Экономикалық талдаудың негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с.

Оглавление

І. Экономикалық талдаудың негіздері
ІІ. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
ІІІ. Факторлық талдаудың әдістемесі
IV. Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері
V. Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері
4.1 Эконометрикалық әдістер:
4.1.1 Корреляциялық-регрессиялық талдау
4.1.2 Диспесиялық талдау
VI. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Эконом талдау СРС-1.docx

— 92.16 Кб (Скачать)

Бұл коэффициент зетрттелген  шаруашылықтар тобында астық  өнімділігі   жер сапасынан 68 % тәуелді екендігін көрсетеді.

Егер зерттелетін құбылыстар арасындағы байланыс тіке емес, қисық  сызықты болса, ондай байланысты бейнелеуге ең ұтымдысы екінші дәрежелі парабола:

                     Ух  = a + bx + сх2

Ең төменгі квадраттар әдісімен а, в және с параметрлерінің  мәнін табу үшін келесі теңдеулер  жүйесін шешу қажет:

   na + b ∑x + с ∑x2 =∑y

         a∑x + b ∑x2 + с∑x3  =∑xy

           a∑x2 + b ∑x3 + с∑x34 =∑x2y

 

Жоғарыдағыдай байланыс теңдеуі  факторлық белгінің өсуі нәтижелік  белгіні белгілі бір деңгейге дейін ғана өсіріп, одан кейін төмендей бастайтын жағдайларда пайдаланылады (мысалы, еңбек өнімділігінің жұмыскерлер  жасынан тәуелділігі, дақыл өнімділігінің  тыңайтқыш енгізу мөлшерінен тәуелділігі, т.б.).

Көпфакторлы корреляциялық  талдау  типтік бағдарламалар бойынша  ЭЕМ көмегімен жүргізіледі. Нәтижелік  белгі мен факторлық белгілердің  мәліметтері бағдарламаға енгізіліп, көптік регрессия теңдеуі алынады. Мысалы, келесідей көптік регрессия  теңдеуі алынды делік:

                       Ух  = 0,45 + 4,40 x1 + 5,99 х 2  + 0,01 х3 – 0,15 х4

Мұндағы: У-сатудың рентабельділігі; x1 - материал қайтарымы, тг; х 2   - қор  қайтарымы, тг; х3- жылдық еңбек өнімділігі, мың тг.; х4- айналыс капиталы айналымдылығының ұзақтығы, күн.

          Осы теңдеу негізінде келесідей  қорытынды жасауға болады: материал  қайтарымының 1 теңгеге жоғарылауы  сатудың рентабельділігін 4,40 % ға ;қор  қайтарымының 1 теңгеге өсуі 5,99 % ға; еңбек өнімділігінің 1000 теңгеге   өсуі 0,01 % ға жоғарылатады, ал капитал  айналымдылығының ұзақтығының 1 күнге ұзаруынан рентабельділік 0,15 % ға кемиді.

          Регрессия теңдеуін тәжірибеде  келесідей мақсаттар үшін пайдалануға  болады:

  • нәтижелік көрсеткіштің өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау;
  • зерттелетін көрсеткіштердің деңгейін арттыру не төмендету резервтерін іздестіру;
  • зерттелетін көрсеткіштің деңгейін жобалау.

Айталық, келесі жылы материал қайтарымын 3,2 теңгеден 3,6 теңгеге дейін жоғарылату жоспарланған. Осының әсерінен сатудың рентабельділігі 1,76 % ға жоғарылайды (көптік регрессия теңдеуі бойынша):

                   Р↑Ухі = (3,6-,32)*4,40 = 1,76 %

Осындай есептеулер әр фактор бойынша жүргізіліп, нәтижелері жинақталады.

Сонымен бірге, көптік регрессия  теңдеуі бойынша нәтижелік көрсеткіштің деңгейін жобалауға болады. Айталық, жоспар бойынша факторлық белгілердің  мәндері келесідей:

- материал қайтарымы 3,6 тг;

- қор қайтарымы 1,8 тг;

- айналыс капиталының  айналымының ұзақтығы 84 күн;

- жылдық еңбек өнімділігі 600 мың теңге. Сонда сатудың  рентабельділігінің жоспарлы деңгейі  :

                      Уж =  0,45 + 4,40*3,6 + 5,99*1,8 + 0,01*600 -0,15*84= 20,5%.

 

Осылайша, көп факторлы корреляциялық  талдау маңызды ғылыми және тәжірибелік  мәнге ие. Зерттелетін көрсеткіш  деңгейін қалыптастырудағы әр фактордың  орны мен мәнін анықтау арқылы жоспарлар мен басқарушылық шешімдері  нақты негізделеді, шаруашылық резервтері толығырақ анықталады.

 

 

4.1.2 Дисперсиялық талдау

Дисперсиялық талдау – бұл бақылаулар саны көп емес жағдайда нәтижелік белгіге факторлардың әсерін статистикалық оқу әдісі. Дисперсиялық талдау көмегімен талдау барысында анықталған көрсеткіштердің сенімділігі бағаланады.

Дисперсиялық талдау топтау әдісімен бірге жиі қолданылады. Жиынтықты факторлық белгі бойынша топтастырып, әр топ бойынша орташа көрсеткіштер анықталғаннан кейін, дисперсиялық талдаудың мақсаты – топтар арасындағы айырмашылықтардың елеулілігіне баға беру. Ол үшін дисперсия көрсеткіштері есептеліп, оларға Стьюдент пен Фишердің статистикалық критерийлері бойынша баға беріледі.

 

Дисперсиялық  талдау кестесі

Дисперсиялық талдау

     
 

df

SS

MS

F

F-мәнділік

     

Регрессия

               

Қалдық

               

Барлығы

               
                 
 

Коэффи-циенттер

Стандартты қателік

t-статистика

P-мәнділік

Төменгі 95%

Жоғарғы 95%

Төменгі 95,0%

Жоғарғы 95,0%

Y-қиылысы

               

Әсер етуші Х1-фактор

               

Х2-фактор

               

 

 

 

 

 

Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

 

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Байдақов А.Қ. – «Экономикалық  талдау», оқулық - Астана–2009;
  2. Андыбаева Г.Т., Канабекова А.К. – «Экономикалық талдау» дәріс кешені, Алматы–2012 (Т.Рысқұлов атындағы Казақ Экономикалық университеті);
  3. Оразбаева А.К. «Экономикалық талдау әдістері», бақылау жұмысы, ГМУ (ССО) тобының 3 курс студенті (Қазақ Инновациялық Гуманитарлық Заң университеті).

 


Информация о работе Экономикалық талдаудың негіздері