Қор биржасы туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 10:48, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия тексеруден мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықтық құнды белгілейді.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім. Қор биржасы туралы түсінік
1.1. Қор биржасының мәні, оның экономикадағы атқаратын қызметтері...............................................................................................................5
1.2. Қор биржасы - бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы.................................................................................................9
1.3.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының даму болашағы................................................................................................................16
ІІ Бөлім Қор нарығындағы бағалы қағаздар
2.1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері ..........................................................................................................................18
2.2. Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында дамуы ..........................................................................................................................21
2.3. Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы...................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................2

Файлы: 1 файл

АқмаралИманова .doc

— 145.00 Кб (Скачать)

Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде. Яғни, кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сату/сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс бүгінгі таңда өте кеңінен тараған. Жалпы, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар жеке және заңды тұлғалар.

Қор нарығындағы кәсіби делдалдар- брокерлік және дилерлік қызмет көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен дилерлер. Брокерлік қызмет –бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру, клиенттік тапсырыс негізінде клиент мүддесі мен өз атынан бағалы қағаздарға кепілдік ретінде қаражат қорын тартып, орналастыру, бағалы қағаздарды жасау мен орналастыру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру, сонымен қатар бизнестің бірігу мен сіңу мәселесі бойынша кеңес беру. Жалпы брокерлер мен оның клиентінің арасындағы өзарақатынас брокерлік келісім шарт арқылы жүргізіледі. Брокерлік келісім шарт негізінен жалпы және бір реттік болуы мүмкін. Брокерлік келісім шартта жекелеген операциялар клиент тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, брокер клиент талабын барынша орындауға күш салады. Брокер өз клиентіне барлық сұрақтар бойынша кеңестер мен ұсыныстар бере отырып, өзге клиенттердің жасақан мәмілелерін құпияда сақтайды. Жоғарыда брокерлік жұмыстың принциптері баяндалды. Ендігі жерде оның қызмет түріне тоқталсақ:

Қазақстандық және халықаралық нарықтағы брокерлік қызмет: бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі операциялар. РЕПО операциялары. Өндірістік бағалы қағаздар операциялары. Кеңестік қызмет түрлері мен ұсыныстар. Номиналдық ұстаным және клиенттік операциялар бойынша есеп айырысу қызметі.

Сенімді басқару: Табысты қаржы құралдарына клиенттердің артық қаражатын уақытша салу. Клиенттерге сауда кеңестерін беру және инвестициялық стратегия жасау. Клиент портфелін тиімді диверсификациялау және оның кірісін арттыру.

Пайлық инвестиция қоры (ПИҚ): ПИҚ-дан пайларды сатып алу арқылы клиенттердің артық ақшаларын уақытша табысты қаржы құралдарына салу.

Бағалы қағаздар эмиссиясын шығару барысындағы қаржы жөнінде кеңес беру қызметі: Копанияға қаржы жөнінде кеңес беру. Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау. Инвестициялық меморандумдар мен бағалы қағаздарды шығару проспектілерін әзірлеу. Бағалы қағаздарды сауда биржасы тізіміне енгізу. Клиенттің вексельдік бағдарламасы.

Бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру кезіндегі андеррайтер қызметі: Маркентгтік кампания. Әлеуеттік инвесторлармен кездесу мен келіссөздер жүргізу. Алғашқы орналастыру барысында аукциондар ұйымдастыру. «қатаң міндеттер» мен «барынша күш-жігер» әдісі арқылы ең аз уақыт аралығында тиімді орналастыру.

Сіңу мен бірігуді өткізу және даярлау: due diligence қажетті процедурасын өткізу және кеңес беру. Қаржыландырудың тиімді құрылымын анықтау және реструктуризациялау. Инвестициялық меморандум мен қажетті құжаттарды әзірлеу. Қаржыландыруды ұйымдастыру.

 

 

 

   2.2.              Бағалы қағаздар нарығының  Қазақстан Республикасында дамуы

 

              Қаржы секторының  маңызды сегменті бағалы қағаздар нарығы болып табылады, бұл Қаржы министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың құнсызданбайтын нысанына көшкен кезде және ішкі қарызды бағалы қағаздарды шығару арқылы жүзеге асыра бастаған 1994 жылдан бастап дамыды. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы еліміздің қаржы нарығында басымдықты иеленді және жедел қарқынмен дами бастады.

Үкіметтің сыртқы қарыздары егеменді халықаралық облигацияларыдың 4 шығарылымы арқылы жүзеге асты: үш жылдық (1996), бес жылдық (1997 және 1999 жылдар), жеті жылдық (2000 жыл). Еурооблигацияларды 1999 және 2000 жылдары орналастыру Қазақстанның халықаралық беделін нығайту үшін зор маңызға ие болды, өйткені, ол капиталдың халықаралық нарығында дамушы елдерге сенімнің едәуір төмендеуі жағдайында өтті. Әсіресе мемлекеттік емес облигациялардың нарығы жедел қарқынмен дамыды. Қаржы ресурстарының нақтылы секторын тарту құралы ретінде корпоративтік облигациялар банктік несиелерге нақты балама болды. 2007 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша айналымда мемлекеттік емес облигациялардың 279 қолданыстағы шығарылымы болды, олардың нақтылы сомалық құны 1396,6 млрд. теңге, және акциялардың 2329 қолданыстағы эмиссияларын құрады. Акциялардың қолданыстағы эмиссиялары бар 2204 акционерлік қоғам тіркелген.

              Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымының негізін бағалы қағаздардың Орталық депозитарий және Қазақстандық қор биржасы. Бағалы қағаздар нарығының инстуционалдық инфрақұрылымының негізін брокер-дилерлер (банктер және банктік емес ұйымдар), кастодиандар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ұйымдар, тіркеушілер, инвестициялық портфель басқарушылары мен трасферагенттер. Сонымен қатар бүгінде Қазақстанының қор нарығының өзекті проблемалары болып табылатындар:

-негізінен алғанда отандық кәсіпорындардың бәсеңдігі проблемаларынан Қазақстандық қор биржасының тізімінде листингтік компаниялар санының аз болуы;

- көптеген акционерлік қоғамдардың капиталдану деңгейінің төмендігі;

- қайталама нарықта ірі компаниялар акцияларының болмауы, компания үстінен бақылауды сақтауды жақтайтын акционерлердің өздерімен акциялардың бақылау пакеттерін сатып алудың салдары;

- қайталама нарықта облигациялардың болмауынан оларды инстиуттандыру инвесторларымен (негізінен зейнетақы қорларымен) оны толық өтегенге дейін ұстап қалудың салдары.

              Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, бұл орайда кәсіпорында акцияларды шығару арқылы қаражатты қарызға алу үшін неғұрлым жоғары капиталдану болуы тиіс, сонда орта және шағын кәсіпорындар үшін банктердің несиелері арқылы қаражатты қарызға алу неғұрлым тиімді саналады, бұл бүгінде қазақстандық экономикада байқалады. Мұндай проблемалардың орын алуы қазақстандық қор нарығының аясы тар әрі фрагменттік түрінде екенін сипаттайды. Осының салдарынан оның капиталдану, мемлекеттік бағалы қағаздарға тәуелділігі, репо операцияларының басымдығы, бағалы қағаздар шығару нарығының дамымай қалуы тәрізді және т.б. проблемалар пайда болады.

              Осыған орай орта мерзімді перспективада бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылатындар:

- қор нарығы арқылы қарыз капиталына қол жеткізуді кеңейту;

- бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың тізімін ұлғайту, оның ішінде тұрғындар есебінен;

- бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын, оның ішінде миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғау;

- бағалы қағаздар нарығында жаңа және өтімді қаржы құралдарын енгізу, оның ішінде бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялар (секьюриттеу тетіктері), инфрақұрылымдық облигациялар, мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген борыштық бағалы қағаздар;

- МБҚ нарығында кірістердің нақтылы ауытқушылығын түзеу.

Төмендегі 1 - кестеде 2002 – 2007 ж.ж.аралығындағыбағалы қағаздар нарығының көрсеткіштері көрсетілген.

 

1 – кесте. БАҒАЛЫ              ҚАҒАЗДАР              НАРЫҒЫ
(жыл аяғында, млн. теңге ) 12 маусым 2007 жыл

 

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Мемлекеттік емес эмиссиялық және басқа бағалы қағаздардың бастапқы орналасуы және шығуы 

 

 

 

 

 

 

Атаулы құны бойынша шығарылған

 

50534

118020

125474

192694

214884

296808

Рыноктық бағасы бойынша орналасқаны

 

 

41190

106069

110724

184147

315020

507601

Бір жылда төленген дивидендтер, сыйақы сомасы

 497

486

1525

6350

5030

6059

Есеп берген шаруашылық субъектердің қайталама рыноктағы бағалы қағаздардың айналымы

 

 

 

 

 

 

Алу - сату мәміле көлемі

 

382682

745941

950500

1843638

4007811

6256344

Жыл аяғында рыноктық құны бойынша мемлекеттік, шет елдік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар қоржыны

 

 

 

45359

118552

131651

226162

405633

632190

 

 

 

 

2.3.              Мемлекеттік құнды қағаздардың инвестициялық қасиеттерінің арттыру мәселелерінің ғалымдар мен  тәжірибелердің еңбектерінде қарастырылуы.

 

              Қаржы секторының маңызды даму бағыты Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) идеяларын жүзеге асыру. АӨҚО-ны құру мақсаты бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен интеграциялауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың бағалы қағаздардың шетелдік нарығына шығуы болып табылады.

Көшенова Б.Қ. өзінің «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» кітабында « . . . Қор нарығы. Бір қарағанда, қарапайым тұрғын үшін бұл сөз көп нәрсені білдіре бермейді. Жұмысы да сол қазанда қайнап жүрген адам болмаса, көпшілік үшін бірден көзге түспейді. Ал, шындығында, қор нарығы – нарық шаруашылығының ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар, компаниялар және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады» деп жазды.

              2006 жылғы қысқаша статистикалық жылнамаға сүйенсек қаржы секторын дамытуда оң өзгерістерді нығайту жағдайында оның сегменттерін одан әрі дамыту қажет, бұл орайда бұрынғыдан да сапалы әрі жоғары мақсаттар қою керек екеніне көзіміз жетеді. Енді біздің алдымызда қаржы нарығының барлық сегменттерін одан әрі дамытуды нақты белгілеудің міндеті тұр. Осыған байланысты еліміздің Үкіметі 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың Тұжырымдамасын қабылдады, ол банктік, банктік емес, сақтандыру, валюталық, қор, зейнетақы және қаржы нарығының өзге де сегменттері дамуының стратегиялық бағытын қамтиды.

              Ал сарапшы Сәбит Мәтиев алдымен қор нарығында айналысқа түсетін бағалы қағаздар туралы айтып өтеді. Ол өз сөзінде «Бағалы қағаздың түрі сан алуан. Ең көп тараған түрі – акциялар мен облигациялар. Акция дегеніміз – осы қағазды шығарған шаруашылық етуші субъектінің жарғылық капиталына құқықты білдіретін бағалы қағаз. Ол акция иегерінің акционерлік қоғам меншігіне құқығын көрсетеді. Пайда дивиденд түрінде болатын үлестік мерзімсіз бағалы қағаз. Облигация белгілі қаражатты қарыз ретінде тарту үшін шығарылады. Оның негізгі айырмашылығы – мерзімділігі. Яғни облигациялар бойынша оның иегеріне төлемдер төленіп, белгілі бір мерзім өткеннен кейін қызметі тоқтайды»              дейді.
              Ал профессор Сейітқасымов Ғ.С. қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінетіндігін айтады. Осы ұйымдасқан түрі биржа арқылы жұмыс жасайды. Бұл жерде артық қаражат түріндегі ресурсы бар экономиканың бір саласынан, осы қаражатқа зәру салаға капитал ағымы ұйымдасқан, ережелері алдын ала белгіленген тәртіппен жүреді. Сонымен қатар, заң жағынан қорғалуды айтсақ та болады. Себебі бұл нарық мемлекет тарапынан жіті бақылауға алынып, түрлі заңдармен реттеледі. Сонымен қатар, еліміздің қор нарығын дамытуға мемлекеттік активтерді басқару жөнінде құрылған Қазақстандық холдинг «Самрұқ» және нарықта компаниялар акцияларының үлесін, олардың құрамына кіретін, орналастыру жөніндегі «Қазына» тұрақты даму Қорының қызметі жәрдемдесетін болады.

              Осы қол жеткен жетістіктерді атай отырып, қазіргі кезеңде Қазақстан ТМД-ның басқа елдерінің қаржы секторының реформалануынан озып кетті және Шығыс Еуропаның іргелі елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа нық қадаммен кіруде екендігін мойындай керек.

              Тұтастай алғанда, қаржы секторының одан әрі дамуы мына мақсаттарға бағытталуы тиіс:

- қаржы секторының және оның институттарының орнықтылығы мен тұрақтылығын арттыру;

- қаржы секторының қызмет көрсету сапасы мен оған қол жеткізуді арттыру;

- өтімділік нарық қорын және құрайтындарды қалыптастыру;

- қаржы секторын реттеудің стандарттарын арттыру;

- қаржы қызметтерін көрсету нарығында бәсекелестікті арттыру мақсатында қаржы секторын одан әрі ырықтандыру.

      Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы. 
     Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта  орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiңоларды өз меншігіне сатып              алуға               құқығы              жоқ.
      Бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуін ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарымен келіседі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңының 28 бабында бағалы қағаздар айналысы туралы төмендегідей жазылған «. . .  Қазақстан Ұлттық Банкi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.     

 

 

 

 

 

                             Қорытынды

 

Қазіргі кезде дүниежүзінде 60 – тан астам елде 200 – ге жуық қор биржасы бар. Олардың ішіндегі ең ірілері: Нью-Йорк (1023,2 млн долл.), Лондон ( 76,4 млн. долл ), Токио (392,3 млн долл. ), Париж ( 19,3 млн долл ) биржалары болып табылады. Қазақстан Республикасында қор биржасын құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процесс меншіктің қалптасуы кезінде жеделдей түсті. Жоғарыда айтып кеткендей, Қазақстанда Бағалы қағаздар туралы қабылданған Заңда қор биржасының құқықтық ұйымдық жағдайлары айқандалып, оның негізгі принциптері қарастырылған.

Информация о работе Қор биржасы туралы түсінік