Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 20:28, реферат

Краткое описание

Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде. Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады

Файлы: 1 файл

коныс.docx

— 41.58 Кб (Скачать)
align="justify">     Қызың қырға қонсын,

     Қыруар малың өріске толсын,

     Дәулетіңді асырсын,

     Дұшпаның  басылсын,

     Менің берген бұл батам,

     Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам»—

     деп үй иесіне батасын  береді.

     ¥лыс  күні неге міндетті түрде қазан пайдаланылады? Жеті қазынаның бірі — қара қазанның халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атқарған қызметі  аса терең де мәнді. Оған сиынған халықтық наным-сенімдер желісінің елестері біздің дәуірімізге түрлі көмескіленген аңыз-әңгімелер түрінде жетіп отыр.

     Ұлыс күні неге өгіз сойылады? Қазақ есепшілерінің тәжірибесіне

       сүйенсек, Үркер күздің  басында шығыстан, қыстың басында тбеден, ал

     көктем  басында аспан  етегінен көрініп, жазға  қарай мүлдем батып  кетеді.

     «Үркердің жерге түсуі» делінетін  осы кезеңге 40 күн  жазғы шілде сәйкес

     келеді. Бұл кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу себебі — Күн жолы наурыз

     айында  дәл соның үстінен  өтеді. Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана,

     мәселен, Орталық өңірлерде  осы кезде Үркердің кос жұлдызы бұқаның

     мүйізі  секілді батқан күн  жолының екі жағынан  қылтиып көрінеді.

     Аспан көгіндегі дәл  осы көріністі  Қазақстан жартастарына шимайланған петроглифтерден - мүйізімен Күн Көкөгіз - көруге  болады.

      

     Ажар;  Республикам менің-Қазақстан

     Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті  сөзді әрбір Қазақстан  Республикасының  әрбір азаматы  асқақ сезіммен, мақтанышпен  айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ  арман жетегінде, отаншылдық рухты  ту еткен ұлт пен  ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

     Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға  мүмкіндік беретін  бірден-бір күш.

     Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

     Отансүйгіштік — рухтың аса бір  қасиетті тірегі демекші, Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік  жолында ту етіп көтерген идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен жалғасып жатыр. Президентіміз ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үлгісіне сай айқындалған. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету», — деп жазды.

     Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз  қанын төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.

     ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай аталарымыз халықты  озық елдер қатарынан  қалыспауға, білімге  шақырса, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты.

     Сен үшін, Отан, сертім сол  —

       Неден де болса  тайынбан!

       Киелі менің өрісім

       Барлығы-дағы сен  үшін,-деген М.  Мақатаевтың өлең  жолдары осыны дәлелдейді.

     «Отан үшін отқа түс —  күймейсің»,-деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық  жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет  тартқан аға-апаларымыздың  ерлігін қалай  ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың  ерлік дәстүрін әрі  қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті.

     Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына  ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі — тұңғыш рет  әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінін түзу шығарып, іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың он төрт жылдан аса уақыт ішінде атқарған жұмыстары. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.

     Осы арқылы кейінгіге  біз де із қалдыруға  тиістіміз. Ол үшін жастықтың  жалынымен, бойдағы  күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-ананың тірегі болуымыз керек. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр — білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек. Әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ойлаймын.

     «Тәуелсіздігіміз  тұғырлы, еліміз еңселі болғай!» деп тілей  отырып, өзімнің жүрек  жарды сөздерімді өлең жолдарымен білдіргім  келеді:

     Жаңа  ғана қазағымның таңы атты,

       Алу мақсат Ел  деп алғыс, сауапты.

       Әр отбасы, әрбір  қазақ, әр адам,

       Тәуелсіздік сақтау  үшін жауапты!

     Дербес, тәуелсіз ел болу деген  қандай бақыт! Елдің  өз құқы өзінде. Бәрін  де халық өзі шешеді. Қазір дүние жүзінің  көптеген елдері Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танып, жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.

     Әсіресе, ел астанасын Астана қаласына көшіру — пісіп-жетілген және маңызы зор саяси және экономикалық қадам. Қазір Астана қаласы күннен-күнге көркейіп, әсем болып келеді. Жаңарған Астана келбетін көру үшін биылғы жазғы демалыста облыс әкімі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың қолдауымен біздің аудан оқушылары Астана қаласын тамашалады. Содан көңілге ұялаған сезімімді

     Астана  арман қала,

       Бағы бір жанған  қала.

       Тұрады ол жас  болып,

       Мен үлкен болғанда, — деген Тұманбай  Молдағалиев ағамыздың  осы өлеңімен жеткізгім  келеді.

     Елордамыз бір өзі ғана көркейіп келе жатқан жоқ, сонымен  қатар, мемлекетіміздің  барлық өңірлерінің  өркендеуіне серпіліс беріп отыр. Олай дейтінім, менің тұрған жерім Талшық мекені де Астанаға қарап бой түзеп көркейіп келеді. Өткен жылы ауданымызда мектеп-интернат ашылып, шалғай жатқан ауылдардағы балалар келіп білім алса, биыл «Балдырған» атты балабақша ашылып, мешіт, емхана құрылыстары бой көтеруде.

     Әрине, бұл аудан әкімі Қайрат Пішенбайұлының басшылығымен атқарылып жатқан іс. Ал маған осы өскен жеріме қандай үлес қоса аламын деген ой келеді? Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша елді көркейту керек деген болатын. Қазір менің қолымнан келетіні мектеп ауласына, үйімнің жанына ағаш отырғызып елімді көркейтуге үлес қосу және де өз сыныптас достарымды бірігіп, іске кірісуге шақырамын.

     Бірлік  — халық салты. Бұл — өмір заңы. Ел болу ерлікке, еңбекке, бірлікке байланысты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Өйткені «бірліксіз тірлік жоқ, тірліксіз бақыт жоқ». Бірлік салтын, яғни ел бақытын сақтау үшін жан аямай күресу, еңбек ету — әрбір адамның міндеті.

     Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен  одақтасып, достаса  білуі жеңістен жеңіске  жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің  елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болады.

     Біздің  еліміз тәуелсіз Қазақстанда  көптеген ұлттардың  өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет.

     Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауында көрсетілген айқын ұсыныстары мен тапсырмалары негізінен республика халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғаны сөзсіз. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат өз ісімен еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік реформаларға үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

     Бүгінгі таңда мемлекетіміздің  жан-жақты қарқынды дамуына айқын  жол ашып отырған  Конституциямыздың  қабылданған күні, яғни 30 тамыз бүкілхалықтық  мереке болып табылады. Міне, биыл, Ата Заңымыздың 10 жылдық мерекесін және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығын ерекше атап өттік. Айбынды Ата заңымыз мемлекетіміздің тұғырын бекітіп, халқымыздың берекесін өсіруге қызмет етіп келеді.

     Конституция Қазақстан атты елдің  бар екендігін  бүкіл әлемге паш ететін негізгі төлқұжат болып отыр. Менің тағы бір қосарым, біздің еліміздегі ең басты жетістігіміз саяси тұрақтылық, яғни байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттардың бірлігі, халықтың достығы дер едім. Біздің Республикамызда жүз жиырмадан астам халықтың ұл-қыздары тату-тәтті ынтымақпен жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақ та, жан доспыз! Қазақстан Республикасы — біздің сүйікті де, ортақ Отанымыз!

     Қазақстан халқының қонақжайлығын қазір бүкіл дүниежүзі біледі. Басқа ұлт пен ұлыс өкілдерін көзге шұқу, қудалау жоқ. Ал енді сол қазақтың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздегі ішкі саяси тұрақтылық мәселесін өмір бойы бірінші орынға қойып, ел тыныштығын сақтап келеді. Қазір күнде теледидардан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр облыстарға сапарын көрсетеді, егер мен сол жерде болсам, ештеңеге қарамай, ешкімге әл бермей, Елбасымыз Нұрсұлтан ағаны бір құшақтап сүйетіндей сезімдемін. Қазір, міне, желтоқсанның төртінші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өткізілгелі отыр.

     Оған  «Отан» саяси партиясының  кезектен тыс VIII съезі  Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат етіп Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты бірауыздан ұсынуы баршамызға мәлім. Иә, «Отанның» таңдауы  — ел таңдауы. Олай болса, Нұрсұлтан  ағаның елбасы болып қала беретініне халқымыздың сенімі мол. Әрине, менің жасым 18-ге толған жоқ, дауыс бере алмаймын. Мен өз басым Қазақстан Республикасының Елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев болғанын қалаймын.

     Қазақтың Аспаны қандай кең болса,

       ақылы да сондай  кең.

       Қазақтың жері  қандай кең болса,

       пейілі де сондай  кең.

       Қазақтың жүрегіне  тек қазақтың баласы  емес,

       бүкіл әлем сыйып  кетеді.

       Даласындай дархан, жазирадай жомарт

       елбасымызды бағалай  білейік ағайын. 

       Менің елім…

       Менің халқым…

       Менің туған жерім…

       Менің Президентім…

       Менің Отаным…

       Менің Республикам…

Информация о работе Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны