Математикадан өткізілетін
сабақтан тыс жұмыстар сабақта
алған білімді тереңдете және
кеңіте түсу мақсатымен немесе
білімдеріндегі, біліктеріндегі және
дағдыларындағы олқылықтарды жою
мақсатымен өткізіледі. Бірінші
жағдайда
ол - математикадан кластан
тыс түрліше жұмыстар: жүргізу
арқылы, екінші жағдайда пән жөнінен
артта қалғандығы байқалған және
класпен ілесіп кете алмайтын
балалармен жеке немесе топқа
бөліп, оқу жұмысын өткізу ұйымдастырылады.
Білімдеріндегі, біліктеріндегі
және дағдыларындағы олқы лықтар
оқушының ауруы себепті сабақтан
көп қалуы салдарынан, сондай-ақ
сабақта жұмыс қабілетінің нашарлау
салдарынан үнемі артта қалуының,
оның жұмысына мұғалімнің көніл
аудармауының, нерв жүйесі ерекшеліктерінің
салдарынан т. б. пайда болуы
мүмкін. Кластан тыс сабақтарға
мұғалім материалды мұкият тандап алып,
жұмыс методикасын ойластырады. оқушының
өзі қолданып әрекет жасай алатын көрнекі
құралдармен жаттығулар, сондай-ак мысалдар
мен есептерді суреттерге, схемаларға,
чертеждерге сүйене отырып шығару әдістерін
түсіндіру жөнінен жаттығулар әсіресе
бағалы. Оқушынын білі міндегі және білігіндегі
байқалған талпынысты, мұғалім оқу шыға
өзіндік жұмыстар кезінде арнайы тандап
алынған жат тығуларды ұсына отырып, сабақ
кезінде қуаттай отырып, әрі қарай дамыта
түседі.
Математикадан үйге берілетін
өзіндік жұмыс оқушылардың өз
бетімен білімді игеріп алуына көмектеседі.
Мұғалім мен ата-анаға оқушының
жетістіктерін біліп отыруына мүмкіндік
береді, үйде балалардың бос уақытын
ұйымдастыруына көмектеседі, оларда бағалы
қасиеттерді: еңбек сүйгіштік , жинақтылық,
тәртіптілік, мұқияттылық сияқты қасиеттерді
тәрбиелеуге көмектеседі.
Үй тапсырмаларының
мақсаттары түрліше болуы мүмкін:
білімдері мен практикалық біліктерін
(мысалдар есептер шығара білуін)
бекіту алған білімдері мен
біліктерін (оқып үйренілген есептеу
әдісіне мысалдар құрастыру) жүйеге
келтіру және қорытындылау; оқушыларды
келесі сабақта өткізілетін жұмысқа
(өмір құбылыстарын бакылау, сан
материалдар жинау, көрнекі құралдар
жасау т. с. с.) дайындау.
Үй тапсырмалары жекелік
(көбінесе) және топтық бола алады.
Оқушылардың бірнеше топқа бөлініп
жалпы класс тапсырмасының бөлігі
болып табылатын, қандай да
бір тапсырманы орындайтын түрі.Мысалы,
сан материалды жинау кезінде
бір топ оқушы оқу құрал-жабдықтарының
бағаларын біледі, екінші тобы - азык-түліктің
бағасын, үшіншісі - ойыншықтардың
бағаларын біледі. т. с. с. Топ-топқа
бөліп үйге берілген тапсырмалар
оқушыларды коллективизм (бірлестік)
рухында тәрбиелеуге, балалардың
тапсырылған іске жауапкершілік
сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Үйге берілетін оқу
тапсырмаларын басқаруды мұғалім
оқушыларға нұсқау беру арқылы
және орындалған жұмысты тексеру
арқылы жүзеге асырады. Оқушыға
үй тапсырмасының мақсаты айқын
болуы манызды, сонда ол қызғылықты
болмаса да көптеген қажетті
жұмыстарды ынтамен істей алады.
Оқушы үйге не тапсырылғанын
және оның сабақты үйде қалай
орындайтынын білуі қажет. Сондықтан
үйге тапсырма бергенде істеу
керектігін міндетті түрде айтып,
оны қалай істеу керектігін
екжей-текжейлі нұскау беруден
неғұрлым қысқаша нұсқауға көше
отырып, түсіндіру керек.
Үй тапсырмаларының
көлемі өте үлкен болмауы тиіс.
Оқушыға арнап барлық пәндерден
(орыс тілінен, оқудан, математикадан
т. б.) үй-тапсырмаларын орындауға
берілетін уақыттын үлгі нормалары
тағайындалған: 1 кластын оқу жылының
екінші жарты жылдығында I сағатқа
дейін; II класта +1,5 сағатқа дейін
Ш класта 2 сағатқа дейін. Бірінші
класта бірінші жарты жылдықта
тек оқу сабағынан ғана үй
тапсырмаларын беруге рұқсат
етіледі, ал сенбі күндері бастауыш
кластарда үй тапсырмаларын беруге
тыйым салынады. «Егер тапсырмалардың
орындалуын, сол тапсырмалардың орындалу
сапасын есепке алу ұйымдастырылған, болса
ғана, үйге тапсырма беру тиімді болады»,-деп
жазды Н. К. Крупская.
Үй тапсырмасын тексеруді
түрліше жолдармен жүзеге асыруға
болады. Жазбаша жұмыстарды мұғалім
үйде де, сабақ кезінде класта
да тексереді. Үй тапсырмасының
жазбашасын да, ауызшасын да сабақтың
кез келген кезеніңде тексеруге
болады. Тексеруді жаңа материалды
оқып үйренуге дайындау үшін
пайдалануға болады. Басым көпшілігінде
үй тапсырмасын тексеру оқып
үйренілген материалды қаншалықты
ұғынғандарын тексеру және бағалау
болып табылады (оқушылардың ауызша
жауап беруімен не өзіндік
жұмысымен бірігіп кетеді).
Балаларга үйге берілетін
оқу ісіне байланысты жұмысын
дұрыс ұйымдастыру үшін, мұғалім
оқушының семьясы мен тығыз
байланыста болуы қажет.
Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда
тиісті көмек көрсету керектігін
ата-аналарға түсіндіргені жөн.
Экскурсия математика материалын
оқып үйренуге байланысты құбылыстар
мен объектілерді тікелей түйсініп
қабылдағандары мен бақылағандарын
жинақтау мақсатымен өткізіледі. Программа
бойынша белгіленген табиғат
пен өндіріске экскурсия жасағанда
(мысалы, баққа, фермаға, фабрикаға, құрылыс
алаңына) мұғалім сан өзгерістерін
бақылауды ұйымдасрады, сан материалды
жинауды т. с. с. ұйымдастырады. Экскурсия
программа тақырыбы бойынша істелетін
жұмыстың бастамасы болуы мүмкін.
Оның мақсаты - оқушыларды оқып үйренілетін
тақырыпқа қызықтыру, тақырып бойынша
істелетін келесі жұмыс үшін қажет
материал жинақтауға көмектесу. Мұндай
экскурсияның мысалы тас жолға немесе
қаладағы көшеге экскурсия жасау
болып табылады, бұл кезде оқушылар
(ІІІ класс) қозғалысқа берілген есептерді
шығару алдында қозғалыстың әр түрімен
танысады.
Экскурсия тақырып
бойынша жұмыс істеу процесінде
ұйым жартылай тексеруге көмектесу,
сондай-ақ тақырып бойынша әрі
қарай жұмыс істеу үшін қажетті
материалды толықтыру Бұған мысалы,
шамалардың арасындағы төмендегі
байланыс тарды оқып үйрену
кезінде магазинге экскурсия
жасауға бола ды: баға - мөлшер - құн,
бір нәрсенің массасы - мөлшері
жалпы масса т. б. (II класс). Магазинге
экскурсия жасағанда, балалар
сатып алу , сату процесін бақылайды,
кейбір тәуелділік терді бақылайды
(көбірек сатып алды - көбірек
төледі т. с. с. товарлардың
бағасын біледі, таразыны пайдалану
ережесін біледі т. с. с. Мұның
бәрі келесі сабақтарда есеп
құрастырғанда пайдаланылады.
Экскурсия бір тақырып
бойынша немесе бірнеше тақырып
бойынша істелген жұмысты қорытындылай
алады. Мұндай экскурсияның міндеті
- оқушылардың білімін бекіту
және кенейте түсу, бір сабақта
немесе бірнеше сабақта алған
материалын жинақтау. Мұндай текті
экскурсияға «геометриялық фигуралар
дың ауданы» тақырыбын өткеннен
кейін жер бетінде жүргізілетін
өлшеу жұмыстары мысал болады.
Экскурсия табысты
өтуі үшін, оған мұқият дайындалып
ме тодика жағынан дұрыс өткізілуін
қамтамасыз ету қажет.
§ 6. Оқушылардың математика
жөнінен білімдерін, біліктерін және
дағдыларын тексеру
Оқушылардың білімдерін,
біліктерін және дағдыларын тексеру
және бақылау - бастауыш кластардағы
оқу процесінің ажыратылмайтын
құрама белігі.
Математика сабақтарында,
басқа сабақтардағыдай оқу процесінің
қайсы кезенінде пайдаланылып
отырғандығына қарай, тексеру
жұмысы негізінен үш түрде
жүргізіледі:
Алдын ала тексеру оқу
жылының басында немесе жаңа тақырыпты
оқып үйренудің алдыңда жүргізіледі.Оның
міндеті - оқушылар жана материалды оқып
үйренуге дайынба соны айқындау.
Күнделікті тексеру оқу
жұмысының барысында ұйымдастырылады.
Ол - мұғалімге жаңа материалды менгерудің
барысы қандай екенін, оқушылардың
бәрі бірдей жұмысқа кірістіме, жоқ
па, оларға қандай қиыншылықтар кездесті,
соны тексеруге мүмкіндік береді.
Бұл түста мұғалім өзін де тексереді:
өзі
нің жұмысын қаншалықты
табысты өткізіп жүргенің, оның
математиканы оқытуда қолданып
жүрген методикалық әдістерін?
қаншалықты дұрыс және тиімді
екенін. Тексеру нәтижелеріне сәйкес
мұғалім не жаңа тақырыпты
оқып үйренуге кірісе алады,
не оқу процесіне қажетті өзгерістер
мен түзетулер жасайалады.
Қорытындылаушы тексеру
не тақырыпты, бөлім оқып үйрену соныңда,
не тоқсанның, оқу жылының аяғында
жүргізіледі. Оның міндеті
-оқыту нәтижелерін айқындау, оқушылардың
алған білімдерінің, біліктерінің,
дағдыларының сапасын тексеру.
Оқушылардың программалық
материалды меңгеруін тексерудегі
негізгі әдістер ауызша сұрау
және оқушылардың жазбаша жұмыстары
болып табылады.
Ауызша сұрау. оқушылардан
ауызша сұрағанда мұғалім олардың
оқу материалын қаншалықты меңгеріп
алғандарын тексеруге, сонымен бірге,
барлық оқушыларды дерлік белсенді жұмысқа
тартуға тырысады.
Осы міндеттерді шешуде
мұғалімнің беретін тапсырмалары
мен сұрақтарының мәні зор.
Көбінесе түсіндіруді талап ететін
сұрақтар қойып отырған жөн:
сен бұл есепті, теңдеуді қалай
шығарғаныңды түсіндір т. с.
с. Салыстыруға арналған тапсырмалар
беріп отыру да пайдалы: 92-50 және
90-52 мысалдарының шешуін салыстыр
мына төртбұрыштарды салыстыр
т. с. с. материал саналы түрде
меңгерілді ме - трафаретті (үйреншікті)
емес тапсырмаларды, әсіресе алған
білімін өмірден алынған (оқу
жылының басына қарай оқу жабдықтарын
сатып алуға жұмсалатын шығынды
есептеуге класс пен коридордың
еденінің ауданын салыстыруға
т. с. с.) есептерді шешуде қолдануды
талап ететін тапсырмаларды айқындауға
көмектеседі.
Ауызша сұрау оқушылардың
білімін толық анықтауға мүмкіндік
береді алайда оған көп уақыт
қажет, мұның өзі көп оқушыдан
сұрау мүмкіндігін шектейді. Сонымен
бірге, ауызша сұрағанда мұғалімнің
сұрақтары мен оқушылардың жауаптары
еш жерде жазылмайды. Бұл болса,
мұғалімнің әр оқушының бір
сұраққа берген түрліше жауаптарын
бір оқушының өзінің оқу жылының
әр кезеніңде берген жауаптарын
салыстырып отыруына мүмкіндік
туғызбайды.
Ауызша сұраудың осы
кемшіліктері материалдың менгерілуін
жазбаша жұмыстар арқылы тексеру
кезінде едәуір дәрежеде жойылады.
Өзіндік жазба жұмыстар оқушылардың
білімдерін, біліктерін, дағдыларын
күнделікті және қорытынды лаушы
кезіндегі өткізілед. Күнделікті
тексеру кезіндегі өзіндік жұмыстар
көлемі жөнінен шағын, оған
негізінен сол кезде өтіліп
жатқан тақырып бойынша тапсырмалар
енеді. Бұл жағдайда тексеру
сабақ кезінде оқыту процесімен
тығыз байланысты, оған бағынышты.
Сондықтан өзіндік жұмысты сабақтың
барысы бойыңда 2-3 рет (3- 10 минуттан)
бөліп-бөліп өткізуге болады. Мысалы,
I класта 3саның қосу және мен
азайту әдістерін пысықтау жөнінен
өткізілетін сабақта ен алдымен
өзіндік жұмысқа қосу мен азайтудың
осы және бұрын қарастырылған
жағдайларына 4-6 мысал енгізуге болады,
сонан соң есепті коллектив
болып шығарған соң, осыған
ұқсас есепті немесе 3 санын қосу
немесе азайту керек болатын
бұрын қарас тырылған түрдегі
есепті өз беттерімен шығаруды
тапсыру керек.
Қорытындылаушы тексеру
кезінде өзіндік жазбаша жұмысқа
әдетте көбірек тапсырмалар беріліп
және оны орындауға 1 клас та
20-25 мин, II-ІІІ кластарда - 30-40 мин
уақыт бөлінеді. Мұнда белгілі
бір уақыт ішінде (бір айда, бір
оқу тоқ-саны ішінде) оқып үйренілген
негізгі бөлімдер бойынша оқу
шылардың алған білімдерін, біліктерін,
дағдыларын тексеруге тырысады.
Бұл жағдайда бақылау жұмысына
түрліше тапсырмалар енуі мүмкін:
бір немесе бірнеше амалды
мысалдарды шығару, есептерді, теңдеулерді,
теңсіздіктерді
шешу, геометриялық фигураларды
өлшеуге және салуға байланысты
тапсырмалар т.б. Әрбір осындай
жұмыс үшін тапсырмалар тандап
алғанда, олар айқын және барлық
оқушылардың шамашарқына лайық
болатындай, тапсырмалар саны бөлінген
уақыт ішінде асықпай орындауға
мүмкіндік болатындай етіп алу
керек. Егер де үлкен материалдың
(мысалы, жарты жылдың не бір
жыл ішінде өтілгенді) меңгерілуін
тексеру керек болса және беріле
тін тапсырмалар саны көп болса,
онда бақылау жұмысын екі бөліп
өткізу ұсынылады тапсырманың
бір бөлігін бір күні, ал екіншісін
екінші күні беру. Олай болмағанда,
егер бұндай жұмысты бір сабақта
немесе тіпті бір күнде екі
сабақта өткізгенде де оқушылардың
білімдері, біліктері және дағдыларының
сапасы жөнінде сөз ету қиын
өйткені балалар өте шаршағандықтан,
қате жібереді.Программаның белгілі
бір бөлімі жөнінен оқушылардың
білімдерін, біліктерін және дағдыларын
тексеру міндеті қойылғанда қорытындылаушы
бақылау жұмыстарын жеке тақырыптар
бойынша жүргізуге болады. Бұл
жағдайда да сондай-ақ түрліше
бірақ біртекті материал бойынша
тапсырмалар енгізіледі. Мысалы
көп таңбалы сандарды көбейту
жөнінен өткізілетін қорытындылаушы
бақылау жұмысы балалардың көбейтудің
түрліше жағдайларын (көп таңбалы
санды бір таңбалы санға екі
танбалы санға, үш танбалы санға
көбейтуді жазылуында нольдер
ортасында және аяғында болып
келетін сан дарды көбейтуді
атаулы сандарды көбейдің қалайша
меңгергендігін айқындайтын болуы
керек. Тапсырмалар мынадай болуы
мүмкін.
Есепті шығарындар
I вариант
Балалар бақшасы үшін
43 үстел мен 180 орындық сатып
алынды. Орындық 4 с. 25 т. тұрады, ал
үстел одан 3 есе қымбат. Сатып
алынғандардың бәрі қанша тұрады?
II вариант
Туристерге арнап 46
рюкзак жұмсалды.
2. Теңдеуді шешіңдер:
400-х:28 = 344 х: 70+951=986
3. Өрнектің мәнін табыңдар: