Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:58, реферат
Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с.
І. Экономикалық талдаудың негіздері
ІІ. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
ІІІ. Факторлық талдаудың әдістемесі
IV. Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері
V. Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері
4.1 Эконометрикалық әдістер:
4.1.1 Корреляциялық-регрессиялық талдау
4.1.2 Диспесиялық талдау
VI. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі
Пайдаланылған әдебиеттер
ІІІ. Факторлық талдаудың әдістемесі
IV. Детерминациялық
талдаудағы факторлар
V. Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері
4.1 Эконометрикалық әдістер:
4.1.1 Корреляциялық-регрессиялық талдау
4.1.2 Диспесиялық талдау
VI. Маржиналдық
талдау негізінде басқару
Пайдаланылған әдебиеттер
Экономикалық талдаудың негіздері
Табиғат пен қоғамдық өмірдің
құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін
емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі
мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас
бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы,
пайданың мәнін толық түсіну үшін
оның көздері мен оны анықтаушы
факторларды білу қажет. Олар неғұрлым
терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені
қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді
басқаруға болады, т.с.с. Бірақ анализ
зерттелетін құбылыс жайлы
Кәсіпорынның қаржылық–шаруашылық қызметін талдау (экономикалық талдау) микроэкономикалық деңгейде шешімдер қабылдаудың негізі болып саналады. Бірақ талдаудың бұл түрін зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп, тек сипаттау деп түсінбеу қажет. Себебі кез-келген экономикалық субъект өз ішіндегі және сыртқы ортамен көптеген байланыстардан тұратын күрделі жүйе. Бұл байланыстарды қарапайым түрде анықтау мен сипаттау тәжірибеге елеулі үлес қоспайды. Бұл жерде ең бастысы: аналитикалық іс-әрекеттер арқылы кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты мен бағыттарын анықтап, болашаққа жобалар құру, осы жобалар негізінде өндірістік қаржылық жоспарлар құрып, олардың жүзеге асырылуын бақылау мен айқындауға қол жеткізу.
Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін түсіну құралы ретінде б.э.д. 4000 жылдары Ежелгі Египетте бухгалтерлік есеппен бір мезгілде пайда болды. Дегенмен ол теориялық және тәжірибелік дамуға капиталистік қатынастардың дамуы кезінде (ХІХғ. екінші жартысы) ие болды. Шаруашылық қызметін талдаудың білімнің жеке саласы болып бөлінуі – ХХғ. бірінші жартысы.
Шаруашылық қызметін талдаудың қалыптасуы объективті шарттар мен талаптарға байланысты.
Біріншіден, өндіргіш күштердің
дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуі
мен өндіріс көлемінің артуына
байланысты кешенді және жүйелі талдауға
қажеттілік туындады. Шаруашылық қызметін
кешенді талдаусыз күрделі
Екіншіден, экономикалық ғылымның дамуына байланысты оның салаларының дифференциациясы. Экономикалық талдаудың қызметін ертеректе бухгалтерлік есеп, статистика, қаржы секілді пәндер атқарса, кейіннен олар тәжірибенің барлық талаптарын қамтамасыз ете алмай, шаруашылық қызметін талдауды жеке білім саласы ретінде қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Барлық экономикалық ғылымдардың зерттеу объектісі - өндірістік қатынастар, ал шаруашылық қызметін талдаудың пәні – барлық шаруашылық үрдістері.
Шаруашылық қызметін талдау бухгалтерлік есеп пен басқару шешімдерін қабылдау арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Талдау барысында есеп мәліметтері аналитикалық өңдеуден өтеді: қол жеткізілген нәтижелер өткен жылдардың, жоспарлы, басқа кәсіпорындардың не орташа салалық көрсеткіштермен салыстырылады; шаруашылық қызметінің нәтижесіне факторлардың әсері анықталады; жіберілген қателер, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, перспективалар анықталады. Экономикалық талдау көмегімен ақпаратты игеру, түсіну жүзеге асады. Талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер жасалынып, негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің бастамасы, ол өндірісті ғылыми басқарудың негізі.
Шаруашылық субъектісінің іс-әрекетіне экономикалық талдау жүргізудің басты мақсаты – шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін іздестіру. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
«Талдау» сөзі грек тілінен аударғанда «бөлу, бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Бөлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне, қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде көрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бөліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.
Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен процесстердің оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және олрды жан-жақты байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.
Жалпы алғанда, шаруашылық қызметін
талдау (ШҚТ) ғылым ретінде шаруашылық
дамуының тенденцияларын зерттеумен,
жоспарлар мен басқару
Шаруашылық қызметіне жүргізілетін талдау ғылым мен тәжірибе негіздеген белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс (Кесте-1).
Кесте–1.
Шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принцип |
Принцип мазмұны |
Нақтылық |
Талдау нақты деректерге сүйенуі қажет, оның нәтижесі нақты сандық сипатқа ие болуы тиіс |
Кешенділік |
Экономикалық құбылысты
зерттегенде кәсіпорын |
Жүйелілік |
Экономикалық құбылыс жеке объект ретінде емес, басқа құбылыстармен өзара байланыста зерттелуі тиіс |
Тұрақтылық |
Талдау жоспар бойынша белгілі уақыт аралығы сайын жүргізілуі тиіс |
Объективтілік |
Талдау шынайы мәліметтерге негізделіп, оның қорытындысы нақты есептеулермен бекітілуі тиіс |
Маңыздылық |
Талдау нәтижелерінің тәжірибеде жүзеге асырылуы оның өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етуі |
Тиімділік |
Талдау жүргізуге жұмсалған шығындар оның нәтижесімен өтелуі тиіс |
Оперативтілік |
Талдау жылдам, әрі нақты жүзеге асырылып, басқару шешімдерін жедел қабылдауға ықпал етуі тиіс |
Ғылыми негізділік |
Талдау ғылыми негізделген, экономикалық даму үрдісіне сай болуы тиіс |
Сонымен, экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды.
Мысалы: Талдау – үлкен
кәсіпорын менеджерлеріне қашан
және қанша экспорт, импорт алуы туралы
көмектеседі. Экономикалық талдау –
нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы
талдаудың көмегімен белгілі-
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Ғылым әдісі түсінігі пәнді
зерттеудің тәсілдерін бейнелейді. Барлық
ғылымдар өз пәнін оқу барысында
танымның диалектикалық әдісіне
негізделеді. Танымның диалектикалық
әдісі келесіге негізделеді: барлық
құбылыстар мен үрдістер үнемі қозғалыста,
өзгеріс пен дамуда қарастырылуы
тиіс. Талдауда диалектикалық әдісті
қолдану шаруашылық қызметін талдау
барлық байланыстарды есепке ала
отырып жүргізілуі қажеттігін көрсетеді.
Бірде-бір құбылыс жеке, басқа
құбылыстардан байланыссыз
Талдаудың келесі бір әдістемелік ерекшелігі, талдау тек себеп-салдарлық байланыстарды анықтап қана қоймай, оларға сандық сипаттама беру, яғни факторлардың қызмет нәтижесіне әсерін есептеу мүмкіншілігін береді. Себеп-салдарлық байланыстарды оқу мен олардың әсерін есепке алу талдауда индукция мен дедукция әдістерімен жүргізіледі. Логикалық индукция көмегімен себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу жекеден жалпыға, яғни себептен нәтижеге қарай жүргізіледі. Дедукция әдісінде зерттеу жалпы факторлардан жекеге, яғни нәтижеден себептерге қарай жүргізіледі. Талдауда индуктивті және дедуктивті әдістер қатар қолданылады.
Талдау барысында кез-келген экономикалық құбылыс бір-бірімен байланысты көптеген элементтердің жиынтығы ретінде қарастырылуы керек. Сол себепті талдау объектісін зерттеуде кешенді бағыт ұстану керек.
Талдау объектісіне кешенді бағыт ұстану зерттелетін құбылыстар мен үрдістерді элементтерге максималды жіктеуді (анализ), оларды жүйелеу мен жалпылауды (синтез) қарастырады.
Зерттелетін құбылысты құрамдас
бөліктерге жіктеу зерттелетін объектідегі
негізгі элементтерді анықтауға
дейін жүргізіледі. Ол талдау объектісі
мен талдаудың мақсатына
Осылайша, талдау әдісі – бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатымен экономикалық ақпараттар жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижесіне факторлардың әсерін кешенді, жүйелі оқу мен есептеу, жалпылау.
ШҚТ әдісі аналитикалық зерттеудің бірқатар нақты әдістемелері арқылы көрініс табады. Әдістеме дегеніміз қандай да бір тапсырманы тиімді жүзеге асырудың тәсілдерінің, тәртіптерінің жиынтығы.
Кешенді талдау әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Сонымен қатар, талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі келесі ерекшеліктерге тән:
1. Көрсеткіштер жүйесін
пайдалану. Фирманың қызметін
бағдарлайтын кезде бірнеше
2. Негізгі белгілі
бір факторды зерттеу. Мысалы:
Кез-келген компанияның таза
3. Өзара байланыстық,
өзара тәуелділік. Фирманың барлық
көрсеткіштері бір-бірімен