Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 10:48, курсовая работа
Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1. Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері...............................................................................................................5
1.2. Қор биржасы - бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы.................................................................................................9
1.3.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму болашағы................................................................................................................16
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаздар
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері ..........................................................................................................................18
2.2. Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында дамуы ..........................................................................................................................21
2.3. Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы...................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................2
Кіріспе.......................
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1. Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері....................
1.2. Қор биржасы - бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы...............
1.3.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму болашағы......................
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаздар
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері ..............................
2.2. Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында дамуы ..............................
2.3. Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы..................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қор биржасы: Қазақстан Республикасында даму мәселелері мен перспективалары».
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды рынокта еркін сату ҚР-ы 1979-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай жүргізіледі.
Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді.
Қазақстан Республикасында қор биржасын құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процесс меншіктің қалыптасуы кезінде жеделдей түседі. Қазақстанда 1995 жылы сәуір айында «Бағалы қағаздар және қор биржасы жайлы» Заң қабылданды. Онда жалпы құқықтың ұйымдық жағдайлары айқындалып, оны шығару мен айналымға енгізу қаралып, қор биржасы қызметінің негізгі принципі қарастырылған. Алғашқы қор биржасы 1991 жылы сәуір айында Алматы орталық қор биржасы деген атпен ашылды. Қазақстан қор биржасының жұмысын тиімді деп айта алмаймыз. Қазақстан Рерпубликасы қор биржасындағы тек көлемді сауда – саттыққа ғана бағалы қағаздар операциясын жатқызамыз.
Бағалы қағаздар нарығын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың салааралық қайта бөлінуін ауыстыруға, нарықтық құрылымдардағы инвистицияға деген сұранысты қанағаттандыруға, бұл нарыққа капиталдың салааралық қайта бөлінуін реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болуға мүмкіндік береді.
Менің курстық жұмысым кіріспе, ІІ бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың І бөлімінде – қор биржасының жалпы түсінігі, толық мәні, экономикада атқаратын қызметтері, қағидалары туралы баяндалады. ІІ бөлімде – қор нарығындағы бағалы қағаздар және оның мәні мен түрлері, ҚР-да дамуы туралы айтылған.
Ал, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму болашағына келетін болсақ, нарыққа өту барысында туындайтын экономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1 Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған, осы сауда - саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:
1). Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2). Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай – ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін ( жіберілген ) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою;
3). Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда – саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4). өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5). Бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6). Банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;
- сауда – саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүмкіндік, бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қалай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар ( брокерлер мен дилерлер ) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын ( биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б. ) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.
Қор нарығы сауда – саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюынан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат - вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда – саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай – ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
Биржалардың бастапқы кезеңдегі қалыптасуы мемлекеттік қарыздың өсуімен байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы акционерлік қоғамдардың (Нидерланды және ағылшын ост - үнді компаниялары ) пайда болуына байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өнеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктердің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қосқандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда – саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ – та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар орнықты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы – экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмаған “жабайы” нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті реттеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.
1.2. Қор биржасы – бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ – та кеңінен дамыды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шоттарда сақтауды, сақтандыру полисі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіпкерлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестициялады. Сондықтан да АҚШ - тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалыптасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағаздар нарығының біріне жатады
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы ( ағылшын - саксон типтес ) және топтық құқықтық сипаттағы ( еуропалық континенттік типтес ) қор биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы қор биржасына классикалық мысал ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай қағидамен жұмыс жасап отырған Нью – Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компания түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью – Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған, мыңдаған, жүздеген, мың долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан қор биржалары ұйымдастырылу құрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады.