Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

Жұмыстың өткізілу әдістемесі негізінен үйрету; бақылау; жанр жағынан: а)әңгімелеу; ә) сипаттама  түрінде; б) әңгімелеу мен сипаттама аралас келеді.

5. Оқушылардың тілін  дамыту  жұмыстары мұғалімнің  түсіндіруі, байқау, әңгіме, сынау, іс-әрекет нәтижелерін  қорыту әдістері арқылы және ойлаудың салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау, дерексіздендіру, тұжырымдау тәсілдері, ойша қорытудың  индукция, дедукция, аналогия түрлері арқылы өтеді, сондай-ақ ассоциациялық әдістер де кеңінен қолданылды.

6. Оқушылардың тіл  дамыту жұмыстарының тақырыптары  оқушының күнбе-күн  көріп,  бақылап, көңіл аударып жүрген  айналадағы таныс заттары мен  құбылыстарына, яғни балалардың  оқығандары мен естігендеріне, экскурсияда көргендеріне (табиғат, сурет, кино, қуыршақ театрының спектакьдері,т.с.с.), сондай-ақ өздерінің  іс-әрекетіне  (ойын, оқу, еңбек) байланысты алынды.

Сонымен қатар бастауыш мектеп балалары үшін тақырыптың дерексіз, жалпы алынбай, нақтылана түсінуінің көп пайдасы тиетіні ескерілді.

7. Оқушылардың ауызша  айтқандарында  ойды дәл, анық, жүйелі, логикалық байланыста білдірулеріне,  бейнелеп, мақалдап сөйлей алу,  синонимдер қолдану арқылы сөз  мағынасын нақыштай түсу іскерліктеріне  баса назар аударылды.

8. Жас балалардың тілін  дамытудың жолға қою үшін, әрине,  алдымен құралдар қажет. Бастауыш  сыныптарға арналған  түрлі сөздіктер,  мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар және  шешендер мен билер сөзінің   жинақтары, әрбір сыныпқа кешенді құралдар жасалаған жөн.

Сонымен қатар жоғарыдағы ғалым, әдіскерлердің еңбектеріне  сүйене келе, Ана тілі сабақтарында оқушылардың ауызша тілін дамытудың көрнекілік (сурет бойынша әңгіме құрау, сипаттау; сызбаға қатысты сөздерді тауып, әңгіме құрап айту); ойын (ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен әңгіме құрап айту; сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ табу); проблемалық (даяр әңгімені өз жанынан толықтырып айту; бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айту;  жағдаяттық тапсырмаларды орындау) әдіс-тәсілдеріне ұсынуға болады.

Қорыта келгенде, бүгінгі  күннің талабы әрбір бастауыш сынып  мұғалімінен тіл дамыту әдістемесін, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесін  тәжірибеге кеңінен енгізуді қажет  етеді. Өйткені, қазіргі кезең – болашақтың жаңа сүрлеуі. Ол жолдың барлығында қазіргі бала, келешек ересек адам  өз бетімен білім іздей алатын, өзіндік шешімдер жасай алатын, өзінің жеке тұлғалық болмысын тани алатын, сол арқылы өзгені де өзіндей құрметтей алатын қазақ азаматы деп танылады.  Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру  –  тіл дамыту  әдістемесінің басты өзегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қазақстан Ресбупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2003, 26 желтоқсан. –№332

2 Рахметова С. Бастауыш класта оқушылардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (пед. ғыл. док. дисс.).  – Алматы: 1994. - 434 б.

3 Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш класта текст арқылы ауызша тіл дамыту. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1993. – 165 б.

4 Уайсова Г.И. Методика обучения лексическую систему родного языка в казахской школе: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1993.

5 Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде   жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі: педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1998. – 126 б.

6 Базарбекова Р.Ж.

        7 Алтынсарин Ы.  Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.

8 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.

9 Шонанұлы Т. Тіл дамыту. 2-ші кітап. Қызылорда: «Қазақстан», 1939. -54 б.

10 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992,  -160 б.                                             

  11 Тәжібаев Т. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі мен жазба сөзінің салыстырмалы анализі. -Халық мұғалімі, -1939. -№ 8.-14-19 б.б.

12  Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Оқу құрал, 1950. -192 б.

13 Жиенбайұлы С. Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы. –Алматы, Қазмембас, 1939. -36 б.

14 Жұбанова М. Мектепте сауат ашудың методикасы.  Пед.ғыл.канд.дис. алматы, 1965. – 240б.

15 Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының жазу тілін дамыту  (мазмұндама мен шығарманың методикасы). Пед.ғыл.канд.дис. алматы, 1969. – 314б.

16 Бозжанова К. Қазақ бастауыш мектептерінде І-ІІІ класс оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру.  Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1973. – 200б.

17 Меңдаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып). -Пед. ғыл. док. автореф. – 2009.

18 «Бастауыш мектеп» (мұғалімдердің күнделікті пайдалануына арналған кітап). – Алматы,1954.

19 Ермекбаев М. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздiк қорын молайту әдiстемесi: пед.ғыл.канд. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған  диссертация. – Алматы, 2003. –183 б.

20 Выготский Л.С.   Психология. –Москва.: Апрель Пресс, 2000. –1006.

21 Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Кітапта: Бес томдық шығармалар жинағы. 4-ші том. Алматы. Ғылым 1998.-

22Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» бағдарламасы.- Астана, 2010.

23 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Ана тілі, 1991.-184 б.

 

 


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту