Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

Берілген жоспар бойынша  мәтін құруға үйрететін мынадай  тапсырмалар кездеседі: «Мына жоспармен, бірігіп мақала жазып келіңдер ... Барған серуендерің, істеген жұмыстарың туралы бірігіп жоспар жасап, мақала жазыңдар», – деп, балалардың шығармашылық ойлауын, сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлген [9].

Осындай тапсырмалармен қатар бірнеше іс-қағаздардың  үлгілері берілген. Атап айтқанда, анықтама, куәлік, өтініш хат, баяндаманың жоспары, аманат т.б.   оқушыны іс- қағаздарды жазуға үйрету жұмысының маңыздылығын  байқауға болады.

Кітап мазмұнынан аңғарылып тұрғандай Т.Шонанұлының бұл еңбегінде  «Қазақ тілі» мен «Ана тілін» арнаулы пән ретінде оқи бастаған оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіру, ойы мен тілін дамыту, іскерлікке баулу мақсатына бағытталған.

Ал М.Жұмабаев «Ана тілі бастауыш мектепте» деген еңбегінде  оқушылардың ауызша тілін дамытуға дағдыландыратын жаттығулар  жүйесін  әр оқу жылына сәйкестендіріп, 1-2 сыныпта  көргені бойынша өзінің алған  әсерін айту,  3-4 сыныпта болған оқиға жайлы немесе белгілі бір тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді ұсынады [10].

Бұл жаттығулардың көпшілігі  оқушыны ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретуге құрылған.

М.Жұмабаев баланың ауызша байланыстырып сөйлеуін жетілдірудің мынадай әдіс-тәсілдерін ұсынады: а) сахналау; ә) сурет  бойынша әңгіме; б) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; в) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; г) хат жаза білу; ғ) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу т.б  [10, 47-48].

30-шы, 40-шы жылдары бастауыш  мектепте қазақ тілін оқыту  әдістемесіне қатысты әдістемеші-ғалымдар  Ш.Сарыбаевтың, С.Жиенбаевтың, Ғ.Бегалиевтің,  Ғ.Садуақасовтың, көрнекті психолог  Т.Тәжібаевтың зерттеу еңбектері  жарық көрді. Олардың еңбектерінде ауызша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселесі арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмағанымен, біздің жұмысымызда басшылыққа алуға болатын құнды тұжырымдар көп. Мысалы, С.Жиенбаев «Сауат мектебімізде ауыз сөз бен жазба сөзге үйрету» деген мақаласында тіл дамыту жұмысының екіге бөлінетінін, олардың арасындағы ерекшеліктерді атап өтеді. Ал психолог ғалым Т.Тәжібаевтың дәл осы жылдары «Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырма анализі» деп аталатын мақаласында бұл ерекшеліктерді ғылыми тұрғыдан талдауға көңіл бөлінеді. «Ауыз екі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі) бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де адамдардың бір-бірімен қатысуына керек құрал, -дей келіп, ғалым бұдан әрі, – жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы, ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы» [11, 18]- деп жазады да, өз пікірін нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Осы аталған екі еңбек кейінгі қазақ мектебінің бастауыш сыныптарындағы оқыту әдістемесіне қатысты жазылған кітаптарда оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін дамыту проблемаларын ажырата талдауға түрткі болғаны даусыз.

Әдістемеші ғалымдар С.Жиенбаевтың, Ғ.Бегалиевтің, Ә.Садуақасовтың бастауыш сыныптардағы оқыту әдістемесіне арналған кітаптары мен нұсқауларында енді тіл дамыту жұмыстары «оқушылардың ауызекі тілін дамыту», «оқушылардың жазба тілін дамыту» деп, екіге бөлініп, жеке қарастырыла бастайды.

Мысалға, Ғ.Бегалиевтің  «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деп аталатын кітабында тіл дамыту жұмыстарына тұтас бір бөлім (VІ бөлім) арналып, әр сыныптағы оқушылардың ауызекі және жазба тілін дамыту әдістері  жүйеленіп берілген. Кітап, негізінен, «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесінеарналғанымен, мұнда сауат ашудың кезеңдері, ір кезеңге тән міндеттер мен қолданылатын әдістер жүйесі де қамтыла зерттелген. «Балаларды оқу-жазуға үйрету үшін оларды сөйлеуге үйрету керек, - деп жазады ғалым, – Бірінші күннен бастап оларды сөйлеуге үйрету, тілін дамыту жұмысын қолға алып, дағдылы сабақтар ұйымдастыру қажет болады. Бұл үшін мұғалімнің сұраұтарына тиянақты, дұрыс жауап беруге, көрген-білгенін, естігенін дұрыс, түсінікті етіп айтып беруге үйрету керек болады. Осы жұмыспен байланыстыра, кейбір оқушылардың тіл мүкістігін байқап, түзете отыру қажет» [12, 6].  

Демек, арнайы зерттеу  объектісіне айналғанымен, оқушылардың ауызша тілін дамыту міндеті 40-жылдардан бастап қазақ тілі әдісмешілерінің назарына іліккен.

«Дыбыстармен таныстыру  үшін алынатын сөзді, - деп жазады бұдан әрі Ғ.Бегалиев, – әсіресе, алғашқы кезеңдерде айтылуы жазулуынан өзгеше дыбыс болмауын негізгі шарттардың бірі етіп қоямыз (жұмыс+шы – жұмысшы). Алғашқы кезеңде сөздің буындарын, дыбыстарын айтқанда, я оларды жинақтап барып, сөз құратқанда, дыбыстарды,буындарды, жеке сөзді анық етіп айтып беруді талап етеміз. Егер алғашқы кезеңде оқылатын сөз ішінде айтылуы өзгеше дыбыс болса, оқушылар оны жазудағысынша оқи ма, әлде орфоэпия заіына келтіріп оқуға тиіс пе?– Сөз жоқ, соңғыны талап ету әрі орынсыз, әрі қайшылық тудырар еді.

Алғашқы кезеңде оқылатын (дыбыстармен таңыстыру кезеңінде) сөздердің ішінде айтылуы жазылуынан өзгеше дыбыс болмасын дегенде, осы  жағдайлар ескеріледі» [12, 7]. 

Тіл дамыту жұмыстарына қатысты айтылған ғалымның бұл пікірі әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Себебі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен қалыптасқан жазылуы арасындағы ерекшеліктер «Әліппе» оқулығын құрастыру барысында ескеріле бермейді. Нәтижесінде қазақ тілінің өзіне тән орфоэпия заңдылығын белінен басып сөйлеу жаппай жайылған жаман әдетке айналды.

Ғ.Бегалиев аталған кітабының  «Тіл дамыту» бөлімінде балалардың сөзі мен ойының арасындағы байланысты, ауызекі сөйлеу мен жазба тілдің ерекшеліктерін талдай келіп, оқушылардың ауызша тілін дамытуға бағытталған жұмыстарды төмендегідей түрлерге бөледі:

«а) білетін сөздерін де оқушылар қаншалық дұрыс қолданылатынын анықтау, сөз қорын байыту;

ә) сөйлем құратқызып жаттықтыру;

б) тиянақты түрде сөйлеуге үйрету» [12, 165]. 

Бастауыш сыныптағы тіл дамыту жұмыстарының осы жүйесі аталуы сәл-пәл өзгеріске түскені болмаса (мысалы, «сөздік жұмысы», «сөйлеммен жұмыс», «байланыстырып сөйлемді дамыту»), әлі күнге дейін қолданылып келе жатқаны белгілі. Ғ.Бегалиев тіл дамыту жұмыстарының осы жүйесінің алғашқы екі түрі балалар мектеп есігін ашқан күннен, яғни сауат ашу кезеңінен бастап жүргізілетінін айта келіп, оларды нақтылай, жіктей түседі. «Бала мектепке келген күннен бастап, оның сөз қорын молайту және сөзді дұрыс қолданып, қолданбауын анықтау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу қажет. Баланың сөздігінде мағынасын өзі дәл білетіні де, дәл білмейтіні де болады. Міне, сол дәл білмейтінін түсіндіріп, дұрыс қолдануға төселдіру керек.

Баланың сөздік қорын  байыту жолдары түрліше, - деп жазады да, автор оларды былайша топтастырады:

1) төңіректегіні, табиғат құбылыстарын байқатып сөйлету;

2) суреттер арқылы  әңгімелер құратқызу;

3) әңгіме, өлең, мақала, газет  оқыту;

4) радио хабарын, мұғалім  әңгімесін, жолдастарының сөзін  тыңдатып, білгенін айтқызу;

5) мектеп учаскісінде, колхозда істеген жұмыстары туралы сөйлету;

6) қоғамдық жұмысқа,  мектеп жұмысына, мейрамға дайындық  ісіне қатыстыру» [12, 165]. 

Ғалымның бұл пікірінен  шығатын қорытынды: бала мектепке келген күннен бастап олардың сөздік қорын  байыту жұмысы екі бағытта, яғни жаңа сөздерді меңгерту және олардың бұрыннан білетін сөздерінің мағынасын дұрыс қолдануға үйрету бағыттарында жүргізілуі қажет екен. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тіл дамыту жұмыстарының түрлерін де жаңа заманға лайықтап пайдалануға болар еді. Оның үстіне, Ғ.Бегалиев осы кітабында «баланың сөз қорын байыту жұмысын деректі заттардан бастап, бірте-бірте дерексіз ұғымдардың атымен таныстыру керек. Бала сөздің дыбыс жағымен ғана танысып қоймай, оның мағынасын айқын ұғына алатын болсын, -деп, тіл дамыту жұмыстарына қатаң талап қоя отырып, осы мақсатқа бағытталған жаттығулардың 7 түрін  ұсынады:

1. Затты білдіретін  заттарды топтастыру.  Алғашқы кезеңде мектеп саймандары, оқу аспаптары, балалардың киім-салымы сияқты заттарды айыртып, содан кейін балалардың көз алдында жоқ, бірақ олар заттарды, мәселен, көшеде, далада, қырман басында, өзенде не болатынын айтқызу керек....

2. Заттарды  кеңістік байланысына қарай  (Торғай ағаш, тал, шілік, атқұлақ өседі т.б.) және мезгілдік байланысына қарай айырту (қыстыгүні қандай табиғат құбылыстарын байқаймыз: қар,мұз, аяз, боран, түн ұзақ, күн қысқа; жаздыгүні – ыстық, жаңбыр,жасыл шөп, егін,бау-бақша т.б.). 

3. Заттарды  ұқсас белгілері мен амалдарына  қарай топтастыру. Қай мақұлық бауырмен жорғалайды? (Жылан, құрт-құмырсқа т.б.). Не ұшады? (Құс, көбелек, шыбын, сона.) ....Қандай заттар ақ, қара,жасыл, сары, қызыл болады?

4. Заттың белгілері  мен амалдарын айырту: а) бір заттың белгісін айырту (алма–домалақ, қызыл,тәтті, қош иісті); ә) бір затқа тән амалды анықтау (жылқы –жүреді,шабады,кісінейді;жылқыны мінеді,арбаға жегеді т.б.).

5. Синоним сөздермен  байланысты сөздік жұмыс. 

6. Ауыспалы  мағынадағы сөздермен байланысты  сөздік жұмысы.... – Кісі жүреді. Тағы не жүреді деп айьуға болады? (сағат жүреді,поезд жүреді, арба жүреді; бірақ соңғыларының біреуінің де аяғы жоқ.).

7. Ұлы отан  соғысымен байланысты таралған  соғыс терминімен және түбірлес  сөздермен таныстыру.... Сөздердің мағынасын анықтау жұмысын түбірлес сөздерді салыстыру жолымен істеуге тиіс: су,сушы,суат,сусын,сылық: оттық,отын,отсыз т.б. [12, 166-167].  

Біздің ойымызша және тәжірибе жұмыстарын жүргізу барысында  толық анықталғандай, Ғ.Бегалиев ұсынған  осы жаттығу түрлерін сәл-пәл  жетілдіре отырып, оқушылардың ауызша тілін дамыту мақсатына ұтымды пайдалануға әбден болады.

Бастауыш сынып оқушыларының  тілін дамыту жөнінде Т.Шонанұлы, Ғ.Бегалыұлы, С.Жиенбайұлы бірігіп, құрастырып жазған «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» (1935) деп аталатын әдістемелік  құралдың үшінші бөлімі «Бастауыш мектепте тіл ширату жұмысы» деп аталады [12, 33]. Әдістемелік еңбекте оқушының ауызша тілін дамытудың мынадай жолдарын көрсетеді: керекті сөздерді таңдап алу (тірек сөздер); сол сөздерді мағына мен форма жағынан байланыстыра білу; бүтін бір ойды білдіретін бірнеше сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра білу; өз ойын, емле қатасын   (қатесін) дұрыс жаза білу [12, 40].

Ғалым «Мәтінге тақырып  қоюға үйрету балаға оқып шыққанын талқылауға, мәтіндегі негізгі ойды түсінуге үйрететінін» айтады.

Мәтінге тақырып қою, мәтіннің негізгі ойы жайлы: «Шәпке қойылмаған текске шәпке тапқызу» тапсырмасы  бірінші кластан бастап жүргізуге болады. Бір текске ат қою үшін оның жалпы мазмұнын ғана білумен болмайды, сол текстің түйінді жерлерін білу керек. Шәпке сондай болуы керек: оны көргенде текстің мазмұны немесе түйінді жері білініп тұрсын», – деп жазады  [12, 39].

 Ғ. Бегалиев «Сөз  басын ойлап тапқызудың үлкен  пайдасы сол, балалар оқығандарын  ойлап, байқап, түсініп үйренеді, сөз болуға лайық, мәнді сөздерді  ескеріп отырады, ойындағысын  қысқа, бірақ мағыналы етіп  айтуға дағдыландырады» – деп жазады. Оқушының көрген-білгені, істегені туралы ауызша айтып беруде «план» бойынша айтудың жолын ұсынады. Бөлімге бөліп ( план) жоспар жасау, өз ойын айтуға жеңілдік беретіні белгілі. Ғ. Бегалиев мәтінге жоспар құруды үйрену арқылы оқушы берілген материалдың ішіндегі ең негізгі ойды табуға, жеке бөліктеріне ат қоюға, мәтін логикасын түсінуге мүмкіндік алатынын ашып көрсетеді [12, 102].  

Балаларды ауызша сөйлеуге үйрететін әдіс ретінде әңгіме әдісінің мынадай жолдарын ұсынады: баланы дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сұраққа жауап беру; көрген білгені, істегені туралы ауызекі айтып беру; оқып шыққанды сөйлеп беру; сөз басын тапқызу (тақырып қою); өлең жаттау [12, 98].

Кітапта 1-4 сыныптарда сөйлем құрастыру жұмысының мазмұны  мен әдістерін саралап, әр оқу жылында жүргізілетін жаттығулар берілген.

Ғ.Бегалиев «Қазақ тілін  оқыту методикасының кейбір мәселелері» («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1958, № 6) мақаласында «...ой тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан, балалардың ойлау  қабілетін дамытуда да тілді басты құрал етуді, анықтап айтқанда, балалардың тілін жетілдіру арқылы олардың ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндік туғызуды естен шығармау керек» деп, баланың сөйлеу тілін дамытуда тіл мен ойдың өзара тығыз бірлігін айқындайды [12,10].

Ғалым «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген еңбегінде (1950) жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ қоя отырып, «бұл жөнінде қойылатын бірінші мақсат бір оқиға, құбылыс, я зат туралы өз ойын айтып (яки жазып) білдіруге дағдыландыру керек» деп жазады [12, 163].

Ғ.Бегалиевті оқушыларға мәтін ерекшелігін танытуға, мәтінге  тақырып қоюға, ондағы негізгі ойды табуға, жоспар құрып, мәтін түзуге үйретуді алғаш ұсынған әдіскер  деуге болады.

С.Жиенбайұлының «Оқытушы, оқушыларымыз сөз сөйлей білсін» (1934) мақаласында, «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» (1939) еңбегінде ауызша тіл дамыту мәселесіне қатысты ойларын «дұрыс сөйлеуге төселдіру үшін кезекті шаралардың бірі – оқушыларға мазмұндама, шығарма жаздыру» деп жазады. Шығарма жазуға үйрету сөздік қорды молайтып, тіл мәдениетін жетілдіріп қана қоймайды, оқушыны өз бетінше ойлануға, өз ойын жүйелі жазуға мүмкіндік ашады. Әдіскер ғалым сөз сөйлеуге үйретудің ең ұтымды жолы көркем әдебиет шығармаларын оқытуды ұсынады [13, 31].

«Бастауыш мектепте кітап  оқыту методикасы» мақаласында  «көркем шығарманы талдау түрлері, сөздік жұмыс, шығарма мазмұнына  сәйкес сурет салу жұмысы оқығанды дұрыс түсінуге көмектесетінін»  жазады [13, 28].

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тіл дамыту әдістемесі 1965 жылдан бастап арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанына айнала бастады. Атап айтқанда, әдіскер ғалым М.Қ.Жұбанова «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпты зерттеп [14], кандидаттық диссертация қорғаса, С.Р.Рахметова «Бастауыш класс оқушыларының жазу тілін дамыту» [15]   мәселесін зерттеп, бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің негізін қалады. Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде 1969 жылдан бастап, бастауыш мектептің әрбір сыныбында аптасына бір реттен «тіл дамыту» сабағы оқылатын болды. Кейін проф.С.Рахметова қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесін жасап шықты. Осы іргелі еңбектің нәтижесінде қазақ мектебіндегі оқыту әдістемесін, оның ішінде оқушылардың тіл дамыту әдістемесін зерттеушілердің өзіндік мектебі қалыптаса бастады. Мысалы, «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру» мәселесін зерттеген К.Бозжанова [16], қазақ тілін оқыту арқылы мектепке дейінгі даярлық топ балалары мен 1-сынып оқушыларының тілін дамыту мәселесін зерттеген Қ. Меңдіаяқова [17], «Бастауыш класта текспен жұмыс істеудің әдістемесін» зерттеген Т.Әбдікәрімова [3], «Лексиканы оқыту әдістемесін» зерттеген Г.Уәйісова [4]   т.б. әдіскер ғалымдар өз еңбектерінде біздің қарастырып отырған объектімізге қатысты құнды пікірлер айтты. Сондай-ақ ғалымдар С.Қазыбаев, Ш.Әуелбаев, озат мұғалімдер А.Бәкірова, М.Жазыбаев пен Ә.Нағашыбаева, М.Бүрлібаев, Р.Мұраталиев т.б, өз кітаптарында бастауыш мектептегі тіл дамыту жұмыстарының кейбір ұтымды жаттығу үлгілерін ұсынылған.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту