Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:58, реферат
Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с.
І. Экономикалық талдаудың негіздері
ІІ. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
ІІІ. Факторлық талдаудың әдістемесі
IV. Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері
V. Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері
4.1 Эконометрикалық әдістер:
4.1.1 Корреляциялық-регрессиялық талдау
4.1.2 Диспесиялық талдау
VI. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі
Пайдаланылған әдебиеттер
Теория мен тәжірибе тұрғысынан аналитикалық зерттеулерді осындай кезектілікпен жүргізу неғұрлым оңтайлы болып саналады. Талдаудың мақсаты мен ақпарат көзіне байланысты шаруашылық қызметін талдауда түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың жіктелуі – 1-ші суретте бейнеленген.
Сурет–1. Шаруашылық қызметін талдау әдістерінің жіктелуі
Факторлық талдаудың әдістемесі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен үрдістері өзара байланыс пен тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.
Талданатын әрбір құбылысты
себеп ретінде де, нәтиже ретінде
де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық
еңбек өнімділігін өндіріс
Әрбір нәтижелік көрсеткіш сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады.
Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.
Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштер деңгейіне факторлардың әсерін кешенді және жүйелі зерттеудің әдістемесі.
Факторлық талдаудың келесідей түрлері ажыратылады:
Детерминирленген факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.
Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы толық емес, мүмкін, ықтималды жағдайларда қолданылады.
Тікелей факторлық талдауда зерттеу дедуктивті әдіспен – жалпыдан жекеге, ол кері факторлық талдауда зерттеу логикалық индукция әдісімен – жеке факторлардан жалпылаушы факторларға қарай жүргізіледі.
Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы талдау кезінде факторлар жіктелмейді, мысалы, у = а * в. Көп сатылы факторлық талдау барысында а мен в факторлары құрамдас бөліктерге жіктелуі мүмкін, мысалы, а = с *d, сонда y = c * d * b.
Статикалық факторлық талдау нәтижелік көрсеткішке факторлардың ықпалын белгілі бір мерзімге анықтауды көрсетсе, динамикалық талдауда себеп салдарлық байланыстар динамикада зерттеледі.
Факторлық талдаудың міндеттері :
Табиғи-климаттық факторлар ауыл шаруашылығында, орман, балық шаруашылығында шаруашылық қызметінің нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашылық субъектілерінің қызмет нәтижесіне нақты баға беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайы, кәсіпорындағы мәдени-спорт шараларды ұйымдастыру деңгейі, кадрлардың білім деңгейі, т.б. жатады. Өндірістік-экономикалық факторлар кәсіпорынның орналасқан жерімен байланысты (жол, байланыс, өткізу нарығы, т.б.).
Шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша факторлар негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі факторлар нәтижелік көрсеткішке шешуші әсер етеді, ал қосалқы факторлар шешуші әсер етпейді. Бірақ бір фактор нақты қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі де, кейде қосалқы да болуы мүмкін. Сол себепті көптеген факторлар арасынан негізгісін бөліп ала білуден талдау нәтижесі тәуелді болады.
Экономикалық құбылыстарды зерттеу кезінде ішкі және сыртқы, яғни кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелді емес факторлаға бөлу үлкен маңызға ие. Талдау барысында негізгі назар кәсіпорын әсер ете алатын ішкі факторларға аударылуы қажет.
Дегенмен, қазіргі өндірістік қатынастардың дамуы жағдайында әр кәсіпорынның қызмет нәтижесі басқа кәсіпорындардың іс-әрекетінен де тәуелді, мысалы шикізат жеткізудің тұрақтылығы, оның сапасы, бағасы, нарық конъюнктурасы. Бұл факторлар сыртқы болып саналады. Олар зерттеліп отырған ұжымның әрекетін сипаттамағанымен, оларды зерттеу ішкі факторларды тереңірек зерттеп, өндірістің ішкі резервтерін толығырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте–2
Шаруашылық қызметін талдаудағы факторлардың жіктелуі
Жіктеу белгісі |
Факторлар тобы |
Табиғаты бойынша |
Табиғи климаттық |
Әлеуметтік – экономикалық | |
Өндірістік – экономикалық | |
Нәтижеге әсер ету дәрежесі бойынша |
Негізгі |
Қосалқы | |
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша |
Ішкі |
Сыртқы | |
Зерттеу объектісіне тәуелділігіне байланысты |
Объективті |
Субъективті | |
Әсер ету ұзақтығына байланысты |
Тұрақты |
Өзгермелі | |
Әсер ету сипаты бойынша |
Экстенсивті |
Интенсивті | |
Бейнелейтін құбылысына байланысты |
Сандық |
Сапалық | |
Құрамы бойынша |
Қарапайым |
Күрделі | |
Тәуелділік деңгейі бойынша |
Бірінші деңгейлі |
Екінші деңгейлі, т.с.с. | |
Әсері есепке алыну мүмкіндігі бойынша |
Өлшенетін (есепке алынатын) |
Есепке алынбайтын | |
Таралу деңгейі бойынша |
Жалпы |
Арнайы |
Кәсіпорын қызметіне оң баға беру үшін факторларды объективті және субъективті деп ажырату қажет. Объективті факторлар, мысалы табиғи апат, адамдардың әрекеті мен мақсатынан тәуелсіз. Ал субъективті факторлар заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінен тәуелді.
Таралу деңгейі бойынша
факторлар жалпы және арнайы болып
бөлінеді. Жалпы факторлар экономиканың
барлық салалары үшін ортақ, барлық салаларға
тән факторлар. Арнайы факторлар
экономиканың жеке саласы не бір кәсіпорын
жағдайында әрекет ететін факторлар. Факторларды
мұндай жіктеу жеке кәсіпорындар мен
өндіріс салаларының
Кәсіпорын қызметіне баға беруде факторларды экстенсивті және интенсивті деп бөлу үлкен мәнге ие. Экстенсивті факторлар өндіріске пайдаланылатын ресурстар көлемін көбейту-мен байланысты, мысалы өндіріс көлемін егістік ауданын, мал басын, жұмыскерлер санын өсіру жолымен арттыру. Интенсивті факторлар ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатумен, еңбек өнімділігін арттырумен байланысты, мысалы дақыл өнімділігін жоғарылату, мал өнімділігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату.
Талдау барысында нәтижелік белгіге әр фактордың әсерін сандық бейнелеу мақсаты қойылса, онда факторларды алдымен сандық және сапалық, қарапайым және күрделі, есепке алынатын не есепке алынбайтын деп бөліп алу қажет.
Сандық факторлар
Экономикадағы факторлардың көпшілігі құрамы бойынша күрделі факторлар, яғни бірнеше элементтерге жіктелетін факторлар, мысалы жылдық еңбек өнімділігі. Қарапайым факторлар құрамдас бөліктерге бөлінбейді, тек бір элементтен тұрады, мысалы жұмыскерлер саны, жылдағы жұмыс күндері, жұмыс күнінің ұзақтығы.
Кейбір факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсері сандық бейнеленіп, есептеуге келсе, кейбір факторлардың әсері есепке алуға келмейді, мысалы жұмыскерлердің тұрғын үймен, балалар бақшасымен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі, т.б.
Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері
Детерминантталған талдауда жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей түрлері болады:
Аддитивті модель:
Y = ∑ Xi = X1+ X2+X3+...+Xn
Бұл нәтижелі көрсеткіш фкаторлық көрсткіштің алгебралық сомасн көрсеткенде қолданылады.
Мультипликативтік модель:
Y = ∏ Xi= X1*X2*X3*…*Xn
Бұл модель нәтижелі көрсеткіш бірнеше көрсеткішті тындатса қолданылады.
Қысқа модель:
Y= X1/X2
Нәтижелі көрсеткіш бір факторлық көрсеткшті екінші көрсеткішке бөлу арқылы алынса, қолданылады.
Аралас модель:
Y=a+b/c; Y=A/a+c; Y= a*b/c; Y= (a+b)c т.с.с.
Шаруашылық қызметті талдаудағы мультипликативті факторлық жүйені үлгілеу факторларды бөлу арқылы бастапқы факторлардың көбейтіндісі арқылы жүзеге асады. Мысалы, өнім өндірісі көлемінің құрылыу процессін зерттеу барысында мынадай детерминантталған модельді қолдануға болады:
ВП = КР *ГВ; ВП= КР*Д*ДВ; ВП=КР*Д*П*СВ.
Бұл модель мультипликативті факторлық жүйенің нақты бастапқы түрін және комплексті факторлық көбйтінділер арқылы кеңейтулерді көрсетеді. Нақтылау дәрежесі мне модель кеңейтулері зерттеу мақсатына тәуелді, сонымен қатар нақтылау мүмкіншіліктерінен және анықталған көрсеткіштерге тәуелді.
Аддитивті факторлық жүйені анықтау үшін факторлық көрсеткіштерді құрама элементтердің біреуіне бөлу арқылы анықталады.
Қысқа модель сыныбының өзгерісіне келесілерді қолданады : ұзарту, формальдық ыдырату, кеңейтулер және қысқартулар.
Формальдық ыдырыу тәсілі бастапқы бір немесе бірнеше факторларды біркелкі көрсеткіштер сомасымен ауыстыр жолымен факторлық модельдің бөлімінің ұзаруы табылады.
Кеңейту әдісі бір немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге алымымен бөлімін көбейту арқылы бастапқы факторлық модельдің кеңейтілуі қарастырылады.
Қысқарту тәсілі бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көрсеткішке бөлу арқылы жаңа факторлық модельді жасап шығаруды көрсетеді.
Детеминирлық талдауда факторлардың әсер етуін өлшеу әдістері.
Тізбектік қойылым әдісі. Шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды методологиялық сұрақтардың бірі жекелеген факторлардың нәтижелі көрсеткіштердің әсер етуінің көлемін анықтау. Детерминанттық талдауда келесі әдістер қолданылады: тізбектік, индекстік, абсолютті айырмашылық, пропорционалды бөлу, интегралдық әдіс. Алғашқы төрт әдістер элиминирлеу әдісіне негізделеді. Ол дегеніміз нәтижелі көрсеткіштердің біреуінен басқасы, көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін барлық факторларды алып тастау, болдырмау, шығару. Бұл әдіс барлық факторлардың бір-біріне байланыссыз өзгеруінен шығады: басында біреуі өзгереді, қалғаны өзгеріссіз қалады, сосын өзгереді екеуі, содан үшеуі тағы басқа, қалғандары өзгеріссіз қалады. Бұл әрбір фактордың зерттелетін көрсеткіштің көлеміне жекелеген әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде көбіне универсалыд болып тізбектік әдіс болып табылады. Ол әртүрлі детерминирлық модельдерінде: адитивті, мультипликативті, қысқа және аралас (комбинир-ленген) факторлардың әсер етуін есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс есепті кезеңде нақты көрсеткішіне нәтижелі көрсеткіштің көлеміне әрбәр жеке факлорлық көрсеткіштің базистік көлемін біртіңдеп ауыстыру жолымен жекелеген фактордың нәтижелі көрсеткіштің көлемінің өзгернуіне әсер етуін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатпен бірінші фактордың одан екінші үшінші және сол сияқты, басқалардың өзгермейтіні ескере отырып, нәтижелі көрсеткіштің шартты көлемін анықтайды. Сол немесе басқа факторлардың дәрежесінің өзгеруінің алдында және өзгеруінен кейін нәтижелі көрсеткіштң көлемінің салыстыруы барлық факторлардан біреуінен басқасы эминирлеуге және соңғы фактордың нәтижелі көосеткіштң өсуіне әсер етуне мүмкіндік береді.