Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа
Әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады. Индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыс деңгейінің кейде және кеңістігінде өзгеруін сипаттайтын қатысты шама. Индекс деген сөздің түп нұсқасы латынның "іndіех" терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді.
2 Кіріспе................................................................................................................3
I Экономикалық индекстердің теориялық негіздері
1.1 Индекс түсінігі және оның түрлері........................................................5
1.2 Дербес және жалпы индекстері...............................................................9
II Экономикалық индекстерді есептеу
2 2.1 Жалпы индекстерді есептеу..................................................................18
2.2 Орташа индекстерді есептеу.................................................................21
Қорытынды....................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25
3
, - орташасы есептелетін көрсеткіштің ағымдағы және базалық мерзімдегі салмағы(жиілігі).
Орташа шамалардың индекстерін есептегенде индекс салмағының орнына жиынтық бірліктерінің үлес салмақтарын да қолдануға болады:
мұндағы - жиынтық бірліктерінің үлесі.
Жоғарыды көрсетілген өзгермелі құрамды индекс формуласын жиынтық бірліктерінің үлесі арқылы мынадай түрде де жазуға болады:
мұндағы , - жиынтық бірліктерінің ағымдағы және базалық мерзімдегі үлес салмақтары.
;
Көрсеткіштің орташа деңгейіне индекс салмағы құрылымындағы өзгерістер әсерін болдырмас үшін индекс салмағының деңгейі индекс қатынасының алымында да, бөлімінде де бірдей болуы керек. Орташа шаманың динамикасын жиынтықтың құрылымы тұрақты болғанда сипаттайтын индексті тұрақты құрамды индекс дейді. Тұрақты құрамды индексте индекс салмағы белгілі бір мерзім деңгейінде, әдетте ағымдағы мерзім деңгейінде белгіленеді. Тұрақты құрамды индекстің жалпы түрі төмендегі формулада көрсетілген:
мұндағы - көрсеткіштің тұрақты құрамды индексі;
- көрсеткіштің ағымдағы
- шартты орташа шама:
Жиынтықтағы бірліктер үлесі арқылы тұрақты құрамды индексті былай анықтайды:
Тұрақты құрамды индекс ағымдағы мерзімде базалық мерзіммен салыстырғанда көрсеткіштің орташа деңгейі тек индексі есептелетін шаманың (х) өзгеруіне байланысты қалай өзгергенін білдіреді.
Зерттелетін көрсеткіштің орташа деңгейінің өзгеруіне тек құрылымдық өзгерістердің тигізетін әсерін анықтау үшін құрылымдық өзгерістер индексін қолданады. Құрылымдық өзгерістер индексінің жалпы формуласы мынадай түрде болады:
мұндағы - көрсеткіштің құрылымдық өзгерістер индексі;
- шартты орташа шама;
- көрсеткіштің базалық мерзімдегі орташа шамасы.
Базалық және тізбекті индекстер. Біз осы уақытқа дейін экономикалық құбылыстардың өзгерісін екі мерзімнің мәліметтерін салыстыру арқылы қарастырдық. Бірақ көптеген жағдайда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар дамуын зерттеу үшін бірнеше уақыт мерзімін қамту қажет болады. Мұндайда құбылыс өзгерісін сипаттайтын индекстер жүйесі құрылады. Салыстыру негізіне байланысты индекстер базалық және тізбекті деп екіге бөлінеді. Базалық индекстер жүйесінде индексі есептелетін көрсеткіштің деңгейлері базалық мерзім деңгейімен, ал тізбекті индекстер жүйесінде индексі есептелінетін көрсеткіш деңгейі алдыңғы мерзім деңгейімен салыстырылады. Қандай жүйені таңдау қажет екендігі экономикалық талдау міндетіне байланысты болады. Базалық және тізбекті индекстер дербес немесе жалпы болуы мүмкін.
Базалық дербес индекстер зерттелетін құбылыс дамуындағы жалпы үрдісті айқындаса, тізбекті дербес индекстер құбылыс деңгейлерінің уақытқа байланысты өзгеруін толық көрсетеді. Базалық және тізбекті дербес индекстерді құру принципін баға индексі негізінде көрсетейік. Зерттеу жүргізілетін уақыт мерзімін 0,1,2,3... n деп белгілесек, онда бағаның базалық дербес индекстері былай анықталады:
...; ,
Ал бағаның тізбекті дербес индекстерін анықтау үшін төмендегі формулаларды қолданады:
...;
Базалық және тізбекті дербес индекстер арасында мынадай байланыс бар:
Яғни тізбекті индекстердің көбейтіндісі соңғы мерзімнің базалық индексіне тең болады. Егер базалық индекстер тізбегі белгілі болса, онда тізбекті индекстерді былай анықтайды:
Басқа экономикалық көрсеткіштердің де дербес индекстері осылай құрылады.
II Экономикалық индекстерді есептеу
2.1 Жалпы индекске есеп
3-кесте- Өнім шығымдылығы
өнім түрі |
Қарағанды облысы |
Павлодар облысы | ||||||
түсім, 1 гектардан центнер |
егістік алқабы, мың гектар |
түсім, 1 гектардан центнер |
егістік алқабы, мың гектар | |||||
2009 |
2010 |
2009 |
2010 |
2009 |
2010 |
2009 |
2010 | |
бидай |
7,8 |
4,6 |
638,5 |
656,8 |
13,9 |
5,7 |
470,8 |
361,4 |
дәнді және бұршақты дақылдар |
7,9 |
4,5 |
736,8 |
746,5 |
13,5 |
5,4 |
621,0 |
491,4 |
Е с к е р т у – берілген мәлімет www.stat.kz сайтынан алынған |
Қарағанды және Павлодар облыстарын 2010 жылды 2009 жылдар бойынша бидайдың егістік алқабын түсіммен салыстырғанда 0,500 есе немесе 50%-ға кеміді.
Егіс алқабы 5065 мың гектарға арзандады.
Екі облыс бойынша бидайдың егістік алқабын түсіммен салыстырғанда 0,880 есе немесе 12%-ға кеміді.
Егістік алқабының және түсімінің өзгеруіне байланысты екі облыс бойынша бидай 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 0,441 есе немесе 55,9%-ға кеміді.
Өнім түрінің түсіміне (2009 ж) қарағанда егістік алқабы (2010 ж) 6443,16 мың гектарға кеміді.
Екі облыс бойынша бидайдың өнім шығымдылығы орташа есеппен 50,7%-ға арзандады.
Дәнді және бұршақты дақылдар бойынша
Дәнді дақылдардың егіс алқабы өзгерген жағдайда түсім 8191 1-гектардан центнерге арзандайды.
2.2 Орташа индекстерді есептеу
4-кесте- Өнім шығымдылығы
өнім түрі |
Қарағанды облысы | |||
түсім, 1 гектардан центнер |
егістік алқабы, мың гектар | |||
2009 |
2010 |
2009 |
2010 | |
бидай |
7,8 |
4,6 |
638,5 |
656,8 |
дәнді және бұршақты дақылдар |
7,9 |
4,5 |
736,8 |
746,5 |
Е с к е р т у – берілген мәлімет www.stat.kz сайтынан алынған |
Өнім түрінің әсерінен орташа шаманың қалай өзгергенін көрсетеді. Оны көрсеткіштің ағымдағы мерзімдегі орташа деңгейін базалық мерзімдегі орташа деңгейге бөлу арқылы анықтайды. Кез келген сапалық көрсеткіш үшін өзгермелі құрамды индекс былай анықталады:
Бидайдың өзіндік құнының
өзгеруіне және жалпы шығарылған
өнім құрылымының өзгеруіне
Ағымдағы жылдың Қарағанды облысындағы 1 гектардан алынған түсімі орташа есеппен 4,5468 центнерге тең.
Өткен жылдың Қарағанды облысындағы 1 гектардан алынған түсімі орташа есеппен 7,8535 центнерге тең.
Қорытынды
«Индекс» сөзі көрсеткіш деген мағынаны білдіреді. Индекс деп экономикалық құбылыс мәндерінің қатынасын білдіретін сандық көрсеткішті айтады.
Индекстердің зерттелетін көрсеткіштердің мазмұны
мен сипатына
байланысты сандық және
Ал салыстыру
мерзіміне байланысты индекстер
тізбекті және базалық болып бөлінеді.
Мұндай индекстерді құбылыс
Жиынтықтағы элементтерді қамту дәрежесіне байланысты индекстерді дербес (дара) және жалпы деп екіге бөледі.
Оларды есептеу тәсіліне байланысты агрегаттық және орташа индекстер деп екіге бөледі. Агрегаттық индекстер-жалпы индекстердің негізгі түрі. Олар 2 элементтен тұрады:
1)индексі есептелінетін шама;
2)индекс салмағы.
Индекс салмағы тікелей салыстыруға келмейтін элементтерді салыстырмалы түрге келтіру үшін қолданылады. Индекс салмағын таңдау көрсеткіштің мазмұны мен сипатына байланысты болады. Сандық көрсеткіштердің агрегаттық индекстерін құрған кезде индекс салмағы ретінде сапалық көрсеткіш алынады. Ал сапалық көрсеткіштердің агрегаттық индекстерін құрғанда индекс салмағы сандық көрсеткіш болады. Индекс салмағының деңгейін анықтау үшін мынадай ереже қолданылады: сапалық көрсеткіштердің агрегаттық индексін құрғанда индекс салмағы есепті деңгейде, ал сандық көрсеткіштерде – базалық деңгейде алынады.
Агрегаттық индекстердің ішінде бағаның жалпы индексін әр түрлі формуламен есептеуге болады. Баға индексін қай формуламен есептеу зерттеу жұмыстарының мақсатына, жиналған ақпаратқа және қарастырылып отырған елдегі индексті есептеу әдіснамасына байланысты болады. Егер зерттеу жұмысының мақсаты ағымдағы мерзімдегі баға өзгерісінің экономикалық салдарын анықтау болса, мұндай жағдайда баға индексін Пааше формуласымен есептейді. Ал сату көлемін баға өзгерісін ескере отырып болжау қажет болған жағдайда, Ласпейрес формуласы қолданылады. Практикалық қолдану тұрғысынан ыңғайлы болғандықтан көптеген елдерде Ласпейрес формуласын пайдаланып, тұтыну бағаларының индексін есептейді.
Агрегаттық индекстермен қатар орташа индекстер де жиі қолданылады. Әдетте орташа индекстерді агрегаттық индекстерді есептеуге қажетті мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланады. Орташа индекстер агрегаттық индекстерді түрлендіру нәтижесінде алынады. Олардың арифметикалық және гармониялық түрлері болады.
Өзгермелі құрамды индекс орташасы есептелетін көрсеткіш шамасына және құбылыс құрылымының өзгеруіне тәуелді болады. Бұл индексті көрсеткіштің ағымдағы мерзімдегі орташа деңгейін базалық мерзімдегі орташа деңгейге бөлу арқылы анықтайды.
Орташа шаманың динамикасын жиынтықтың құрылымы тұрақты болғанда сипаттайтын индексті тұрақты құрамды индекс дейді. Тұрақты құрамды индексте индекс салмағы белгілі бір мерзім деңгейінде, әдетте ағымдағы мерзім деңгейінде белгіленеді.
Құрылымдық
өзгерістер индексі ағымдағы мерзімде
базалық мерзіммен
Көптеген жағдайда әлеуметтік – экономикалық құбылыстыр дамуын зерттеу үшін бірнеше уақыт мерзімін қамту қажет болады. Мұндайда құбылыс өзгерісін сипаттайтын индекстер жүйесі құрылады. Салыстыру негізіне байланысты индекстер базалық және тізбекті деп екіге бөледі. Базалық индекстер жүйесінде индексі есептелетін көрсеткіштің деңгейлері базалық мерзім деңгейімен, ал тізбекті индекстер жүйесінде индексі есептелетін көрсеткіш деңгейі алдыңғы мерзім деңгейімен салыстырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) С.М. Мұханбетова «Статистика теориясы» Алматы - 2010
2) Ю.К. Шоқаманов, Қ.Қ. Белгібаева «Статистика» Алматы- 2010
3) Ы. Әміреұлы «Статистиканың жалпы теориясы» Алматы - 1998
4) Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев «Макроэкономика» Алматы - 2008
5) www.stat.kz.
6) Ю.К. Шоқаманов «Статистиканың жалпы теориясы» Алматы - 2007
7) С.Ө. Найзақараева «Статистика» оқу құралы Алматы: «Экономика» - 2009
8) Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики. – М.: Финансы и статистика, 2004.
9) Журиков «Статистиканың негізгі элементтері»: оқулық -1990.
10) А.П. Авров «Общая теория статистики »-2009
11) Кесікбайұлы Ө., Өскенбайұлы М. «Статистиканың жалпы теориясы», Оқу құралы – 1998.
12) Башкатова Б. «Экономическая статистика »- Учебник.-М.-ЮНИТИ.-2002
Информация о работе Экономикалық индекстердің теориялық негіздері