Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:12, курсовая работа

Краткое описание

Бастауышда жұмыс істеуде орта мектепте математика оқытуда жоспарланған жалпы мәселелерді есепке алу және бұл мәселелерді шешудегі бастауыш білімнің рөлін дұрыс бағалай білу.
Орта мектеп математика жоспарына қатысты көптеген мәселелер бастауыштың өзінде тиісті дәрежеде берік үйретілуі керек, яғни олар оқушылар санасында өмір бойы сақталып қалатын болсын, ал кейбір мәселелер жоғары сыныпта толық түрде өтілуіне қарай, бастапқы ұғымдар, дайындық есебінде қаралады. Немесе біліктілік пен дағқыларды қалыптастыру процессінде пікірлеу қабілетін арттыру мақсатында қаралады.

Файлы: 1 файл

Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.docx

— 76.62 Кб (Скачать)

730*296 + 506*308 640*570-304*602

 

 Бақылау жұмысының  мазмұны мен формасы тексерілетін  материалдың ерекшелігімен анықталады. Егер, мысалы, ауызша есептеу дағдылары  тексерілсе, онда 10-12 мысал енгізіліп,  тексеру жұмысын математикалық  диктант түрінде өткізеді: мұғалім  тапсырмаларды оқиды, балалар  тек жауабын жазады. Егер де  оқушылардың өлшей білу қабілеттері  тексерілетін болса онда әрбір  оқушы тиісті чертеждері бар  қарточкалар немесе қажетті өлшеулер  мен есептеулерді орындау үшін  геометриялық фигуралардың модельдерін  алады. 

 

 Әрбір жазбаша өзіндік  жұмысты мұғалім тексереді. мұнда  мұғалім әрбір оқушының әр  жұмыста жіберген қателерін ескеруі  қажет. 

 

 Практика жүзінде мұғалімнін  арнайы есептеу-тіркеме дәптерін  жүргізгені жөн. Ол класс журналына  ұқсас жасалады: бірінші бетіне  сол жаққа, әр бетіне көшіріп  жазбау үшін класс оқушыларының  тізімі желімделеді, ал оң жағына  жұмыс жүргізілген күн, тапсырмалар  және әр оқушының жіберген  қателері жазылады. Мысалы. I класта 3 санын қосу және азайту әдісі  жөнінен білімдерін пысықтау  мақсатымен өткізілетін сабақта  өзіндік жұмысқа мынадай тапсырмалар  енгізілген:

 

1)Мысалдарды шығарыңдар:5 + 3, 7-2, 8 + 2, 10- 3.

 

2)Есепті шығарыңдар: «Көк  шалғында 6 сұр қаз жайылып жүр,  ал ақ қаздардың сұр қаздардан  3-уі кем. Шалғында неше ақ  қаз жайылып жүр?» 

 

 Балалардың жұмысын  тексерумен бірге мұғалім дәптер  бетін былайша толтырады: 

 

 

 

 

  

 өзіндік жұмыс 

 

 Тапсырмалар және олардың  орындалуы 

 

5-3  

7-2  

8-2  

10-3  

 есеп 

 

1. Аралбаева 

 

2. Әлімов 

 

3. Жұмабаев 

 

4. Оспанов 

 

5. Оразбаев 

 

6. Әкімова  

 

 

 

 

 

 

2  

6

 

  

  

 

 

 

 

8

 

8  

6÷3 

 

6-3=4

 

 

 Қателерді осылайша  жазып алу мұғалімнің қандай  мәселе лерді барлық оқушылар  меңгеріп алғандығын, қандайлары  бойынша әлі де жұмыс жасау  керектігін, қандай қателер типтік  қателер, ал қандайлары жеке  оқушылардың жіберетін қателері  екенің, балалардың қайсыларына  көмек көрсету қажет және атап  айтқанда қандай көмек көрсету  керектігін мұғалімнің бір ден  көруінен мүмкіндік береді және  әрбір оқушының қаншалық ты  ілгері басқаның байқап отыруға  көмектеседі. 

 

 Оқушылардың білімдері  мен біліктеріндегі негізгі кемістік  терді есепке алып отыру мұғалімге  бүкіл класпен типтік қате  лермен арнайы жұмыс жүргізуге  сондай-ақ қателерді жөндеу жөнінен  балалармен жеке жұмыс жасауға  мүмкіндік туғызады бұның үлгірмеушілікті  болдырмауға септігі бар. Оқушылардың  білімдерін, біліктерін және дағдыларын  тексергенде әрқашан баға беріліп  отырады. 

 

 Бағалау оқушының өзіне-өзі  беретін бағасымен бірден болып  келгенде ғана оның әсері күшті  болады. Мұғалімнің міндеті - оқушылардың  өзіне-өзі объективті түрде баға  бере алуы қалыптастыруға көмектесу.  Осы максатпен оқушылардың жұмысына  үнемі баға беріп отыру, олардың  жетістіктері мен кемшіліктерін  сипаттап көрсетіп отыру манызды,  сонда ол оқушылардың өз табыстары  мен кемшіліктерін түсініп алуына  көмектеседі, оқушыны жұмысты  жақсы істеуге ынталандырады.  оқушылардың өзіне-өзінің объективті  баға бере білуін қалыптастыруға  соңдай-ақ оларды өз жолдастарының  берген жауаптары мен жұмыстарын  талдауға тарту да көмектеседі.  Мысалы, I кластан бастап мұғалімдер  оқушыларға жолдасы жауап беріп  тұрғанда зер салып тындап  оның жауабына ескертулер жасауды  немесе дәптерлерін алмастырып  алып бір-бірінің жұмыстарын қарап  шығып, ондағы жетістіктер мен  кемшіліктерді көрсете отырып, өз  сипаттамасын (ауызша түрде) беруді  ұсынады. 

 

 Оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын сипаттау  үшін сондай-ақ бағалаудың баға  түріндегі формасы қажет, олар  оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының  жалпы деңгейін көрсетіп, дәптерлеріне  және журналға қойылады.

 

 Әр класс үшін математикадан  қойылатын бағанын нормалары  тағайындалған олар әр мұғалімнің  жұмысында басшылыққа алынатын  міндетті документ болып табылады. Математика сабақтарында ауызша  жауап үшін баға қойған да  мұғалім, басқа сабақтардағыдай  талаптарды сақтап отыра ды, атап  айтқанда: бағаның объективтілігі, олардың дифферен циалданған  сипаты, цифрмен қойылатын бағаның  бағалаушы пікірмен қостап отырылуы.

 

 Баға жұмыстын жеке  түріне қойылмай бүкіл сабақ  бой орындалған бірнеше жұмыс  үшін қойылуы мүмкін (ауызша есеп  теулер, ереженің тұжырымдамасы,  сабақ кезіндегі өзіндік жұмыс  мысалдың немесе есептің шешуін  түсіндіру т. б.). Бұл жағдайда  мұғалім бағаны сабақтың соңында  айтады: білімді, білікті, дағдыны  тексерудің және бағалаудың мұндай  әдісі сабақтық балл делінеді. Білімді сабақтық балмен тексеру  үшін бір сабақта сұралатын  2-3 оқушы ғана белгіленуі тиіс, олай болмағанда мұғалім оқушының  білімін тексеріп, объективті баға  беруі қиын. сабақтық балл мұғалімге  оқушылардың білімдерін, біліктерін  және дағдыларын жан-жақты тексеруге  мүмкіндік туғызады, бүкіл сабақ  бойы балалардың жұмыстағы белсенділігін  арттырады, бірақ сабақтық балды  қолданғанда білімді тексерудің  және бағалаудың басқа түрлерін  де үйлестіре қоса пайдаланып  отыру керек. 

 

 Күнделікті бағаларының  негізінде оқушылардың нақтылы  білімдерін, біліктерін және дағдыларын  ескере отырып, тоқсанның немесе  оқу жылының аяғында математикадан  тоқсандық (жылдық) баға қойылады. Бұл тұста оқушы жұмысының  әр түрін ескерген жөн: қорытындылаушы  бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар, ауызша есептеулер бойынша тексеру  жұмыстары т. б. I класта I тоқсан  үшін оқушылардың білімдері цифрмен  қойылатын бағамен бағаланбайды. Бірінші жартыжылдықтын соныңда,  яғни екінші тоқсанның аяғында  мектепте оқығанда алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасы  жөнінде пікір айтуға болатындай  кезде, алғаш рет цифрмен баға  қойылады.

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер 

 

 

 

 

 

1. Әбілқасымова А.Е. және  басқалар. Математиканы оқытудың  теориясы мен әдістемесі. А., Білім, 1998ж. 202 бет 

 

2. Әбілқасымова А.Е Математикадан  дидактикалық тапсырмалар жинағы  А., Қазақ университеті баспасы. 1991ж. 71 бет 

 

3. Бантова М.А., Бельтюкова  Г.В. Методика преподавания математики  в начальных классах. М., Просвещение. 1984, 335 стр. 

 

4. Оспанов Т.Қ. Бастауыш  кластарда математиканы оқыту  методикасы. А., Мектеп, 1997ж. 160 бет. 

 

5. Рахымбеков Д. Кенешев  Ә. Математикалық ұғымдарды оқыту.  Жезқазған., ЖУ. 1997 -61 бет 

 

6. 1,2,3,4 кластарға арналған  Математика оқулықтары 

 

7. Оспанов Т.Қ., Қурмалина  Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын  оқыту әдістемесі ІІ болім  А. Республикалық баспа кабинеті 1996


Информация о работе Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері