Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

 Оқыту әдіс-тәсілдерін топтау да әлі толық шешілген жоқ. Оның қиындығы – бір әдіс екінші әдіспен үнемі ұштасып жатады.

 Өткен ғасырдың да, қазіргі уақыттың да әдіскер ғалымдарын оқушылардың сөздік қорын  байыту  мәселелері, бұл үшін қандай жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерін қолдану керектігі туралы мәселелер толғандырды.

М.Жұмабаев баланың байланыстырып  сөйлеуін жетілдірудің мынадай әдіс-тәсілдерін ұсынады: а) сахналау; ә) сурет  бойынша  әңгіме; б) әңгіменің бір бөлімін  алып тастап айта білу; в) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; г) хат жаза білу; ғ) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу т.б  [11, 47-48].

Қазақ-әдістемеші ғалымдары  атап көрсеткен әдістерді пайдалану  да балалардың тілін дамытуда құнды  әдістер қатарында есептеледі.

Ғалым С. Рахметова «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде оқу барысында кездесетін бейнелі тіркестер, ауыспалы мағынада қолданылатын, стилистикалық реңктегі, дерексіз мағынадағы сөздер түсінуге аса қиын болады  деп санайды. Осы тұста ғалым оларды түсіндірудің тәсілдерін де ортаға салады. Мысалы, дерексіз мағынадағы сөздерді сипаттау жолымен түсіндіруді, сөздердің мағынасын әдеби шығармалардан алынған үлгілер бойынша ашуды ұсынады: балаларға таныс емес затты атайтын сөзге заттың өзін көрсету арқылы, таныс ұғымдарды сипаттайтын таныс емес сөздерге синоним таңдау жолымен түсіндіру керектігін ескертеді. Осы әдістердің қатарына ғалым сөзді құрамына қарай талдау және сөзге логикалық анықтама беру сияқты әдістерді де қосады [13,107].

Ә. Исабаев қазақ тілін  педагогикалық жақтан үйрету әдістеріне: қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту, түсініксіз сөздерді үйрету, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау және мәнерлеп оқыту әдістерін;

 Қазақ тілін теориялық  жақтан үйрету әдістеріне: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдістерін;

Қазақ тілін  теориялық-практикалық  жақтан үйрету әдістеріне: талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, мазмұндау, сөйлем құрау, шығарма, көшіру, диктант  жаздыру әдістерін жатқызды.

Аталған ғалымдардың  анықтаған әдістері бүгінгі күнде  де өз құндылығын жойған жоқ.

Сонымен жоғарыдағы ғалым, әдіскерлердің еңбектеріне сүйене келе, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың  ауызша тілін дамытудың мынадай  әдіс-тәсілдерін ұсынуға болады:

  1. Көрнекілік әдісі (сурет бойынша әңгіме құрау, сипаттау; сызбаға қатысты сөздерді тауып, әңгіме құрап айту);
  2. ойын әдісі (ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен әңгіме құрап айту; сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ табу);
  3. проблемалық әдіс (даяр әңгімені өз жанынан толықтырып айту; бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айту;  жағдаяттық тапсырмаларды орындау).

Ана тілі сабақтарында көрнекілік әдісін қолданудың маңызы өте зор, өйткені көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды.

Ана тілі сабағында қолданылатын көрнекі құрал тақырыпты түсінікті  етумен бірге, оқушылардың ауызша тілін  дамытуға мүмкіндік береді. Көрнекілік әдісін сөздік әдістерден оқшау қарауға болмайды. Себебі кез-келген көрнекі құрал түсіндіріледі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізгі не қосымша хабардың көзі болып табылады. Бұл әдіс – оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмыс тұсында қолданылатын көмекші тәсілдердің бірі. Өйткені, көрнекілік бақылампаздықты, ойлауды дамытады және балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың ауызша тілін дамытуда көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шығу, сызба, карта, оқушылардың жинаған заттары, құстардың тұлыбы, кинофильмдер, диафильмдер, түрлі оқулықтағы суреттер т.б. арқылы оқушының ауызша  тілін дамытуға болады.

Мәселен, экскурсиядан алған  білімдері мен сезімдерін жоспарлы тілдік тақырыпқа сәйкес қолдану оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруі сөзсіз.

Ал «Сендердің алдарында  – қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір. Құраған әңгімеңді айтып бер» тапсырмасы оқушылар үшін қызықты, ауызша мазмұндап алғаннан кейін өз ойларын ауызша айтып бере алады.

 Ана тілі сабақтарындағы  ауызша сөйлеуге қатысты көрнекіліктің  басты түрі – суреттер. Сурет бойынша жұмыстың кіші жастағы оқушылардың ауызша тілін дамытуда өзіндік пайдасы бар. Бастауыш сынып оқушыларының суретті қызыға қарайтындықтарын және суретпен жұмыста балалардың сөйлемейтіндері болмайтынын ескере отырып, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретуде осы жұмыс түрін де басты назарға алуға болады. Мұғалім көбінесе жеке суреттер немесе сюжетті суреттер пайдаланады.

Ол үшін 2-4 сынып «Ана тілі» оқулықтарында төмендегідей мазмұндағы тапсырмалар орын алған: «Сұрақтар бойынша түлкіні сипаттап бер: Түлкі қандай аң? Түсі қандай? Оның құйрығы қандай болады? Түлкі қандай жерді мекендейді? Ол немен қоректенеді?».

Ойын  әдісі – атадан балаға мұра болып келе жатқан мәдени қазына, балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды, бұл − өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, ерекшеліктері болады.

Ана тілінде дидактикалық ойындардың орны ерекше. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны пайдаланудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуына, оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыруға байланысты. Мұғалімдер дидақтикалық ойындарды тек ойнату үшін емес, солар арқылы бастауыш сыныпта өтілетін пәндер бойынша түсінік, ұғым, іскерлік дағдыларын дамытып, қажетті білім, білік, дағдыларды сапалы меңгерту мақсатын көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде  сөзжұмбақ, ребустармен жұмыстың алатын орны зор.

«Сөзжұмбақ» – жалпы  танымдық ойындардың ортақ атауы. Сөзжұмбақтың түрлері өте көп. Олар: крассворд, ребус, чайнворд, криптограмма т.б.  Бастауыш сыныпта көбірек құрастыратынымыз – ребус, крассворд. Сөзжұмбақ құрастыру үшін оқушы көп ойланады, ізденеді.  Жасыратын сұрағы нақты, ұғынықты түрде берілуі керек. Сұрақтар бірізді болмай, бірін-бірі қайталамай әр түрлі формада берілуі – сөзжұмбақтың сауатты құрылғандығының белгісі.

Латыншадан аударған Rebus – сөзбен емес, заттардың, құралдардың көмегімен бейнелеу деген ұғымды білдіреді. Ол алғаш рет Францияда ХҮ ғасырда пайда болған. Ол жылма-жыл жаңа жыл қарсаңында адамдар арасында жергілікті өмір тіршілігінен алынған тапқырлық сөздер түрінде айтылған.

1) Ребусты құрастырмастан  бұрын алдын-ала мағыналы да  тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелді,  нақылдар, қиын сөздер, немесе әйгілі  адамдардың айтқан лұғатты сөздері  таңдап алынады. Оларды шешу  үшін заттардың суреттерін, бейнелерін, әріптер, сандардың жиынтығы, таңбалар қолданылады: а) ребусты шешу үшін алдымен балалар суреттегі бейнеленген затты, белгілерді дәл атауы керек. ә) ребустағы заттың аты атау тұлғада (септікте) тұруы  керек: аймақ, алап, жәрмеңке т.б.б) Ребуста бейнеленген зат бір екі немесе одан да көп ұғымды беруі мүмкін: терезе-әйнек ұғымын, көйлек – киім ұғымын, емен- ағаш ұғымын т.б.

2) Ребуста сөздің алдына  немесе соңына үтір таңбасын  қою, сол сөздегі алдыңғы және  соңғы әріпті алып тастау қажеттігін  көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай, кейбір ребустарда, алынып тасталған үтірлердің орнына әріптер қосылып таңбаланады. Сөз арасында кейбір дыбыстар бейнеленген суреттерде қажетсіз болса, онда сол әріп сызылып немесе шеңбермен қоршалады. Бұл ондай әріптер оқылмайды дегенді білдіреді. Сонымен қатар ребус аударылып салынса, табылған сөз де теріс оқылады.

Мұғалім балаларға осындай  толық мәлімет бергеннен кейін  ғана балаларға ребус құрастыртуға болады. Мұғалім төмендегі ребуста  достық жайлы айтылған нақыл сөздің жұмбақталғанын айтады. Ал, осындай ребусты шешу – оқушыларды логикалық ойлауға үйретеді. 

Крассворд шешкізу –  тек әншейін құрастырылып, тек  ойын ретінде өткізілу үшін жасалмайды. Крассворд – тоқылған сөздерден  құралған жұмбақ. Ол халықаралық термин, ағылшынша cross – қиылысқан және word – сөз деген ұғымды білдіреді. Демек, крассворд - өзара қиылысқан тор көздерді белгілі бір сөздермен толтыру арқылы құрастырылатын жұмбақ-ойын. Ол баланы ойлануға жетектейді. Крассвордты көбінесе сөзжұмбақ деп атайды. Бұл, әрине қате емес. Сөйтсе де жоғарыда айтылған сөзжұмбақтарды шатастырмас үшін крассворд деп нақты атауымен атаған жөн болар еді. 

Ана тілі сабақтарында оқушыларды ауызша тілін дамытудың бір жолы – «пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады».

Эвристикалық әдістің басты  ерекшеліктері:

1) Оқушының танымдық әрекетіндегі  жоғары белсенділігін арттырады.

2) Білімге деген қызығушылығын  туғызады.

3) Өз бетінше оқу әрекетін  қалыптастырады.

Бастауыш сынып оқушыларында проблемалық жағдаят туғызу олардың ауызша тілін дамытудың негізгі тәсілі болып табылады. Ойға күш түсіретін проблемалық жағдаят оқушының эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Әрі таныс, әрі бейтаныс мәселелерді қатар қамтитын проблемалық мәселе оқушы зейінін тез аударумен бірге баланың ынтасын, ерік-жігерін бір бағытқа жұмылдырады. Бұл баланы қиындықты түсініп, одан шығудың жолдарын іздестіруге, табуға итермелейді. Әрбір оқушы тапсырманы өз жолдастарынан бұрын шешуге мүдделі болады. Дұрыс ұйымдастырлған проблемалық оқу нәтижесінде баланың ой операциялары (талдау, салыстыру, жинақтау, қорыту, т.б.), шығармашылық қабілеті қалыптасады, танымдық қызығушылығы дамиды. Мәселен, бағалау кезеңінде «Сынып оқушылары тіл апталығына қызу дайындалуда. Хабарландыру жазуды мұғалім саған тапсырды. Сен хабарландыруды қандай мазмұнда жазасың?» жағдаяттық тапсырманың жүзеге асырылуы, сөзсіз, оқушының ойлануына, алған білімін жазбаша сөйлеуінде қолдануына мүмкіндік жасайды. Мұндай жағдаяттан шығу үшін әрбір оқушы хабарландыру жазуды  төмендегідей үлгіде іске асырады:

                                        «Хабарландыру

Қазанның 10 мен 15 аралығында  2-сыныптықтар арасында тіл апталығы болады. Өтілетін орны – кіші мәжіліс  залы. Уақыты – 15.00

                                                                                                    2 а-сыныбы»

Енді осы әдіс-тәсілдерді бастауыш сынып мұғалімдері қалай пайдаланып жүргенін сабақ үлгілері арқылы сипаттап көрейік.                   

Үлгілі тәжірибесімен  ел алғысына бөленіп жүрген ұлағатты ұстаздардың қатарында Пернекүл Найманбаеваны айтуға болады. Ол – Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. Пернекүл Найманбаева – теориялық мол білімін әдістемелік, шығармашылық ізденіспен байыта білген, оқыту әдіс-тәсілдерін түрлендіре қолданып, мамандығын жете меңгерген майталман ұстаз.

Ол бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін ауызша тіл дамыту жұмыстарының түрлеріне тоқталады:

1. Балаларға белгілі  тақырыпта (баспасөз бетінен)  әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

2. Әңгіменің, ертегінің  сюжетін бастап беру, аяқтауды  оқушыға тапсыру.

3. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

4. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.

5. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

6. Табиғат құбылысына байланысты жұмбақтар шығару

7. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.

8. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп, өлең, әңгіме жазу.

9. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру т.с.с.

Ұлағатты ұстаз мұндай мұндай тапсырма түрлерін  сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап жүргізетіндігін айтады. Мұндай түрлендіре жүргізілген жұмыс оқушының жүйелі ойлау қабілетін тудырып, шығармашылық ізденіске бейімділігін  молайтатындығы сөзсіз.

Өлең, жұмбақ, мақал, жаңылтпаштар құрастыру да – ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретудің бір жолы.

Салыстыру тәсілі арқылы жаңа ұғым, түсінік беру, меңгерту жұмыстары да оқушылардың ауызша тілін дамытары сөзсіз. «Ана тілі» оқулықтарында мәтін тақырыптарындағы ұқсастықтарды, айырмашылықтарды таптыру тапсырмаларының берілуі осы мақсаттан туындаса керек. Мысалы, Атырау облысы  Жылыой ауданы №1 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қ.Биманова  төмендегідей тапсырмаларды ұсынады:

1. Несіпбек Айтовтың «Киіз үй» және «Текемет» өлеңдеріндегі текемет пен киіздің айырмашылғын айтып көр.

2. Бұқар жыраудың «Бөгенбай», «Қабанбай», «Наурызбай» өлеңдеріндегі ұқсастықтарды  ата.

«Ана тілі» оқулығында кейіпкерлердің түрлі әрекеттері мен мінез-құлықтарын салыстыру тапсырмаларын орындату оқушылар бойында бақылағыштық қасиетті қалыптастырады»,–дейді тәжірибелі ұстаз. Ә.Асылбековтың «Түлкі мен тиін» мысалын оқыту барысында түлкі мен тиінге мінездемені олардың сыртқы түр-тұрпаты тұрғысынан емес, мінез-құлықтары, түрлі әрекеттері арқылы бергізу тиімді екенін айтады. «Тиін – өз ісін білетін кейіпкер. Ол алдауға түе бермейді. Оның бір айласы бар»; «Түлкі – тоқсан тоғыз айлалы кейіпкер. Ол айналасындағылардың бәрін алдағысы келеді. Басқаға ор қазамын деп, өзі орға түсіп қалады». Оқушылар мұндай мінездемелерді өздіктерінен әңгімелеп айтады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту