Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Кіріспе ………………………………………………………………….........
3
1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................
5
19
2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері
26
33
Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................
Тіл дамыту жұмыстарының тағы бір психологиялық ерекшелігі – балалар қиялының қуатын пайдалану. Кіші жастағы балалардың қиялы бай болатыны белгілі. М.Жұмабаев жоғарыда аталған кітабында қиялдың сауат ашу кезеңіндегі рөлін жоғары бағалай келіп, оқушылардың осы қабілетін дамытудағы ойындар мен ойыншықтарды пайдаланудың, ертегілерді жиі қолданудың ерекше ықпалын атап өтеді. «Оқушылардың ойы, ақылы кеңейтіп», құлқы түзеліп, тілі баю үшін ертегі тым қымбат нәрсе» дейді ол [10,93].
Әсіресе, ертегілерді бүкіл сынып болып бірге оқу, мазмұнын бірге талқылау, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнау т.б. әдіс-тәсілдер балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетіні сөзсіз.
Тіл дамыту жұмыстарының бұдан өзге де психологиялық астарлары көп. Біз тек негізгілеріне ғана тоқталдық. Ендігі талдайтынымыз – тіл дамыту жұмыстарының педагогикалық, яғни дидактикалық негіздері.
Кез келген оқыту үдерісі анықталған дидактикалық ұстанымдарға негізделгенде ғана жемісті болатыны белгілі. Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстары да осы ұстанымдарға сүйеніле отырып жүргізіледі. Дәлірек айтқанда, төменде аталатын ұстанымдар бастауыш сынып оқушыларының жоғарыда талданған физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделіп қолданылады.
Сонымен, педагогикалық еңбектерде оқытудың бірінші дидактикалық ұстанымы ретінде берілетін білім мен дағдылардың ғылымилық ұстанымы аталады. Бірақ бүкіл оқыту үдерісі, оның ішінде тіл дамыту жұмыстары да ана тілінің ғылыми негізіне сүйеніле отырып жүргізіледі.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мұғалім оқушыларға ашып түсіндірмегенмен, сырттай олардың сөздерді мағыналық реңктері бойынша дұрыс қолдануын қадағалап, қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, омонимдік құбылыстарды ғылыми терминдерін атамай-ақ байқатылады.
Немесе оқушыларды сөйлемдер құрастыртуда қазақ тілінің синтаксистік ерекшеліктеріне сүйеніп, заттың атын білдіретін сөздер мен сынып білдіретін сөздердің тіркесуі қандай жағдайда сөйлем болатынын, қандай жағдайда болмайтынын ұғындыру қажет.
Мысалы:
ақ қағаз
қызыл көйлек
Мұның бәрі –тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде оқытудың ғылымилық ұстанымдарының қалай ескерілетіне қатысты мысалдар.
Ал оқытудың жүйелілік ұстанымы бойынша оқушылардың тілін дамыту барысында түсіндірілетін жаңа сөздерді олардың белсенді сөздік қорына енгізу ісі де жүйелі сатылардан тұрады. Сондай-ақ оқушылардың сөздік қорындағы шашыраңқы ұғымдарды тегіне, түріне, басқа да белгісіне қарай топтауды мақсат ететін тапсырмалар мен жаттығулар түрлерінің жиі қолданылуы – тіл дамыту жұмыстарын жүргізудегі жүйелілік ұстанымын жүзеге асырудың бір мысалы.
Тіл дамытудағы міндетті түрде ескерілуге тиісті келесі ұстаным – оқытудың көрнекілік ұстанымы.
Бастауыш сынып оқушылары көз алдындағы бейнелі, көрнекті нәрсені тез қабылдайды және осы тәсілмен үйретілген ұғымдар естерінде сақталып, ұмытылмайды. Сюжетті суреттер, ойыншықтар, заттардың нақты макеттері мен суреттері, қима әріптер т.б. – көздеген педагогикалық мақсатқа оңай әрі жылдам жетудің тиімді тәсілі.
Сондай-ақ, балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, олардың сөйлеу екпіндері мен мәнерін тәрбиелеу мақсаттарына магнитофон тәрізді техникалық құралдарды қолдану да жақсы нәтиже береді. Бұл құралды сабақта ұйымдастырылатын ойын үдерісіне араластырып, балалардың ертегі кейіпкерлерінің рөлін қалай ойнағандарын, өлеңді қалай жатқа айтқандарын, бір-бірімен сөйлескендерін өздеріне тыңдату олардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеудегі әсерлі тәсілдер болып табылады.
Сабақтың экскурсия түрінде өткізілуі – балалардың ойы мен тілін дамытудың жақсы формаларының бірі. Тек мұндай сабақтарды мұқият ойластырып, барынша мол әсер беретіндей түрде ұйымдастыру керек.
Оқытудың келесі маңызды ұстанымы – саналық және белсенділік ұстанымы. Өз бетінше сөз, шағын сөйлемдер құрастырып, ойын түсіндіріп бере алмайтын оқушының алған білімі – өлі білім. Сондықтан оқытылған кез келген жаңа мағлұмат немесе сөз қолданысқа түсіріліп, дағдыға айналуы қажет. Бұл орайда оқушылардың сабақтағы ұжымдық және жеке дара белсенділіктерін қолдап отырудың, әрбір сөз мағынасын олардың саналы түрде меңгергендігін үнемі қадағалап отырудың маңызы зор. Әсіресе, сабақтағы немесе үйдегі тапсырмаларды оқушылардың саналы түрде орындауын қадағалау олардың белсенділігін, ұқыптылық дағдыларын қалыптастыра бастайды. Тек тапсырмалар бір сарынды болмай, балаларды жалықтырмай, керісінше, ынтасын, қызушылығын оятатындай түрде ойластырылуы шарт. Тапсырмалардың көлемі де не аз, не көп болмай, оқушылардың физиологиялық-психологиялық мүмкіндіктері мен оларды дамыту талабының шегінде мұқият есептеліп беріледі. Бұл тұста оқушыларды ынталандырудың маңызы өте зор. Баланың орындаған жұмысында қате көп болса да, оның ұмтылысы мен белсенділігі мұғалім тарапынан қолдау табуы қажет. Ал қателерді аңғартып, оларды бірте-бірте азайту – тынымсыз шығармашылық жұмыс үдерісінде жүзеге асырылатын іс.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында, әсіресе, тапсырмалардың жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айтып жарыстыру, ребус шешу, балалардың өз беттерімен жазған шығармаларын көтермелеу, сурет бойынша ауызша бірнеше үлгідегі әңгіме құрату сияқты түрлері оқушылардың белсенділігі мен саналы іс-әрекеттік дағдыларын жетілдіруге оң ықпал жасайтындығын көрсетеді.
Оқытудың зерттеу
Бұл ұстаным осының алдындағы оқыту ұстанымымен тығыз бірлікті жүзеге асырылады. Тек мұндағы тіл дамыту жұмыстарына қатысты ерекшелік – үйретілетін жаңа сөздер де, берілетін тапсырмалар да, қолданылатын суреттер де балаларға мейлінше таныс, күнделікті өмірімен тығыз байланысты болуы қажет. Кез келген сөз мағынасын балалар өміріне, олардың бұрынғы ұғымына байланыстырып түсіндіргенде ғана оңай әрі берік қабылданады. Бұл тұста оқушылардың белсенділігі де арта түседі.
Оқытудың алтыншы ұстанымы – түсінуге жеңіл қолайлық ұстанымы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш мектеп жасындағы балалар ұзақ-сонар түсіндіруді, әсерсіз әңгімені қабылдай алмайды. Білім берудің балалар зейінін шаршатпайтын, психикалық ойлау қабілетіне көп салмақ түсірмейтін қабылдауға оңай әрі әсерлі формаларын пайдаланып, оны үнемі түрлендіріп отыру қажет. Тіл дамыту мақсатын көздейтін ойындар мен көрнекі құралдарды мол пайдалану, тапсырмалардың әсерлігі мен көп түрлілігі осы аталған ұстанымды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың жетінші ұстанымы – оқушылардың психикалық ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Ауызша тіл дамытуда бұл ұстанымды баса ескеруге тура келеді. Себебі, қазіргі отандық мектептердегі оқыту үдерісі «дамыта оқыту» тұжырымдамасына негізделген. Яғни оқыту балалардың психикалық дамуының алдында жүріп, оларды ілгері жетілдіру қажет. Алайда, 1-сыныптағы оқушылардың психикалық даму мүмкіндіктері бәрінде бірдей бола бермейтіні белгілі. Мысалы, кейбірі холерик, екіншілері меланхолик, үшіншілері флегматик, ал төртіншілері сангвиник темпераменті болып келетіні белгілі. Осындай жеке ерекшеліктер бастауыш сыныптарда қатты байқалады. Мұның өзі мұғалімнен әр баланың жеке ерекшеліктерін мұқият ескеріп, тіл дамытуға бағытталған тапсырма түрлерін жік-жікке бөліп беруді талап етеді. Әсіресе, балалар тіліндегі кемшіліктер, сөйлеу екпіні мен мәнеріндегі олқылықтар, арнайы сөздерді немесе өзге тілден енген сөздерді араластырып сөйлеу т.б. с.с. сүреңсіздіктерді бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстарда қатты ескеріледі.
Сонымен, тіл дамыту жұмыстарының жоғарыда айтылған психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық ұстанымдарын бастауыш сынып мұғалімдері үнемі есте ұстауы қажет.
2 АНА САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛА-РЫНЫҢ АУЫЗША ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы
Әдебиеттік оқу пәнінің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу.
«Әдебиетттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
Дамыта оқыту жүйесіне негізделе жасалған жаңа буын «Ана тілі» оқулықтарының оқушылардың ауызша тілін дамытуда рөлі зор.
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша тілін дамыту және оны жетілдіру – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі. Ертеңгі күнгі тіліміздің хал-жағдайын бүгіннен ойлап, ауызша сөйлеумен қатар жазбаша сөйлеуге балаларды бастауыш сыныптардан бастап дағдыландыру арқылы ғана қазақ тілін таза күйінде сақтауға болады. Бұл қажет те. Бұл тұрғысында академик Р.Сыздықова былайша пайымдаған: «Қажеттіктің бір себебі –жалпы мәдениетіміздің, оның ішінде тіліміздің әлеуметтік қызметінің дамуында болып отыр. Сол дамуға талаптың да күшеюінде болып отыр. Бұл – бір. Екінші жағынан, бұрынды-соңды қазақша тіл, сөйлеу мәдениеті деген мәселелер қазіргідей белгілі бір мақсат көздеп, кең түрде жан-жақты сөз болған емес. Сондықтан кезегі жеткен жайт болып отыр. Үшінші бір себебі, жасыратыны жоқ, ауызша сөйлеу практикамызда не білместіктен, не немқұрайдылықтан, не өзге себептерден қабақ шыта қынжылар кейбір ақаулар етек алып бара жатқандығынан болып отыр».
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша тілін дамытудың жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бірнеше маңызды қажеттіліктері бар. Біріншіден, бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың адамгершілік қасиеттері тәрбиеленіп, жеке бас тұлғасын ізгілендіруге болады, екіншіден, топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлік қабілет жетіліп, өзіндік ой-пікір айтуға үйренеді, үшіншіден, айтар сөзін, жазар ойын нақты әрі толық жеткізуге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, білім үлгерімі жоғарылайды, төртіншіден, сөйлер сөзінде әрбір сөзді орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкірт ертеңгі күні қазақ тілінің мәртебесін көтерер ұлттық тәрбие негіздерімен сусындайды.
Ана тілі оқулықтарында берілген мәтіндер арқылы оқушы тілін дамыту мақсаты көзделеді. Бұл мақсатты жүзеге толық асыру үшін нақтылы мына міндеттерді орындау алға қойылды. Олар:
1) Оқушыны мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге үйрету.
2) Оқушыны мәтіннің мазмұнын толық баяндауға үйрету.
3) Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауға үйрету.
4) Мәтіннің мазмұнын мәтіндегі көркем сөздерді қатыстыра отырып баяндауға үйрету.
5) Оқушыны өз ойын басқаға дұрыс жеткізуге үйрету.
Мәтін мазмұнын оқушының баяндау жұмысымен байланысты тіл дамытуды жүзеге асыруда белгіленген бұл міндеттерді орындау жақсы нәтиже берді. Енді осы міндеттердің тәжірибеде орындалу әдістемесіне жеке-жеке тоқталайық.
Оқушыны мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндауға үйрету. Оқытудың атқаратын қызметі өте күшті, сондықтан оқушыны 1-сыныптан бастап өз сөзімен сөйлеуге жаттықтыра бастау керек. Бұл жұмыстың оқушының ауызша тілін дамытуда мынадай пайдалы, ұтымды жақтары бар.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту