Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

1. Оқушы бір ойды  әр түрлі жеткізуге болатынын түсінеді.

2. Оқушы ойын жеткізуге керекті  сөзді тез табуға жаттығады.

3. Ойын жеткізуге тиісті сөздердің  ең тиімдісін таңдай білуге  дағдыланады.

4. Өз сөзімен сөйлеуге қысқарта  сөйлеу де жатады.

5. Мәтінді өз сөзімен сөйлеу  толықтыру арқылы да жүзеге асады.

Бастауыш сынып оқушысында оқулықтағы мәтіндер қалай жазылса, солай ғана әңгімелеуге, айтуға болады, басқаша  айту мүмкін емес деген пікір қалыптаспауы керек. Ол үшін мұғалім бір мәтіннің өзін әр түрлі баяндауға болатынына оқушының көзін жеткізуі керек.

Егер оқушылар мәтінді бір тектес баяндаса, «оны тағы да қалай айтар  едіңдер» деп, басқаша айтуға шақыру қажет. Оқушылар мәтінді түрліше  баяндаса, мұғалім өзі түрліше баяндаудың үлгісін көрсетеді. Егер бұл жұмыс үнемі жүйелі түрде жүргізілсе, оқушылар мәтінді өзінше баяндауға тырысады, соған жаттығады. Экспериментте бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп отырғандықтан, оқушылар мәтінді  өзінше баяндауда  бірінен-бірі қалмауға тырысып, жарысуға дейін барды. Бұл жұмыстың түрі оқушыларды қызықтырып, одан жақсы нәтиже  алынды. Бір ойды әр түрлі айтуға болатынын түсініп, оған әбден дағдыланды.

Сөйлемдегі сөздердің  негізгілерін мағыналас, синоним сөздермен  ауыстыруға үйрету.

Бұл оқушылар 1-сыныптан бастап, осылай бір сөздің орнына басқа  сөзбен ойын жеткізуге әбден жаттыққан. Оған мұғалімнің бұл ойды басқаша тағы қалай айтуға болады деген сұрағы жетелейді. Сол арқылы жаттықтыру жұмысы жүргізіледі, мәтінді түгел өз сөзімен айтуға  алдымен сыныппен жүргізілген дайындық жұмысы жақсы нәтиже  береді. Мәтінді өз сөзімен айтуға  дайындауда мағыналас сөздерді іздеттірудің атқаратын қызметі зор. Оқушылар бұл әдіске әбден жаттықса, мағыналас сөздерді тез табатын болады.

1-сыныптан бастап, мәтінді  жаңа сөздер қосу арқылы толықтырып  қоймай, оның мазмұнын жалғастыруға  үйрету арқылы да  ауызша тілін дамытуға болады. Бұл, әсіресе, оқушы өміріне жақын, таныс уақиғаларға қатысты мәтіндерге байланысты. Мысалы, әліппеде «Лақ» деген мәтін бар. Бұл мәтінді өткенде, ауылды жерде оқушыға үйіндегі лағы туралы айтқызып, мәтінді жалғастыру жұмысы жүргізілді. Оқушы өзінің  үйінде-ақ және қара лағы барын, оларды өзінің жақсы көретінін айтып, мәтінді жалғастырды.

Оқушыны мәтіннің мазмұнын толық баяндауға үйрету. Әліппе мәтінінің мазмұнын оқушы түгел айтуға тырысады және оны орындайды. Әліппеде мәтін өте қысқа келеді, ол оқушының есінде жақсы сақталады да, оны көбіне түгел айтып береді. Бірақ барған сайын мәтін күрделене береді. Міне, осы кезде мәтіндегі негізгі оқиғаны түгел айтып, бірақ мәтіндегі негізгі ойды жеткізуде ол қылық тудырмайтын сөзді сөйлемдерді қысқартып баяндауға үйрету керек. Бұл оқушыны мәтіндегі негізгі ойды ажыратуға, оны таба білуге үйретеді. Мәтінге өзек болып тұрған негізгі ойды табуға үйретудің мәтінді түсінуге де әсері күшті. Жақсы түсінген мәтінді оқушылар жақсы әңгімелейді. Ауызша тіл дамыту үшін ол өте қажет жағдай болып табылады.

Мұғалім үйден мәтіндегі оқиғаның мазмұнына байланысты ретімен сурет салып, тірек сөздерді жазып  келеді. Мәтінді оқып болғаннан кейін, суретті іліп қойып, балаларды сол бойынша баяндауға кезек-кезек шақырады. Оқушылар әр кадр бойынша кино көріп  отырғандай, мәтінді әңгімелеп шығады. Бұл тәсіл  балаларды қызықтырады, жалықтырмайды, бірінен соң бірі әңгімені жалғастырып отырады. Сынып оқушылары әңгімеге түгел қатысып, белсенділік көрсетті.

Мәтінді толық баяндауға  қажетті тәсілдердің бірі – заттың белгілерін қосып айту, қимыл-әрекеттің қашан, қай жерде болғанын қосып толықтырып баяндату. Мәтіндегі негізгі ойларды сұрақ арқылы баяндату да мәтінді толық әңгімелеуге септігін тигізеді. Мәтіннің мазмұнын түгел баяндауға толық жоспар арқылы әңгімелеу де жақсы көмектеседі. Мәтінді кинофильм ретінде баяндату мен жоспар арқылы әңгімелеудің ойды толық жеткізуге қалыптастыру, жаттықтырумен бірге тағы бір пайдалы жағы бар. Ол оқушыны өз ойын жүйелі жеткізуіне байланысты сөйлеуге дағдыландырады. Бұл – ауызша тіл дамытудағы өте бағалы мәселе.

Сонымен жұмыстың келесі бір түрі – оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем өзгертіп әңгімелеу. Мұнда оқушылар оқылған шығарманың бір кезінде өз ойынан ондағы оқиғаның арасына әңгіме қосып айтады.

Ол үшін мәтіннің  мазмұны толық  талданып, бірақ әңгімедегі ой толық айтылмай, толықтыруды қажет етіп тұрған жағдайда ғана, оқушылар әңгіме құруға бағытталады. Бір сөзбен айтқанда, шығарманың  сипатын ескеру  керек. Өйткені кез-келген шығарманы жалғастырып әкетуге болмайды. Сондай-ақ ойға келген бос оқиғаны да қоса салуға болмайды.

Мәтін мазмұнын оқушылар өзі қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде өзгертіп, әңгімелеп және өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады. Жұмыстың бұл түрі де оқылған мәтіннің мазмұнын балалар  толық та саналы меңгерген кезде  ғана ұйымдастырылады. Мұндай жұмыс балаларды өз беттерімен ойлануға, ізденуге, әңгіме құрастыруға, өздеріне қажеттіні таба білуге үйретеді. Оқушылар мәтіндегі оқиғаның аяғын өз ойынан шығарып, шығармадағы оқиғаның арасына өз жанынан, аз-кем өзгертіп, әңгіме қосады.

Бірақ мәтін желісіне ойдан қосу оның мазмұнымен қабысып кететіндей болғаны жөн. Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін қандай шығармалардың қолайлы болатыны алдын-ала  ойластырылуы керек те, сабақта оқушылармен жүргізілетін жұмысты сұрақ-жауап арқылы соған қарай бағыттау қажет.

Мәтіннің мазмұнын  толық айтудың, қысқаша айтудың, яғни әр қайсысының өзіндік орны бар. Оқушы оның бәрін білуге тиісті. Өмірде толық айтудың қажеті бар, қысқа айтудың қажеті бар жағдайлар болады. Мұғалім оны оқушыға түсіндіруге тиісті. Қысқартып баяндаудың негізі сол әңгіме негізгі идеясын.

Оқушыны өз ойын басқаға дұрыс жеткізуге үйрету. Ауызша тіл дамытуға қатысты жұмыстың бұл түрінің маңызын дәлелдеудің өзі артық. Дұрыс сөйлеу, ойын анық, дәл айта білу, түсінікті сөйлеу – кімге де болса, қойылатын негізгі талап. Айталық, көркем сөйлеу, шешен сөйлеу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан ана тілінде сөйлеушілердің бәріне бірдей талап қойыла бермейді. Олай болса, бастауыш мектептен бастап, оқушыны ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету мұғалімнің негізгі міндетіне жатады. Ол – ана тілі, қазақ тілі сабағына ғана қатысты мәселе емес. Ол – оқушының қай сабақтағы болса да сөйлеуіне, сабақтан тыс уақыттағы, үзіліс, жиналыс кезіндегі, жалпы мектеп өміріндегі әр сөзіне қатысты нәрсе. Отбасындағы өмірінде оқушының дұрыс сөйлеуі ата-ана назарында болуға тиіс.

Дұрыс сөйлеуге дағдыландыруда мәтіннің мазмұнын әңгімелеудің, мазмұндама, шығарма жазудың маңызы өте зор. Дұрыс сөйлеуге жаттықтыру жұмысы осы  жұмыстың түрлерінде көбірек жүргізіледі. Сондықтан мәтіннің мазмұнын әңгімелеуде оны қалай іске асыру жөнінде аздап тоқталуға болады.

Қорыта айтқанда, оқушы  тілінде  кемшілік болмай, оның дұрыс  сөйлеуі, жүйелі сөйлеудің  оқушыда  қалыптасуы мұғалім жұмысына тікелей  байланысты. Сондықтан оқушы тілінің дұрыс дамуын мұғалім қалыптастырады. Мұғалім оқушының қалай  сөйлегенін  үнемі қадағалап, оған дұрыс сөйлеудің  үлгісін  көрсетіп, қатесін уақытында түзетіп отырса, оқушыны дұрыс сөйлеуге үйрете алады. Ал дұрыс сөйлеу – ауызша тіл дамыту ұғымына кіретін мәселе.

Мәтіндердегі  көркем сөз, көркем ой  арқылы байланыстырып  сөйлеуге үйрету   Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесінде мәтінмен байланысты түрлі ауызша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу іске асырылады. Ғалымдардың да бұл туралы ұсыныстары бар. Эксперимент кезінде тәжірибелі мұғалімдердің де, ғалымдардың да пікірлері ескеріліп, мәтіннен байланысты түрлі ауызша тіл дамыту жұмыстарын жасалды. Соның бірі – мәтіннің жағын өзгертіп әңгімелеу.

Мәтінмен байланысты ауызша тіл дамыту жұмыстарының шығармашылық түріне мәтіннің кімнің атынан айтылғанын өзгертіп баяндау жатады. Айталық, мәтінде әңгіме автордың атынан 1-жақта баяндалса, оқушыны  3-жақта әңгімелеуге үйрету керек. Ал мәтін 3-жақта берілген болса, оқушыны 1-жақта баяндауға үйрету керек.

    Келесі шығармашылық жұмыстың түрі - мәтінді   диалогке айналдырып, оқушылардың рөлге бөлініп баяндауы. Бұл жұмысқа лайықты  мәтіндерді мұғалім күні бұрын белгілеп, дайындық жүргізеді,  оқу жұмыстары біткеннен кейін қай оқушының кімнің рөлін баяндайтынын айтып, әзірлік жасайды. Содан кейін рөлмен баяндауға оқушылар кіріседі. Мысалы, 3-сыныптың оқулығынан «Ас атасы – нан?», «Дәмді сорпа» т.б. мәтіндерді рөлге бөліп оқытса, бала қызығады да, мәтінді саналы ұғуына мүмкіндік болады

Бұл жұмыс түрлері  сабақта түгелімен орындалады, кейде  олар ықшамдалған түрде іске асырылады. Бұл шығармашылық (творчестволық) жұмыс деп те аталады. Шығармашылық жұмыста еске алатын тағы бір қосымша мәселе – материалдардың қай-қайсысының да тартымдылығына, тиімділігіне көңіл бөлу. Шығармашылық жұмыстың барлығы да балаларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ой мен дүниетанымын кеңейтуге, ауызша тілін дамытуға септігін тигізеді. Оқулықтағы мағынасы терең көркем сөздерді сабақ үлгілеріне қолдануға пайдасы тиеді. Мәтіндерде кездесетін сөз тіркестері мен көркем сөздерді және көркем ой үзіндіні түсіндіру арқылы, оған эмоциялық әсер бере, әсемдікті сезіндіртіп оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулиды. Көркем сөзбен жұмыс жүргізгенде әуелі оларды тақтаға және оқушылардың дәптеріне жазғызып қояды да, әрі қарай түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізіледі. Бұл айтылғандар оқулық мәтіндерімен жұмыс жүргізу барысында нақтылана түседі, оған көз жеткізіледі. Алғашқы көркем сөздерден әдемі көркем тіркестер жасалады. Бұл баланың есіне сақталуына тиімді болады. Мысалы:

 

                                 орман                       нан


    бақ              жастық


Жап-жасыл      шөп    Жұп-жұмсақ         жер


    сай              мақта

    жер              мінез

 

 

 

Көгілдір аспан деген тіркестен мынадай сөйлемдер құрылады:

Көгілдір аспан  әдемі көрінеді.

Жап-жасыл  дала деген тіркестен мына сөйлемдер құрылады:

Алыстан жап-жасыл  дала мұнартады.


 

 Енді осы тіркестер  бойынша мысал: Көгілдір аспан  – дегенде тағы қандай аспан? - деуге болады.

 

 

 

 

 


                    


                                 

                    


                   



 

 

 

 

 

Енді орманның жаздағы  бейнесін балаларға сұрақ қою  арқылы жауап алынады.

- Жазда орман қандай  түске боялады?

- Орман жап-жасыл түске  боялады.

- Жазда орман ішінен  қандай жануарлар көрінеді?

- Орманда құстар, аңдар,  жәндіктер көрінеді. Олар – аюлар  , қояндар, қасқырлар, торғайлар,  тоқылдақтар, сауысқандар, көбелектер, шегірткелер, құмырсқалар т.б.

- Орманда қандай өсімдіктер  болады?

Орманда қайың, қарағай, үйеңкі, саңырауқұлақтар, түрлі-түсті  гүлдер, шырмауық, бүлдірген, итмұрын, жалбыз т.б.болады.

- Жазда орманның іші  қандай болады?

- Көлеңкелі, салқын  самал, көңілді болады.

Осы бойынша жаздағы орман бейнесінен мәтін құрастырылады:

Орман

Жазда орман  жап-жасыл түске боялады. Ауасы  салқын, көлеңкелі, көңілді, орманда  көптеген өсімдіктер мен жануарлар  кездеседі. Олар: аюлар, қояндар, тиындар, сауысқандар, тоқылдақтар, көбелектер, инеліктер тағы сол сияқты жәндіктер. Осындай көңілді орманның ішінде құстардың шықылықтаған дыбысы, аңдардың шулаған даусы, жәндіктердің ызыңы естіледі. Орманда әдемі көз тартарлық түрлі-түсті гүлдер, ағаштар, өсімдіктер өседі. Жоғары қарасаң, ағаштардың қалың жапырақтарының арасынан күннің шуағы түсіп тұрады.

(Оқушының ойы осы  бағытта әңгіме құрастыруға икемдей  тартылады). Бұл сияқты жұмыс оқушылардың  айтылған сұрақтары шашыранды  қалмас үшін, жинақталған мәтін  шығарылып отыру, баланың ой-өрісін  дамытады. Табиғаттың сұлу көрнісін тани біліп эстетикалық талғамы артады да,  аяушылық сезімі оянады.

Жалпы алғанда, мұғалім  сабақ барысында,  сабақтан тыс  кезінде де оқулықтан теріліп  алынған сөздермен байланыстырып, көркем сөздер мен көркем ой үзінділеріне ерекше мән беріп жұмыс жүргізу жағын үнемі қарастырып отыруды естен шығармауы керек. Сонда ғана  мұғалімдер өз істерінің нәтижесіне жетеді.

Ең негізгісі, балалар  қазақтың әдемі сөздерін барынша  біліп, бойына сіңіріп, эстетикалық  сезімі артып, адамгершілік қасиеттері жоғарылайды. Бұл әлеуметтік-мәдени  құзіреттілігі қалыптасып, өз ойын көркемдеп жинақтап жеткізе білетін, сөздің астарлы мағынасы мен көркем ой үзінділерін түсіне біліп, оны сөйлеу барысында қолдана алатын тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.

 

  2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері

Қазіргі таңда сабақ  өтудің әдістемесі де, әдіс-тәсілдері  де үнемі жетіліп келеді. Оқыту  әдісі – әдістемелік жүйенің  басты құралы және ол екі жақты  үдеріс. Оқыту барысында, әсіресе  бастауышта тілдік білім беру басты мақсат екені белгілі, ал оны күнделікті өмірде іске асыру одан да маңызды. Сондықтан тілді тиімді меңгерту үшін, мұғалім оқытудың практикалық сипатына көбірек көңіл бөледі. 

Педагогика  ғылымының  іргетасын қалаған ғалым А. Байтұрсыновтың «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу; әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйенетін қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,- дегені дәлел. Демек, сабақтың нәтижесіздігі мұғалімнің әдістерді білмеуінен ғана емес, бүкіл сабақ барысында бір ғана сүреңсіз әдісті қолдануынан. Себебі, бүкіл сабақ бойында бір ғана іс-әрекетті орындағанда, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы бәсеңдеп, білімді игеру деңгейлері төмендейді. Сондықтан мұғалім оқыту үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданатындығын алдын-ала ескеруі қажет. Дұрыс іріктелген әдіс тек оқушының білімді игеруіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның шығармашылық қасиеттерін де арттырады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту