Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 09:45, курсовая работа
Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.
Тақырыбы: «Ардақты ана, қамқоршы
ұстаз және мен»
Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика
негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың
бірлескен жұмысын нығайту.
Көрнекілігі:
«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық. »
«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың
ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»
Сайыс жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы.
2. «Ата дәстүрі- асыл қазына».
3. «Тәтті ән мен әсем күй».
4. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз».
5. «Аталар айтқан асыл сөз».
6. «Ас – адамның арқауы».
Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Әр
сыныптан құралған топтың құрамында: оқушы,
анасы, сынып жетекшісі. Сайысқа қатысқан
төрт топ:
1. «Тұлпар» 7-сынып.
2. «Қызғалдақ» 8-сынып.
3. «Көкпар» 6-сынып.
4. «Жеңіс» 5-сынып.
1-жүргізушінің кіріспе сөзі:
-Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар
және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен
ілесе келген 8-наурыз халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға
бақыт тілеймін!
«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе
бүгінгі сайысқа келіп отырған аналарымызды
ортаға шақырамыз.
- Ұстазым- екінші анам, аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Таңертең күнде құшақ жаядыалдан – деп,
жас ұстаздарды ортаға шақырамыз.
-Шәкіртпін мен,
Ұлылардан жақсылықты теретін,
Ой маржанын көпке ұсынып беретін.
Барлығынан ардақтысы өмірдің,
Әлемдегі жақсылыққа еретін.- деп шәкірттерге
кезек береміз. Олар: Сержан, Жадыра, Шынар,
Әйгерім, Гүлсезім, Жайнагүл, Бақытбек,
Анар, Жанар.
Әр топ өздерінің орындарына жайғасқаннан
кейін, кезекпен әр топтың өзін таныстыруы.
ІІ. «Ата дәстүрі- асыл қазына» шарты бойынша
әр топқа 10 сұрақ беріледі.Осы сұрақтың
1 мин. ішінде нешеуіне дұрыс жауап беріледі,
сол есепке алынады.
ІІІ. Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- кезекті өнер сайысына
береміз. Әр топ өзінің кезегінде ән айтып,
би билеп өздерінің өнерге икемділігін
байқатты.
ІV. Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз
(бұл шарт үй тапсырмасы ретінде берілді.).
Өздерінің үйден дайындап келген қолөнері
туралы айтып түсіндірді. Әсіресе «Жеңіс»
тобынан келген апаларымыздың дайындап
келген құрақ түрлері (тырна, ши құрақ),
балалардың дайындаған қамшы өрімдері,
қыз балалардың кесте тоқуы ұқыптылығымен
көзге түсті.
V. «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінде
мақал-мәтелден сайысқа түсті. Мақалдың
басы айтылып, соңын өздері жалғастырды.
VІ. «Ас- адамның арқауы» бұл бөлімде ұлттық
тағам түрлерінің біреуін, олардың жасалуын
түсіндіріп өтті.
VІІ. Қорытынды. Сайыс шарттарына сай, жинаған
ұпай санымен «Жеңіс» тобы алға шықты.
Жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама
жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.
Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ даулықты
аналардың толық болмыс бітімін суреттеп
бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің
иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме-
жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы
да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес.
Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш
толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны
жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл
аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз
шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен
орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені,
«Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан,
аяқталмайтын ән».
Хор: «Ана туралы жыр».
Тақырыбы: «Сыйынар
ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,
өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар
мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды
мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын
арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге
үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар,
арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық
әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің
қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға
деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің
жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау
тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі
тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап
атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз
де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз
халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты
болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің
шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге
бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып
жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау
сөз кезегі мектеп директоры А.А.Талпаховқа
беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі.
Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат
баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің
есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет,
тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың
алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен,
жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл
шуағына мейірім төгілген аяулы жанның
өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы
мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды
Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан
құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың
сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп
өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан
ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген
әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен
әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін
емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың
жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал
аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне Рахметова Саяның орындауындағы
«Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі
кезекті Шамұратова Жадыраның орындауындағы
«Шаттық» биіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті
тербей отырып, тебірене толғар бесік
жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары
арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді
дарытып отырған аналардың құдіретті
сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл
алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы
«Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің
іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың
аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз
бала дүниеге келсе, береке, молшылық,
бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш
әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда
Құмар Назерке мен Төлегенова Аизаның
орындауындағы ?
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.
Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан
әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.
Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның
ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің
әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай
құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық
қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі
ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей,
алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы
«Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса
шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын
тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі
шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға
бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды,
ерлерді тауып беретін аналар. Барлық
жақсылықты себетін де аналар. Ендеше
сол аналар алдында бас иелік!
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын
күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің
дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар
үшін бірінші орында отбасының берекесі
тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп
аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік
тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл
қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
Тақырыбы: "Көктем аруы"
қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі
көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ
халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне
байланысты әдептілікке, инабаттылыққа,
ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық
киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас
азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері),
мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің
ұстаздары және байқауға қатысушы арулар!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі
құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты
өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш
тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың
өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Ақ
ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің
тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ.Т.
сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем
аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) ..................... қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) ................... қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) ........................ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4)Ақша бетті ........................
Ұқсайды хор қызына
5) ........................... үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)........................ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан қалмаған.
8)Атыңнан айналайын ..................... деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
........................... алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
.................. өнерлі қызымыз.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. ..............................
2. ..............................
3. ..............................
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын
атап өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады,
әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін
көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады,
оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе
қолөнерлер).
3-шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың
шашын сәндейді де атын айтады.
4-шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою
ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім
көп тізіп шығады).
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі
сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына
көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін,
білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда
қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз
өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше
І тур таныстыру.
5 А
5 Б
6 А
6 Б
7 А
7 Б
8 А
8 Б
9 Б
10 А
10 Б
11 А
11 Б
2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі
сайысымыз шашқа сән жасау.
4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою
ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп
шығады). 1 мин
5 тур: «Сұрақ-жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып,
келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс
жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия,
бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт
сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4,
жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық,
космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді?
(жасанды, синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі
жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе
сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше
(түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой,
ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам.
(салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос
Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық
киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен
өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика)
т.б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған
орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде
жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған?
(Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда
бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін
машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын
кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын
ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген
шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман
наны? (шелпек)
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»
демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып
келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың
ұпайларын есептегенше, көрермендермен
ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше
жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс
өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп
шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді.
(Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық
түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге,
уық, шаңырақ, түндік, босаға)
География: Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін
ою-өрнек (қошқармүйіз)
География: Төрт түліктің киелісі - түйе
малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы
бар? (А,Д,ПП,В)
Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан,
тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан
адам қандай ауруға ұшырайды? (авитаминоз)
Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын
ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).
Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы
немен өлшенеді? (каллория)
Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды
ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ
ағаш).
Геометрия: Ою-өрнекке түрлендірудің қай
түрі қолданылады? (симметрия)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден
бір аймақ (ОҚО)
Медицина: Адам тамақтан улануда қандай
ауруға ұшырайды? (интоксикация)
Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын
арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)
География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын
дәрумен. (ПП)
Сурет: «Дастархан» натюрмортының авторы
кім? (А. Ғалымбаева)
Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін
сан (масштаб)
Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің
аты (Марғұлан)
Тарих: Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы
элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына
сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді
ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер.
Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге
үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға
белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға
көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел
аман, жұрт тыныш болсын!
«Ана – гүл, ана –
жыр, ана – өмір шуағы»
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ
қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің
қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,
аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің
өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге
әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
- атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Анаға сәлем»
1.Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
3.Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.
4.Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
5.Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
6.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
7.Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
8.Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
9.Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
10.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Ән: «Домбыра сазы»
11.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
12.Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!
13.Ана өмірдің ұуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.
Ән: «Асыл ана» орындайтын Советова Айым
және вальс биін қабыл алыңыздар.
14.Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.
15.Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар мекен.
16.Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің.
17.Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қашанда.
18.Бар ана туған жердің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау туындай ақылың бар.
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
19.Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз
бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет
келетін осы аналар мейрамында аналарымызға
қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені,
бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің
жартығын сыйлаған - анамыз емкс пе?
Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған
аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс
етсін.
Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей
отырып бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр,
ана – өмір шуағы» атты кешімізді жабық
деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
»8 наурыз Анашым,ән арнаймын өзіңе» сценарий
Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артын бірі қатармен жүріп сахнаға шығып орындарына шығады.
Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты арулар!Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Армысың ару қыздар, абзал ана
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Меркелеріңіз құтты болсы.
Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл -Ана.Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Ән: Ана
Құттықтау сөз: Балалар шығармашылық үйінің директоры Кикимова Гүлнәр Ахметқызына беріледі.
Рахат: Ана,әже,апалар
Құтты болсын мереке
Осы келген ортаға
Тілейміз біз береке
Данияр: Мен анамның оң қолы
Тілін алып жүремін
Мен анамның оң қолы
Бәрін істей білемін
Нұржан: Әлпештеген анамыз
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз
Жұлдыз болып жанамыз
Анель: Өмірдің қызығы
Өзіңсіз өтпейді
Мен үшін анама
Ешкім де жетпейді
Тамила: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
барды қуантып
Ұзақ өмір сүреміз
Елдана: Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақаты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам
Дильназ: Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсаң шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
Ән: «Ақ мамам».
Дайана: Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімді сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Бахтияр: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Аналарды ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ислам: Жүрегімде махаббат
Тілегіңіз мархабат
Анамызға мың алғыс
Сұлтан: Келбетінде ұлылық
Даладан кең пейілді
Ана деген жылылық
Ана деген мейірім
Жанел: Қанаттанса балапан
Қалайынша ұшпайды
Әбір қыз,әр балақан
Анасына ұқсайды
Арслан: Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам
Іңкәр: Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан
Аңсар: Қуантам деп анамды
Жудым бүгін еденді
Бәрі тайып құлады
Ыдыс жуам мен енді
Саят: Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Информация о работе ЭЕМ арифметикалық негіздері. ЭЕМ-де ақпаратты көрсету