Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 11:01, реферат

Краткое описание

Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады.

Файлы: 1 файл

biket.docx

— 124.18 Кб (Скачать)

Морфологиялық сипаттары

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір  алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеусөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семізшық (мақал).

[Синтаксистік қызметі

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашанпысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту  үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді 

Семантикалық топтары

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне  қарай, сапалық(негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай?(қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер  деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.

Қатыстық  сын есімдер

Қатыстық сын есімдер  деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер(мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс  

5.2 Қос сөз– қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. 
 

6,1 Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. 

Сапалық сын есім. Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман), тұп-тұщы (өзен).

қатыстық сын есім. Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді. Қатыстық сын есімнін мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасымен байланысты, соған катысты болады. 
 
Мысалы:
өнерлі шігіт — өнердің неше түрін білетін жігіт екенін немесе жігіттін өнерінін моддығын, орманды алқап — орманның байлығын, ағашының молдығын көрсетеді. Сонымен, заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алады. Ал заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. 

6.2 айталама қос сөздер 
Бір т
үбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Олардың жасалу жолдары мынадай: 
1)
Қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей кайталануы. Мысалы: тау-тау астық, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, үйдей-үйдей боп жатыр, алпамсадай-алпамсадай жігіттер т. б. 
 
2) бір сы
ңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы. Мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, өз-өзінен кысылды, жүзбе-жүз көрісті т. б. 
3) бір т
үбірдің әр түрлі қосымшада тұрып кайталануы. Мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолмен кетті, ерні-ерніне жұқпады, айтып-айтпай не керек, орынды-орынсыз күлме, барар-бармасымды Құртқа біледі т. б. 
4) екінші сы
ңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына -м, -п дыбыстары қосылып жасалады. Мысалы: ет-мет, шай-пай, түйе-мүйе, ат-мат т. б. 
5) еліктеуіш с
өздің екінші сыңарында кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы. Мысалы: тарс-тұрс дыбыс шыкты, жалт-жұлт етті, найзағай жарқұрқ етті. 

6,3 Сөз табы:Зат есім сұрағы:кімдер?

Сөз түрі:атауыш

Құрамына  қарай:дара жұмысшылар

Тұлғасына карай:туынды

мағынасына  карай:деректі,жалпы 

7.1Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады. 

7,2 Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер дейді. Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздер немесе мағыналары бір-біріне қарама-қайшы келетін антоним сөздер косарланады. 
 
Мысалы: ая
қ-табақ, құрт-құ.мырсқа, құрбы-құрдас, әке-шеше т. б. Бұнда аяқ та, табақ та ыдыстар, құрт та, құмырсқа да жәндіктер, құрбы да құрдас та замандастар, әке де, шеше де ата-аналар. Ал кәрі-жас, улкен-кіші, ұзынды-қысқалы, қысы-жазы деген қос сөздердің бірінші сыңары екіншісінің мағынасына қайшы келіп тұр. Осы қасиеттері жағынан қосарлама қос сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсас, жақын болып келеді, олардың сыңарлары тұлғалас болып отырады. Бұндай қос сөздерді кейде арасына жалғаулық шылауларды келтіріп, бірыңғай мүше етіп қолдануға болады. Мысалы: Кәрі-жас тугел жиналды — кәрі мен жас тугел жиналды, айқай-щу тыйылды — айқай да, шу да тыйылды т. б. 
Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады. 
1. Ма
ғынасы бір-біріне жақын (синоним) я қарама-қайшы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: аға-іні, үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, жата-жастана, ауыл-аймақ т. б. 
2. Бір сы
ңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: бала-шага, жүн-жұрқа, құда-анда, көйлек-көншек т. б. Қазіргі кезде мағынасыз делінетін сыңарының ерте кезде мағынасы болған, тек кейін ұмытылып қалған. Ондай сөздердің көпшілігі көне сөз немесе басқа тілден енген сөз болып табылады. Мысалы: бала сөзі түсінікті шаға деген де көне кезде бала, кішкентай деген үғымды білдірген (қызыл шақа дегенді салыстыр), ол мағына қазірге дейін кейбір түркі тілдерінде (мысалы, түркімен тіліңде) бар. Жұрқа сөзі көне монғол тілінде жүн, анда сөзі көңілі жақын, дос адам деген мағынада қолданылған. Көне түркі тілінде көншек жалаңаш етке киетін киім болған. 
3. Екі сы
ңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: ығы-жығы, оқта-текте, некен-саяқ т. б. Бұл сияқты сөздер қазіргі кезде ешбір мағына білдірмесе де, бұрынғы кезде мағынасы болған. Мысалы: ығы сөзі де, жығы сөзі де көне түркі тілінде жиын деген мағынаны, монғол тілінде некен де, саяқ та жеке бөлек деген мағынаны, оқта да, текте де кейде деген мағыналарды білдірген. 
4. Кейінгі кезде
ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар. Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде әр тұлғада бола береді. Мысалы: үгіт-насихат бөлімі, оқу-ағарту саласы, саяси-экономикалық жағдай, қоғамдық-саяси әдебиет, саяси-көпшілік әдебиет, оку-методикалық кабинеті, қазақша-орысша сөздік, мәдени-ағарту бөлімі т. б. 
Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де де әрқашан дефис арқылы жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: барар-бармасымды Құртқа біледі деген сөйлемде І-жақ тәуелдік жалғауы (-ым) мен табыс септік жалғауы (-ды) қос сөздің екінші сыңарына (бармас) жалғанған, бірақ бұл қосымша білдіретін мағына (І-жақ тәуелділік және тура объектілік) қос сөздің бірінші сыңарына да ортақ: барар-ым-ды.

Информация о работе Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі