Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 17:48, реферат
Қазір дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Біз де әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерінөзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Дегенмен, жаһандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, бағалай алуымыз қажет-ақ.
Тілдің қоғамдағы рөлі мен орны
Қазір
дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан
кешіріп жатыр. Біз де әлемдік өркениеттің
заманауи жетістіктерінөзімізге қабылдай
отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс
жасап жатырмыз. Дегенмен, жаһандану дәуірінде
де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп,
бағалай алуымыз қажет-ақ. Әсіресе, солардың
барлығының ең маңыздысы болып саналатын
әрі егемен еліміздің мемлекеттік тілі
ретінде қазақстандық қоғамды бір мақсатқа
ұйытуға тиісті қазақ тілінің мәртебесін
көтеру – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Тіл – ұлт болмысының көрінісі, ұлттық
ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық
тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы
– өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын
танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу
қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет
етеді.
Тіл – рухани барлық құндылықтың негізі
болғандықтан, әлемдік мәдениет пен өркениеттің
дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі
бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін
қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып,
оны одан әрі өркендетуге, қоғамдық қызметін
сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар
осы мақсаттағы іс-шараларының дұрыс ұйымдастырылып
жүргізілуіне, демек мемлекеттік тілдік
саясат пен бағдарламаларға тікелей байланысты.
Ал кез келген тілдің
даму жолы мәдени-тарихи
Әлемнің бейне-көрінісі адам баласының
дүниені қабылдауы, оны танып-білуі арқылы
жасалып, тілмен таңбаланады. Әлемнің
тілдік бейнесі тіл біліміне (лингвистика)
тікелей қатысты мәселе болғанымен, оның
шеңбе-рінен шығып, басқа ғылымдар аясында
да зерттеліп-зерделенеді. Тілге қатысты
мәселелер – сол себептен де кең ауқымды,
көп қырлы құбылыс болып саналады. Оның
сондай бір мәселесі – тілдің қоғамдық-әлеуметтік,
қарым-қатынастық қызметі.
Әлеуметтік лингвистика тіл білімінің
тарихи лингвистика, этнолин-гвистика,
лингвомәдениеттану, экстралингвистика,
коммуникативтік синтак-сис сияқты т.б.
салаларымен тамырлас болып келеді. Егер
тіл мен діл, тіл мен мәдениет, тіл мен
қоғам бір-бірімен тығыз байланыста болатынын
ескерсек, әлемнің тілдік бейнесіндегі
ұлттық бітім-болмысты анықтауға, сол
арқылы ұлттық ділді пайымдауға әдебиеттану,
әлеуметтану, мәдениеттану, ұлттық дүниетану
(ұлттық философия) сияқты т.б. ғылымдар
да ерекше мән береді.
Тіл, ең алдымен, қоғамдық-әлеуметтік
құбылыс. Әлеуметтік тіл білімі –тіліміздің
қазіргі кездегі қоғамдық-әлеуметтік
бағыттағы атқаратын қызметін зерттеп-зерделейтін
қазақ тіл білімінің кейінгі кезде қолға
алына бастаған саласы. Көптеген ұлт өкілдері
тұрып, мекен етіп жатқан Қазақстан жағдайындағы
қазақ-орыс тілінің, сондай-ақ қазақ тілінің
еліміздегі басқа да тілдермен байланысы,
олардың бір-біріне әсері мен ықпалы деген
сияқты мәселелер – әлеуметтік лингвистиканың
негізгі зерттеу нысаны (объект) болып
саналады.
Әлеуметтік тіл білімі, жоғарыда атап
өткеніміздей, салааралық пән болғандықтан,
негізінен, тілдің қоғамдық-әлеуметтік
қызметін тіл және қоғам, белгілі жағдайға
(қоғамдық, қызметтік т.б.) сәйкес сөйлеушілердің
тілі ретінде қарастырады. Демек, ол, қоғамдық
қарым-қатынас үдерісінде белгілі бір
ұлт тілін түрлі әлеуметтік топтардың
түрліше жағдайда қолданып-пайдалануын
зерттеп-зерделейді. Соған ерекше мән
бере отырып, оларды ғылыми тұрғыдан негіздейді.
Еліміздің қазақтармен қатар бірнеше
ұлт диаспорасынан тұратын қоғамы соңғы
жылдардағы саяси-экономикалық үдерістердің
әсерінен бірталай өзгеріске ұшырады.
Ол болса, қоғамның ұлттық-әлеуметтік
құрамына мұқият назар аударуды қажет
етеді.
Біздің қоғамдағы тілді тұтынушылардың
арасалмағы – әр алуан. Қазақтілділердің
дені ауылдық жерлерде тұратын болса,
тек орыс тілінде және қазақша-орысша
бірдей сөйлей алатындардың басым көпшілігі
қалада немесе қалаға жақын елді мекендерде
тұрады. Екі тілді бірдей білетіндер отбасында
қазақ тілінде сөйлесе де, жұмыста және
тағы басқадай жерлерде, көбінесе, орыс
тілін пайдаланады. Сол себептен, қазіргі
таңда тілдің қоғамдық қызметінің басымдығы
мен пәрменділігін айқындайтын қала тұрғындарының
тілі орысша болып отыр.
Өмір шындығы қостілділіктің қалыптасуы
әртүрлі болатынын көрсетеді. Бұл ретте
қостілділіктің белгілі бір қарым-қатынастық
жағдайға (қызметтік, кәсіптік, қажеттілік,
мәжбүрлік, тілдік орта т.б.) байланысты
қалыптасқан түрі бізде ерекше орында.
Еліміздің қостілді (қазақша-орысша) азаматтары
қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың
түрлі жағдайы мен мақсатына байланысты
бәлендей дайындықсыз, ешқандай қиналыссыз
бір тілден екінші тілге еркін ауысып,
екі тілді бірдей қолдана береді. Бұл ерекшелік,
негізінен, қазақтарға тән. Әрине, бұның
«қос тіл – қос қанатың» деген мақсаттағы
өзіндік артықшылығы бар екені рас. Елбасы
сөзімен айтсақ: «Қазақтардың жаппай қос
тілді болуы – оларға осы заманғы ақпарат
тасқынына жол ашатын ғажайып құбылыс»
(Назарбаев Н.Ә. Тоталитарлықтан – саяси
тұрақтылыққа және демократиялық Қазақстанға.
«Егемен Қазақстан» газеті, 1997 жыл 14 желтоқсан).
Сондай-ақ, бұның жағымсыз жағы да бар
екені жасырын емес. Бұл мәселеге кезінде
заманымыздың заңғар жазушысы, академик
М. Әуезов назар аударған екен. Ол өзінің
«Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген мақаласында
орыс тіліне тым беріліп кеткен қазақ
азаматтарын сынға алып, тіліміз бен әдебиетіміздің
қадір-қасиетін айта келе, кез келген саналы
азамат өз ана тілін жақсы білуге міндетті
деген талап қояды. «Өз тілін, әдебиетін
білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді
интеллигент емес деуге болады. Себебі,
ол қандайлық білімді болса да, рухани
ой тәрбиесінде сыңаржақ болады» (Әуезов
М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ
том. Алматы, Жазушы, 1985 жыл. 411-413-бет), –
дейді.
Қостілділіктің тағы бір келеңсіз жағы
бар. Олардың басым көпшілігі, көп жағдайда,
бір тілдегі ойын екінші тілге аударып
жеткізеді. Назар аударсақ, қазақша телерадио
мен газет-журнал тіліндегі тіліміздің
әдеби нормасына сәйкес келмейтін небір
«тың қолданыстарды» екі тілді бірдей
меңгергендер немесе екеуінің біреуін
орташа деңгейде білетіндер айтып-жазып
жүр. Себебі, олар өзі білетін тілдің өзіне
бір табан жақынында (көбінесе орысша)
ойлап, сол ойын екінші тілге аударып,
соны ауызша немесе жазбаша түрде жолма-жол
жеткіземін деп, қателесіп жатады. «Әйтеуір,
ойын жеткізді ғой!» деген көзқарас дұрыс
емес. Ол – тілдің табиғи қалпының біртіндеп
бұзылуына апарады.
Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар жайдан-жай
пайда бола салмайды. Оны тілді тұтынушылардың
түрлі қажеттілігі туғызады. Олардың түрлі
қоғамдық іс-әрекет кезіндегі тілді қолдануы
– тілдік жүйедегі өзгерістердің шынайы
сипатын көрсетеді. Тілдің қоғамдық қызметі
әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін айқындаумен
қатар тілдік құралдар дәстүрлі қолданысына
да әсер етеді, оның үстемдігі мен пәрменділігін
де айқындайды.
Қалай дегенмен, қазақтармен қатар көптеген
ұлт өкілдерінен тұратын қазақстандық
қоғамның қазіргі қостілділігі (қазақша-орысша)
барлық ұлт өкіліне бірдей тән емес. Көбіне,
қазақ қоғамы екі тілді, яғни қазақтар
өз ана тілімен қатар орыс тілін меңгерген
болып келеді. Қазақтардың орыс тіліне
жетік болуына байланысты болар, еліміздегі
басқа ұлт өкілдерінен олардың саны қаншалықты
артық (60%) бола тұрса да, қазіргі таңда
еліміздегі қоғамдық қарым-қатынастың
бірқатар саласында, негізінен, орыс тілі
үстем қолданыста болып отыр. Мәселен,
техникалық сала, жаңа технологиялар саласы,
ақпараттық технология (ІТ), экономика,
бизнес, банк-қаржы жүйесі, жаратылыстану
ғылымдары мен медицина сияқты т.б. салалардағы
тіліміздің қолданыс аясы орыс тілімен
салыстырғанда кенже қалып отыр.
Бұлай болып қалыптасуына кеңестік дәуірдің
саясаты ықпал еткен еді. Сол заманда еліміздің
мемлекеттік басқару орындарының тілі
ғана орысша болып қойған жоқ, гуманитарлық
ғылымдардан басқа ғылымдардың пәні де
орысша оқытылып, орысша зерттелетін.
Елге ең қажетті білікті мамандар мен
кәсіп иелері орысша дайындалатын. Жаратылыстану
мен медицина секілді ғылымдардың әдебиеттері
көпшілікке арналған шағын кітапша түрінде
немесе мерзімді баспасөз беттерінде
ғылыми-көпшілік мақала ретінде ғана басылатыны
болмаса, қазақ тілінде зерттеліп жазылмайтын,
тек орыс тілінде жазылушы еді. Міне, соның
зардабынан тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік
қызметінің үлкен бір саласы әрі тілдің
дамып жетілуінің негізгі бір бағыты болып
саналатын ғылым тілі дамымай қалған еді.
Сан алуан ғылым саласының терминдері
ғана қазақшаланбай қалған жоқ, ғылыми
стиль бойынша сөз саптау да, сөйлем құрау
да, ғылыми ой-пікірді мәтін ретінде жүйелі
жеткізу де өз дәрежесінде қалыптаспады.
Соның әсерін тәуелсіздік алып, өз алдымызға
дербес ел болсақ та, күні бүгінге дейін
айқын сезініп отырмыз. Бұған Елбасының
мына бір сөзі де нақты дәлел: «Ұлттық
сана-сезім үшін этикалық мәдениет пен
тілді қорғап дамытатын қоғамдық институттар
жүйесіне арқа сүйеу мейлінше маңызды.
Мұның, әсіресе, білім беру жүйесі мен
бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы
бар. Біз білім беру жүйесінің «қазақ тілін
қалыс қалдыру» ұстанымына құрылғанын
көрдік, онда ең бір ділгір де мұқтаж кәсіптер
мен мамандықтар бойынша қазақша білім
ала алмайтын. Соның салдарынан ұлттың,
әсіресе, қалаулы тобының тілді жан-жақты
меңгеруге деген ынта-зейіні төмендеп
кетті» (Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.
Алматы: Жібек жолы, 2010 жыл.153-бет.).
Қазіргі кездегі қазақ тілінің қолданылатын
қоғамдық салалары – әртүрлі, әр деңгейлі.
Тілдік қолданыстың қоғамдық қызметін
зерттеушілердің айтуынша, қазақ тілі:
білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, оның
ішінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
салалары бойынша біршама кеңірек қолданылады.
Алайда, қазақ тілі мен орыс тілі арасындағы
қызметтік (функциялық) шекара күні бүгінге
дейін әлі нақтылана қойған жоқ. Сол себептен,
оның қандай деңгейде екені туралы әлеуметтік-лингвистикалық
зерттеулердің қажеттілігі қазір бізде
жетекші орынға шықты. Әсіресе, қазақ-орыс
қостілділігінің біздің қоғамдық өмір
салтымыздағы бүгінгі функциясын айқындау
туралы еңбектердің маңызы зор болып отыр.