Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

                 

 Сабақтың  тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Жылу» және «Әже».

 Сабақтың мақсаты:

                           1) Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру

                           2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорының баюына мүмкіндік жасау.

                                    3)Тәрбиелік: Ата- ананы, әжелерін, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ф.Оңғарсынованың суреті, жыр жинақтары, Қазақстан картасы, өлең мазмұнына сәйкес суреттер, жапырақтар.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдістері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, баяндау, ассоциация құру.

     

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

ІІ. Үй жұмысын  тексеру. « Бөрте мен Зере» мәтіні.

      1.Мәтінді  бөлімдерге бөліп, ат қою.

      2. Мәтін  бойынша сурет салу.

      3.Нұржанға  мінездеме беру

      4.Арқарды  сипаттап жазу:

«Арқар әдемі аң, қызыл кітапқа енген, таулы өлкеде жүреді, ешкіге ұқсайды, сұлу.

     Табиғатты  жан-жануарларды қорғауымыз керек.  Табиғатты қорғау, аялау – бүкіл адамзаттың  міндеті. Нұржан сияқты аңдарды  қорғай білуіміз керек».

ІІІ. Жаңа сабақ. Үнтаспадан өлең тыңдату.  (Ана туралы)

      • Қане балалар, бұл өлең кім туралы?

 Бүгін  Ф. Оңғарсынованың  «Жылу» және «Әже» өлеңдерімеғн  танысамыз.

    Автордың қысқаша  өмірбаяны.

  1. Өлеңдерді мәнерлеп оқимын ( Ақырын  күй ойнап тұрады, интерактивті тақтада «Ана» туралы суреттер бірінен кейін  бірі шығып тұрады.)
  2. Оқушыларға оқыту.
  3. Өлең мазмұнымен жұмыс:

- Өлеңнің  негізгі идеясы не?

- Өлеңде кімдер туралы айтылған?

- Жер бетінің бәрі жылулықты  кімнен алады?

        - Әже қамқорлығы туралы не дейді?

IV. Сергіту сәті 

V. Дәптермен жұмыс.  Сөздік жұмысын жүргізу.

     Өң – ажар, түс.

     Жалғанда  – дүниеде.

      Ғұмыр  - өмір.

- Мәтіннен  осы сөздерге қатысты сөйлемді  дәптерге жазайық. «Бұл жалғанда анамнан сүйікті  адам бар ма екен?»

VI. Топпен жұмыс 

      1. топ.  Ана туралы мақал – мәтелдер айту.
      2. топ. Өлеңдермен анаға, әжеге  қатысты теңеу  

             сөздерді жазу.

      1. топ. « Ана» тақырыбына шығарма жазу.

Күрделі тапсырма.  

- Енді балалар, бәріміз  қолымыздағы  жапырақтарға аналарымызға арналған жылы тілектерімізді жазайық.

VII. Сабақты  қорыту.

VIII. Үйге. Өлеңдерді жаттау. «Менің әжем» тақырыбына  

                                                әңгіме жазу.

Э. Найзабекова Ф. Оңғарсынова  «Жылу» және «Әже» тақырыбында жүргізілген  сабағында баланың  ауызша тілін дамытуға байланысты төмендегідей жұмыстар жүргізді:

- Үнтаспадан өлең тыңдатып, сұрақтарға жауап алды;

- Мәтінге байланысты  сөздік жұмыстарын жүргізді.

- Топтық жұмыс арқылы  мақал-мәтел айтудан оқушыларды жарыстырды.   Мұндай жұмыс түрлері, сөзсіз, оқушылардың сөз байлығының артуына мүмкіндік жасайды.                  

 Алматы қаласы  №15 мектеп-интернатының  бастауыш сынып мұғалімі

С. Байболаева М. Жұмабаевтың «Өткен күн» тақырыбында өткізген сабағында ауызша тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізді.

Сабақ төмендегі жоспар негізінде өткізілді.  

 

Сыныбы: 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев. «Өткен күн».

Сабақтың мақсаты:

        1. Білімділік: Оқушылардың Мағжан Жұмабаев туралы алған білімдерін тереңдету. Бабаларымыздың тарихы, жұрттың өткен өмірі жайлы ұғымдарын кеңейту; 
        2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін,сөздік қорын, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту;
        3. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, адалдыққа, ержүректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

                               

                                          Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын  тексеру. Бөлімді қайталау.

«Бәйге» ойыны. Ауызша сұрақтарға жауап бере отырып, «Арналы бұлақ»  - асыл сөз»деген бөлімді аяқтаймыз.

    1. Сол жақтағы 20 – Асыл сөз дегеніміз не?
    2. Ортадағы 50 – Аңыз дегеніміз не?
    3. Оң жақтағы  10 – Ертегінің қандай түрлері бар?
    4. Оң жақтағы 30 – Жыршы деп қандай адамды айтамыз?
    5. Сол жақтағы 30 – Ер Тарғын жырынан үзінді оқы.
    6. Ортадағы 40 – Айтыс дегеніміз не?
    7. Оң жақтағы  20 – Мақал мен мәтелдің айырмашылығы не?
    8. Ортадағы 90 – Төле би неліктен «Қарлығашәулие» атанған?
    9. Сол жақтағы 10 – Қыз жібек жырыннан үзінді оқы.
      • Балалар , «арнайы бұлақ – асыл сөз» деген бөлімді өте жақсы меңгеріпсіңдер. Енді бәріміз тақтаға қарап сөзжұмбақ шешейік.

Сөзжұмбақ жауабы дұрыс  шешілсе, қарамен қоршалған торкөздерден»  Туған жер» сөзінің баламасын  оқуға болады.

        1. Қалың ағаш өсетіннулы жер. (Орман)
        2. Қазақтардың үй иесін атауы. ( Отағасы )
        3. «Ел « сөзінің баламасы. (Халық)
        4. Мемлекеттік рәміздердің бірі. ( Ән ұран)

Қарамен қоршалған торкөздерден қандай сөз шықты?

 

  - «Отан». Дұрыс айтасыңдар. Отан дегеніміз біздің туған  жеріміз  туған өлкеміз. Олай болса, «Туған жер», «Туған өлкем», «Отан» туралы қандай өлеңдер, мақал – мәтелдер білесіңдер?

Өлеңдерін,мақал –  мәтелдерін жатқа айтқызу.

 ІІІ. Жаңа сабақ. Туған өлке – тұнған шежіре.

 Мағжан Жұмабаев  «Өткен күн».

 Балалар, жаңа бөлімнің  қалай аталып тұрғанына зер салайықшы.

 Бұл бөлімде бабаларымыздың  тарихынан сыр шертеміз. Тарихтың  міндеті – бүтін баласының  немесе бүтін бір жұртының  өткен өмірін болған күйінде  айнытпай айту. Ал әдебиеттің  қызметі – сол тарихи оқиғаны  негізге ала отырып, көркем тілмен жеткізу, яғни әдеби тілмен көркем тілмен жеткізу, яғни әдеби тілмен көркем шығарма жасау, көркем бейнелерп туғызу. Халық басынан кешірген қандай кезеңде болсын ел бастаған көсемдер, мақтан тұтар ерлер болған. Осы бөлімде сол жақсы адамдар туралы солар өмір сүрген кезең туралы солар өмір сүрген кезең туралы оқып білеміз.

  Бүгін Мағжан Жұмабаевтың  «Өткен күн» өлеңімен танысамыз.Сендер  Мағжан Жұмабаев  жайлы өткен  сыныптардан білесіңдер.

    1. Мағжан Жұмабаев жайлы білетіндерін сұрау.

                - М. Жұмабаев кім? Қайда және қашан дүниеге келген? Оның қандай өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер?                        

               2. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

               3. Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

               4. Картамен жұмыс. (Картадан өлеңде  айтылған өзеңдерді көрсеткізу. Еділ, Жайық,Сырдария , Ертіс.)

               Дәптермен жұмыс: Мағжан Жұмабаев  туралы мағлұмат жаздыру.

  1. Өлеңнен қазақтың жері қалай суреттелгенін тапқызып оқыту. Халықтың қайрымдылығы, жомарттығы айтылған жолдарды, батырларға тән қасиеттер суреттелген жолдарды тапқызып оқыту.
  2. Сөздік жұмыс.

Керсен – үлкен  тостаған.

Бұйрық – бұл жерде : тыныш,бейбіт.

Тостағанмен не ішеді?

Тірек сызба сыздырту.

ІV. Сабақты  бекіту.

    1. Өлеңде айтылған хандар, билер, батырлар жайлы білетіндерін айтқызу.

Мысалы: Абылай, Қаракерей  қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз  дауысты Қазыбек.

    1. Өлеңге сүйеніп, шілде  айындағы дала көрінісін суреттеп айтқызу.

 Үлестірмелі таратпа.

 Сұрақ – жауап:

    1. Өлеңде қандай өзендер аталған?
    2. Өлеңде ағайынның қандай қасиеттері сөз болады?
    3. Өлеңде қазақ хандарынан кімдер аталған?
    4. Өлеңде қазақтың батырларынан кімдердің аты аталған?
    5. Қазақтың ақындарынан, билерінен кімдердің аты аталған?
    6. Өлеңде ақын нені жырлайды?

  V. Сабақты қорыту. Дамыта оқыту технологиясы бойынша: Нені білесің? Нені білдің? Нені білгің келеді?

   VI. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.

          С. Байболаева «Өткен күн» тақырыбында  жүргізген сабағында баланың  тілін дамытуға байланысты төмендегідей  жұмыстар жүргізді:

   - Өлеңге байланысты  сөздік жұмыстарын жүргізді.

   - Тарихқа шолу, мақал – мәтел, сұрақ – жауап  арқылы оқушылардың соө байлығының  артуына ықпал жасады.          

Жоғарыда айтылған озат мұғалімдер тәжірибелерді жинақтап және оларды басшылыққа ала отырып,  диплом жұмысы тақырыбы бойынша бірнеше сабақ үлгісін беруді жөн көрдік.

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: Әдепті қыз. Әліпби .

Сабақтың мақсаты:

                               1) Оқушыларға  әліпбидегі әріптердің  ретін меңгерту;

                              

                               2) Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру;

                            

                              

                                  3) Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне жетпей отырып,

                                           әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, оқулық, әдептілікке байланысты сурет.

                              

                                     Сабақтың барысы:

 

 І.Мотивациялық – бағдарлау кезеңі.

 

-Балалар, сендер ертегі тыңдағыларың келеді ме?

- Иә

- Олай болса, мен сендерге ертегі айтып беремін.

Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

 Баяғыда Үсен  деген  бала болыпты. Бірде  ол көршісі  Қанаттың ойыншығын  тартып  алып, бермей қояды. Қанат жылап  , үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіп, бір нәрсені іштей күбірлеп айтып, Қанатты ертіп кетеді.

 Міне,қызық! Бағанадан  бері батырсынып тұрған Үсеніміз  лезде жоқ болып кетеді. Мұны  өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды.

 Қасындағы тікұшағын  Ұланға да, Серікке де ұсынады.  Олар көрмегендей, естімегендей  сыңай танытады. Үсен өзінің көзге  көрінбейтін балаға айналғаны  осы жерде бір – ақ түсінеді. Отыра қалып «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерге тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» - деп жылайды.

  Есік алдына шыққан  Қанаттың әжесі Үсеннің жылап  отырғанын көріп, аяп кетеді. Үсенді бұрынғы қалпына келтіреді.

-Балалар, ертегі не  жайында?

-............................................

- Үсен неліктен көрінбейтін  бала болғысы келмеді?

- .............................................

- Үсен әдепті балдар  қатарына қосылды ма?

- .............................................

- Әдепті бала қандай  бала болады?

- ............................................

- Әдепсіз бала ше?

- Жарайсыңдар, балалар.  Ендеше біз бүгін осы әдептілік  туралы өтеміз. Бүгінгі жаңа тақырыбымызда  « Әдепті қыз» әңгімесімен танысамыз.

 

ІІ. Операциялық  – орындаушылық кезең.

-Балалар, оқулықтағы   «107 – жаттығуға қарайықшы. «Әдепті  қыз» әңгімесі берілген. Мен сендерге  оқып беремін. Сендер мұқият  тыңдап отырыңдар.

( Оқушылардың  оқуы), рөлге бөлініп оқуы.

- Әңгіме не жайында?

- ..............................

- Маржан қандай қыз?

- ................................

-Әдептілікті қалай түсінесіңдер?

-..................................

- «Ә» әріпі әліпбиде  нешінші болып тұрады?

-..................................

- «Ә» әріпінен басталатын  сөздерді теріп жаз.

 

 Сөздік жұмысы:

 Тілі шыққаннан  бастап – сөйлей бастағаннан 

 құшып – құшақтап.

 әдептілік – ізеттілік,  сыпайылық.

 тәбет – тамаққа  ықыласы.

-Балалар,оқулықтағы  108 – жаттығуды орындаймыз.

 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді әліпби  ретімен жаз.

 Аңшы, бұтақ, жолға, кептер,құмырсқа, толқын.

 

Сегіту  жаттығуы

Буратино керілді,

Бір иілді, екі иілді.

Қолын жанға созғаны.

Кілтті таппай жатқаны,

Жету үшін сол кілтке,

Көтерейік өкшені.

 

Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс тапсырмалар.

 Тақтаға қолында  шар ұстаған қонжықтың суреті  ілінеді. Оқушылар шарлардағы  тапсырмаларды орындайды.

 1 – шар: Жұмбақ шешу.

               Қыста ғана болады,

               Ұстасаң қолың тонады.

                                                  (қар)

               Өзі  ойланар, өзі бір қу,

               Жүрген жері айқай да шу.

                                                   (Түлкі)

2 –шар:

    Мектеп сөзін  буынға бөлеміз. Мектеп сөзінің  әрбір әрпіне сөз құрап жазыңдар:

   

    М – мысық

     Е – етік

     К – кітап

     Т – тәтті

     Е – ешкі

     П – парта

 

ІІІ.Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

     Жақсы бала  болу үшін оқушы қандай болуы  керек?

  ( Оқушы ой – пікірін тыңдау) әдепті, ақылды, білімді.

 

   Төмендегі екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

                                        

                                         ақылды                

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту