Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 08:06, курсовая работа
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында.
І. Кіріспе:
§1. Қазіргі бастауыш білім беруде математиканың рөлі.
§2. Математиканың оқытудың мақсаты мен міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім:
§1. Бастауыш матеметиканың білім беру мазмұны.
§2. Математика оқытуды ұйымдастыру.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
V. Қосымша
Тақырыбы:
Бастауыш математиканың
білім беру мазмұны
және оқытуды ұйымдастыру.
Мазмұны
І.
Кіріспе:
§1. Қазіргі бастауыш білім беруде математиканың рөлі.
§2.
Математиканың оқытудың
мақсаты мен міндеттері.
ІІ.
Негізгі бөлім:
§1. Бастауыш матеметиканың білім беру мазмұны.
§2.
Математика оқытуды
ұйымдастыру.
ІІІ.
Қорытынды.
ІV.
Пайдаланған әдебиеттер
V.
Қосымша
Кіріспе.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында.
Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың рөлі артты, сондықтан математиканың білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының даму қуатты жүретін, ерекше құнды,қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті тұрде бақылап, талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге үиретеді.
Дамыта
оқыта отырып баланы шығармашылық
бағытта жан – жақты
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шыңдығында өзін - өзі тануға ұмтылу, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұнрыс ой түйіп, өздігінше сапалы, дәлелді шешімдер қаьылдай білуге үирену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануға көмектеседі.
Оқушының
өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін
ояату жана рухани күш беру білімнің
ең маңызды мақсаты болып
Оқушының шығармашылық қабілетің дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушының шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытты дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыру мәселесі алға қойған міндет деп түсіну керек.
Енднше мектептің жұмысын қайта құру орта білім беру мақсатын біздің еліміздің нарықты қатынасқа өтуіне тән жағдайлары мен талаптары сәйкес келтіруге бағытталған. Бұл кезде адамның ақыл – ой шығармашылық мүмкіндігіне қойылатын талап артады. Еңбек өнімділігінің артуы тек сондай адамдарға ғана байланысты болғандықтан олардың арасында жұмыс орнын сақтап қалуға қатысты бәсеке күшейеді.
Бастауыш
мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың
танымдық мұқтаждығын сақтап және дамытып,
ғылым негіздерін игеру үшін қажетті танымдық
құралдармен қамтамасыз етуі тиіс.
§1.
Қазіргі бастауыш білім
беруде математиканың
рөлі.
Осы заманға педагогикалық ой - тұжырымдарда гуманизм идеялары еркін білім беру оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қаумының алдындағы үлкен мақсаты: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті қабілетті еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан – алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді, шығармашылық – тұлға бойында батылдық, еркіндік ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну , заңдылықтарды аңықтау шығармашылыққа деген құштарлық әсерін арттырады.
Жалпы білім беру жүйесінде математиканың атқаратын рөлі айрықша.
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл - ой белсенділігін дамытуға және жетілдіруге арналған математика курсының өзіндік ерекшеліктері бар.
Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан – жақты жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің аса маңызды міндеті. Осы орайда мектептегі математика курсының күнделікті практикалық өмір талабына сай жаңа мазмұнда оқытылуы жеткіліксіз.
Ендеше,
оның оқытудағы мазмұн, мақсат , міндетін
айқындап алу шарт. Математикада мақсат,
міндеттін нақтылығы – білім шыңына жетер
нақты жол деуге болады.
§2. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчествалық жұмыс іспеу керек.
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен өзінің негізі – математика ғылымымен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтетін курсы мазмұнын таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп отырады. Математиканы оқыту әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты болады.
Математиканы оқыту методикасы педагогикамен және педагогикалық психологиямен тығыс байланысты математика курсын құруда, математиканы оқыту методикасын таңдап алуды, математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеуден математика методикасы педагогикамен педагогикалық психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарын сүйенеді.
Мектепте математиканы оқыту, кез-келген басқа пәндерді оқыту сияқты білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс.
Математиканы оқып үйрену процесінде оқуылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бір қатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардың сапалы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта біліуін қамтамасыз ететін болуы керек.
Математиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көз-қарастын бастамасы қалыптаса бастады. Сан, арифметикалық амалдар, санау системасы, геомериялық фигура т.с.с. математика алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш сыныптардың өзінде-ақ оқушы математиканың объектісі – шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек , мұнын өзі реалдық материал екенің» сол сияқты «сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағанын,нақты дүниеден алынғанын оқушы түсініп білуге тиіс.Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланыстылығын жүзеге асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан , мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалықфактілерді тани білуге, үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдер мен оқушыларды қаруландыру, мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп – қисапты шығару т.с.с.
Математиканы оқыту ісі өз Отаның сүйетін, біздің қоғамымыздың ігі мақсаттарын сезіне білетін, өз білімін мемлекеттік мұраттарды жүзеге асыру үшін сарп етуге дайын ғылыми – техника дамыған қоғамнын адамдарын тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамдардың еңбек сүйгіштігі, ұқыптығы сияқты ерекшіліктерін қалыптастыру міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінің, қиялын дамытуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс, математикаға ден ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істеуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математиканы бастауыш сыныпта оқыту оны әрі қарай жоғары сыныптарда оқып – білуі үшін, оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой - өрісінің дамуына сенімі негіз болуы тиіс.
Ендеше,
математика оқыту мен тәрбиелеуді, оқушылардың
білімді игеруі мен танымдылық қабілеттерін
дамытуды табиғи үйлестіру: білімнің теориялық
деңгейін арттыру және алған білімді практикада
қолдана білуге дағдыландыру, ол үшін
қажетті дағдылар қалыптастыру – міне,
математиканы мектептің төменгі сатыларында
оқытуда жетекші принцип болып табылатындар
осылар болмақ.
ІІ.
§1. Бастауыш математиканың
білім беру мазмұны.
Математиканың бастауыш курсы құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелігі: Курстың негізгі мазмұны арифметикалық материал болып табылады. «Натурал сандар мен негізгі шамалар арифметикасы бастауыш курстың негізі болады. Сонымен бірге, оған, геометрия мен алгебралық пропедевтина элементтері енді, бұлар мүмкіндігінше сан, арифметикалық амалдар мен математикалық қатынастар жөніндегі ұғымдардың барынша жоғары дәрежеде игеруіне көмектесе отырып, мүмкіндігінше арифметикалық білімдер жүйесіне енеді, яғни алгебра мен геометрия элементтері математика курсының ерекше жеке тарауы бола алмайды, арифметикалық математикамен тығыз байланыста болады. Осындай байланыс, бір жағынан балаларды алгебра және геометрия идеяларымен таныстыруға, екінші жағынан төменгі сынып оқушыларынын арифметикалық білімді неғұрлым жоғары дәрежеде игеруіне көмек етеді.
Екінші ерекшелігі: Бастауыш курс материалы шоғырланған түрде беріледі. Ең алдымен ондық бөлшектеуге келмейтін алғашқы он саннын нумерациясы оқылады , осы сандарды жазу үшін цифрлар енгізіледі , қосу және азайту амалдары үйреніледі. Сонан соң 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал бөлу және көбейту еңгізіледі. Бұдан кейін 1000 көлемдегі сандар нумерациясы үйретіледі. Ақырында, көп таңбалы сандар нумерациясы үйретіледі, класс ұғымы қарастырылады, цифрлардың ондық мәнінің принципі жөніндегі білетіндері жинақталып қорытылады, жазбаша есептеулер алгоритімі еңгізіледі. Сонымен курста төрт көк центр бөлініп алынған: ондық, жүздік, мың, көп таңбалы сандар. Нумерацияны және арифметикалық амалдарды қарастырумен бір мезгілде және тығыз байланысты басқа да мынадай мәселелер қарастырылады: шамалар, бөлшектер алгебралық және геометриялық материал.
Курстың мұндай құрылысы жүйелі қайталап отыруды және сонымен бірге оқып білгенді тереңдете түсуді қамтамасыз етеді, үйткені бұрын үйренген білім мен білік, дағды сандардың жаңа көлемінде қолданылады. Осынын бәрі курсты жақсырақ игеруге көмектеседі.
Үшінші
ерекшелігі: Теория мәселелері мен практикалық
сипаты мәселелер бірімен – бірі табиғи
байланыста болады. Теорияның көптеген
мәселелері индуктивті түрде енгізіледі,
ал практикалық сипатты мәселелер соларға
негізделіп айқындалады. Мысалы, көбейтудің
үйлестірімділік қасиеті дербес фактілерді
жинақтап, қортындылау негізінде енгізіледі
де осы қасиет пайдаланып, көбейту әдісі
ашып көрсетіледі.
17*3=(10+7)*3=10*3+7*3=51
Осындай өзара байланыс кезінде теориялық мәселелер жақсы игеріледі және саналы түрде практикалық іскерлік қалыптасады.
Төртінші ерекшелігі: Математикалық ұғымдар, қасиеттер, заңдылықтар курста бір – бірімен өзара байланыстырыла айқындалады. Бұл тек арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалдар арасындағы байланыс қана емес курстағы әртүрлі ұғымдар, қасиеттер заңдылықтар арасындағы ішкі байланыс деп аталатын байланыстар.
Бесінші ерекшелігі: Арифметикалық амалдарды өткенде ең алдымен олардың нақтылы мағынасы айқындалады. Сонан соң амалдар қасиеттері, амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы, байланыстар мен тәуелдіктер айқындалып ашылады.
Алтыншы ерекшелігі: Ұқсас немесе өзара байланысты мәселелерді салыстыра отырып қарастырған орынды екенің тәжирибие көрсетіп отыр. Бұл жағдайда елеулі ұқсастығын және айырмашылығын бірден бөліп көрсетуге болады.
Бастауыш курстың құрылыс ерекшелігі осындай. Енді оның мазмұнын қарастырайық.
Арифметикалық материалға мыналар жатады: теріс емес бүтін сандар нумерациясы, сол сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар шамалар, оларды өлшеу жөнінде, бөлшектер жөнінде, атаулы сандар мен оларға қолданылатын амалдар жөнінде мағлұматтар.
Бастауыш
курстын өзекті мәселелерінің бірі
натурал сан ұғымы
Бастауыш курста ноль санына бос жиындар класынын сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі.
Математиканың жүйелік курсын оқып үйренуге дайындау мақсатымен бастауыш курста бөшек жөнінде көрнекті түсінік беріледі.
<Информация о работе Математиканың оқытудың мақсаты мен міндеттері