Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 20:28, реферат
Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде. Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады
Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде. Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады.Бүгінгі күні рәсімдерді одан әрі жеңілдету, құжат айналымын қысқарту, кеден органдары көрсететін қызметтерді жетілдіру жолдарын іздестіру жүріп жатыр. Кеден органдары өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін және экономикалық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғау және азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге бар күштерін салады.Кеден органдары қоғам өмірінде елеулі рөл атқарады және елімізде болып жатқан экономикалық процестерге іс жүзінде әсер ете алады. Сондықтан Кедендік бақылау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға және кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді түрлерін және әдістерін енгізуге, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жаңғыртуға, есірткі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күресті күшейтуге және дамытуға бағытталған нақты шаралар жасауда.
Асельхан; Қазақстан-достық мекені
Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғамдық парламентіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбіт өміріміз бен берекелі тірлігіміздің тірегіне айналғаны жасырын емес. Оны “Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдауымыз” атты күн тәртібімен өткізілген Ассамблеяның ХV сессиясы жұмысының өн бойынан айқын байқадық. Достық жиналысында Елбасымыз, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығару жөнінде ұсыныс жасап, жұмыс тобы қызметіне кірісіп те кетті. Бұл Қазақстанды мекендеп отырған барлық этностардың ынтымағы мен бірлігін, жарасты ұйымшылдығын сақтау біздің мемлекеттік саясатымыздың стратегиялық мақсаты екендігін нықтай түсті. Доктрина талаптары мен ережелері ұлттық саясатымыздың негізі ретінде Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму жоспарына енгізілетін болады. Оны жұртшылық қызу талқыдан өткізіп, ортақ мәмілеге келетіні сөзсіз. Міне, ел болашағын үдере дамытуға, азаматтарымыздың алаңсыз тіршілігіне жанашырлық ниетіндегі қам жасап жатқан Ассамблеяның елімізді ұйыстырушы күшке айналғаны, оның үлкен істерді қолға алатын қабілеттілігі айрықша қуантады.
Жүзден астам ұлт пен ұлыс бейбіт қатар өмір кешетін Қазақстан “Достық” аталатын ең асыл қасиеттің жемісі төгілген ел болып отыр. Ассамблея сессиясы осынау құндылықтарды қастерлеу, оны көздің қарашығындай сақтау қажеттілігін тағы де еске салды. Мемлекет басшысы өз баяндамасында қазақстандық көпэтностық бірлік модулі әрқилы сындарды бастан кешіргенін және халықты қазіргі қаржы-экономикалық дағдарыс қыспағынан оңтайлы алып шығуға қызмет ететінін атап көрсетті. Шындығында, диқан дидарындағы, малшы жүзіндегі шуақты нұрландыратын – достық. Біз тың өлкесінде туғандықтан, еңбектің ұлтқа бөлінбейтінін, ортақ мүдделер арқылы тұрмысымыз жақсаратынын біліп өстік. Қазір бабаларымыз бен аталарымыз мұраға қалдырған тамырлық тартылыстар қуатымен өндірістің жаңа қадамдарын қолымыздан өткеріп, табыстарымызға бірге қуанып жүрміз.
Елбасы Н.Назарбаев биылғы тамыз айында облысымызға жасаған сапарында егістік алқаптарымызда болып, механизаторларымызбен көптен бергі танысындай ашық-жарқын әңгімелесті. Алтын масақтарды салмақтап тұрып “Жарайсыңдар, достар!” дегені жігерімізді тасытып, құлшынысымызды арттырғаны науқан барысында көрініп тұрды. Елбасы сенімі абыроймен ақталды дегім келеді. Табиғи қолайсыздықтарға қарамастан, 35900 гектар егістіктің әр гектарынан 14 центнерден ырыздық дәні жиналды. Бұл былтырғы деңгейден 4 центнерге артық. Серіктестігіміздің құрамындағы 6 ауыл шаруашылығы кәсіпорнының ішінде оза шапқандары да бар. Мысалы, Ғани Жалмағамбетов басқаратын “Қарабұлақ” және Әнуарбек Қалиевтің жетекшілігіндегі “Ақылбай” шаруашылықтары гектар түсімділігін 16-17 центнерден айналдырды.
Қазір 100 пайыздық тұқым қорын қамтамасыз етіп, 1200 гектардан астам жерге күздік егіп үлгірдік. Сүдігер жырту тапсырмасы да орындалады. Бүгінгі күні “Кенесары Астық” элеваторына астық тасымалдап жатырмыз. Жалпы, жыл он екі ай бойы жұмыстан қол үзбейміз. Еңбек адамы мұны өзіндік бақытқа санайтыны бар. Ынтымақ жарасқан жерде іс те өнімді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзіміз өңдейміз. Сүт зауыты, диірмен, наубайханалар қатарына озық инновациялық технологиямен жаңа тауарлы-сүт кешенін пайдалануға қостық. Елбасымыз ондағы жұмыстарға да ризашылығын білдірген болатын.
Қазақтың көңілінің дарқан даладай кеңдігі, пейілінің молдығы Қазақстанды мекен еткен бірнеше этностың татулығына арқау болып отыр. Бұл – дәлелдеуді қажет етпес шындық! Татулық берік орныққан елде ұлтаралық алауыздық та, дүрдараздыққа үндер кикілжің де орын алмайтынына көзіміз жете түсті. Әлем елдеріндегі түрлі қақтығыстарды, толқуларды естіп, көріп отырғанда, Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен татулықтың қадірі бұрынғыдан да арта түседі. Мұны біз секілді кезінде зорлықпен жер аударылып, қазақтай мейірбан халықтың қамқорлығына бөленген этностар жақсы білеміз. Өйткені, жергілікті қазақтар арып-ашып келген түрлі этностарды өз үйлерінде паналатты, ауыздарынан жырып тамағын берді. “Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді” дегендей, сол бір қиын-қыстау кездерді, сондағы қазақтардың пейілі мен мейірбандығын, қонақжайлығын қалай ұмытарсың!
Қазақстанға қоныс аударған көптеген этностар жергілікті жерде тұрақтап қалумен бірге, қазақ халқының өкілдерімен отбасылық жұп құрып, баянды бақыт тапты. Солардың қатарында өзім де бармын. Қазақтың мінезге бай, парасатты азаматына тұрмысқа шығып, ұзақ жыл тату-тәтті болдық. Күйеуімнің анасы мен әжесі мені өз қыздарындай бауырына тартты. Сол кісілердің қамқорлығы мен ерекше ықыласының арқасында қазақтың тілін, ұлттық салт-дәстүрін үйрендім. Сонымен бірге, олар өзіңнің тілің мен дәстүріңді ешқашан ұмытпа деп айтып отырушы еді, туған анамдай болған қайран енелерім. Қазір күйеуім өмірден өткенмен, оның көтерген шаңырағын шайқалтпай, балаларым мен немерелерімнің қуанышына бөленіп отырмын.
Мұның бәрін тізбелегендегі айтпағым – біз бір шаңырақтың астында ерлі-зайыпты болғанымызбен, ұлтымыз да, салт-дәстүріміз де, тіпті дініміз де бөлек еді. Алайда, біздің арамыздағы тереңнен тамыр тартқан өзара татулық соның бәрін ұмыттырды. Біз секілді бір-бірімен қол ұстасып, дінаралық, ұлтаралық, тіларалық өзгешеліктердің қиындығын жеңген отбасылар көп. Тіпті, бірнеше этностың өкілдері тұратын ауылдар да жетерлік. Солардың қатарына Махамбет ауданындағы Сарытоғай, Бейбарыс ауылдарын жатқызуға болады. Бұл ауылдарда ешқашан ұлтқа бөліну, бір-бірін кемсіту секілді көңілге кірбің түсіретін кикілжіңдер мүлде болған емес. Бұл Атыраудың бір-екі ауылына ғана тән құбылыс емес. Мұны тұтастай Қазақстандағы этносаралық татулықтан байқаймыз.
Қазақстандағы татулық – қазақ ұлты секілді осы жерді мекен еткен барлық этностар үшін басты құндылық! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында татулықтың қажеттігін айрықша атап көрсетіп, оның негізі – ұлттық бірлікті нығайтуда екендігіне тоқталды. “Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру, толеранттылық, азаматтық және осы елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу секілді шарттармен анықталады”, деп оның маңыздылығын өте орынды түсіндіріп берді. Мемлекет басшысы айтқандай, елдің ішкі тұрақтылығын сақтау үшін ұлттық бірлікті бүгінгіден де нығайта түсу қажет. Сонда ғана еліміздегі этностардың бірлігі артады, ортақ тарихымыздың өткенінен сабақ алып, Қазақстанымыздың тәуелсіздігін баянды етер болашақ үшін аянбай еңбек етуге батыл қадам жасаймыз. Ең бастысы – ұрпағымыздың бойында достық пен бауырластық, сенім мен толеранттылық секілді ізгі құндылықтарды терең сіңіре аламыз.
Әлемге әйгілі көмірлі Екібастұздың атын кім білмейді. Міне, дәп осы жерде күн санап гүлденіп өсіп келе жатқан кеншілер қаласында байырғы тұрғындар қазақтармен қатар, әртүрлі этностар орыс, украин, чешен, ингуш, әзірбайжан, корей, поляк және басқалары тату-тәтті өмір сүруде. Кешегі күні Астанада “Ел бірлігі — біздің стратегиялық таңдауымыз” тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып кеткендей, шынында да біздің Ассамблея – киелі бесік, құтты шаңырақ. Бұл екі сөз қазақ халқында аса қастерлі ұғымдар болып саналады. Бұл көптеген этнос өкілдері өмір сүріп жатқан еліміз үшін халық тұтастығын нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау жөнінде Елбасы тарапынан көтерілген тағы да бір тарихи стратегиялық маңызды мәселе, яғни еліміздің Ұлттық бірлік доктринасы туралы мәселе шешімін табатын күн деп айтуға болады.
Әрине, біздер жоғары мінберден айтылған Елбасының ел бірлігін, алдағы болашақты ойлаған мұндай ұсыныстарын әрқашанда қолдаймыз. Ұлттық бірлік бұл бәріміздің де таңдауымыз, тыныштық бәрімізге керек. Этносаралық татулықтың еліміздегі тұрақтылықтың негізгі кепілі екені даусыз. Ұл-қыздарымыз, туыстарымыз, достарымыз, көршілеріміз бәріміз бір мақсатты қолдап, осы елде өмір сүріп жатқан соң, Елбасы саясатының бірлік, татулық жолындағы еңбегін аса жоғары бағалаймыз.
Біздің Екібастұз қаласындағы “Достық үйі” облыста алғашқы болып бой көтерген шаңырақтардың бірінен саналады. Бұл күндері осы татулық-достық үйінде тоғыз этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Бәрінен де қуанатынымыз – осы үйдегі мәдени шаралардан қалмайтын өзге этнос өкілдерінің ұл-қыздары, әсіресе, қарттарымыздың белсенділігін айтуға болады. Қарттарымыз өз ұлтының өткенінен, тарихынан, салт-дәстүрлерінен жастарға айтып, үйретіп отырғандары да бір ғанибет. Осы жерде орыстың баласы болсын, украин, татар, чешен, беларусь, поляк немесе т.б. болсын еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін де оқып-үйренуде.
Этно-мәдени
бірлестіктер қалада
өтетін барлық мәдени
мерекелік шаралардан
қалыспайды. Қай мереке,
қандай шара өткізбейік,
біздің бұл мақсаттағы
ән-шашуымыз ел бірлігіне,
Отанды сүюге, патриоттық
рухты, шынайы белсенділікті
көтеруге, қазақ халқымен
бірге келе жатқан достықты
дәріптеуге арналады.
Олардың ішінде А.Аксенова
басқаратын “Братство”
атты славян этно-мәдени
бірлестігі, татар-башқұрттардың
“Шатлық”, корейлердің
“Чосон” этно-мәдени
бірлестіктері, “Возрождение”
неміс мәдени бірлестігі,
“Беяхад” еврей мәдени
бірлестігі, “Полония”
этно-мәдени бірлестігі,
чешен-ингуштардың “Вайнах”
және чешен-ингуштардың
ақсақалдар кеңесі,
басқа да этно-мәдени
бірлестіктер осы біздің
“Достық үйінде” жұмыс
жасайды.
Енді осы этно-мәдени бірлестіктердің қатарын бұл күндері жастарымыз толықтыра бастады. Сөйтіп, “Дулкын”, “Гюзал-ай”, “Славяночка”, “Світанок”, “Маршо”, “Бояхад” “Зодоринка” сияқты ән-би ансамбльдері үлкендердің ізін басты. Бүгін “Достық үйіне” олардың ата-әжелері келетін болса, ертеңгі күні әке-шешелері жас балаларымен орта толтыратынына көзіміз жетті.
“Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдауымыз” атты күн тәртібімен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Елбасымыз, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әрі қарайғы дамуына, әлемдік қаржы дағдарысының әсерін төмендетуге, еліміздің гүлденуіне, қазақстандық қоғамды біріктіруге бағытталған этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін нығайту бойынша жаңа және аса маңызды сындарлы ұсыныстар жасады.
Елбасымыздың Ұлттық бірлік доктринасын ақылға салған кезде жиынға қатысушылардың барлығы оны ыждаһаттылықпен тыңдады. Болашаққа арналған бұл құжатты біздің әрбіріміз көптеген жылдар бойы басшылыққа алып жұмыс істейтін боламыз, мұнда мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру мәселелері, этносаралық саладағы саясатты ары қарай жетілдіру, қазақстандық қоғамдағы төзімділікті, қазақстандық патриотизмді, қоғамның бірлігін, саяси тұрақтылықты нығайту мәселелері көзделетіндігі сөзсіз. Бірақ біздің барлығымыз жобаны жетілдіруге атсалысуымыз керек.
Біз тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім орын алған елде өмір сүріп отырмыз, бұл көпэтносты еліміздің келешегіне деген сенімді нығайта түседі. Бұл біздің ең басты қол жеткізген жетістігіміз және ұлттық бірлігімізді әрі қарай нығайтудың маңызы одан да зор.
Елбасымыз өз сөзінде: “Тарихтың қайғылы беттерінен біз сабақ алуымыз керек. Әртүрлі этностардың басынан өткерген қайғылы күндерінің келешекте қайталанбауы үшін оларды есте сақтауымыз керек”, – деді. Елдің тұтастығы болмаса ешқандай қаражаттың, ешбір табиғи байлық пен әскери күштердің орын алған проблемаларды шешуге күші жетпейді. Сондықтан да сессияның күн тәртібінде қаралған мәселе әрдайым көкейкесті болмақ.
Мен өзімнің Қазақстан азаматы екендігімді мақтан тұтамын. Қазақстан – менің Отаным. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың көрегендігі мен сара саясатының нәтижесінде елімізге бүкіл дүние жүзі құрметпен қарайды. Біз, әралуан этнос өкілдері бірлесе отырып, демократиялық қоғам құруға бет бұрдық. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұрып, халықты әлеуметтік қорғау шараларын, өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ете отырып, жаңа экономикалық жетістіктерге қол жеткізу үшін мемлекетте барлық шаралар қолға алынған. Ең қиын күндердің өзінде халықты әлеуметтік қорғау шаралары әрдайым бірінші орында тұрды.
Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтқан ойларының барлығы құнды. Оны жүзеге асыру үшін көп жұмыс істеу керек. Сессия материалдарын біз ақсақалдар кеңесінің, ғылыми-сараптық кеңес мүшелерінің, жастардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен егжей-тегжейлі зерделеп, талқылайтын боламыз. Ұлттық бірлікті нығайту, кез келген қиыншылықтарды жеңу бойынша ел Президенті алға қойған міндеттерді шешу үшін біз белсенді жұмыс істейтін боламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық интеллектуалды күшін шоғырландырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған уақыттан бастап этносаралық және конфессияаралық келісімге қатысты жинақтаған мол тәжірибемізді қолдана отырып біз қазіргі қиыншылықтардан сүрінбей өтетіндігімізге, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға лайықты төрағалық ететіндігіне толық сенімдімін.
Информация о работе Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны