Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 11:01, реферат
Адам баласы ес білген кезден бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады.
Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:
деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.
Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды
деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.
Дара етістіктер - тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т.б.)
Статистикалық етістіктер - халды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапа- лар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.
Фазалық етістіктер - кимылдың бір фазасын (басын, жал- гасын, аягын) белгілейтін етістіктер.
Финитивті етістіктер - жіктеу формадағы етістіктер.
Хамзалы
етістіктер - түбір құрамында көмейден
шығатын дыбыс(хамза) бар араб тіліндегі
етістіктер.
12.3 Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану
әр түрлі белгілері бойынша
· шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді);
· пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
· әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
· қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
· әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);
· әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
· тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.
Көптеген
мемлекеттер фреондардың
Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.
Қазіргі
кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі
– радиациялық ластану болып
қалып отыр. Қазақстан территориясында
қуатты ядролық сынақтардың ең көп
мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының
біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық
ластану себептеріне мыналар жатады: Семей
ядролық полигонында жасалған жарылыстардың
салдары, радиоактивті материалдарды
пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары,
ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін
шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық
жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті
қалдықтар.
13.1 Бір ғана түбірден тұратын етістіктерді дара етістіктер деп атайды.
Екі
немесо оданда көп сөздерден құралып,
сөйлемде бір ған мағына білдіріп,
барлығы бір сөйлем мүшесі болатын
етістіктер күрделі етістіктер деп
аталады.
13.2 Сілтеу
есімдігі
Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу
есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау,
анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері
сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің
орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін
атқарып
тұрады.
Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті
(М. Ғ.)
деген сөйлемдерде мынау, бұл
есімдіктері қай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш
болып тұр.
Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, анау, мынау, сонау,
осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады.
Мысалы: бұл-бұлар, сол-солар, осы-осылар,
анау-анауым-анауық-анаулары т. б.
Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
Жақ | бұл | сол | ол | |
I менің | бұным | соным | оным | |
II сенің | бұның | соның | оның | |
сіздің | бұныңыз | соныңыз | оныңыз | |
III оның | бұнысы | сонысы | онысы | |
I біздің | бұнымыз | сонымыз | онымыз | |
бұларымыз | соларымыз | оларымыз | ||
II сендердің | бұларың | соларың | ||
сіздердің | бұларыңыз | соларыңыз | оларың | |
III олардың | бұлары | солары | оларыңыз | |
олары | ||||
Жақ | осы | мынау (мына) | анау (ана) | |
I менің | осым | мынауым | анауым | |
осыным | ||||
II сенің | осың | мынауың | анауың | |
осының | ||||
сіздің | осыңыз | мынауыңыз | анауыңыз | |
III оның | осысы | мынауы | анауы | |
I біздің II сендердің сіздердің III олардың |
осымыз
осыларымыз
осыларың осыларыңыз осылары |
мынауымыз мыналарымыз мыналарың мыналарыңыз мыналары | анауымыз аналарымыз аналарың аналарыңыз аналары |