Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:15, реферат
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр.
Қазақтар және қазақ тілі туралы
Қазақ тілі – қазақ халқының ана
тілі. Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау
алады, ол алтай тілдері семьясының
түркі тілдері тобына жатады. Ал,
жалпы Алтай тілдері семьясына
түркі тілдерінен басқа тұңғыс-манчжур,
монғол, фин-угро тілдері де кіреді.
Сондай-ақ, кейбір болжамдар бойынша
жапон және корей тілдері де Алтай
тіл семьясына жатады екен. Түркі
халықтары Солтүстік Мұзды
Ірі түркі халықтары: түріктер, әзербайжандар, өзбектер, қазақтар, ұйғырлар, татарлар, қырғыздар және түркімендер, башқұрттар, чуваштар және т.б. Біз ежелгі түркі халықтары қыпшақтарға, ғұндарға, оғыздарға және қарлұқтарға тоқталмаймыз, өйткені бұл тақырып көп қозғалып жүр.
Түркі халықтары бірнеше тіл
топтарына бөлінеді, оның ішінде ең
ірілері әрі белгілілері: қыпшақ
тобы, оғыз тобы, бұлғар тобы және сібір
тобы. Қыпшақ тобын татарлар, башқұрттар,
қазақтар, қарақалпақтар, ноғайлар, құмықтар,
карашайлар, балқарлар құрайды. Оғыз
тобын түркімендер, әзербайжандар,
түріктер, гагауыздар құрайды. Ал бұлғар
тобына чуваштар жатады. Қарлық тобына
жататын халықтар: өзбектер, ұйғырлар.
Сібір тобының халықтары
Өз кезегінде Қыпшақ тілдері мынадай топтарға бірігетінін атап өту қажет:
- армян қыпшақ тілі (өлі тіл),
- қарайым тілі,
- қарашай-балқар тілі,
- Қырым татар тілі,
- қырымшақ тілі,
- құман тілі (өлі тіл),
- құмық тілі,
- татар тілі,
- ұрым тілі.
- қазақ тілі,
- қарақалпақ тілі,
- ноғай тілі,
- өзбек тілінің қыпшақ
- алтай тілі,
- қырғыз тілі,
- башқұрт тілі.
Енді, қазақ тілі мен қазақтарға азды-көпті тоқтала кетсек.
Қазақ халқының атауының пайда болуына қатысты көптеген болжамдар бар. Бірақ, біздің ойымша түркі тілдеріндегі «қазақтар» – еркін, бостандық сүйгіш деген ұғым беретін мағынасы көкейге қонады. Өз атауымыз «қазақтан» айырылғанымыз кеше ғана, орыс тілінде казак пен қазақты ажырату үшін «казах» болып жүрген жайымыз бар. Өткен ғасырдың 20 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы сол дәуірде Казахстан емес Казакстан болғаны тағы да бәрімізге мәлім.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы
аралығында Қазақстанда
Қазақтардың негізгі бөлігі Қазақстанмен
шекаралас елдерде тұрады. Қазақтардың
ең көп диаспорасы Қытайда (2,7 млн), Өзбекстанда
(1,5 млн), Ресейде (1,2 млн) шоғырланған. Қазақстан
1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялағаннан
бері шамамен 1 миллион этникалық
қазақтар (оралмандар) елімізге оралды.
Қазақстан Германия, Израиль, Греция,
Ресей сияқты этникалық отандастар
мәселесімен айналысатын
Әлемнің әр түпкірінде тарыдай шашылған қазақтардың басты проблемасы – ол жазу-сызу мәселесі. Мысалы, Қазақстан, Монғолия, ТМД елдерінің (Өзбекстан мен Түркіменстанды қоспағанда) және Балтық бойының қазақтары кириллицаны, ал Түркия мен Еуропа және Америка қазақтары латиницаны, Қытай, Ауғанстан, Иран және араб елдеріндегі қазақтар кезінде Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалап кеткен «төте жазуды» пайдаланады. Бұл жердегі басты проблема – ол Әлемдегі қазақтар бір бірімен сұхбаттаса алады, тек хат-хабар алмасу кезінде әртүрлі қаріптердің қолбайлау болатындығы.
Қазақстанда шамамен қазақ балаларының 80 пайызы қазақ мектептерінде оқиды және мектептердің шамамен 70 пайызы қазақ тілінде дәріс береді. Бірақ дәл осы арадан даулы мәселе туындайды. Неліктен көптеген қалалардағы, әсіресе, ірі қалалардағы көптеген мектептер «аралас мектептерден» тұрады. Бұл нені білдіреді? Мысалы, мектепте дәріс алушылардың көпшілігі орыс тілінде оқитын болса, сол мектепте дәріс алатындардың азшылығы қазақ тілінде білім алатын балалар. Міне, сондықтан да орыс тілінің басымдығы білініп тұрады. Бірақ, осыдан жиырма жыл бұрын, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында қазақ тіліндегі мектептердің саны өте аз болғаны есімізде, мысалы, миллион тұрғыны бар Алматыда бар болғаны бір ғана қазақ мектебі болып еді. Қазақ мектептері Өзбекстанда, Түркіменстанда, Монғолияда және Қытайда бар, ал бір миллион екі жүз мың қазақ тұратын Ресейде бір ғана қазақ мектебінің болуы өте ойлантатын жағдай. Бұл – Алтайдың Керей ауылындағы Қаракөл орта мектебі. Қазақтардың Қырғызстанда 100000 диаспорасы бола тұра қазіргі күнге дейін бірде бір қазақ мектебі жоқ.
Бұрынғы Кеңес Одағының елдерімен
салыстырғанда тіл жағдайы
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан
кейін қазақ тілін мемлекеттік
тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының тiл
саясатының тұжырымдамасы және Тiлдердi
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы
қабылданып, онда 2010 жылға қарай
барлық орталық және жергілікті атқарушы
органдарда мемлекеттік тілді кезең
кезеңмен енгізу жоспарлануда. Тiлдердi
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасында
мынадай міндеттер қойылады:
«Мемлекеттік тіл бірқатар мемлекеттік
басқару органдарында қолданылмайды
немесе мардымсыз қолданылады. Осыған
байланысты мемлекеттік органдар іс
жүргізуді, есептік-статистикалық, қаржылық
және техникалық құжаттаманы 2010 жылға
дейін мемлекеттік тілге кезең-
2006 жылы - Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
2007 жылы – Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық
2008 жылы - Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
2009 жылы - Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан
Республикасының Парламенті, Қазақстан
Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
мемлекеттік тілді дамыту және енгізу
жөніндегі уәкілетті орган
2008 жылы мемлекеттік тілді дамыту
үшін бюджеттен едәуір қаражат
бөлінді. Елбасы Нұрсұлтан
Жоғарыда аталған және мемлекеттік тілді енгізу және дамыту жөніндегі басқа да шаралар үшін 2009 жылы бюджеттен 5 066 313 мың теңге бөлінді, ал 2010 жылы 4 763 727 мың теңге бөлу жоспарлануда.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін қазақтардың 25 пайызы (кейбіреулер 40 пайызы деп айтып жүрді) өз ана тілін білмеді деген ақпарат кең тараған болатын.
Әрине, егер ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қазақтардың пайыздық үлесі 80 пайызды құраған болса, ол үлес 1959 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруден кейін 29 пайызды құрағаны тағы аян. Бірақ, жаппай орыстандыруға қарамастан қазақ тілі әрбір қазақ отбасында естіліп тұрды.
Соңғы уақытта Қазақстанда мынадай қызық үрдісті байқауға болады: жергілікті емес ұлттар өкілдері өз балаларын қазақ тіліндегі бала бақшаларға, мектептерге беруде. Қазақ мектептерінде оқитын өзге ұлт балаларының саны 25 мыңға жетті. Санмен бірге сапа да өсуде. Мысалы, Ақтөбе қаласында балалар үйінің ұлты қазақ емес тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша сайыста тәрбиеленуші жасөспірім жігіт қазақ тілін тамаша білетінін көрсетті және қала әкімінің қолынан пәтер кілті табыс етілді. Бір қуантатыны басқа ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді жан-тәнімен үйренушілер де және жауапкершілікпен қарайтын да жандардың көбеюі. Міне, сондықтан мемлекеттік тіл – қазақ тілін қоғамдағы өзінің лайықты орнын алатын күн де алыс емес.