Қазақ – түрік ертегілерінің типологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:07, статья

Краткое описание

Ертегілерге бай елдердің бірі қазақ және түрік халықтары. Жалпы түркі-тілдес халықтардың ертегілері бір-біріне өте жақын, мәндес, әрі ұқсас болып келеді. Сондай-ақ әр халықтың ертегілерінде өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары да бар. Екі елдің ертегілеріндегі ұқсастығы әр түрлі деңгейде көрінеді: сюжеттік, жанрлық, көркемдік, образдық.

Файлы: 1 файл

Тезис Серікбаева.doc

— 24.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚ – ТҮРІК  ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

 

Г.Серікбаева, студент

Ғылыми жетекшісі: С. Кемелова, аға оқытушы

 

Халық ауыз әдебиетінің  ең көп тараған түрлерінің бірі –  ертегі. Бұл түрге ат ретінде берілген есім армияндар «масла», араптарда  және түріктерде «месел, масал» түрінде «ұқсату, салыстыру» мағынасын береді. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қызық әңгімелер, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер, бәрі де ертегінің түрлері. Барлық түрлері өз алуан өзгешеліктермен тұтас зерттеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ертеде, ерте күндегі деген сөздерден тұған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертегіші», «ертекші» дейді. Осы аты көптеген қазақ ертегілердің басында әдейі айтылып, аумай аталып та отырады. Қазақ ертекшісінің бәрі де көптен-көп ертегісін: «ертеде бір бай болыпты», «ертеде бір хан болыпты», «ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп бастайды. Немесе, «ертек-ертек ерте екен» деген сияқты көпке ортақ, ерекше, өлеңше бастауымен келеді. Кейде «ерте күнде үш ағайынды жігіт болыпты» деген сөздер ертегінің басын бастайды.

Ертегілерге бай елдердің бірі қазақ және түрік халықтары. Жалпы түркі-тілдес халықтардың  ертегілері бір-біріне өте жақын, мәндес, әрі ұқсас болып келеді. Сондай-ақ әр халықтың ертегілерінде өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары  да бар. Екі елдің ертегілеріндегі ұқсастығы әр түрлі деңгейде көрінеді: сюжеттік, жанрлық, көркемдік, образдық.

Қазақ және түрік халықтарының ертегілерінде аса мол да қызғылықты ұқсастықтар бар екенін көреміз. Қазақ-түрік ертегілерінің қай-қайсысы болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып кеткен мотивтік образдар да аз емес. Олар елеулі үш   топқа   бөлінеді: 1) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілері, 2) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер, 3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілері.

Түрік ертегілері: 1) хайуанаттар  туралы ертегілер (һayvan masalları); 2) реалистік ертегілер (gerçeksel masallar), қиял-ғажайып ертегілері (asıl masallar, olağanüstü masallar); 3) сатиралық ертегілер, анекдоттар, фельетондар (güldürücü hikayeler, nükteli fıkralar, yalanalamalar); 4) күрделенген ертегілер (zincilermeli masallar). Ертегілердің нұсқалары үнді митологиясындағы Ведаларда көрсетілген.




Информация о работе Қазақ – түрік ертегілерінің типологиясы