Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- меншік ұғымына сипаттама беру;
- меншіктің экономикалық негіздеріне тоқталу;

Файлы: 1 файл

Казакст жеке меншік.doc

— 197.00 Кб (Скачать)

Тарихта меншіктің әртүрлі  типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты  түрлері болып табылады.

Тарихи бастама ортақ меншік болды. Ол ортақ пен оның нәтижелерін біріпі иемденуге негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінді.

Меншік құқығы обьективті және субьективті  мағынада анықталуы қажет. Обьективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субьективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану иелену және билік ету құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсетуге болады.

Конституциямыз меншікті-жеке меншік және мемлекеттік меншік нысандарына бөліп көрсетті. Осыған сәйкес Конституцияны Азаматтық кодекс нормаларын басшылыққа ала отырып азаматтық құқық субьектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып меншікті жеке мнешік нысанына және мемлекеттік меншік нысанына бөліп көрсетуге болады. Осылайша меншік:

 

азаматтардың-жеке тұлғалардың;

ұйыдмдардың-заңды тұлғалардың;

мемлекеттің меншігі  болып бөлінеді.

 

    1. Меншік қатынастарының түрлері

 

Республика аумағындағы мемлекеттік  меншік құқығының субьектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мүмкін.

Мемлекеттік меншік коммуналдық және республикалық меншік болып екіге бөлінеді. Республикалық мнешік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қзақастан республикасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар Республика қазынасына жер оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар жатады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжататрына  сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік  кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығынан  негіздеп жүзеге асыруы да мүмкін. Шаруашылық жүргізуші құқығы заттай құқық болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзыретінің көлемінде ғана иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің  меншік иесі мен құжаттарына сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті пайдаланудан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға мүмкіншілігі бар.

Қазақстан Республикасының  Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар»  туралы Жарлығына сәйкес аталған  кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.

Сонымен қатар, қызметін шаруашылық жүргізу  құқығына негізделген мемлекеттік  кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органнаың келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі  үйлерді, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға ұзақ мерзімді жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, филиалдар мен еншілес кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға, жеке кәсіпкерлерге қарыз беріеп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен алуға, басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.

Жедел басқару құқығы меншік иесінің  қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті пайдалану, оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеменің меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.

Жедел басқару жағдайы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі:

 

  • біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан қаржыландырады;
  • екіншіден, қазыналық кәсіпорын да мекемеде өз жабдықтарын сметалық көлемде ғана жүзеге асыра алады;
  • үшіншіден, олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды.

Мекеме басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру  үшін құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын  болғандықтан оның құқықтық құзыреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.

Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп  берілген мүлікті сол мүліктің меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқылы. Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорынның жарғысында анықталады.

Сонымен қатар қазыналық кәсіпорын  меншік иесінің келісімінсіз негізгі қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің негізінде алуға тыйым салынған.

Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және соған смета бойныша  белгілеген қаражат есебінен сатып  алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ.

Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға  болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей  коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.

Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен  шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.

Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.

          Қазақстанда заңға сәйкес жеке мемлекеттік муниципиалды және басқа да меншік түрлері танылды.

Мемлекеттік меншік-бұл  мнешік ныснадарын мемлекеттік билік  өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесні  білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл  халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Ұжымдық меншік-бұл еңбек  ұжымы өндіріс құралдары мен  өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында  қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акцонерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік иелерінің бірінен-біріне өте алуын білдіреді. Бұл  процесс  әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Ұлттандыру-бұл шаруашылықтың  негізгі ныснадарына жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тариха кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.

Жекешелендіру-бұл мемлекеттік немесе  муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті женке тұлғалар мен компанияларға жалға беру, бөлшектеп мысалы акциялардың тек бір бөлігінің сатылу мүмкіндігі; денонационализация мен реприватизация түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы мнешік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл  мемлекетсіздендіру және жекешелендіру  арқылы жүзеге асырылады.

Жекешелендіру  заңды  және жеке тұлғалардың мемлекеттен  мемлектеті кменшік обьектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік  қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы ең алғаш жеке мнешік құқығын анықтады, осы кезден жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге қадамдар жасалды. Жекешелендірудің заңдық негізі «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру» туралы заңдарда көрініс тапқан.

Меншік-меншік обьектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. Меншік нысаны меншік обьектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары арқылы анықталады.

Меншік құқығы-белгілі  бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін  бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын  заң нормаларының жиынтығы. Не, қалай  және кім үшін өндіру-экономиканың іргелі сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан субьектілердің өндіріс құралдарына меншік құқығына тәуелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Меншік қатынастарының көптүрлілігі және Қазақстандағы ерекшелігі

 

2.1 Нарық жағдайындағы меншік қатынастарының қалыптасуы

 

Қазіргі қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік обьектісін иеленеді, пайдаланады, және билік етеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде  келесі категорияларға түсінік беріледі:

  Иелену –мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Пайдалану-мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету-мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі меншіктің  жеке мемлекеттік және аралас ныснадарының құқықтық ауқымын анықтайды. Әлемдік тәжірибеде және батыс ғылымында мемлекеттік болып табылмайтын барлық меншік жеке деп танылады. Жеке  жеке дара және топтық бола алады. Қазақстан Респубилкасында меншік нысанына қарй тіркелген заңды тұлғалардың саны 2002 жылғы 1 қаңтарда келесідей болды: барлығы 156,4 мың, соның ішінде мемлекеттік меншік-24,1 мың, жеке меншік-127,1 мың, оның ішінде мемлекеттің қатысумен -1,3 мың, біріккен кәсіпорындар-4,1 мың, шетелдік меншік-5,1.

Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, бюджеттен қаржыландыруды тоқтату, тозығы жеткен негiзгi құралдармен (өнеркәсiп бойынша орташа 70% шамасында), инфляция үдерiсiнде әдiстемелiк жоғалатын шектеулi айналым қаражатынан қалған кәсiпорындардың ешнәрсе алмауына алып келдi. Бұл объективтi түрде өнеркәсіптiк кәсiпорындардың өз күштерi мен қаржы құрылымдарын бiрiктiрудiң қатаң қажеттiлiгiн сезiнуге алып келдi. Жекелеген кәсiпорындардағы ақшалай қаражат тапшылығы соңғыға өндiрiстiк қорлардың өте үлкен тозуын меңгеруге, шикiзатпен әрi материалмен үздiксiз жабдықтауға, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға мүмкiндiк бермейдi. Өндiрістiк және қаржылай капиталдың бiрiктiрiлуi ғана ресурстар басқаруды көтеруге, кәсiпорындарды қаржыландыру және дамыту үшiн қосымша қаражат iздестiруге мүмкiндiк бередi. Қаржы құрылымындағы өндiрiстiк кәсiпорындардың уақытша бос қаражаттарының шоғырлануы және оларды ерекше басымдылық бағыттарда тиiмдi пайдалану инфляция кезiнде, белгiлi бiр уақыт iшiнде ақшалай ресурстарды жинақтау мүмкiн болмайтың кезде аса маңызды.

Өндiрiстiк кәсiпорындар мен қаржы институттараның бiрлестiгi объективтi жағдайлардан туындайды:

 

  • бiрiншiден, бәсекелестiк күшеюi жағдайында өндiрiс дамуы өндiрiстiк және қаржы құрылымының бiрлескен күштерi болғанда ғана мүмкiн маңызды күрделi жұмсалымды талап ететiн өндiрiстiк аппараттың жаңару қажеттiлiгiн туындатады;

Информация о работе Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері