Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

Оқулықта Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе»  романынан үзінді етіп берілген «Бала  Тұрар» мәтіні бойынша жұмыста тәжірибелі ұстаз Тұрар мен Атамырзаны салыстыра  түсіндіре отырып, оқушылардың өздеріне мінездеме бергізеді. Үйден олардың түр-тұлғасын сипаттап айтуға, оны жазып келуді тапсырады. Осы мәтінді оқыту арқылы оқушылардың танымдық білімінің артуына, ой-өрісінің жан-жақты жетілуіне мүмкіндік беретін проблемалық сұрақтардың дұрыс қойылуына үлкен мән береді. «Неліктен бүкіл сынып Тұрар тақтаға шыққанда тына қалды?», «Ал балалар Айбаровқа не үшін күлді?» деген проблемалық сұрақтарға балалардың кез келгені жауап бере алмағанмен, ол жөнінде бәрі дерлік ойланады. Бұл балалардың қиялының ұшталуына мүмкіндік береді», – дейді тәжірибелі ұстаз.

Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың бір жолы – «пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады».

Эвристикалық әңгіме әдісі баланың белсенділігін арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бұл әдістің көмегімен

1) жеке тұлғаның физиологиялық  қасиеттерін: көру, есту, сезіну, ойлау;

2) интеллектуалды қасиеттерін:  салыстыру, талдау, қорытындылау, логикалық,  саналы ойлау;

3) Сезімнің эмоционалды-бейнелік сапаларын: эмоционалды көтеріңкі көңіл-күй, бейнелік, қиялдау, елестету, арманшылдық, дүниені шығармашылықпен көре білу қабілеті;

4) Жеке бас қасиеттерін –  қайырымдылық, бастамашылдық, топпен, жолдастарымен қарым-қатынаста жұмыс  жасай білу, мінез-құлықты дамытуға болады.

Эвристикалық әңгіме әдісінің басты ерекшеліктері:

1) оқушының танымдық әрекетіндегі жоғары белсенділігін арттырады;

2) білімге деген қызығушылығын туғызады;

3) өз бетінше оқу әрекетін қалыптастырады.

Ғалым С.Рахметова мәтін бойынша эвристикалық әңгіме ұйымдастырудың оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызатынын, оқушылардың өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандыратынын, оқығандарына өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге көмектесетіндігін «Қазақ тілін оқыту методикасы» оқу құралында атап көрсетеді: «…көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейін әңгіме эвристикалық сипатта мазмұнын айту емес, оны бағалау, өз пікірін айту, ондағы басты ойды айтуға бағытталады» [23, 37].

Мысалы, М.Әуезовтың «Кешкі дөң басында» әңгімесін қорытындылап, жинақтау үшін былайша жоспарланады:

І. Жаздың жайлы кеші.

ІІ. Күн батар кез.

ІІІ. Дөң басы.

Осы жоспар сызба бойынша  әңгімеленеді:

І бөлік. Жаздың жайлы  кеші:

а) қоңыр салқын леп  еседі;

ә) дымқыл, тұнық ауа;

б) зәрі, ыстығы қайтқан күн;

ІІ бөлік. Күн батар  кез:

а) қара көк тұңғияқ  аспан сияқты;

ә) қызыл торғындай;

б) қызыл өрттің жалынындай;

в) алтын шатырдай қызғылттанады;

ІІІ бөлік. Дөң басы:

а) у-шу, азан-қазан;

ә) биік, сары дөң;

б) бойың биікке тарта  бергендей сезім туады;

в) белгісіз үміт күткендей;

г) қомағай көз (айналаны шарлайды, іздейді, қарайды, көреді);

ғ) биік таулар іріктеліп  аспанға созылғандай көрінеді.

Немесе осы үш бөлімге  мынадай сұрақтар қойып, оқушыларға өз білгендерін әңгімелетуге де болады. Мысалы:

а) Жаздың жайлы кеші қандай?

ә) Күн батар кезде  аспан қандай болады?

б) Дөң басы қандай?

Бердібек Соқпақпаевтың  «Қамқорлық» әңгімесі бойынша «Қожаны  қандай кейіпкердің қатарына жатқызасың?», «Бұл әңгімеден қандай қорытынды  шығаруға болады?» деген сұрақтар беру арқылы әр оқушының ойын, көзқарасын білу арқылы оқушылардың тілін дамытуға болады.

Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге өз елін, туған жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай күнінен  өз халқының ұлттық психология  - сында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдинетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.

   Баланы тәрбиелей  отырып оқыту, халықтық педагогикағакөңіл  қою қазіргі  өмір талабы. Қазақ халқы қашан да имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты қастерлеген. Отбасындағы туған – туысқа мейірімділік, қамқорлық, халқымыздың ежелгі салты.

   Осындай әдет  – ғұрып, салт – санамызды  балаға сіңіруде ана тілінің,  оқу сабақтарының орны ерекше.

  Мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы негізгі мәселе – сөздік қорларын арттыру, ауызша тілін дамыту.  Ауызша тіл дамыту пәнін оқытудағы басты мақсат оқушылардың сөздердің мағынасындұрыс түсініп, шапшаң оқуын жетілдіру. Оқушы өз ана тілінде өте таза, көркем сөйлеуге, автордың көзқарасын түсінуге жетелеу, тәрбиелеу.

  Мектеп жасындағы  балалардың тілін дамыту мақсатында  жасалатын жұмыс түрлері көп  – ақ. Оқушыларға эссе жаздыру,  өлең құрастыру, белгілі бір  тақырып аясында шығарма жазу. Оқушыларға өз ойынан ертегі құрастыру , әңгіме жаздырудың  да маңызы ерекше.

  Қазіргі заман  талабына сай сабақ түрлері  өзгертіліп саяхат – сабақ,  панормалық, аукцион  сабақ болып  түрленіп өтіліп жүр. Бұл сабақтардың  бала тілін дамытуда маңызы  ерекше.

  Қазақ халқы ауыз  әдебиеті үлгілеріне  өте бай. Онда  ананың нәрестеге, әженің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Солауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып бала тілі ұштала түсері хақ.

  Баланың жеке басылық  дамуына оның сөйлеу тілінің  дамуы ерекше рөл атқарады. Тіл  байыған  сайын баланың ой - өрісі шарықтап, қиялы, ақыл – ойы дамиды.

  Баланың ұшқыр  ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар,  мақал – мәтелдерді әр сабақ  сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы орны  ерекше.

   Тіл дамыту  – ізденпаздыққа бастайтын жол.  «Білім негізі – бастауышта» деп тегін айтылмаған. Бастауыш сатысы – оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі.  Қуатты кезеңдегі түбейгейлі мақсат, міндетті түрде жүзеге асыратыноқу пәнінің бірі – ана тілі. «Ана тілі» - 1 сыныпқа арналған  оқулық. Ол «Әліппе» оқулығын аяқталған соң, оқу жылының жартысынан басталып оқытылады.

«Ана тілі пәнін   оқыта отырып, оқушыларды оқуға, сауатты  жазуға және тіл арқылы қарым –  қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін меңгертуге, өз ойы мен пікірін ауызекі және жазба тілде айқын да еркін жеткізе алуға үйретеді. Оқушылар білім негіздерін үйрету арқылы жан – жақты рухани байлық пен адамгершілікке, еңбекке, сұлулыққа, өзОтанын шексіз сүюге тәрбиелеу көзделеді.  Оқушының тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу мен ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгертіпберуді мақсат етіп қою керек. Оқушыныың таным белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары  арқылы іске асыра аламыз. Тіл дамыту жұмыстарындағы негізгі қоятын бағыт – бағдарым – оқушы ойын жүйелі айтуға үйрету, шағын мәтіндер арқылы оқушы қызығушылығын ояту, жүйелі мазмұндатуға қалыптастыру.

  Мысалы: 1 сыныпқа  «Наурыз» мейрамы туралы өтетін  болсақ, Наурыздағы өзгерістер табиғаттағы  жан –жануарлар, құстардың тыныс –тіршілігі туралы айту. «Наурыз» мейрамына байланысты өлеңдер, әңгіме, тақпақтар жаттатып оқушының ауызша тілін жаттықтыру қажет. «Наурыз» мейрамындағы салт – дәстүрлер мен қазақтың ұлттық тағамдары мен (Наурыз көже» туралы айтып түсіндіру керек. Одан соң оқушы ойын ауызша жеткізеді де, ауызша айтқан ойларын жазбаша қағаз бетіне түсіреді. Ауызша тіл дамыту арқылы оқушының ақыл –ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі қалыптасады. Бір –бірімен достық қарым – қатына  мәселесі де дұрыс жолға қойылады.

        Баланың  ауызша тілін дамуына көркем шығарманы қолданудың тағы бір тиімді жағы – оқушы дүниетанымы кеңейіп, әдеби жанрды  тани білуге жаттығады. Сонымен бірге: ана тіліндегі тақырып, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым мағлұматтан бастап теңеу, сипаттау, метафора туралы түсініктерді ажыратуға үйренеді. Ана тіліндегі мәтіндер бойынша балалар кейіпкерлерге мінездеме беріп жаман – жақсыны ажыратады., сипаттамажасап суреттеме береді. Ұйқас түрлерін салыстырып, бейнелілігін тауып оқуға үйренеді.

   Мысал ретінде.  «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»  мезгілдері туралы.

            Қыста қар жауады.

           Жазда күн ыстық болады.

           Күзде жапырақтар сарғаяды.

           Көктемде қар ериді, күн жылынады.

           Осы мезгілдеріне байланысты мақал – мәтел, жұмбақтар айтқызу арқылы ауызша тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.

          Қыс жатады, жаз тұрады.

       Жоқ  болса да қол – аяқ қаз  тұрады. ( Қар)

       Өнері  жоқ қолы жоқ,

       Сурет  салуды біледі. ( Терезедегі қырау)

       Мақал – мәтелдер  жыл мезгілдеріне байланысты:

       Жаз   дайындап берер, қыс қызығын  көрер.

       Жазда  қайрат жұмсаған – қыста қуанар.

       Қыстағы  қар, жаздағы жаңбыр – жерге  жауған нұр.

       Сәуір  болмай, тәуір болмас, Сәуір болса,күн  күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер.

  Сонымен қатар   ауызша тіл дамыту жұмыстарының  тағы бір қыры – оқушыға  шығарма, әңгіме  құрастырумен  қатар жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер  құратып үйрету. Оқушының жас  ерекшелігіне байланысты, білім  дәрежесіне, қазақ тілін игеруіне орай, мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, қысқа мәтіндер,әңгімелер көптеп пйдалану қажет. Оқушының жас ерекшелігіне байланыстытүрлендіре жүргізгенжұмыс – оқушының жүйелі ойлау қабілетін тудырып, шығармашылық ізденіске бейімдеушілігін молайтады, тіл байлығын арттырады. Ауызша тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып, әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады. Бала жұмысына сын көзбен қарап бағалауға, ойын еркін, дұрыс, ашық айта білуге үйренеді. Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп  күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашылық ізденісті тереңдете түсу – менің және барша ұстаз қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ.       

      Әміровтың  « Бірінші класта оқушылардың  тілін дамыту үшін істелетін  жұмыстар» кітапшасы мен І  класс оқушыларының тілін дамытуға арнап шығарған І О суретінің ауызша тіл дамыту жұмысы ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор болды. Кітапшадағы  ауызша тіл дамыту жұмысына бағдарламада сағаттардың аз берілуі, бұл жұмыстың мектептерде дұрыс жолға қойылмай келе жатқандығы жөніндегі пікірлер өте орынды айтылған.

  Алайда бұл суреттер  әрі алғашқы бастама, әрі суреттің  мазмұнын оқушылардың қалай қабылдайтыны  байқаудан эксперименттен өткендіктен,  олардың тақырыбының іріктелуі  мен мазмұнына кемшіліктер байқалады.  Сонымен қатар суреттердің орындалуына нашар, балалардың эстетикалық талғамын тұрпайыландыратындай, класқа арналған суреттердің ішінде « Көмек», «Бие», «Қораз», «Егеб басында» тақырыптарына берілген суреттер жүйелі әңгіме  құрау үшін балалрдың түсінігіне ауыр. Мысалы , І классоқушылары « Көмек» суретіне өздіктерінен ат қол алмады, ал « Бие» «Ақ қайың» суреттер бойынша сипаттау әңгімесін  құрай алмады.

 Сол  кезде шыққан  ІІ класқа, ІІІ класқа арналған  суреттердің де пайдасымен қатар  кемшіліктері де болады:

 І. Үш класқа  арналған суретерде жүйелілік принцип сақталмаған. Соның салдарынан дидактикалық принцип бұзылып қиындарындағы  класта оңайы кейін материалдар дұрыс орналаспаған.

ІІ. Тақырып таңдауда  да бір дидактикалық принцип толық  салмағандықтан үш класта бір тақырып 3 рет ( Құрылыс», 2рет « Көмек», « Жолдастық» (Аң аулау» қайталанады.

  Ұсынылған суреттерде. Қай класта жұмыстың қандай  түрлері өтетіні есептеліп,суреттер  сол жұмыс түрлеріне лайықталып  берілмеген.

 «Сурет» «Картина  терминдерінің өзі үш кластаекі  түрлі қолданылған.

  Сонымен қатар  осы кезде жазылған ІІ кластың  « Ана тілі» кітабына әдістемелік  нұсқау ретінде шыққан Х.Арғынов  пен Ғ.Сүлейменовтың « Ана тілін  оқыту жөнінде» еңбегін де  атау қажет. 

  Өйткені кітапта  оқылған шығармашылығы балаларлың  түсінуінің маңызы, әсіресе түсініп оқу мен мәнерлеп оқудың балаларға шығарманың мазмұнын меңгертудегі қасиеті әңгімеленген.

  Сондай-ақ көркем  шығарманы, ғылыми мақалаларды  оқу, оқылған шығарманы бөлімге  бөліп, ат қою, талдау, шығармаға  жоспар жасау, мысалдар мен  мақал - мәтелдер, жұмбақтар жаттау жұмыстарына берілген әдістемелік нұсқауда тікелей оқушылардың ауызша тілін дамыту көзделген.

  Бастауыш мектептердегі  оқыту әдістемесі 1965 жылдардан бастап  алғаш рет ғылыми – зерттеу  оъектісіне айнала бастады.

   Мысалы, М.Жұбанова, С.Қазыбаева, М.Әуелбаева, М.Бүрлібаев, Р.Мұраталиев т.б еңбектерінде оқушылардың ауызша тілін дамыту әр қырынан сөз болады. Бұл орайда С.Қазыбаевтің «Сөз құрамын оқыту барысында түбірлес сөздер мен омоним сөздерді бір- бірінен  ажыратып түсіндіру қажеттігі» туралы айтқан пікірін, Ш.Әуелбаев пен М.Жұбанова кітаптарындағы  ауызша тіл дамытуға арналған жаттығу үлгілерін М.Жазыбаев пен Ә.Нағашыбаев еңбегінде оқушыларды көп саз білуге ынталандыратын ұтымды ойын түрлерін, М. Бүрілбаев пен Р. Мұраталиев кітабындағы сөз мағыналарын меңгертуге арналған жаттығу үлгілерін атап өтуге тиіспіз. Сондай –ақ бастауыш кластарда «Ана тілін» оқыту әдістемесін зерттеушілер  А.Асқарбаева, Т.Әбдікәрімова т.б. өздерінің мақалалары мен нұсқауларыда пәаралық байланыс мәселесін қарастыра келіп, оқушыларға сөздердің мағыналық реңктерін меңгерту әдістерін де назар аударады.

 Алматы облысы Қаратал ауданы С.И. Морозов атындағы №51 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Э. Найзабекова  «Жылу» және  «Әже» тақырыбында өткізген сабағында ауызша тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізген. Оны төмендегі сабақ жоспарынан байқауға болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту