Қор биржасы туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 10:48, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1. Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері...............................................................................................................5
1.2. Қор биржасы - бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы.................................................................................................9
1.3.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму болашағы................................................................................................................16
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаздар
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері ..........................................................................................................................18
2.2. Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында дамуы ..........................................................................................................................21
2.3. Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы...................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................2

Файлы: 1 файл

АқмаралИманова .doc

— 145.00 Кб (Скачать)

Топтық   құқықтық  сипаттағы   биржалар   мемлекеттік   мекемелер  болып  саналады.  Олардың  қызметтерін  үкімет  органдары   бағалы  қағаздар   айналысын   реттеуші   арнайы  комиссиялармен   бірлесе  отырып,  бақылау  жасайды.   Мысалға,  Париж  қор   биржасы  экономика  министрі  мен  биржа  операциялары  жөніндегі   комиссияның    бірлескен  түрдегі  қадағалауында   болса,  ал  Германияның   биржаларын  жергілікті  үкімет  органдары   бақылауға  алса,  Италия  биржаларын   Қаржы   министрлігі  мен  компаниялар  және  биржа  ісі  жөніндегі  Ұлттық   комиссия  реттейді.  Биржалық  жұмыскерлер   мен   қор  операциялары  бойынша  мамандарды,  сол  органдар   тағайындайды  және  олардың   мемлекеттік   қызметкер  деген  мәртебесі  болады.

Бірақ  соңғы   жылдары   ағылшын,  американ   және  еуропалық   континенттік  қор  биржалары   типтерінің   арасындағы  айырмашылықтарды   білдірмеу  ағымы   байқалуда.  Бір   жағынан,  биржаның  өзі  іштей  өзін - өзі  реттеу  негізінде   қызмет  етсе,  екінші   жағынан  ақша – несие   және   қаржы   механизмінің   қазіргі  құрылымына   оңай  көнетіндей   ету  мақсатында   бағалы  қағаздар   нарығына  мемлекеттік  бақылау  және  реттеу   арта   түсуде.

Әрбір  елде  бір  ғана  емес,  қор  биржаларының   толық   жүйесі  бар.  Ұлттық  биржалық   жүйеде  жекелеген   биржалардың  роліне   байланысты  моно  жүйелік   және  полицентристік   қор   биржалары   бар   елдерді  топтастыруға   болады.

Бірінші  типтегі   жүйеде  елдің  қаржы   орталығында  орналасқан  бір   ғана  биржа   қызмет  етіп,  қалғандарының  аймақтық  маңызы   болады  (АҚШ,  Италия,  Франция,  Жапония ).  Мысалға,   Милан  және   Париж   қор  биржаларында   бағалы   қағаздар   ұлттық   айналымының   95% - ға  жуығы  шоғырланса,   ал  Нью – Иорк  және  Токио   биржаларында  бұл  көрсеткіш  84%   және   80%  құрайды.  Қазақстандағы  ұйымдастырылған   қор  биржасының   дамуы   осы   биржалық  жүйе   төңірегінде   жүргізілуде.

Полицентрлік   қор  биржасының  жүйелері   Германияда,  Австрияда,  Канадада,  Швецияда   қызмет  етуде.  Аймақтық  қор  биржалар   қызметі  жергілікті  компаниялардың  бағалы  қағаздарына  қызмет  көрсетуге   бағытталғандықтан   да  белгілі   бір    аудан  төңірегінен  шықпайды.  Бірақ  та  бұл  жерде   провинциалдық   биржалардың   бірігу  ағымының  орын  алуын  айта  кеткен  жөн.  Полицентрлік  бағалы  қағаздар   нарығын  ұйымдастыру   құрылымына   біршама  аймақтық  құрылымдары   бар  Ресей  биржалық  жүйесі  бет   түзеп   келеді.

Биржаны  өзін  - өзі  реттеудің  әрекет  етіп  отырған   әдісіне – листинг   жатады.  Биржа  ісіндегі   листинг – бұл  биржалық  тізімге   бағалы  қағаздар   эмитенттерінің   бірқатарын   қосуды  білдіреді.  Биржаны  ұйымдастыру   шартына  байланысты  бағалауға   жіберілетін  бағалы  қағаздар  тізіміне  біршама  ірі  және  рентабельді  акционерлік   қоғамдар   ғана  түсуге  тиіс.  Биржа  листингіне  енгізілу,   эмитент – компанияның   тұрақтылығы   туралы  куәландырылады,  себебі  биржа  ондағы   айналатын   тауарлардың  жоғары   санын  растайды.  Листингтің  құрамдас  бөліктерін  атап  өтейік.  Эмитент – компаниялардың  бағалы   қағаздары,  оларды  толық   талдаудан  кейін,  биржада  бағалау  жіберілетін  бағалы  қағаздар  тізіміне   қосылады.  Талдау  эмитенттің   берген  мәліметтері   негізінде   жасалады. Ондай   мәліметтерге:  эмиссиялау   проспектісі,  компания  активтерінің  жағдайы  туралы  ақпарат,  компанияның   бухгалтерлік  есебі,  тәуелсіз  аудиторлармен  куәландырылған   пайда  және  зиян  туралы   есебі  жатады.  Барлық   ақпараттар   кешенінің  аналитикалық   өңдеуі   мыналарды  қамтиды:  жалпы  экономикалық  және  әлеуметтік  -  саяси  болжаулар,  жаңа  заңдарды   және  нормативтік  актілерді,   олардың  компанияның  қаржылық  жағдайына   тигізер  ықпалын  оқып – білу.  Биржалық   мәмілелер  нәтижесінде   қалыптасатын,  бағам  ( баға )  негізінде   биржа   бағалы  қағаздарды   бағалайды.

Ең   ақырында,  инвесторлар  осындай  зерттеу  негізінде   дайындалған  ұсыныстарды   қолдарына  алады.  Сөйтіп,  листинг – биржаның  қасиетті   міндеттемесі  ретінде,   оның  басты  міндеті  потенциалды   инвесторлардың  қаражат   жұмсауына  дұрыс  бағыт  беру  және  олардың  мүдделерін  қорғау  болып  саналады.  Экономикалық   жағдай,  акционерлік  қоғамдардың  рейтингі  және   ең  бастысы   биржалық  баға   белгілеу   парағы  ( биржалық  бағалы  қағаздар  тізімі )  инвесторлардың   шешім  қабылдауына   негіз  болып,  қызмет  етеді.  Баға  белгілеу  парағы -  елдегі,  аймақтағы,  әлемдік  шаруашылықтағы   қор  нарығындағы   ауа  райының  өзгерісін  көрсететін  өзіндік   барометрді   білдіреді.

Бағалы   қағаздары    бағалауға   жіберілген  акционерлік  қоғамдардың  экономикалық  жағдайын  биржа   қатаң  бақылап,  қажет   кезде   ( олардың   экономикалық   жағдайы  нашарлап   немесе   борыштық   тұрақсыздыққа   ұшыраса )   делистинг    процедурасын   қолдануы,  яғни   тізімнен  алып  тастауы  мүмкін.

Листинг   процедурасы   ТМД   елдерінің  қор  биржаларының   іс – тәжірибелеріне   біртіндеп   енгізілуде.  Қазіргі  ең  бастысы,  кәсіпорындарды    жаппай  акционерлеу   алдында  бағалы  қағаздар  нарығындағы   қаржы   дағдарысының   тәуекелін  төмендетіп,   қаражат  жұмсаудың  сенімділігін  кепілдендіру   арқылы   инвесторлардың  сенімдеріне  кіру  қажет  болып  отыр.

Сондықтан,  листинг  ережесін  енгізу,  оны  сақтау   және  бағаланатын   бағалы   қағаздар   санын   көбейтуге   тырыспау – бұл  бағалы   қағаздар   нарығы  енді   ғана   қалыптасқан   тұста   ең  өзекті   мәселеге   айналуда.

Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының  ұйымдастырушысы  болып  табылады.  Биржадан  тыс  рынок,  әдеттегідей,  тек  бағалы  қағаздардың  жаңа  шығарылымдарын  қамтиды.  Онда  көбінесе  облигациялар  орналастырылады.  Биржада,  керісінше, бағалы  қағаздардың  ескі  шығарылымдарының,  негізінен  акционерлік  қоғамдардың  акцияларының  бағамы  белгіленеді.  Заңнамамен   қор  биржаларының  ең  төмен  жарғылық  капиталы  белгіленеді.  Қор  биржасы  инвестициялық  институттар  ретінде  қызметпен  айналыспайды,   бірақ  меншікті   акциялар  шығара  алады  және  сата   алады,  бұл  оның  мүшелері  болуға  құқық   береді.

Қор  биржасы  заңнамаға  сәйкес  тіркелінеді   және   бағалы   қағаздармен  биржалық  қызмет  жүргізуге   Бағалы  қағаздар   жөніндегі   ұлттық   комиссиясында  лицензия   алады.

Бағалы  қағаздар   рыногының   кәсіби   қатысушылары  және  заңдарға   сәйкес  бағалы  қағаздардан  басқа  өзге  қаржы  құралдарымен  өзге  мәмілелерді  жүзеге  асыру   құқығы  бар  өзге  де  заңды  тұлғалар  қор  биржаларының   мүшелері   болып   табылады.  Қор  биржасында   бағалы  қағаздар  рыногының  кәсіби  қатысушыларының  кемінде  он  мүшесі  болуы  тиіс.  Қор  биржасының   мүшелері  мәмілелерді   жасау   осы    мүшелер  үшін  қор  биржасының  ережелерінде   жол   берілетін   қаржы  құралдарының   түрлері  бойынша  сауда – саттыққа  қатысуға   құқылы.

Сауда – саттықты    ұйымдастырушының   кірісі  оның  негізгі   қызметінен   алатын  қаражат   есебінен  құрылады.  Сауда – саттықты  ұйымдастырушы  мынадай  жағдайларда:

1).           Сауда – саттықты   ұйымдастырушының   мүшелігіне  кіргені  үшін;

2).         Сауда – саттықты  ұйымдастырушының   мүлкін  пайдаланғаны  үшін;

3).         Бағалы  қағаздар  листингі   үшін  және  олардың  сауда – саттықты  ұйымдастырушысының  тізімінде   болғаны  үшін;

4).         Мәмілелерді  тіркеу  және  рәсімдеу  үшін;

5).         Ақпараттық  қызмет  көрсеткені  үшін  және  өзге  де  жағдайларда   ақшалай  жарналар  мен  алымдар   алады.

Биржадан тыс  бағалы  қағаздар  рыногының  баға  белгілеу  ұйымы -  акционерлік   қоғамның   ұйымдық – құқықтық   нысанында  құрылған,  осы  сауда – саттықты  ұйымдастырушы  клиенттердің   арасында  баға  белгілеу  арқылы  айырбастау  жүйесін  пайдалану  мен  қолдау  арқылы  сауда – саттықты  ұйымдық  және  техникалық  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыратын   заңды  тұлға.  Бұл  ұйымның  негізгі  мақсаты  оның  клиенттері  арасындағы  бағалы  қағаздарға  баға  белгілеудің  алмасу  жүйесін  ұйымдастыру   болып  табылады.  Бағалы  қағаздар  рыногының  кәсіби   қатысушылары  ғана  баға  белгілейтін  ұйымның   клиенттері  бола  алады.

Қаржы  рыногының  жұмыс  істеуі  мемлекеттік  реттеуді  талап  етеді.  Ол  бағалы  қағаздар  рыногының  субъектілері  қызметіне  міндетті  талаптар  белгілейтін  нормативтік -  құқықтық   актілер  шығару,  эмиссиялық  бағалы  қағаздар   шығаруды  тіркеу  мен  оларда  көзделген  шарттар  мен  міндеттерді  элементтердің  сақтауын  бақылауды  жүзеге  асыру,  бағалы  қағаздар   рыногының  кәсіби  қатысушылары   мен  олардың  өзін  - өзі  реттейтін  ұйымдар  қызметін   лицензиялау  және  олардың  қызметіне  бақылау  жасау  және  т.с.с.   жолымен   жүзеге   асырылады.  Қазақстанда  мұндай  функцияларды  жүзеге  асырушы  уәкілетті  орган   Ұлттық  банктің  құрамындағы  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  департамент  болып  табылады.  Ол   эмитенттер  қызметіне   талаптар  мен  стандарттарды  белгілейді,   эмиссиялардың  проспектілерін  және  бағалы  қағаздар  шығару   туралы  шешімдерін   тіркейді,  эмиссиялар  бойынша   барлық  шарттар  мен  міндеттемелерді  эмитенттердің  сақтауына  бақылауды  жүзеге  асырады,  бағалы  қағаздар  рыногының  кәсіби  қатысушыларының  қызметін  лицензиялайды,  бұл  рыноктағы   әлемдік  қаржы  дағдарысының  және  экономиканың   нақты  секторларындағы  өндірістің  құлдырауынан   туындаған  сыртқы  және  ішкі  факторлардың  еліміздің   бағалы  қағаздар  рыногына   тигізетін  жайсыз  әсеріне   қарамастан,  ол  даму  үстінде .  Республиканың  бағалы  қағаздар   рыногында  жасалып   жатқан   қадамдар   соңғы  кездері   айтарлықтай  белсенді  бола  түсті.  Стратегиялық  тұрғыдан  келгенде  экономиканы  сақтандыру,  қазір  жұмыс   істеп  тұрған   өндіріс  орындарын  жандандыру   жөнінде  жаңаларын   құру  үшін   қажетті  алғышарттар   жасау,  халықтың  әлеуметтік   жағдайын  жақсарту   жөніндегі  табысты  шаралар  ғана  Үкіметтің  қаржы  рыногының   өтімділігінің   төмендігі  проблемасын   толық  шешуіне  мүмкіндік  береді.

Биржаның  негіз  қалаушы   қағидаты   бағалы  қағаздар   рыногының  өтімділігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Қор  биржасы   бағалы  қағаздар   рыногының  субъектісіне  келтірілген   залалдардың  орнын  толтырады   және  оған   өз  жарғысын,  биржалық  сауда  ережелерін  бұзған  немесе  коммерциялық  құпияны   жария  еткен  жағдайда  заңнамаға  сәйкес  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1.3  Қазақстанның   бағалы  қағаздар  нарығының  даму  болашағы.

 

Қазақстанның  бағалы  қағаздар  нарығының  ағымдағы  жағдайын,  экономиканың   өтпелі  кезеңдегі   жалпы  жағдайымен  байланысты  дағдарысты  деп  сипаттауға  болады.  Бағалы  қағаздар  нарығы – бұл  жалпы  нарықтар  сияқты  экономиканың  жан – жақты  дамуынсыз   толыққанды  түрде  қызмет  ете   алмайтын   нарықтың  бір   сегменті.  Қор  нарығының  жағдайы  бірқатар  факторларға  байланысты,  соның  ішінде  ең  басты  ролді  инфляция  қарқыны  алады.  Өндірістің  құлдырауы   және  бағаның  өсуі  тұсында  қор  нарығының   көптеген  артықшылықтары   жарамсыз  болып  қалады.

Барлық  қиын  жағдайда  да  қор  нарығының  инвестициялық   процестегі  ролі  арта  түсуде.  Бұл  ең  бастысы  күрделі  капитал  жұмсалымын   қаржыландыруға  арналған   ресурстарға  деген  қажеттіліктен  туындайтын  кәсіпорындарды  акционерлеумен   байланысты.  Қор  нарығы   арқылы  жүзеге  асырылатын  өндіріске  және  инфрақұрылымға   шетел  инвестицияларын   тарту  үшін  қолайлы  база  жасалуы   қажет.

Сондай – ақ  әр  түрлі  бюджеттен  тыс  қорлар  да  құрылады.  Қаражат  жинақтау   шамасына    қарай,  олар  қаражаттарын   бағалы  қағаздарға  инвестициялайды.

Осындай  және  басқа  да  факторлар  қор  нарығын  инвестициялауға   арналған  қаражат   жинақтау  жолдары  ретінде  арттырудың   потенциалды  мүмкіндіктерін  көрсетеді.

Қазақстанның   бағалы  қағаздар  нарығының   даму  болашағы  үшін  ресурстарды  жинақтау  ( материалдық  база,  адамдарды  оқыту,  заңдарды  шығару,  технология   және  ақпараттық  база   және  т.б. )  сұрақтарын   ғана  қамтып  қоймай,  сондай – ақ  нарыққа  өту  барысында   туындаған  макроэкономикалық  мәселелердің   стратегиялық   шешімін  және  талдауды   қамтитын   бағалы  қағаздар  нарығын   дамытудың   ұзақ  мерзімді   саясаты  болуы  керек.

Мұндай   әрекет  ету  бағдарламасының  мемлекеттік   деңгейде,  оның  қаржы  саясаты  аясында   жасалады  деп  күтуге   болмайды.  Мемлекеттің   фискальдық   мүддесі,  оның   құрылымдары   арасындағы  қарама – қайшылық,  бұл  міндетті  шешуге    мүмкіндік  жасамайды.  Міне  сондықтан  да,  жаңадан  құрылған   бағалы  қағаздар   нарығының  кәсіби   қатынасушыларының  бірігуімен   жасалатын   қаржы   тұрақтылығына   және  өндірістің   дамуына  дейін   биржалардың,  брокерлік  фирмалардың  және  т.б.  ұзақ   мерзімді   мүдделерін    қамтамасыз   ететін    стратегияның   болуының   маңызы  зор.

Қазақстандық  бағалы  қағаздар   нарығының  даму  болашағы  үшін,  нарыққа  өту  барысында  туындайтын    макроэкономикалық   және  басқару  шешімдерін  талдау  және  стратегиясын  қамтитын  бағалы  қағаздар  нарығын  дамытудың  ұзақ  мерзімді   саясаты  қажет.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаз.

                2.1.   Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері

 

Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.

Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық береді.

Облигация- борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.

Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.

Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар- мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз – эмитенттердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.

Информация о работе Қор биржасы туралы түсінік