Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 08:06, курсовая работа
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында.
І. Кіріспе:
§1. Қазіргі бастауыш білім беруде математиканың рөлі.
§2. Математиканың оқытудың мақсаты мен міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім:
§1. Бастауыш матеметиканың білім беру мазмұны.
§2. Математика оқытуды ұйымдастыру.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
V. Қосымша
Есептерді іріктеу барысында күнілгері жүргізілетін пропедевтикалық, дайындықты жүзеге асыруга көмегін тигізетін теңдеудің көмегімен шешілетін геометриялық мазмұнды есепте арнайы көңіл бөлінді.
Бағдарлама негізгі мектепте алгебра мен геометрияның жүйелі курсын оқып-үйренуге қажетті даярлықтың практикалық, негізін бастауыш мектепте қалайтын алгебра мен геометрияның элементтерін қарастырудың мүмкін жолдарының бірін ұсынады. Мұнда алгебралық және геометриялық, қарапайым түсініктер мен ұғымдарды, практикалық білік пен дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Оларға алгебрадан: "өрнек", "санды өрнек", "санды теңдік және теңсіздік", "санды өрнектің мәні", "әріпті өрнек", "әріпті өрнектің мәні", "әріптің әрбір мәніне өрнектің де бір ғана мәнінің сәйкес болатыны", "қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері", "құрылысы күрделі теңдеулер және оларды шешу тәсілдері", "алгебралық тәсілмен, яғни теңдеу құру арқылы есептер шығару" және т.б. жатады. Ал геометриядан:"кеңістік туралы түсінік", "нақты фигура туралы ұғым", "геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату", "геометриялық шамаларды өлшеу","фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру", ''әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру", және т.б. жатады.
Әріпті өрнектердің а+5, а-З, 7-а, 7+а, а.2, а:2, 5.а, а:3 сияқты, сандар аймағы кеңейген сайын сандық деректері күрделене түсетін, қарапайым түрлері ғана қарастырылады.
Алгебра элементтерінің ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда аса маңыздысы - теңдеу жайында түсінік беру және оны - шешудің тәсілдерін оқытып-үйрету, сондай-ақ есепті алгебралық тәсілмен /теңдеудін көмегімен/ шешудің мән-мағынасын ашу. Теңдеуді шешудің алдымен "сынап көру", яғни "таңдап /іріктеп/ алу" тәсілі, содан кейін тура санды теңдіктің немесе өзара кері амалдардың қасиеттеріне негізделген тәсілдері енгізіледі. Әр алуан жаттығулар /жай есептер шыгару, ойлаған санды табу және т.б./ бойынша теңдеулер құрылады. Ал теңдеудің көмегімен есепті шешу тәсілінің мән-мағынасы және ерекшелігі екі амалмен шығарылатын есепті қарастыру барысында ашылады.
Геометриялық материалдарды оқытып-үйретудегі басты назар үшбұрыштың дербес түрлерінің /тен бүйірлі, тең қабырғалы/, тік төртбұрыштың /шаршының/ периметрін табудың әр түрлі тәсілдерін салыстыра қарастыруға және сол тәсілдердің ең тиімдісін анықтауға, тік төртбұрыштың /шаршынын/ ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің /текшенің/ көлемін табуда колданылатын қорытындыларды тұжырымдауға аударылады. Ал периметр, аудан және көлем туралы осы ілімдер санды өрнектерді және құрамында бір ғана әріп болатын өрнектерді құру, оқу, түрлендіру, олардың мәндерін есептеп табуға қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыруда пәрменді және дәйекті түрде қолданылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтері және арифметикалық материалдардың табиғи бірлігін, өзара байланысын жүзеге асырудың мейлінше тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Бағдарлама қалыптастырылатын математикалық білім, білік-дағдыларды жетілдіре, дамыта түсу мақсатында оқытудың әр жылының соңына қарай өткізілетін қайталаудың өзіндік жүйесі мен әдістемесін анықтайды. Мұнда бұрын өткен мәселелерді еске түсіру барысында жаңа мағлұматтарды қамту арқылы олардың даму процесін қамтамасыз ету көзделеді. Бұл материалдарды салыстыруға, корытынды жасауға, ұғымдар арасындағы жаңа байланыстар орнатуға, олардың логикалық желісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге бағдарламада бастауыш мектептін негізгі мәселелерін осы сатының соңында қайталаудың жүйесі және әдістемесі ұсынылады. Мұнда алдымен қандай мәселелер қайталануы тиіс екендігі анықталған, олардың қандай деңгейде қорытындылатындығы сараланған және олардың ілгеріде қандай бағыттарда дамытыла түсетіндігі айқындалған. Осы тұрғыдан алғанда білім мазмұны және оны оқып-үйрену нәтижелерінін негізгі бағыттары бойынша бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.
Бағдарламаның
қарастырылған ерекшеліктерін сабақ барысында
іске асыру математикалық білім, білік
дағдыларды оқушылардың, талапқа сай игеруіне
негіз жасайды және алғы шарт болып табылады.
Ал әрбір сабақтың сапасы мен тиімділігі
оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі
бойынша анықталады. Сондықтан да сабақ
барысындағы мұғалімнің және оқушының
іс-әрекеттері белгілі бір, әрі нақты жоспарланған
нәтижеге жетуге бағындырылуы тиіс. Ал
оған қандай жолмен, кандай әдіс тәсілдерді
қолдану және жұмысты ұйымдастыру арқылы
жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық
және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне,
шығармашылық ізденісіне тәуелді. Дегенмен
осы тұрғыдан алғанда да бағдарлама жөн
сілтейді. Оған дәлел, математиканы оқыту
нәтижесіне қатысты бастауыш сыныпты
бітірген оқушыларга қойылатын талаптар
жүйесінін бағдарламада екі деңгейде
келтірілуі. Сондықтан оқушылардың математикалық,
дайындығынын қорытынды нәтижелеріне
қойылатын талаптардың міндетті деңгейі
әр сабақтың бағдары бола алады. Сондай-ақ,
әрқайсысының атқаратын өзіндік міндеті
бар оқу-әдістемелік топтаманың құрамды
элементтері /оның тізімі бағдарламада
берілген/ негізгі мектептін бастауыш
сыныптарында математиканы оқытудың межелі
мақсаттары мен нәтижелеріне жету
тұрғысынан мүмкіндік пен жағдай туғызуға
арналған.
ІІ.
§2. Математиканы оқытуды
ұйымдастыру.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепте сабақ және сабақтан тыс (жеке және топ-топқа бөліп) жүрогізілетін сабақтан формасында жүзеге асырылыды. Үйбе - өзіндік үй тапсырмасы форасында, табиғатта, музеде, өндірістік экскурсиялар формасында.
Басқа пәндер сияқты математикан оқыту жұмысын ұйымдастыру жұмысы негізгі формасы сабақ болып табылады.
Сабақта, әдетте, бірнеше дидактакалық мақсаттар жүзеге асырылады. Бір материалға қатысты алдын ала дайындық жұмыс жүргізіледі, екінші материалға қатысты жаңа материалмен таныстыру және оның алғаш бекіту, үшішіге бұрын өтілгенге қатысты алған білімдеріг қорытындалау және жүйеге келтіру мақсатытарымен, біліктерімен дағдыларын бекрік қалыптастыру мақсатымен берік бекіту жүргізіледі.
Математимка сабақтарында мұғалім балалардың іс-әрекетіен ойдағыдай басқарып, дифференциалдық оқытуды жүзеге асыру үшіен материалды меңгеру барысын үнемі бақылап отыру қажет. Бірнеше варианттың тапсырмалар берілгенде, сыныптағы оқушылардың бәрі ол тапсырманы қалай орындау керектігін айқындап біліп алу үшін тексеру жұмысы бүкіл сынып оқушыларының білімін байқата түсуге көмектесетін болу үшін, әдетте тапсырмалардың қиын варианттарының орындалу барысы тексеріледі.
Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетімен жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, оладың оқу жұмысында белсенділі артып, өз бетімен жұмыс істейтін болады.
Оқушылады өз беттерімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор.
Жаңа матермиалды оқып – үйрену кезінде балалар жаңа білім өндіруге тікелей қатысытындай жағдайлар туғызу өте маңызды. Мәселен оыс мақсатпен жаңа материалды өтудің алдындат оқушыларға практикалық есеп беріледі, ол есепті шығару үшін балалардың білімідері жеткіліксіз болады да, жаңадан білім қажет болады. Олар болса, осы сабақта өтілетін мәселелер болады, яғни «Проблемалық ситуация», «Қиыншылық жағдай» туады.
Математикаға деген ынтаны арттыру мақсатымен сабақтарға дидактикалық ойындармен қызықты жаттығулар енгізіледі. Тапсырма әдеттегіден өзгеше түрде берілсе, оқушылар зор ынтамен орындайды: мысалдарды шығарып қана қоймай, қате шығарылған масалдарды тауып оларды дұрыс шығарып, таблицаны толтыру керек, оны толтыру үшін бір қатар мысалдарды шығару керек болады. Ойындар мен қызықты жаттығулар енгізу сабақ кезіндегі жұмысты жандандырып, балалардың белсенділігін арттырады.
Жаңа материалды оқып үйрену жөнінен істелетін жұмысты ұйымдастыруды, оқушыларға оқу материалын тек белсенді түрде және өз бетімен меңгеріп қана қоймай, сол материалмен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдерін қабылдап және саналы түрде түсінік алуына көмектесу қажет сондықтан балалардың назарын тапсырмалардың орындалу тәсілдеріне аударып отыру керек, қарастырылатын өзі осы тәсілдер болу керек сабақтын басқа мақсаттарын бағындырып отыратын негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтар мынадай типтерге айрылып бөлінеді. Жаңа материалдық оқып үйрену сабағы, білім, білік және дағды бекіту сабағы, білім, білік және дағдыларды бақылау сабағы.
Математиканы оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалар сабақтан тыс және жеке оқушылармен, топ оқушылармен өткізілетін сабақтар, үйге берілетін өздік жұмыс, экскурсиялар сабақпен тығыз байланысты және соған байланыстырылған.
Математикадан
өткізілетін сабақтан тыс жұмыстар
сабақта алған білімді
Математикадан
үйге берілетін өздік жұмыс
Үй тапсрмасын оқуда ұйымдастыру әр-түрлі мақсатта болады білімдерімен пррактикалық білімдерін (мысалдар, есептер шығара білу) бекіту, алған білімдерін (оқып үйренуге есептеу әдісіне мысалдар құрастыру) жүйеге келтіру және қалыптастыру оқушыларда келесі сабақта өткізілетін жұмысқа (өмір құбылыстарын бақылау, сан материалдар және көрнекі құралдар жасау т.с.с.) дайындау.
Балаларға үйге берілетін оқу ісіне байланысты жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім оқушының отбасымен тығыз байланыста болу керек оқушыларға үй тапсырмасын орындауда тиісті көмек көрсету керектігін ата-аналарға тусіндірген жөн.
Экскурсия
математика материалын оқып үйренуге
байланысты құбылыстар мен объектілерді
тікелей түсініп
Бағдарлама бойынша берілген табиғат пен өндіріске саяхат жасағанда (мысалы, баққа, фермаға, фабрикаға, құрлыс аланына) т.с.с.
Саяхан тақырыбы бойынша жұмыс істеу үрдісіне ұйымдастырылуы мүмкін. Оның міндеті – алынған білім мен білікті жалпылай тексеруді көмектесу, сондай –ақ тақырып бойынша әрі қарай жұмыс істеу үшін қажетті материалдарды толықтыру.
Саяхат бір тақырып бойынша немесе бірнеше тақырып бойынша істелген жұмысты қортындылай алады. Мұндай саяхаттың міндеті – оқушылардың білімін бекіту және кеңейте түсу, бір сабақта немесе біренеше сабақта алған материалын жинақтау. Мұндай текті саяхатқа «геометриялық фигуралардың ауданы» тақырыбын өткеннен кейін жер бетінде жүргізіетін өлшеу жұмыстары мысал болады.
Саяхат
табысты өту үшін, оған мұқият дайындалып
әдістеме жағдайынан дұрыс өткізілуін
қамтамасыз етілуі керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, біздің бастауыш мектептің әр сыныбындағы оқушылардың білім деңгейінің барлық пәндер, оның ішінде математика пәні бойынша басқа елдердегі құрдастарынан төмен болмауы, біріншіде практикалық қажеттілікке, екіншіден өз балаларымыздың мұғалімдеріміздің энтузиязмына негізделіп отыр.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез-келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көз-қарасты өзгертіп отыр. Бұл күнде әр адам сан-саналы өзгерістерге тез бейімделгіш, стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы шарт.
Мұндай жағдай іс жүзіне асу үшін мектеп бітіргенднрге арналған әр-түрлі түсіндірме (радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден, т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша мектепке келген күннен бастап жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл жағдай өз кезегіндегі қазіргі мектепке дамыта оқыту мәселесін алып келеді.
Жалпы дамыта оқыту, дәстурлі оқытуда қалыптасқан көптеген жағдайларды, әсіресе, жекелеген пәндердің білім мазмұнын іріктеуді, оны оқытудың әдістемесін, оқыту әдістерін, оқыту мақсатын үлкен өзгерістерге ұшыратады демек, басқа пәнедер сияқты бастауыш мектептегі математика пәнінің білім мұзмұнындағы оны оқытудың мақсаты мен әдістегі өзгерістердің басты себептерін дамыта оқыту идеяларын, оның жүзеге асыру жағдайары деп түсінеміз.
Информация о работе Математиканың оқытудың мақсаты мен міндеттері