Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Кіріспе ………………………………………………………………….........
3
1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................
5
19
2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері
26
33
Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................
1. «Шағын сөзді» деген түрі.
2. «Жазу-оқу» деген түрі.
3. «Дыбысты әдіс» [8, 368-370 ].
А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысында қолданылатын жалқылау№жалпылау әдісінің осы аталған .ш түрін де жеке-жеке талдай отырып, оқушыларға дыбысты, әріпті таныту үшін олардың сөз мағыналары туралы ұғымына, бұрыннан меңгерген сөйлеу дағдыларына сүйенуге тура келетінін дәлелдейді. Мысалы, сауат ашу барысындағы жалқылаулы-жалпылау әдісінің «шағын сөзді» деген түрін талдай келіп, А.Байтұрсынұлы осы әдіс бойынша үйрету үлгісі туралы былай деп жазады:
1. «Әліп-би» кітабының
1 бетінде тұрған сүгіретті
2. Салынған сүгіретті балалар дәптеріне көшіреді. Бұл көшіру балаларды сүгірет салуға үйрету емес, салғандарды ұқсасын, ұқсамасын әркім әлінше салса болғаны. Мұның пайдасы – сүгіріт салуға балалар әуес болғандықтан, сүгірет салғандарына мәз болып, өздері рақаттанады, қарындаш ұстауға қолдары үйренеді.
3. Сүгіреттегі нәрсенінің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас күйінде тақтайға жазады. Балалар дәптерлеріне көшіреді. Дәптерлеріне көшіруден бұрын былай ету керек дейді. Оқытушы тақтайға жазып жатқанда, балалар қарап, бағып отырады. Жазып болған соң, балалар орындарында отырып, оқытушының жазуына еліктеп жазған сияқты болып, сұқ қолдармен тақтай бетіндегі жазу бойымен жүргізеді. Сонан соң барып қарындашпен дәптерлеріне жазады.
4. Сөздің дұрыстарын айыру. Ол үшін оқытушы тиісті сөзді алады да, дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айтады. Әсіресе, кезінде үйретуге керек болып тұрған дыбысты айқындата айтады.
5. Сөзді әріптен бұтарлау.
Ол үшін оқытушы әріп араларын
ашығырақ жазады. Балалар соның
ішінен үйретіп жүрген әріпті
танып алып, бірнеше рет жазады.
Солай бірнеше әріпті танығанна
6. Әріптерден сөз жазу. Балалар 4 – 4 әріпті танитын болғаннан кейін солардан құрап, сөз жасайды.
7. Баспа тану. Ол үшін жазба сөздің астына баспа сөз қойылып, екеуінің әрпі салыстырылады.
Шағын сөзді алдыңғы әдістерше не әріп жаттатып, не сөз жаттатып, балалардың басын қатырып жалықтыру жоқ. Жұмыстың бір ұшы оқытушыда, бір ұшы балаларда болып, бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебіндн болмай, немесе бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемей, екі жағы да зер салып істейтін болады.
Мұнысы алдыңғы әдістерден артық бір жері болмаса, екінші бір артық жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне де жайылады. Жұрт өзінің тілінің, емлесінің жүйесіне қарай түрліше ыңғайлап қолданады. Сондықтан пәлен әдіс, түлен әдіс деп түрлі атпен аталады. Атынам қарамай, затына түптен қарағанда бәрінің негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, татарлардан, мәселен, түрлі атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, біздің қазақта да әліп-би кітабымен үйрететін, олардың бәрі де шағын сөз әдісінің негізінен құр емес» [8, 368-369 ].
Ал сауат ашу барысындағы жалқылаулы-жалпылау әдісінің «дыбысты әдіс» түрін қолдану үлгісін А.Байтұрсынұлы бес кезеңге боліп түсіндіреді:
1. Балалармен әңгімелесу.
2. Оқу-үйретуге де даярлайтын жұмыстар.
3. Сөзден дыбыстарды айырып
4. Әріптермен таныстыру.
5. Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу [8, 370 ].
Осы кезеңдердің атауларынан-ақ байқалатындай А.Байтұрсынұлы балаларға дыбысты үйрету үшін, ең алдымен, сөз дегеннің не екенін білгізіп алу қажеттігін қайта-қайта пысықтайды «Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір нәрсені атайды. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мәселен, балалар «тақтай» деген болса, оқытушы «тақтай үлкен» дейді де, балалардан неше сөзбен айтылып тұр деп сұрайды. Сол жөнмен бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып, сұралып өткеннен кейін «сөздің» немесе екенін бәләп кетеді» [8, 370].
Бұл тұста да А.Байтұрсынұлы сауат ашу оқушылардың сөз мағыналалары туралы түсінігіне, сөйлеу дағдысына сүйеніле отырып атқарылатынын, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысы сауат ашу процесіне (дыбыс айыруға, әріп танытуға) негіз болып қаланатынын шегелеп айтып отыр.
Ал қазіргі әдістемелік
Мысалы, кітаптағы «Сөз белгілері» параграфы бойынша «№3 жұмыс» үлгісін алайық:
«Төмендегі екі сөздің арасында бір тел сөзден қалай етіп қайсысына теліп айтуға болады.
Қалай етіп қайсысына теліп жазуға болады? Айтыңдар және жазып көрсетіңдер.
№№№
Бұл жұмыс тұрін орындау үшін оқушылар сөз мағыналарына ой жүгіртуге мәжбүр болатыны белгілі.
Келесі «Буыншы әріптер» параграфында төмендегідей тапсырма берілген:
торы – төрі сан – сән
сұр – сүр ары – әрі
тұр – түр бұр – бүр
ал – әл
Келтірілген тапсырма негізінен өзі жасаған жаңа Әліп бидегі дәйекшілердің мәнін ұғындыруға арналғанмен, бір әріптің сөз мағынасын қалай өзгертетінін оқушыларға байқату мақсатын да көздейді. Сөз мағыналарын аңғарту көмегімен оқушылардың сауаттылығын жетілдіру мақсатын көздейтін А.Байтұрсынұлының осы тәсілі күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Кітапта «Сөз тудыру», «Сөз туғызу» тақырыптармен де тіл дамытуға қажетті біршама тапсырма үлгілері берілген. Әсіресе, топтан берілген сөздерден -шы, -ші, -ты, -ті, -у, -тық, -дық жұрнақтары көмегімен жаңа сөздер жасауды балалардың өзіне тапсырма отырып, оқушылардың сөз байлығын молайтуды көздеген тәсілі назар аударарлық.
Мысалы, автор өзі жазған «Әліп бидің» 96-бетіндегі мына тапсырманы оқушылардың орындауына «Тіл жұмсарда» қайтадан ұсынады:
«Сөз туғызу.
ұзын
–
қысқа
–
аз
–
көп
–
суық
–
жылы
–
ашық
–
жабық
–
алыс
–
жақын
–
биік
–
аласа
–
жоғары
–
төмен
–
түзу
–
қисық
–
алыс
–
жақын
–
биік – ..........
аласа
–
жоғары
–
төмен
–
түзу
–
қисық
–
Бұл тапсырма екі мақсатты көздеп отыр: біріншіден, оқушыларға берілген сөздерге қосымша қосу арқылы жаңа сөздер жасау дағдысын меңгертуді мақсат етсе, екіншіден, қарама-қарсы мәндегі (яғни антоним) сөздерді таңдап ала отырып, автор тілде мұндай да құбылыс болатынын сауатын жаңа аша бастаған балаларға аңғарта кетуді лайық көреді.Мұндай көп мақсатты, күрделі сипатты тапсырма үлгілерін қазіргі оқу процесінде де қолдануға болар еді.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі білімі мен оны оқыту әдістемесінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселесіне де көп көңіл бөлген. Ғұлама ғалым әдістемелік еңбектерінде, әсіресе, оқушылардың сауатын ашу (сауаттандыру) ісі балалардың өздері бұрыннан меңгерген сөз маңыналары туралы түсініктеріне сүйене жүргізілуі қажеттігін қайта-қайта пысықтай түседі. Сондай-ақ ол тілі дамыған баланың ойы да тез дамитынын ескере отырып, дидактикалық тапсырмалар жинағы – «Тіл жұмсарда» сауат ашу барысында тіл дамыту мақсатына арналған жаттығуларды көбірек ұсынады. Бұл жаттығу үлгілері қазіргі әдістемешілер үшін де маңызды нұсқау ретінде өз маңызын жойған жоқ.
А.Байтұрсынұлына ілесе қазақ бастауыш мектептеріндегі тіл дамыту жұмысына арнап кітап жазған тілшіғалымдардың бірі – Т.Шонанұлы. Бастауыш мектепте оқушының ауызша тілін дамытуда Т.Шонанұлы «Тіл дамыту» оқулығының (1-ші басқыш мектептер үшін жазылған, 1931) алатын орны ерекше. Аталмыш «Тіл дамыту» кітабы он үш тақыраптан тұрады:
1. Текст. Азат жол. Сөйлем. Сөздерді танытатын ережелер.
2. Грамматикалық тақырыптарды
меңгертуге бағытталған
3. Мәнерлеп оқытуды үйрететін әдіс-тәсілдер.
4. Текстке жоспар құрғызу.
5. Дайын жоспар бойынша тест құрау.
6. Берілген суреттерге қарап әңгіме құрау.
7. Жазылған іңгңмеге сурет салғызу.
8. Берілген сұраққа жауап бергізу.
9. Текске сұрақ қойғызу.
10. Іс қағаздармен жұмыс жасатып ұйрету.
11. Арнайы «Тәл ширату» сабақтарын өткізу.
12. Кітаппен жұмыс істей білуді үйрету.
13. Газет –журналдармен жұмыс жасату [9, 5
].
Еңбектің 1-тарауында «сөйлеу және сөйлем» жайлы теориялық түсінік бере отырып, оның сөйлеуге үйретудегі ерекшеліктерін көрсетеді. Кітапта «Мағынасы мен дауыс ырғағы жағынан толық біткен сөз тізбегін сөйлеу дейді» деп, сөйлеу тіліне теориялық анықтама берiледi. Оқулықта сөйлеу кезіндегі екпін мен дауыс ырғағына зор көңіл бөліп, дауыс ырғағына келтіріп айтуға бірнеше жаттығу бередi. «Сөз ырғағы сөйлеудегі ең қажетті элементтің бірі» екендігін көрсетеді [9, 39].
Телжан Шонанұлы тіл дамытуға арналған тақырыптарды «Сөйлем. Азатты жол. Жоспар. Мақала (Мәтін)» деп тарауларға бөлген. Кітапта бірнеше суреттер мен баланың ойын сол арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрететін тапсырмалар берілген. Мысалы, «Жоғарыда суретті әбден байқап қарап алыңдар, соңынан не жайындағы сурет екендігі туралы дәптерлеріңе жазыңдар» деп сурет бойынша жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдарын көрсетеді [9].
Мәтінді талдау жұмыстарына үйрететін Т.Шонанұлының «Тіл дамыту» кітабында біршама тапсырмалар бар: Мәселен, «...Оқып шығыңдар. Осы мақалада неше азатты жол барлығын байқаңдар, мақаланың азатты жолмен басталған бөлімдерінің мәнісіне зейін салыңдар» деп абзацтың рөлін анықтауды үйретеді. Осы кітаптың 5-бетінде тұтас мәтіннің («Алатау») алдында «Мақаланы оқып шығыңдар. Ішіндегі ойын қысқартып жазыңдар. Онымызды мақаланың жоспары делік» – деп, мәтінді құрамды бөліктерге бөлуге, сол арқылы жоспар түзуге тапсырма берілген.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту