Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

                                       

                                         тәртіпсіз

                         

                                         білімді                         

                                        

                                          салақ

                         

                                         өсекшіл

 

 

 

 

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 3

Сабақтың  тақырыбы: Аққала – ақ бала

Сабақтың мақсаты:

        1. М. Мақатаевтың Аққала – ақ бала өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға қысқы  табиғат құбылысы  және адамдар мен жануарлар үшін келетін қиындықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;
        2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне  ықпал ету, сөздік қорын молайту, өз ойларын, жинақтап, жүйелеп қорыта білуге біліктіліктерін жетілдіру;
        3. Табиғат  тамашасына сүйсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:  Қыс бейнесі

                   

                                    Сабақтың барысы

 

І. Мотивациялық –бағдарлау кезеңі.

   ( Ой қозғау, жұмбақ шешу)

   

      Шанамен  зырғып желдетіп,

      Шаңғы,  коньки тебеміз.

      Аққала  жасап ойнайтын,

      Қай  мезгіл деп ойлайсың

                                        (Қыс)

Ассоциация  құру

                                      Шаңғы,шана тебеді

  Боран соғады                                                                               


                                                                                    Күн қысқарады



 

 

 

 


     


 Аяз болады                                                           

                                                                                    Қар жауады

                                             Түн ұзарады 

 

 

 

 

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең

     (суретпен жұмыс)

-Балалар, қазір қыс туралы, ондағы  табиғат өзгерістері жайлы өз ойларынды айтасыңдар.

-Балалар, сендер қыс мезгілін  қалай суреттер едіңдер?

  ( оқушылардың пікірін  тыңдау)

- Сендер қыс мезгілін суреттедіңдер, ал жазушы ақын  М.Мақатаев қыс мезгілі жайлы жазған екен.

 (Өмірбаянымен таныстыру )

 

                                      

 

 

                                                Ақын жазушы


 


 

Алматы облысы                                                              Армысыңдар,Достар,

Нарынкөл ауданы                                                           Қарлығашым келдің бе?


Шалқар ауылы                                                                Аққулар ұйықтағанда,

                                                                                          Шуағым менің.

                                    

 

 

  Сергіту  сәті

  « Ұйқасын тап»

 

   Аппақ доп тауып,                          Бата алмас түлкі,

   Шақырады ақ...                              Үсті тікен ...

                           (тауық)                                       (кірпі)

                                            

   Алмастан тыным                           Өзінше ноян,

   Шабады ...                                      Қорқақ кім?

                       (құлын)                                          (қоян)

 

   Айбар шегер алыстан,

   Аң патшасы...

                       (Арыстан)

 

 ІІІ. Рефлекциялық – бағалау кезеңі

 

- Дала қандай күйге енді?

- Адамдар суықтан  қалай  қорғанады?

- Сен қыста қалай киінесің?

-Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

 

 

            Қыс                           Су                                       Көктем

 


 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Ержүрек қыз. Ә. Нұршайықов.

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқуды іске асыру.

Сабақтың міндеттері:

                                 1) Мәтіннің мазмұнын ашып,негізгі ойды, идеяны

                                      меңгерту.

                                  2) Оқушылардың ойлау қабілетін  шығармашылығын

                                       дамыту.

                                  3) Батырлыққа дәріптеу отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүктің суреті, бейнетаспа.

 

                                  Сабақтың барысы

 

І. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі.

- Балалар, бүгін біз  батырлар әлеміне саяхатқа шығамыз.  Олай болса сендерге сәт сапар  тілеймін.

-Балалар, сендер батырлар  еліне бару үшін мына тапсырмаларды  орындауымыз керек екен.

-Тапсырманы орындауға  әзірміз бе?

-Иә

1. Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық?

2.Әңгімесінде кімдер  туралы айтылған?

3. Олар қайда келе  жатты?

4.Олар ашық  алаңқайда  нелерге кез болады?

5. Олар қандай келісімге  келді?

6. Қабанбай, Бөгенбай  кімге ақ батларын берді?

7. Бұл батырлар не үшін шайқасқан?

- Осы батырлар жөнінде не білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар,  біз батырлар еліне де келіп  жеттік.

-Батырлар елінде көптеген  батырлар, ержүрек  қыздар өмір  сүреді екен.

- Бұл ержүрек  қыз  кім екенін  белгілерің  келеді  ме?

- Иә.

- Балалар, « Ер жүрек» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Батыр  мен ержүрек  сөзін салыстырып көрейік.

- Ендеше  Нұршайықовтың   « Ержүрек қыз» әңгімесімен   танысамыз.

- Қане балалар, бұл  әңгімеде  не жайлы айтылған  деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс, балалар.

 

 

ІІ. Операционалдық – орындаушылық кезең.

а) Кіріспе  әңгіме

 


 

 

 

 



 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

     

 

      Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалімнің оқуы.
  2. Оушылардың тізбектілі оқуы.
  3. Сөздік жұмыс

Пулимет – әскери қару

максимка – пулиметтың аты

  1. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс

 

1.Комиссар қандай тапсырма  берді?

      2. Өтініште  Мәншүк не жазыпты?

      3. «Масимка» ненің аты?

      4. Мәтін  неліктен «Ержүрек қыз»деп атаған?

      5. Мәтінді  басқаша қалай атауға болады?

      6. Мәншүктің  ер жүректігін сипаттайтын үзіндіні  тауып оқы.

    Шығармашылық жұмыс

    -Балалар енді  осы мәтінге байланысты ержүректін, батырлыққа байланысты   мақал-мәтелдер айтып көрейік.

    1. Батыр туса  – ел ырысы,

        Жаңбыр-жауса – жер ырысы.

    2.Ерді намыс  өлтіреді,

       Қоянды  қамыс өлтіреді.

    3. Ер жігіттің  екі сөйлегені өлгені.

    4. Ер есімі – ел есінде.

    5.Ердің сыншысы – ел.

    6. Ердің сөзі біреу.

     Шығармашылық жұмыс

    - Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құру. Жоспар бойынша әңгімелеу.

  1. Мәншүктің өтініші.
  2. Жаудың шабуылға шығуы
  3. Мәншүктің жарақаттануы.
  4. Мәншүктің ерлігі.
  5. Жаудың кейін шегінуі.

 

ІІІ. Рефлекциялық – орындаушылық кезең.

      Үш қатарға  тапсырма

І. Қатар

  Мәншүктін бейнесін салу.

 

ІІ. Қатар

  Қиян – кескі ұрыстардың кейбір тұстарын суреттеп бер.

 

ІІІ. Қатар

   « Мен соғысты жек көрем » атты шағын әңгіме құрастырып жазу. Соғыстың адамдарға әкелетін қайғы – қасіретін, зардаптарын  жазу.

Бағалау. Оқушыларды мақтай отырып бағалау.

Үйге: Мәтінді түсініп оқу. М.Мәметова туралы деректер жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бала тілінің дамуы - ең жауапты да күрделі үдеріс. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың алдында дұрыс сөйлеуге қажеттілік міндеті тұрады. Бұрын бала ойын кезінде ата-анасымен немесе құрдастарымен қарым-қатынас жасау барысында жағдайға қарай, яғни қалауы бойынша сөйлейтін болса, енді оқу үдерісі, сабақтағы тапсырма оны сөйлеуге мәжбүр етеді.  Бұл психологиялық және педагогикалық  тұрғыдан мұғалімнен ерекше шеберлігін қажет етіп,  тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің керектігін аңғартады.

Тіл дамыту – балалардың сөздік қорын байытуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелесу арқылы ауызша, жазбаша дұрыс білдіруге, яғни, «нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге» үйрету жұмысы.

Қазақ бастауыш мектебіндегі тіл дамыту жұмысының ғылыми негізін  қалаған ғалым С. Рахметқызы бастауыш сыныптардағы тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет деп санайды:

1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда: а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету; б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) көп мағыналы сөздермен жұмыс; д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс; е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету; ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.

2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен  жұмыс жүргізу.

3. Байланыстырып сөйлеуге  үйрету. Мұнда балалар оқығандары  мен көргендерінің, естігендерінің  мазмұнын жүйелі түрде ауызша  айтып, жазбаша баяндауға үйренеді, сондай-ақ ұсынылған тпқырыптар  бойынша материалдар жинап, жүйелеп,  өз жандарынан ауызша, жазбаша  әңгіме құрастыруға үйренеді.          

Ғалым осы жұмыстардың  әрқайсысына теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып,  олардың  бір-бірімен  байланыстылығына тоқталады. «Бұл жұмыстар бір-бірімен байланыстырыла қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмыстарында қалған екеуінде ( сөздік және сөз тіркесі мен сөйлем құрау жұмысында) үйренген білім, дағды, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, сондай-ақ графико-орфографиялық  шеберліктері іске асырылады».

Осы бағыттарды және өз нысанымызға  сәйкес психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа алып, соның негізінде бастауыш сыныптарда  жүргізілетін ауызша тіл дамыту жұмыстарының мазмұны мен  жүйесін анықтап, әдістемесін жасауға тырыстық.

1.Ол үшін орыс және шетел мектептеріндегі мұғалімдер қолданып жүрген жұмыстардың мазмұны  мен жүйесі  зерттеліп, олардың ішіндегі біздің ұлттық ерекшеліктеріміз  бен ана тіліміздің оқытылу дәрежесіне сай келетін үлгілері  іріктеліп алынды  және оларды ұйымдастыру жолдары іздестірілді. Мұнда жұмыс ең алдымен балалардың ұлттық салт-сана, дәстүр мен әдет-ғұрыптан алыстамай, туған  тілдің  нәрінен бастау алуына негізделеді.

2.Тіл дамыту жұмысын  оқушылардың психикалық танымдық  қызметін (түйсіну,қабылдау,ес, ойнау,  қиял) күшейтіп,шығармашылық  белсенділіктерін арттыратындай деңгейде  жүргізу жағы қарастырылады. Мұнда, әсіресе, бастауыш  мектеп  оқушыларын ажырата қабылдауға үйрету; олардың эмоциялық есінің басымдығы ескеріліп, саналы ұғындыруға  көңіл бөлу; ойлау операцияларының және қиялдың қайта жасау мен шығармашылық түрлерінің іске асуына баса назар аударылды.

3. Тіл дамыту жұмыстары  бастауыш мектеп оқушыларының  жеке ерекшеліктеріне (темперамент,  мінез, қабілет) сай келуі, яғни  жұмысты  балалар  толық  меңгеріп, орындай алатындай болу  жағы қатты ескерілді. Байқау барысында бұл талаптарға  тіл дамыту жұмысының  мына түрлері   сай келетіні  анықталды. а) мәтін арқылы әңгімелеу; ә) сурет бойынша әңгімелеу, б) балалардың өз жандарынан шығарғандары; в) мақал-мәтелдермен, жұмбақ, жаңылтпаштармен,  ертегі  мысалдармен жұмыс ұйымдастыру.

Осылайша сөйлемдер  және мәтін  құрастыру, байланыстыра сөйлеуге  үйрету жұмыстары барысында  сөздік жүргізіледі,  бейнелік  құралдар мен сөз тіркестері анықталады.

4. Ауызша тіл дамыту  жұмыстарын  жүргізуде  мына мақсат көзделеді: а) оқушылардың бақылампаздық танымын  кеңейту, ә)  әр нәрсені салыстыра  талдап,  жинақтап, соның негізінде  өз беттерімен  қорытынды шығара білуге, оны сезініп, пікір айтуға, пікірлерін бір-бірімен  байланыстырып, себеп-салдарлықты, тәуелділікті  ажыратып, сақтай білуге  үйрету.б) оқушыларды алған білімдерін пайдаланып, ана тіл нормасына  сай, өз көзқарасын, өз сезімін ниетін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай  дағдыларға төселдіру, қажетті іскерлікке баулу, ана тілді сүюге, оның алтын қорын білуге,  оны сезініп, құрметтей білуге  тәрбиелеу; в) оқушылардың іскерлік қабілетін арттырумен  қатар, оларды өз елінің салт-снасын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын  қадір тұтатын, халқына шын берілген  азамат болуға, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, саналы да белсенді  еңбек  ете білуге баулу.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту