Экономикалық индекстердің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады. Индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыс деңгейінің кейде және кеңістігінде өзгеруін сипаттайтын қатысты шама. Индекс деген сөздің түп нұсқасы латынның "іndіех" терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді.

Оглавление

2 Кіріспе................................................................................................................3
I Экономикалық индекстердің теориялық негіздері
1.1 Индекс түсінігі және оның түрлері........................................................5
1.2 Дербес және жалпы индекстері...............................................................9

II Экономикалық индекстерді есептеу
2 2.1 Жалпы индекстерді есептеу..................................................................18
2.2 Орташа индекстерді есептеу.................................................................21

Қорытынды....................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25
3

Файлы: 1 файл

Аманбаева А..doc

— 416.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе................................................................................................................3

 

I

Экономикалық  индекстердің теориялық негіздері

 
 

1.1 Индекс  түсінігі және оның түрлері........................................................5

 
 

1.2 Дербес  және жалпы индекстері...............................................................9 

 
     

II

Экономикалық  индекстерді есептеу

 

2

2.1 Жалпы индекстерді есептеу..................................................................18

2.2 Орташа  индекстерді есептеу.................................................................21

 

   

Қорытынды....................................................................................................23

 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

 

3

   
     
     
     
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың тақырыбтың өзектілігі. - Әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады. Индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыс деңгейінің кейде және кеңістігінде өзгеруін сипаттайтын қатысты шама. Индекс деген сөздің түп нұсқасы латынның "іndіех" терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған  өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қарастырып отырған тақырыпты толық ашып, экономикалық индекстің бір-бірімен байланысын көрсету. Осыған сәйкес индекстің түрлеріне әрқайсысына жеке тоқталып, мағынасын ашу. Ол үшін экономикалық индекстерді есептеуін түсініп, біздің экономикада қалай реттеу керектігін білу қажет.

Курстық жұмыстың мақсатына байланысты,оның келесі міндеттері анықталады: Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:

1) салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;

2) құблыстар құрылымының  белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;

3) күрделі құбылыстар  көрсеткіштеріне әсерін тигізетін  себептерді жалпы жиынтық және  жеке бөліктері бойынша қарастырады.

Әдіснамалық негіз ретінде  тұтыну бағасы индексінен немесе баламалы баға индексінің туындыларын, сонымен қатар көрсеткіштерін құрастыру саласында Халықаралық еңбек ұйымымен, Халықаралық Валюта Қорымен, Экономикалық ынтымастық және даму ұйымымен, Еуропа қоғамдастығының статистикалық бюросымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен, 2007 жылғы Дүниежүзілік Банкімен бірлесе шығарылған «Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқау: теория және тәжірибе » әрі стандарттары мен кеңестері болып табылады.

Курстық  жұмыстың құрылымы: жалпы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде экономикалық индекске жалпы түсініктеме берілсе, ал практикалық бөлімінде берілген осы формулаларға есептер шығарылған. Сонымен қоса қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Экономикалық индекстердің теориялық негіздері

 

1.1  Индекс түсінігі және оның түрлері

 

Индекс –  экономикалық құбылыстарды статистикалық  талдаудың ең көп тараған әдісі  болып есептеледі. Жалпы индекс әдісі 1738 жылы дүниеге келді деген болжам бар.

Индекс (index) – латын сөзі, қазақшаға аударғанда “көрсеткіш” деген мағынаны білдіреді. Статистикада индекс деп белгілі бір экономикалық құбылыс мәндерінің қатынасын білдіретін сандық көрсеткішті айтады.

Орташа, қатысты  шамалар және әр түрлі коэффиценттер құбылыстар мен процестерді сипаттауға мүмкіндік береді. Индекс те осы тектес жинақтап қорытатын көрсеткіштерге жатады. Index деген сөз шын мәнінде сілтеуішті, көрсеткішті білдіреді, алайда экономикалық статистикада айрықша маңызға ие болады.

Статистикада  индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыстың уақытқа орай және кеңістікте өзгеруін сипаттайтын қатысты шама деп аталады. Қатысты шаманың  басқа түрлері ( құрылымның, үйлестірудің, интенсивтіліктің ) индекске жатпайды, өйткені оларды есептегенде аттас көрсеткіштер емес аттары әр түрлі құбылыстың шамасы салыстырылады.

Индекстің көмегімен  келесі бірқатар экономикалық міндеттер  шешіледі:

1)  уақытқа  орай тікелей өлшенбейтін, күрделі  жиынтықтардың орташа өзгерістері  анықталады;

2)күрделі құбылыстардың кеңістіктегі орташа арақатынастары белгіленеді;

3)жалпы жиынтық бойынша немесе оның бөлігі бойынша жоспардың орындалуының орташа дәрежесі бағаланады;

4)күрделі құбылыстардың уақытқа орай және кеңістікте өзгеруіндегі жекелеген факторлардың рөлі, атап айтқанда құрылымдық өзгерістердің рөлі анықталады.

Алғашқы үш міндетті шешкенде индекс тиіссінше динамиканың,салыстурудың және жоспардың көрсеткіші, ал төртінші міндетті шешкенде – аналитикалық құрал ретінде қолданылады.

Индексті  динамиканың, салыстырудың және жоспардың көрсеткіштерін есептегенде пайдалану. Алғашқы үш міндетті шешу тікелей жиынтықтауға болмайтын екі жиынтықты салыстырумен байланысты. Осындай жиынтықтар біршама жиі кездеседі: бұл әр түрі сан алуан табиғи өлшем бірлігінде көрсетілетін өндірілген, сатылған немесе тұтынылған өнімнің натуралды-заттай нысаны. Егер тіпті өлшем бірлігі (мысалы, темірдің тоннасы мен күріштің тоннасы) бірдей болса да оларды тікелей жиынтықтауға болмайды.

Нәтижесінде арнайы нақты көлем индексін, өзіндік  құн индексін, баға индексін, еңбек өнімділігінің индексін, астық түсімділігінің индексін және т.б. есептеуге тура келеді.

Экономикалық  жиынтықтардың элементтерінің натуралды-заттай нысанмен қоса құндық бағасы болады, сондықтан  осы құндарды жиынтықтап қосуға болады. Алайда өнімнің саны, оның бағасы өзгерген жағдайда құндардың сомасы өзгереді, яғни құндарды салыстыру құнның өсуіне ненің арқасында қол жеткізіледі деген сұраққа жауап бермейді.

Сөйтіп, экономикалық индекстер ең алдымен жиынтықталмайтын элементтерден құралатын жиынтықтарды салыстырмалы сипаттауда қолданылады. Салыстырмалы сипаттау уақытқа орай орындалуы мүмкін, бұл жағдайда индекс динамикасының көрсеткіші ретінде болады, ал кеңістікте (жекелеген өңірлерді немесе елдерді салыстыру) салыстырылып сипаттағанда индекс салыстыру көрсеткіші (аумақтық көрсеткіш) ретінде қолданылады. Егер нақты деректер базистік деректермен емес жоспарлық деректермен салыстырса, онда есептелетін индекс жоспарды орындау көрсеткіші болып табылады.

Динамика  факторларын талдаудың индекстік  әдісі. Индекстер жүйесі.

Индекстік әдіс күрделі құбылыстың көбейткіштері  ретінде осы құбылыс өзгерген кездегі жекелеген факторлардың рөлін бағалау үшін пайдалануы мүмкін. Мысалы, шығарылған өнімнің құны шығарылған өнімнің саны мен оның бағасының өзгеруімен байланысты өлшенуі мүмкін, өйткені өнімнің құны өнімнің саны мен бағасының көбейтіндісінен құралады. Сонда құн индексі сан индексі мен баға индексінің құнына тең болады.

Осындай индекс жүйесі шығарылған өнімнің құны еңбек  өнімділігін еңбек шығынының  көбейтіндісіне тең болуының нәтижесінде құралады, ал астықтың жалпы жиыны астық түсімділігінің егістік көлеміне көбейтіндісі бойынша тең болады және т.б.

Осы жүйелерде  екі құрамдас-көбейткіштердің біреуі сапа көрсеткіші ретінде қолданылады  және интенсивтік даму факторын сипаттайды, ал екіншісі-экстенсивтік динамика факторын білдіретін көлем көрсеткіші ретінде қолданылады. Демек индекстің жүйенің көмегімен интенсивтік және экстенсивтік факторларының рөлін анықтауға болады. Бұл экономикалық индекстер қолданылатын екінші сала.

Индекстік жүйелер, сондай-ақ зерттелетін жиынтықтың ішіндегі құрылымдық өзгерістердің ықпалынан  өзгеретін орташа көрсеткіштердің  динамикасын талдауға мүмкіндік  береді. Құрылымдық өзгерістердің салдарынан жалпы орташа шаманың динамикасы орташа топтық динамиканың шектерінен шығатын статистикалық оғаштыққа (парадокс) себеп болуы мүмкін.

Осы мәселе жалпы  орташа шаманың динамикасын (ауыспалы құрам индексі) өзгермейтін құрылды (тұрақты құрам индексі) топтық орташа шаманың орташа өзгеру индексімен және құрылымдық өзгерістер индексімен бірге байланыстыратын индекстер жүйесін құру арқылы шешіледі. Бұл экономикалық индекстер қолданылатын үшінші сала.

Бірінші салада индекстер негізгі міндеті бастапқы элементтердің жиынтық сомаланбауын жеңуге болатын жинақтамалы (синтетикалық) талдап қорытылатын көрсеткіштер ретінде құралады. Екінші және үшінші жағдайда индекстер аналитикалық көрсеткіштер ретінде пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың негізгі міндеті жинақтамалы және талдап қорытылатын көрсеткіштердің индекстерінің конструкцияларымен толықтай келісетін индекстік жүйені дұрыс құру болып табылады.

 Индекстердің жіктелімі. Индекстер келесі үш белгі:

1)зерттелетін объектілердің ерекшеліктері;

2)жиынтықтың элементтерін қамту дәрежесі бойынша;

3)ортақ индекстерді есептеу әдістемелері бойынша жіктеледі.

Индекстер зерттелетін  объектілердің ерекшелігі бойынша көлем көрсеткішінің индексіне (өнімнің, бөлшек сауданың, тұтынудың және т.б. нақты көлемі) және сапа көрсеткішінің индексіне ( баға, өнім өндірісінің өзіндік құны, еңбек өнімділігі, астық түсімділігі және т.б.) бөлінеді.

Индекстер жиынтық  элементтерін қамту дәрежесі бойынша  жеке (жиынтықтың жекелеген элементтерін) жалпы (жалпы жиынтықтың өзгеруін сипаттайтын) және топтық (жиынтықтың элементтерінің бөлігін қамтитын) болып бөлінеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін өндіру индексі жеке, ауыл шаруашылығының барлық жалпы өнімінің индексі-жалпы, ал өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы өнімін өндірі индекстері-топтық индекс болып табылады.

Топтық индекстер  топтастыру әдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстың жекелеген бөліктерінің дамуындағы заңдылықтарды ашады, сонымен бірге индекстреді топтастыру әдісімен байланыстырады. Топтық және жалпы индекстерді есептеу әдіснамасын индекстік теория зерттейді.

Жалпы және топтық индекстер есептеу әдіснамасына байланысты агрегаттық (жиынтықты) индекске және жеке индекстердің орташа индекстерге (агрегаттық индекстерді қайта өзгерту нәтижесінде алынған) бөлінеді.

Жылдан жылға (айдан айға, тоқсаннан тоқсанға) жалғасатын динамикада есептелетін индекстердің жүйелі қатарын қарастырғанда индексті есептеудің тізбекті және базистік жүйесі болады. Сол бір базаға қатысты есептелетін индекстер базистік деп аталады. Ал егер салыстыру базасы үнемі өзгерсе (есепті кезең базистік кезеңмен салыстырылғанда), бұл жағдайда индекс тізбекті деп аталады.

Индекстердің  ішінде тұтыну бағаларының индексі, жалпы шығарылған өнімнің көлем индексі, жалпы ішкі өнімнің дефляторы, адам дамуы индексі, кедейшілік индексі,Нью-Йорк қор биржасындағы акциялар құнының индексі т.б. индекстер әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзгерістерін, ел экономикасының дамуын талдауда жиі қолданылады. Индекстер әдісін қолданып, мынадай іске асыруға болады:

  • зерттелетін құбылысқа әсер ететін факторлардың ықпалын анықтау;
  • біртекті жиынтықтағы орташа көрсеткіштердің динамикасын бағалау;
  • құрылымдық өзгерістердің индексі есептелетін көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау;
  •   күрделі құбылыстар мен олардың жеке бөліктерінің өзгерісін бағалау. Индекстер теориясында мынадай шартты белгілеулер қолданылады:

q-натуралды  өлшем бірлігімен өрнектелген  өнім көлемі;

p-тауар бағасы;

pq-тауар айналымы;

z-өнімнің өзіндік  құны;

zq-барлық өнімге  жұмсалған шығын;

w-еңбек өнімділігі;

t-бір өнімге  жұмсалған уақыт;

T-жалпы уақыт  шығыны (T=tq);

Информация о работе Экономикалық индекстердің теориялық негіздері