарастырып, акционерлік кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді.
Экономиканы мемлекеттен
алудың мақсаты-әртүрлі меншік түрінің
қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті
ңдамуына, әлеуметтік-бағытталған
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік обьектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
А) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
Б) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
В) мемлекеттік меншік обьектілерін концессияға беру;
Г) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
Д) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
Ұлттық бағдарламаға сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі үш бағыты болды:
Жекешелендіру-инвестициялық
купондарын қолданысқа енгізу жаппай
жекешелендіруге барлық тұрғындардың
қатысуын жеңілдетуі тиіс еді. Қазақстанның
әрбір азаматы сатуға болмайтын
және тек инвестициялық
Бірінші кезеңнің іске асуы нәтижесінде 6198 обьект түрлендірілді. Түрлендірілген кәсіпорындардың ішінде 4160-ы кіші жекешелендіру обьектілерін құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру үрдісі бәрінен де сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласында белсенді жүргізілді, олардың үлес салмағы тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29,6% және 25,8%-ын құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі-8,8%, ауыл шаруашылығы-10,1%, құрылыс-5% болды. Кәсіпорындардың 23,6%-ы азаматтардың жеке меншігіне алынды, 8,4%-ын бұрынғы мемлекттік кәсіпорындар акционерлендірді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. 1997 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті және мүліктік кешендері өткізілді, соның ішінде мұнай, газ кешендері бойынша-21, электроэнергетика бойынша -10, көмір өнеркәсібі бойынша-4, тау кен бойынша-6, машина жасау кешені бойынша*-3, телекоммуникациялар бойынша-1 және тағы басқалар. 1997 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51 млрд теңге әкелді.
Қазақстан Республикасында үшінші кезеңде: 1997 жылы-6777 кәсіпорын, 1998 жылы-3073, 1999 жылы-2318, 2000 жылы-1724, 2001 жылдың І жартыжылдығында -1056 кәсіпорын жекешелендірілді.
Нарықтық жүйе еркін кәсіпкерліктің жүйесі. Кәсіпкерлік осы қызмет қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен кірістер алу мақсатындағы жеке заемдік және басқа да мүліктер және қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын ынталы, шаруашылық қызметі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары анықталған.
Акционерлік қоғам-өз әрекетін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы тарту мақсатында акциялар шығаруға негізделген кәсіпорын немесе мекеме.
2.3 Меншік қатынастарын экономикалық дамыту әдістері
Заңды тұлғалардың жеке меншігі ретінде шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады. Қазіргі кезеңде жеке меншіктің елеулі бөлігін иеленетін әртүрлі шаруашылық серіктестіктері кең тараған. Мұндай меншікті құрудың, пайдаланудың, сондай-ақ оның құқықтық ережелері тәртібінің өзіндік сипаттары бар. Жарғылық капиталы қор құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда табу деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. Серіктестік өз қызметін тауар-ақша қатынастарын кең пайдалану жолымен өзін-өзі қаржыландыру принциптері негізінде құрады. Құрылтай құжаттарында серіктестіктің түрі, мақсаты және қызмет мерзімдері, қатысушыларды құрамы, фирмалылығы, атауы және серіктестік мүлкінің көлемі, кіріс пен шығыстың бөліну тәртібі көрсетілуі тиіс.
Серіктестік қатысушылардың оған берген, шаруашылық қызметінің нәтижесніде өндірілген бұйымдардың, сондай-ақ заң тыйым салмаған басқа негізде алынған бұйымдардың иесі болып табылады.
Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық қатысушылардың мүліктегі үлестері олардың салымдарына бара бар болады. Серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Серіктестіктерге бір-бірінен жарғылық капиталын қалыптастырудың ерекшеліктерімен және олардың қатысушыларының серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілік ерекшеліктерімен ажыратылатын толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершіліктері бар серіктестіктер жатады.
Шаруашылық серіктестіктері жеке іскерлік қызметте ұсақ бизнестің түрі ретінде өзінің кең тарағанына қарамастан шектеулі мүмкіндіктерге ие болғандықтан әдетте болмашы ғана пайда әкеледі. Барынша ірі бизнесті құру үшін іскер адамдарға ірі фирмаларға бірігіп, топтық жәнек ұжымдық іскерлікке көшуге тура келеді.
Шаруашылық серіктестігін құрушы тұлға оның құрылтайшысы болып табылады. Олар кәсіпорынға белгілі бір үлес қосып, оның қатысушысына айналады.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың кәсіпорын басқару ісіне, табысты бөлуге аралсуына және оны жойған жағдайда алашақтары бар тұлғалармен есеп айырысып болғаннан кейін қалған мүлікті заттай немес ақшалай қайтарып алуыларына құқы бар. Сонымен бірге серіктестікке қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорын алдында құрылтайдық құжаттардың талаптарын, жарналарды, коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа талаптарды бұлжытпай орындау жөнінен белгілі бір міндеттмелер алады.
Серіктестікке қатысушылар мүліктік жауапкершілігінің дәрежесін қарай толық және коммандиттік болып бөлінеді.
Толық серіктестік-келісімдік негіздегі жалпы бизнеске қатысушылардың ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің үлесі болады.
Толық серіктестіктің барлық
мүшелерінің шектеусіз
Командиттік серіктестік немесе сенімге негізделген серіктестік дегеніміз біріккен шаруашылық қызметі жөніндегі келісім шарт негізінде жасалатын бірнеше іскердің бірлестігі. Бірақ, толық серіктестікке қарағанда мұнда мүшелердің бір бөлігі ғана толық серіктестік болып табылады. Олар өздерінің барлық мүлкімен аталмыш кәсіпорынның міндеттемелері бойынша толық ынтымақтастық жауапкершілікті мойнына алады. Олардас басқа салым салушы мүшелер серіктестікке тек өздерінің салымдары көлемінде ғана шектелген жауапкершілікке ие болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі толық және командиттік серіктестіктегі кәсіпорын тектес. Онда оның мүшелері серіктестіктің міндеттемелері бойынша тек жалпы капиталға салым көзіне жауапты. Соған қарамастан серіктестіктің өзі заңды тұлға ретінде несие берушілердің алдында өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
Информация о работе Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері