Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:12, курсовая работа

Краткое описание

Бастауышда жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе біліктілік пен дағқыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін арттыру мақсатында қаралады.

Файлы: 1 файл

Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.docx

— 76.62 Кб (Скачать)

 

Құрастырылған сабақтар I-IVкластарда  көбірек өткізіледі, мұның себебі төменгі класс оқушыларының жас  ерек шеліктеріне, сондай-ақ математиканың  бастауыш курсының құ рылыс ерекшеліктеріне  байланысты деп түсіндіріледі.

 

 Құрастырылған типті  сабақтардың құрылымы түрліше  бола алады: 1) бұрын оқып үйренілген  материалды бекіту және оның  игерілуін тексеру; 2) жаңа материалды  оқып үйрену; 3) сол ма териалды  бекіту; 4) үйге тапсырма беру, немесе: 1) жаңа материалды оқу; 2) сол сабақта  оқып үйренілгенді және бұрын  өтілгенді бекіту; 3) үйге тапсырма  беру; 4) келесі тақырыпты оқып  үйренуге дайындық жұмысы.

 

 Құрастырылған типті  сабақта бұрын оқып үйренілгенді  және жаңа материалды оқып  үйренуге әрі оны бекітуге  шамамен бірдей уақыт жұмсалады.  Мұнда мұғалім бұрын оқып үйренілген  материалды бекітумен бірге балалардың  сол материалды қаншалықты меңгергендігің  жиі-жиі тексеріп отырады; жаңа  материалды оқып үйренумен қабат  жаңа материал жөнінен алған  білімін , білігін және дағдыларын  пысықтау жүргізеді, пысықтау  келесі тақырыпты оқып үйренуге  дайындық жұмысымен үйлестіріледі  т. с. с. Осымен оқушылардың  сабақ бойы белсенділігі қамтамасыз  етіледі. 

 

Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Төменгі кластартарда математикадан  түгелдей жаңа матриалды оқып үйренуге арналған арнайы сабақтар өткізілмейді. жаңа материал шағын-шағын бөліктерге бөлініп, әр сабақта дерлік қарастырылады. Бірақ жаңа материалды оқып үйрену негізгі дидактикалық мақсат болып  табылатын сабақтар да болады. Бұл  жұмысқа сабақтың басым уақыты бөлінеді, ал сабақтын басқа бөліктері де сондай-ақ жаңа материалды оқып үйренуге бағындырылады. жаңа материалдың өтілген материалмен  байланысын тағайындау үшін жаңа алған  білімдерін жүйеге енгізу үшін, оқушыларды жаңа білімдерді қабылдауға дайындайтын  мәселелер, мен бөлімдерді қайталап оларға өзіндік қорытынды лар  мен тұжырымдар жасауға көмектеседі. Мұндай сабақта жаңа материалмен  таныстырудан өзге алған білімдерін алғаш бекіту жүргізіледі.Мұндай типті  сабақтың құрылымы мынадай болуы  мүмкін: 1) жаңа математикалық білімдерді саналы түрде меңгеру үшін қажет  материалды қайталау; 2) жаңа материалды оқып үйрену; 3) оқып үйреніліп отырған  материалды алғаш бекіту; 4) үйге тапсырма беру. Сабақтың құрылым реті басқаша да болуы мүмкін, бірақ қандай болғанда да бұл типті сабақтың негізгі бөлігі жаңа материалмен өткізілетін жұмысқа арналады.

 

Білімдерді, біліктерді және дағдыларды бекіту сабақтары. Бұл типті  сабақтардағы негізгі орын оқушылардың  түрлі машықтандырушы жаттығулар мен  творчестволық жұмыстар орындауына беріледі. Белгілі бір жүйемен  жаттығулар ұсынылады.

 

 Осы сабақтарда оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеуіне  зор көңіл бөлінеді. Бұл сабақтардың  құрылымы, әдетте, мынадай: 

 

1) тапсырмаларды орындау  үшін қажет болатын білімді,  біліктерді және дағдыларды қайтадан  еске түсіру; 2) оқушылардың өз  бетімен түрліше жаттығулар орындауы; 3) жұмыстын орындалуын тексеру,  және қорытынды шығару; 4) үйге  тапсырма беру.

 

 Білімдерін, біліктерін  және дағдыларын дамыту мақсатымен  осындай сабақтарда кейде жаңа  материалдың элементтері енгізіледі. Сонымен бірге жол-жөнекей арнайы  жаттығулардың көмегімен келесі  тақырыптарды оқып үйренуге дайындық  жұмысы жүргізіледі. Бірақ бұл  дидактикалық мақсаттар сабақтың  негізгі мақсатына - оқып үйренілген  материалды бекітуге бағындырылады.  Оқу жылының немесе тоқсанның  басында-ак жаңа тақырыптарды  оқып үйренуге қажетті білімдерді  жүйеге келтіру және қайталау  мақсатымен бұрын өтілген материалды  бекітуге арналған сабақтар өткізіледі. Тақырыпты немесе бөлімді оқып  үйренуді аяқтар кездегі бекіту  сабақтарына корытындылау және  жүйеге келтірү сипатты жаттығулар  енгі зіледі.

 

Бақылау және есепке алу сабақтары. Мұндай сабақтарда негізгі орын оқып үйренілген материалды ауызша және жазбаша  тексеруге бөлінеді. Тексеру, әдеттегідей, оқушылардың білімін білігін  және дағдыларын бекітумен ұштастырылады. Өзіндік қалған жұмыстарға 15-тен 30 мин-қа дейін уақыт беріледі. Қалған уақыт  бұрын оқып үйренілгенді бекітуге жұмсалады. Сабақтың ақырында, егер тексеруі ауызша жүргізілген болса, онда мұғалім  әдетте оқушылардың біліміне, біліктеріне  және дағдыларына қысқаша сипаттама  береді, олардың жетістіктенің, кемшіліктерін  көрсетіп, кемшілікті жою жолдарын меңзейді. Егер де тексеру жазбаша  жүргізілген болса, онда келесі сабақ  бақылау жұмысының нәтижелерін  талдауға, типтік қателерді түзетуге, нашар меңгерілгендігі байқалған  бөлімдерді қайталауға жәнебекітуге арналады. Математиканың әрбір сабағы қандай да бір тақырып бойынша өткізілетін  сабақтар жүйесінің жеке бір буыны  болып табылады. Мұғалім тақырыптық жоспар жасағанда (жеке бір тақырыпқа  немесе белгілі бір кезеңге - айға оқу тоқсандарына) сабақтар жүйесін  белгілейді. Тақырып бойынша өткізілетін  жұмысты жоспарлағанда, мұғалім  сол тақырыптың материалын шағын  бөліктерге (сабақтарға) бөледі, әрбір  сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын белгілейді. Тәжірибелі методист-мұғалімдердің  құрастырған тақырыптық жоспарлары методикалық әдебиетте үнемі  басылып шығып отырады. Осы жоспарлауға  сүйене отырып және өз класының ерекшеліктерін ескеріп, мұ- ғалім өзінің календарлық  тақырыптық жоспарын құрастырады. Сабаққа  дайындалғанда, мұғалім ең алдымен календарлық жоспар бойынша сабақтың тақырыбын, оның мазмұнын және негізгі дидактикалық мақсаттарды тағайындайды. Алдыңғы сабақтағы жұмыстың нәтижелерін (балалардың материалды қалай меңгергендігін, сабақта нені үлгеріп, нені үлгермегенін т. б.) ескере отырып, мұғалім сабақтың мазмұны мен мақсатын

  анықтайды. Сонан соң  сабақта істелетін жұмыстың методикасы  анықталып, тиісті көрнекі кұралдар  таңдап алынады да, сабақтың материалын  неғұрлым айқын және түсінікті  түрде айқындай беретін жаттығулар  жүйесі белгіленеді. Бұл тұста  мұғалім информациялық (танымдылық), жетілдіру және машықтандыру  сипаттағы жаттығуларды енгізуге, ал мүмкін болатын жерде, бірнеше  мақсаттарды ұштастыра отырып, комплекстік  сипатты жаттығуларды ұсынуға  тырысады. Мысалы, есептерді шығарып,

  олардың шешулерін  салыстырыңдар, берілген пар мысалдарды  шығарыңдар да, өздерің соларға  ұқсас пар мысалдар құрастырыңдар: 

 

6+3 4+4 5+4

 

9-3 8-4 9-5

 

 Мұғалім бұл жаттығулардың  сабақта қалай ауызша не жазбаша  орындалатынын жазбаша шығарғанда  дәптерге жазудан бұрын түсіндіріп  немесе дәптерлеріңе орындап  болғаннан кейін тақтаға жазып  немесе жазбай түсіндіріп орындату  керектігін т.с.с. ойластырады.  Мұнда балалардың бүкіл сабақ  бойы жұмыс істеу қабілетін  сақтау үшін, жұмыс түрлерінің  алмасып отыруы қажеттігі ескеріледі.

 

 Нәтижесінде сабақ  жоспары белгіленеді - сабақтың  негізгі бөліктері, олардың реті, олардың орындалу уақыты анықталады, сабақ сұралатын оқушылар белгіленеді,  тақтада (дәптерлеріне) жазылатындар  теріп көшіріледі. Осының бәрі  сабақтың толық жоспары түрінде  екжей-текжейлі жазылады. Жеке жағ-

 дайларда сабақтың  конспектісі жасалады, онда сабақтың  барысы неғұрлым тәптіштеліп  жазылады, мұғалімнің сұрақтары  мен балалар қайтаратын жауаптар  жазылады. Мысал үшін I кластағы математиканың  бір сабағының толық жоспарын  келтірейік.

 

Сабақтың тақырыбы: «20 көлеміндегі  сандардың ауызша нумерациясы».

 

Сабақтың мақсаты: 1) балаларды  жаңа санау бірлігі ретінде ондықпен таныстыру (оның бірліктерден құралуын айқын көрсету,ондықтарды жай бірліктер  сияқты, санауға болатынын көрсету); 2) 10 көлемінде қосу және азайту дағдыларын бекіту және оқып үйренілген түрдегі  жай есептерді шығара білуін бекіту.

 

Жабдықтар: шыбықтар (балалардың қолында он-оннан 2 бума, мұғалімде  сондай бірнеше бума шыбық), дөңгелектер  жапсырылған 3 жолақ (дөңгелектер әрбір  жолаққа он-оннан жапсырылған).

 

Сабақтың барысы.

 

1. Ауызша жаттығулар. а)  Жауабын кеспе цифрлармен көрсете  отырып, балаларға мысалдарды ауызша  шығарту: 2 мен 8 сандарының қосындысын  табыңдар; 9 бен 6 сандарының айырмасын  табыңдар; 7-ні 2-ге арттырыңдар да, шыққан нәтижені 4-ке кемітіңдер. б) Амалды тиісті таңбамен, ал  жауабын цифрмен көрсете отырып, ауызша есептер шығару: "Қыз  бала мектепке 2 кг ескі қағаз  әкелді, ал ер бала одан 3 кг  артық әкелді. Ер бала неше  килограмм қағаз әкелді?" "Қыз  бала мектепке 2 кг қағаз, ал  ер бала 5 кг қағаз әкелді. Ер  бала, қыз балаға қарағанда, неше  килограмм қағаз артық әкелді? Қыз бала, ер балаға қарағанда,  неше килограмм қағаз кем әкелді?" в) Мынадай өрнек бойынша есеп  құрастырту: 8-5. г) Дәптер санау  - 20 дана (бірнеше оқушыны шығарып,  әрі қа- рай санату керек).

 

2. Жаңа материал бойынша  істелетін жұмыс. Сабақтың мақсатын  түсіндіру - саны оннан көп  нәрселерді санап үйренеміз. 

 

а) Дайындық жаттығулары. 10 дөңгелек алып, оларды парлап (қос-қостан) жайып  қою. Неше пар болады (қосылып дауыстап санау)? Бес-бестен жайып қою. Неше бестік? (Бірнеше оқушыдан сұрау керек). Барлығын бірге қосу - бұл 10 немесе 1 ондық (қалталы  полотноға 10-дөңгелек жапсырылған жолақты  қыстырып қою керек). Қалталы полотнода  он дөңгелектен нешеу бар? б) Ондықты  бірліктерден құрастыру. 10 шыбық санап  алып оларды ондық бума етіп байлау. 10 клетканы айналдыра сызып, оларды бояу.

 

 Оқулық бойынша істелетін  жұмыс. в) Ондықтарды санау.  Мен неше он шыбық көрсетіп  тұрмын? (2.) Бұл 2 шыбықтан көп пе? Қалталы полотнода неше он  шыбық бар? (3.) Ал жеке дөңгелектер  3-тен көп пе? Мына қатарда отырған  ер балалардың қолында неше  он шыбық бар, санаңдар. Нені  он-ондап санайды? г) Ондықтарды  санағанда шыққан сандарды салыстыру:  он-оннан алынған дөңгелектер  саны сол қолда көп пе әлде  оң қолда көп пе? Он-оннан буылған  шыбық Витяда көп пе әлде  Сашада көп пе? д) Ондықтарды  қосу және азайту. Бір партада  отырғандарың бума шыбықтарыңды  қосыңдар. Он шыбықтан неше бума  болды? Қалталы полотнода қыстырулы  тұрған ондық-бумалардың бәрін  қосыңдар. Мына есепті шығарыңдар. «5 он жұмыртқа сатып алынды. Бір аптада 2 он жұмыртқа желінді.  Неше он жұмыртқа қалды?Қорытынды:  нәрселер көп болғанда оларды  он-ондап санауға болады.

 

 е) Өзіндік жұмыс. 2 он  клетканы айналдыра сызып, бояңдар.  Тексергенде неше жеке клеткалар  айналдыра сызылғандығын санап  шығыңдар (тақтаға санай білетін  оқушыны шығару керек).

 

3. Бұрын өтілген материал  бойынша істелеті н жұмыс. 

 

 а) Есеп шығару. Оқушылар  есепті оқып шығып, оқулықтағы  суретті қарап шығады.

 

 «Ауырырақ», «жеңілірек»  деген нені білдіреді? Бір санның  екінші саннан қанша артық  немесе кем екенін қалай білуге  болады? Есептің шешуін балалар  өз бетімен жазатын болсын. Шешуін  тексеру: таразының екі жағы  тең басу үшін, капуста салынған  табаққа қандай гир қою керек? 

 

 б) Өзіндік жұмыс:  оқулықта берілген мысалдарды  вариант бойынша шығару.

 

 Бұл сабақта негізгі  дидактикалық екі мақсат орындалады: жаңа материалмен таныстыру және  бұрын оқып үйренгенді бекіту. Олай болса бұл сабақ құрастырмалы  болғаны сабақтын құрылымы мынадай:  бұрын өтілгенді бекіту, жаңа  материалмен таныстыру, жаңа берілген  білімді бекіту сабақты өткізгенде  мұғалім белгіленген жоспарды  орындауға және барлық балалар  материалды меңгеріп алатындай  дәрежеге жетуге тырысады. сабақтын  барысында қажет болған жағдайда  өзгеріс енгізіп отыруға болады. Мысалы, егер барлық белгіленген  жаттығулар орындалғанымен балалар  материалды әлі де меңгере  алмаған болса қосымша басқа  жаттығулар орындалады. Бұл басты  міндетке - оқушылардың материалды  меңгеріп алатындай дәрежеге  жетуіне - сабақтағы барлық жұмыс  бағындырылады. Балалардың материалды  меңгеру барысына бақылау жасау  сабақ-тағы жұмыс қарқыны, жаттығулар  саны, балалардың іс-әрекеттерін  алмастырып отыру т. б. 

 

 Сабақта әрбір оқушының  жұмыс нәтижесінің жақсы болуына  барлық оқушы ат салысатындай  жағдай туғызу манызды: балалардың  жауаптарын, ескерту жасап бөлмей, зер салып тындау; барлық оқушыларды  тапсырманы ең дұрыс жолмен  орындау үшін ізденуге жұмылдыру,  жұмыс түрлерін өзгерте отырып, немесе шағын физкульт-минуттар  енгізе отырып, дер кезінде демалыс  беріп отыру т. с. с. Жұмысқа  жаңадан кіріскен жас мұғалімдер  үшін үлкен қиындық келтіретіні  - неменеге назар аудару керектігін  білу (бір мезгілде барлық балалардың  жұмысын, өз жұмысын да қадағалап  отыру қиын), сондай-ақ уақытын  жоспарға сәйкес теп бөлу (оқушылардың  білімін тексеруге көп уақыт  кетеді, жаңа материалмен таныстыруға  және бекітуге уақыт аз қалады, үй тапсырмасы қоңыраудан кейін  беріледі т. с. с). Балалардың  жұмыс қарқыны әр түрлі болатындықтан,  оларды жұмыстын бір түрінен  екіншісіне ауыстыруда ұйымшылдық  бола қоймайды, балалардың жұмысқа  белсенділігін арттыру құралы  ретінде бағанын ролі төмен. 

 

 Сабақтарды өткізу  методикасын меңгеріп алуда тәжірибелі  мұғалімдердің сабақтарына қатысып,  ол сабақты кейіннен талқылауға  қатысу, сондай-ақ өз сабақтарын  талдап отырудың жәрдемі зор.  Мұнда ен алдымен сабақтың тақырыбы, оның дидактикалық мақсаттары, білімдік және тәрбиелік міндеттері, сабақтың құрылымы мен типтері ескеріледі. Сабақтың әр бөлігінің мазмұны мен оны өткізу методикасы қарастырылады: ма териалдың ғылымдық және идеялық бағытталғандығы өмірмен байланысы және балалардың жеке басының тәжірибелеріне сүйену, материалдың түсініктілігі, оқу жүмысының сарапталынуы, оқыту әдістерінің жұмыстың мазмұны мен мақсаттарына сәйкестігі, әдістердің оқушылардың ойлау қабілетінің белсенділігін арттыруға және өз бетімен ойлай білуге бағытталуы.

 

 Егер сабақта өзіндік  жұмыстар, сондай-ақ үй тапсырмасы  беріліп отырған болса онда  олардың мазмұны, көлемі, орындауға  берілетін нұсқаулар т. с. с.  талданады. Сабақтың негізгі бөліктерін  өткізуге бөлінген уақытты, жаттығуларды  таңдап алу олардың білімдік  жетілдіргіштік және тәрбиелік  құндылығы бағаланады. Балалардың  біліміне, олардың білігі мен  дағдыларына баға беріледі. Сабаққа  (өзінің не басқаның) талдау жасағанда  сабақтың құрылымы мен өткізу  методикасы бойынша айтылған  пікірлерді талқылаудың бұдан  кейін өз жұмысында ескеріп  отыру үшін маңызы бар. 

 

 

 

 Математиканы оқу жұмысын  ұйымдастырудың басқа

 формалары 

 

 Математиканы оқу жұмысын  ұйымдастырудың басқа формалары  - сабақтан тыс жеке оқушылармен,топ  оқушылармен өткізілетін сабақтар, үйге берілетін өзіндік жұмыс,  экскурсиялар сабақпен тығыз  байланысты және соған бағындырылған. 

Информация о работе Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері