Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 11:01, реферат

Краткое описание

Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады.

Файлы: 1 файл

biket.docx

— 124.18 Кб (Скачать)

7.3 б — дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.

     а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.

л — дауыссыз, ұяң, тіс, езулік дыбыс.

ы — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс

қ — дауыссыз, қатаң, ашық, езулік дыбыс.

ш — дауыссыз, қатаң, қысаң, езулік дыбыс

ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.

8.1 Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер  қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды  сан есімдер

Туынды сан есімдер  негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б. 

8.2 Қысқарған сөз (орыс. сокращённое слово) — 1) қ. Аббревиатура; 2) қысқартылып қолданылатын сөз формалары, атаулар. Мысалы: құрметтеу мәнінде адамдардың атын қысқартып қолдану: Сәке, Мәке; жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жазуда ықшамдалып қолданылуы: т. б. — тағы басқа, мыс. — мысалы, см — сантиметр. Қазақ тілі грамматикаларында осылардың бәрі қыскарған сөз деп аталады. 

8.3 Сөз табы:Зат есім сұрағы:кім?

Сөз түрі:атауыш

Құрамына  қарай:дара жұмысшы

Тұлғасына карай:туынды  

9.1 Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер. 
Заттың дәл, нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сандық ұғымдағы сөздерді есептік сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, үш, он, мың, отаз үш, тоғыз жүз тоқсан т.б. Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімдерден жасалады. 
Заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұрауға жауап беретін сан есімнің түрі реттік сан есім деп аталады. Ол есептік сын есімге -ыншы,  
-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Отыз бес-інші, қырқ-ыншы, бір-інші, жет-інші т.б. 
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімді сан есім дейді. Жинақтық сан есім есептік сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жетіге дейінгі сандарды қамтиды. Мысалы, бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу. Екі, алты, жеті сан есіміндегі соңғы -ы,-і дыбыстары дауысты дыбыстан басталған қосымшаның әсерінен түсіп қалған. 
Заттың санын топтап көрсететін, қаншадан? нешеден? деген сұраққа жауап берстін сан есімді топтау сан есімі дейді. Топтау сан есімі дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдер мен екінші сыңарына шығыс септігінің жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, елу-ден, алпыс-тан, бес-бестен, он-оннан т.б. 
Заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетіл, қанша? неше? қаншадан, қай шамалы? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімнің түрін болжалды сан есім дейді. Болжалды сан есім септік сан есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап - леп, -дап, -деп, -тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы: мың-даған, жүз-деген, мың-деп, жүз-деп, мың-дай, жүз-дей; есептік сан есімдерге көптік және жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы: жиырма-лар-да, жүз-дер-де, елу-лер-де жасалады. Болжалды сан есімдер есептік сан есімдердің 
 

9.2 Тіркесті сөздер 
Екі я одан да к
өп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, уш жуз т. б. 
 
Тіркесті с
өздерге күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы т. б.), күрделі сын есімдер (кара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы т. б.), күрделі сан есімдер (он үш, екі жүз сексен бес т. б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т. б.) жатады.

10.1 Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады. 

10.2 Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегіуау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. 

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.

11.1 Есімдіктер - заттың атынсынынсанын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім,сын есімсан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы[1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. 

11.2 Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші)қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен  

12.1 Жіктеу есімдігі 
Белгілі бір жа
қтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. 
 
Олар мынадай:

 жак жекеше

  тұрі

көпше

  түрі

/

  II сыпайы III

мен 

  сен 

  сіз 

  ол

біз, біздер 

  сендер  

  сіздер  

  олар


Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б. 
Жіктеу есімдіктері т
әуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі. 
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктеріні
ң септелуінде ерекшеліктер бар. 
Жіктеу есімдіктеріні
ң септелу үлгісі

Септік  мен сен  ол біз  сіз
А. мен сен ол біз сіз
I. ме-нің се-нің о-ның біз-дің сіз-дің
Б. ма-ған са-ған о-ған біз-ге сіз-ге
Т. ме-ні се-ні о-ны біз-ді сіз-ді
Ж. мен-де сен-де о-нда біз-де сіз-де
Ш. ме-нен се-нен о-дан біз-ден сіз-ден
К. мені-мен сені-мен оны-мен біз-бен сіз-бен
Септік сендер сіздер олар
А. сендер сіздер олар
I. сендер-дің сіздер-дің олар-дың
Б. сендер-ге сіздер-ге олар-ға
Т. сендер-ді сіздер-ді олар-ды
Ж. сендер-де сіздер-де олар-да
Ш. сендер-ден сіздер-ден олар-дан
К. сендер-мен сіздер-мен олар-мен

Информация о работе Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі