Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 11:01, реферат

Краткое описание

Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады.

Файлы: 1 файл

biket.docx

— 124.18 Кб (Скачать)

1.1 Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі

Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды  адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне  жаратады.

     Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен  сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір  алысады. Ана тілінде халқымыздың  өрісін көрсететін әдеби, мәдени  туындылар жасалады. Ана тілі  – халқымыздың өмір сүріп,  қоғамды жан-жақты дамытып отыруының  әрі көрінісі,  әрі кепілі. Өйткені,  біріншіден, ана тілі халқымыздың  дүниеге келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбин ала алмаған халықтың келешегі жоқ. Себебі ол халық біртіндеп тарих сақнасынан шығып кетеді.

     Өз ана тілін білмаген, қадірлемеген  адам  өзін дүниеге әкелген,  мәпелеп өсіреген анасын да, ел-жұртын  да, Отанында сүйе алмайды.

      Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы  қатынас құрал болғандықтан, ол белгілі бір адам арасында, қоғамды өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз – адамның ойын бір-біріне жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мұғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа ұғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мұғалімнен сұрау немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мұғалімнің сұрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі – осының бәрә тілдің қатынас құралы болуы арқылы іске асады.

      Қазақ  тілінің қоғамдық қызметі  үй ішінде отбасы мүшелерінің  арасынджа бір-бірімен түсініп,  сөйлесу үстінде, оқу орындарында  білім алу, тәрбие беру істерінде,  жұмыс орнында, ұжымда адамдардың  бір-бірімен қатынас жасауы кезінде жүзеге асады. Осыған байланысты қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тербие саласында, мәдени өмірде қоғамдық-саяси өмірде ғылым саласында, іс-қағаздар ісінде, т.б. өз міндетін атқарып, халқына қызмет етіп келеді.

      Жастайынан қиялыңды қияға өрлеткен  ғажайып ертегілер, шыншыл да  сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті,  елдікті дәріптеген батырлар  жырлары, шынайы махаббатты мұрат  еткен әсемде әсерлі ғашықтар, лиро-эпостық жырлар, береке-бірлікті  мақсат еткен өткірде өміршең  шешендік сөздер, халық даналығы  – мақал-мәтелдер ана тілінде  дүниеге келіп, әрбір адамғак  сол бір ана тілінде жетіп  отырады. Ана тілінде тараған  осындай халық мұраларынан ғибрат  аласың, оларды өмірге өнеге етесің. Одан жақсы, жаманды танып әсерленесің, білуге, білім алуға деген құштарлығың артады. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөқйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайцдың данышпандылығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан ана тілінің қиын тағдыры үшін күйінуге де, өсіп-өркендесе шаттануға да тиіс боласың.

     Ана тілінің күші мен құдіретін  туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап,  сөз өнерін бар өнердің басы  деп санады. Мысалы, «Өен алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жараджы», «Түгел сөздің түбі бер, түп атасы Майқы би», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген», т.б. сөдер халқымыдың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы – тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған.

1.2  Бір  ғана түбірден тұратын негізгі  және туынды түбір сөзді дара  сөз дейді.

Екі немесе одан да көп түбірденг құралған сөзді  күрделі сөз дейді. 

1.3 Өнерлі  жігіт өрге озар,   

Өнерсіз жігіт  жер соғар.

2.Білекті  бірді жығар,   

Білімді мыңды  жығар.

3.Сөз тапқанға  қолқа жоқ.

4.Аңдамай  сөйлеген ауырмай өледі.

5.Көз жетпеген  жерге сөз жетеді.

6.Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, 

   Еменнің  иілгені – сынғаны.

2. Айтылған  сөз – атылған оқ.

8. Қарға сұңқар болмас, есек тұлпар болмас.

9. Арғымақ  аттың баласы,   

 Аз оттар  да, көп жусар.   

 Азамат  ердің баласы   

 Аз ұйықтар  да, көп жортар.

10. Сырын білмеген  аттың сыртынан жүрме. 

2.1 Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Әдеби тілдің жүйелік  сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген  ұғымды, бір жағынан, тек жазба  әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби  тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп  алып, соның нәтижесінде жазуы  болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап  келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса  кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді  пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.

Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті  өндірісінің құралы болуы оның жүйелік  сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа  әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен  анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі  сол тілдің иесі боып табылатын халық  өкілдерінің баршасына түсінікті  және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы  сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің  жүйелігі мен қалыптығы негізінде  ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір  күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетикалексика, сөзжасам, грамматикаморфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.

Әдеби тілдің қоғамдағы  басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы  тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік  қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның  ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап  береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің  осы коммуникативтік қызметі  арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби  тілдің коммуникативтік қызметі  адамдар арасындағы қарым-қатынас  құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан  белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты  нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі  сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен  орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол  сияқты морфемалар мен дыбыстардан  тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым  құрайды да, ерекше коммуникативтік  қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай  аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға  жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге  де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін  күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби  тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі  болып табылады.  Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:

    1. Әдеби тіл белгілі  халықтың бір ғана тобы сөйлейтін  бір диалектісінің негізінде  қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеудиалектісініңтатар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.

    2. Әдеби тіл кейде  сол халықтың өз ана тілі  емес, бөтен халықтың тілі болуы  да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби  тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің  жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.

    3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.  

    2.2 Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы: жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады :жол-дас-тық-қа.

        Сөйтіп  сөздің тұлғасы деген ұғымға  түбір және қосымша деп аталатын  бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз  бір түбірден де қосымшалы  түбірден де екі түбірден де  құралады. 

    2.3 Айтқан, барар, бармақ. 

    3.1 Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау. 
    Осы т
    үбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. 
     
    Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады. 
    Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. -ын және -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық — адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер — туынды түбірлер. 
    Бір с
    өзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі — өн. 

               3.2 Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

    Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Туында зат есім жұрнақтар жалғану арқылы жасалады 

3.3 ә — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.

       д — дауыссыз, ұяң, тіс, ашық дыбыс.

       і — дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.

       С — дауыссыз, катаң, тіс, ызың дыбыс.

       

       е — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.

      р — дауыссыз, ұяң, тіс, ызың дыбыс. 

4.1

     1.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: Өнеркәсіп, шикізат, куншығыс т.б.

     2. Біріккен сөздердің жазылу үлгісі екі түрлі болады:

      а) біріккен сөздердің сыңарлары түбір тұлғасы сақталып, бірге жазылады. Мысалы: ақсақал, Мырзашөл, Кенжебек, Оқжетпес т.б.

Информация о работе Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі