Математиканы оқытуда дидактикалық ойындар пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 15:47, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі.
Зерттеу міндеті:
-бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау:
- бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұнын саралау;
- «дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.

Файлы: 1 файл

дидатикалык ойын.doc

— 305.50 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы—ойын әрекеті.

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі-адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойынды психологиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және  әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К.., Леви Д., Торф Д. және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.

Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелдеген. Тіпті,   18-ғасырда Ж.Ж.Руссо былай деп жазған: "Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек" деген.

Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған.

А.С.Макаренконың айтуынша: "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды роль атқарады. Ойында бала қандай болса, өскенде жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады".

Ал Қазақстан зерттеушілерінің ішінде дидактикалық ойынды зерттеген ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С Хайдаров. Көрнекі педагог Мағжан Жұмабаев: "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сыныпта отырғанда балалардың тез шаршауы оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе тек отыруда, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында сабақты дидактикалық жарыс-ойын түрінде өткізсе, балалар сергіп өздерін еркін ұстайды", - деп ойынның, қызғылықты жаттығудың балалардың оқу әрекетін жандандырып оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.

"Ойын арқылы бала дүниені таниды." - дейді Т.Тәжібаев. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.

Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда бастауыш мектепте оқушылардың танымдық, адамгершілік және сабаққа қызығушылығын, белсенділігін дамыту педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттігін, дамытудың бір саласы дидактикалық ойындарды пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтар бар екендігі орын алып отыр. Бастауыш мектепке жасындағы балалар еліктегіш, жаңалыққа жаны құмар келеді. Сондықтан әр сабақтың мазмұны мен мақсатына, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын элементтерін пайдаланса балалардың сабаққа деген ынтасы артып, танымдық қызығуы, ізденімпаздық дағдылары жетіледі.

Сонда ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа  білімді меңгертіп, танымдық белсенділігін арттыру болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін тиімді пайдалану арқылы балаларды өздігінен ойлай білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, әртүрлі танымдық дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады, яғни оқу үрдісінде “ойын” элементтерін пайдалану біріншіден, балаларға берілген білім берік меңгерту құралы болса, екіншіден балаларға берілген білім сапасын көтеріп, танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады. Деседе, бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда балалардың танымдық қызығушылығын, сабаққа белсенділігін дамыту мәселелері педагогикалық тұрғыдан толық шешімін таппағандығы арасында қайшылық бар екенін байқадық.

Демек, осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады. Осыған орай бұл зерттеудің тақырыбы: "Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы." - деп аталады.

Зерттеу мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларына дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалануды практикалық  тұрғысында  негіздеу.

Зерттеу объектісі -     Бастауыш сыныптың оқыту процесі.

Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерде  пайдаланылатын  дидактикалық ойындар жүйесі.

Зерттеу міндеті:

астауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау:

-         бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұнын саралау;

-         «дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.

Зерттеу болжамы: бастауыш сыныпта математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды падалану тиімді болар еді егер, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелік жүйесі жасалынса; дидактикалық ойындарды математика сабағы мазмұны мен мақсатына сәйкес пайдалана білсе.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1. ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

 

Балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және оны басқаруды мұғалім іске асырады. Сонда қолданған әдістеме орынды, тиімді болса, балалар білімді ғана меңгермейді, оны қолдануға қатысты тәжірибе де жинақтайды.

Пәнді оқыту әдістемесін осындай деңгейде көтерудің тиімді жолдарының бірі, біздің пікірімізше, дидактикалық ойынды үйлестіре пайдалану.

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ойындар маңызды орын алады, ең алдымен олар дидактикалық, яғни мазмұндары балаларды жеке ойлау операцияларының дамуына немесе есептеу тәсілдерін меңгеруіне, санау, тез есептеу дағдыларын қалыптастыруға, т.б. ықпал жасайтын ойындар. Оқу жұмысының белгілі бір түріне мақсатты жүзеге асыруға бағыттып енгізу балалардын осы жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, оқытудың тиімділігін күшейтеді. Ойын жағдайында балалар ойнай отырып аса күш-жігер жібермей, белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болады.

Бастауыш сынып оқушыларына ойынның қажеттілігі әлі күшті болғандықтан,     басқа    да     математикалық     ойындармен     қатар дидактикалық ойындарды енгізу керек. Себебі:

- Кейбір дидактикалық ойындарда математикадан оқу материалы, яғни жаңа білім, білік, дағды беретін танымдық мағлұматтар, сол сияқты математика сабактарында алған білім, білік, дағдыларды бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге, дамытуға бағытталған материал бар. Мысалы. «Санамақ», «Ондық» ойындар тақырыбын оқыту барысында натурал сандар қатарының бастапқы сандарының қасиеттері мен таныстыру материалы ретінде пайдалану.

Дидактикалық ойындарды дамытушылық яғни балаларды бақылау, салыстыруды үйретуге ықпал жасайтын зейін, ой, ес, т.б. психикалық сапаларды. тапқырлық зеректік, т.б. математикалық қабілеттерін дамытатын материал бар. Мысалы. «Сиқырлы квадрат» ойынында үшінші ретті квадваттарды қарастырғанда, балалар олардың диагональдарының қиылысуында тұрған сан  (немесе өрнек)  «Сиқырлы» қосындының    1/3 (үштен біріне) тең екендігін байқау керек (оны дәлелдеу қажет).

- Дидактикалық  ойындардың мазмұны  мен  жүргізу тәсілдері балалардың   жас   ерекшеліктерін   ескеруге,   олардың   пәнге эмоционалдық, танымдық қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді,  білімдік-танымдық,  тәрбиелік,  жалпы  дамытушылық функциялары бар.

Демек, дидактикалық ойындарды сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланудын әдістемелік ерекшелігі:

- олардың мазмұнының, жүргізілу тәсілдерінің пәнді оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатында сәйкестігі деп тажырымдауға болады.

Сондықтан да дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалануға сәйкестендіре, әдістемелі құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймыз. Ол үшін математикалық мазмұнды дидактикалық ойындар  ұйымдастыруда әлістеменің мынандай мәселелерін ескеру қажет:

1. Ойын    мақсаты.  Ойын   процесінде оқушылар қандай математикалық   білім   дағдыларды   меңгереді,   ойынның   қай кезеңінде ерекше назар аудару керек.  Ойынды жүргізгенде қандай басқа да тәрбиелік мақсаттар қойылады.

2.  Ойыншылар саны.  Әр ойында ойыншылардың белгілі бір ең аз немесе ең көп саны болады.  Дидактикалық ойын ұйымдастырығанда оны ескеру қажет.

3.  Ойын   ұйымдастыруға   қажет   материалдар мен құралдар жиынын белгілеу.

4.  Балаларды аз уақыт ішінде қалай ойын тәртібімен таныстыру.

5.  Оқушыларды ойынға қайта оралу ықыласын есептей отырып, ойын қанша уақыт созылатындығын анықтау.

6.  Ойынға балалардың барлығын дерлік қатынастыруды қамтамасыз ету.

7.  Балалардың ойынға қызығушылығын анықтау үшін, бақылауды ұйымдастыру.

8.  Ойынның соңында, қорытындыда балалар қанлай нәтижелер айту керек.

Сонда ойын сипаты бойынша, сапасы. мазмұны бойынша математикалық ойын болалы, яғни ондай ойынлар дидактикалық ойындар болады.

Сондықтан дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі - математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, - деп тұжырымдаймыз. Мысалы, «Бәйге», «Баспалдақ», «Ақ сүйек», «Жамбы ату», т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.

Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдегімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.

Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлт ойындары: "Алтын сақа", "Бәйге", "Көкпар", "Сақина салмақ", "Бес тас", "Тоғыз құмалақ", "Күміс алу", Ақсүйек" тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Ұлт ойындарының халық педагогикасының қүрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған "жеті кереметтің" сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.

Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады:

"Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнаққұлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой".

(он жеті)

Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында

 

тынығады

Оқушы                                                        өмір танымын кеңейтеді

бірлеседі

ұжымшылдыққа үйренеді

 

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтң ұлттық ойындарын ұсынуға болады. «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе-түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Хан жақсы ма?», «Күзетшілер», «Ұшты-ұшты», «Көрші-көрші», «сақина жинау», т.б.

Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1.Ойын               өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.

Екінші әдіетемелік ерекшелігі:

а)  Сабақта ұжымдық жұмыс ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, «Күн мен түн» ойынын пайдаланып топпен жаппай жұмыс жүргізуге болады.

Мұғалім ақырын «Түн» дегенде, балалар көздерін жұмып, партаға бастарын қояды. Мұғалім ауызша тапсырма береді, мысалы, үлкен топта «7 ол 5 және...», балалар ойланады. Мұғалім күн дегенде, балалар «оянып» қолдарын көтереді. Солай жалғаса береді.

ә) Топтың жұмысын ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, 1 сыныпта санды еселеп қосуға арналған «Ханталапай» ойынын өткізу.

Мазмұны. Ойын бір топ баламен жүргізіледі. Асықтарға бірдей сандар жазылады. Асықтардың арасында бір асықты «хан» етіп белгілейді. Ойын басқарушы барлық асықтарды: «Ханталапай!» - деп жерге шаша салғанда, отырған балалар бас салып бөліп алады. Өздері алған асықтарда бірдей сан болғандықтан, өз ұпайларын еселеп қосып шығады. Ал кімнің колында «хан» іліксе, сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойын басқарушы асықты шашып тастағанда 2, 3 рет қайталаған соң, асыққа жазылған сандарды өзгертіп отырады. Балалар ойнай отырып, еселеп қосып жаттығалы.

Мысалы: 4+ 4+4+.. 3+3+3+.../8/

Ойынды түрлендіріп, күрделендіріп келесі сабақтарда қолдана беруге болады.

Мысалы: "Жамбы ату" ойыны.

Дидактикалық мақсаты. Балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру. Есеп-мысалдарды тез, дұрыс орындауға баулу есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: Үлкен дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншық жебе.

Мазмұны: Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің іші үш немесе төрт шеңберге бөлінеді. Әр шеңберде 1, 2, 3, 4 сандары жазылады. Бала қолына ойыншық жебені алып, көздеп тигізеді. Қандай сандар тисе, сондай номерлі карточканы алып ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай, карточкада 2 немесе 3 тапсырма болады.

Дидактикалық ойындарды оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері математиканы оқытудың:

1) танымдық-білімділік мақсатына сәйкестігі, яғни, балалардың математикалық білім, білік дағдыларын  қалыптастыру құралына сәйкестігі     деп ойлаймыз. Мысалы, санау дағдыларын  қалыптастыруға бағытталған    саусақ    санау ойындары балалардын нәрселерді дұрыс санай білулеріне.

2) дамытушылық   мақсатына  сәйкестігі, яғни. дамыту құралдарына сәйкестігі (логикалық ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз ету).

3) кез-келген дидактикалық ойынды құрал ретінде барлық топта кез-келген тақырыпта оқытуда пайдалана беруге болмайды.

Дидактикалық ойынның құндылығы: Олардың негізінде қызықты тапсырмалар дайындауға мүмкіндік беретіндігіне, олардың орындауы математиканы оқытудың тиімділігінің арттыруға ықпал ететін жаттығулар мен есептерді қолдануға мүмкіндік туғызатындығында. Бұл тапсырмалар оқытудың әр түрлі мақсаттарына қызмет етеді.  Мысалы, олар жаңа тақырыпты оқытуда кіріспе ретінде, қандай да бір математикалық фактіні бейнелеп көрсету үшін, материалды терең меңгеру үшін, қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін, балаларды математикалық құштарлықтарын ояту және дамыту үшін, балаларды математикалық сипаттағы іс-әрекетке ізденушілікке және шығармашылыққа қатыстыру үшін, балалардың математикалық ойлауын дамыту үшін және т.б. пайдалануға болады.

 

1.2       Ойынның түрлері 

 

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек білім непзі бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Ойын арқылы оқушыны білім алуға оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары боиынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, оилау зерде үрділерін дамытады Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп нерв жүйесін демалдырады Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады. Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бю жүйемен пайдалану қажеттіліпн дәлелдейді

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына оиын құрылымына сәйкес жіктемелері бар  (Л.А.Венгер                            О.М.Дьяченко Т. К.Жикалкина  т.б.)

Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне                 (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов,         Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов), ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне               (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын –саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас Олар фактілер немесе оқиғаларды беинелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып керсетіледі, қарапаиым жұмбақ арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі,

2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың непзін заттар мен әрекет   сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», Мен не істер едім   егер деген сұрақтарға негізделеді

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда үштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді

4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.  Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді  оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді.   Бұл қарым-қатынас оиын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады.   Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке   өзара әрекет жасауға, бірлесіп оилануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс әрекет сипатына  сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық  әрекеті талап ететін  ойындар

2. Қайта  жаңғырту  іс -әрекетін орындауға  бағытталған  ойындар

3. Қайта жасау іс әрекетін  жүзеге  асыруға  бағытталған  ойындар

4. Оқушылардың   іс әрекетін  бақылауға  бағытталған ойындар

5. Ізденіс іс -әрекетіне  бағытталған ойындар

Құрылым  бойынша  дидактикалық ойындарды  мынадай  түрлерге  жіктейді

1. Сюжеттік –рольдік ойындар

2. Жаттығу  ойындар

3. Драммалық ойындар

4. Шығармашылық ойындар

5. Әдеби  музыкалық ойындар

Халық ойындарының  педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес  мынадай  жіктемесі  бар:

1. Білім беретін ойындар

2. Тәрбиелейтін ойындар

3. Дамытатын ойындар

4. Жеке тұлғаны   әлеуметтендіретін ойындар

5. Диагностикалық ойындар

Жоғарыда  көрсетілген   жіктемелердің  барлығының   мазмұны  өите қызық  және  өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар  дидактикалық ойындардың  жалпы  мақсатымен мазмұнынан  сәкестендірілген.   Бұл ойынның  түрлерін  бастауыш сыныптың  оқыту  үрдісінде   кеңінен пайдалануға болады.

Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылары тәрбие мен білім беруде өте қажетті құралдың бірі болып табылады. Балаларды оқытып-үйрету барысында біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Тәрбие барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы қиын балалармен жұмыс жасағанда олардың зейіні мен белсенділігін тудыруға, қалыптастыруға болады.

Басында олар тек ойынға қызығады, ал кейін оқу материалына ауысады. Бара-бара балалардың сабаққа, деген қызығушылығы туады.

Сабақ үстінде жүргізілетін, тақырыпқа сай алынған дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Дидактикалық ойын балалардың сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі. Дидактикалық ойын арқылы ол өздігінен жұмыс істеуге үйрененді, ойлау қабілеті дамып қалыптасады.

Дидактикалық ойынды таңдау барысында негізгі естен шығармайтын нәрсе: ол баланың жас ерекшелігіне сай психикалық құндылықтары болу керек, олардың танымдық қабілеті, сөйлеуі, өз қатарларымен үлкендер арасында қарым-қатынас жасай білуі, салыстыру, абстрактілеу. Ойынды жүргізу процессінде баланың интеллектуалдық іс-әрекеті сыртқы орта заттарымен байланыста болуы керек.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың әр кезіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен әдістемесін мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процессіне балаларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Балаларда ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару - табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.

Ойын әсерлері балалар мен мұғалім арасында қарым-қатынастық динамикалық жүйесі ретінде анықталады.

Дидактикалық    ойындар    бастауыш сыныпта қолданылуға    болатын ойындарға дидактикалық сипат беріп, білімділік,   тәрбиелік, дамытушылық,  мақсат көзделіп іріктеліп алынған.

Кез-келген сабақтың нәтижесі, баланың білім сапасымен өлшенеді. Балалардың алған білімін есте сақтап қалу үшін көбінесе дидактикалық ойын сабақтың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Дидактикалық ойын арқылы балалар арасындағы достық қарым-қатынасы нығая түседі, ұжымшылдықтары артады және сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды.

Дидактикалық ойынды пайдалану жилігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып,  балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде үйрету әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білім және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Осындай дидактикалық ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік, сезім процестері де дамиды. Балалардың дидактикалық ойындарына басшылық ету, рөлдік, мазмұнды ойындарын қадағалау, білімділік мазмұнды ойындарын қадағалау, білімділік маңызы бар ойындар ұйымдастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі.

Дидактикалық ойындарды қазақтың ұлттық ойындармен байланыстыра жүргізу келешек жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді. Себебі ұлттық ойындар арқылы  жас ұрпақ өзінің кім екеніне, ата-анасының өсу тарихына көз жібереді.

Ойын балалардың  негізгі  іс -әрекеті ретінде психологиялық,  анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық  маңызы   зор қызметтер  атқарады. Ойын баланың  даму  құралы,  таным көзі,  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық мәнге  ие  бола   отырып, адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал етеді. Осындай   әрбір адам  ойнап  өседі.Ойынды  көп  ойнаған  адамның  дүниетанымы кең, жаны  таза, жүрегі  нәзік,  нағыз  сенімтал тұлға  болмақ.

Әрине ойын  адамның  дамуына, қалыптасуына   әр түрлі  әсер  береді.  Кей  бала  ойынды шынайы  өмірді  бейнелесе, кей  бала  ішкі  сезімін  білдіреді. Ойынның  дамуына  және  баланың  ойынға  араласуына   әсер етеін  факторлар өте көп.  Мысалы,   үлкендердің  ойынға  басшылық  жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін  ортасы, балалар ұжымы, баланың  тәрбиесі т.б.   дегенменде  ойын тек   әрекет  емес, балалардың да,  үлкендердің  де қызығушылық ермегі,  адамды  рахат  және  қанағат сезіміне  бөлейтін  іс -әрекеті. Балалар  тұрмақ, үлкен адамдарда  әлі  күнге  дейін  ойнайды,  әрине  ойынның  түрлері өте көп. 

1. Сюжеттік  ролдік ойындар: баланың өзі  туралы   білімін  кеңейтіп  анықтап, сынақтан  өткізетін  өздігінше   белсенділік. Ойын балаға   әр түрлі   жағдайда   кездескен  адамдардың   рөліне  енуге, қтялындағы   мүмкіндіктерін  байқап   көруге  жағдай  жасайды.  Бұл ойынның   негізгі  ерекшелігі  адамдардың  қимылын,  іс   әрекеттерін   бейнелеу  болып  табылады.  Ойында  бөлме, теңіз,  аспан  кеңістігі  де,  темір  жол  вагоны  да  болуы   мүмкін.  Балалар  ойын шығарушылар,  ойынды  жасаушылар  болып табылады.  Олар   ойында  өздеріне  мәлім өмір    құбылыстары мен  оқиғалары  туралы   білімдерін бейнелейді.   Оларға өзінің  қатынасын  білдіреді.

2.Дидактикалық ойын: балалардың қызығушылықпен  ойнайтындай дәрежеде   мұғалімдер  алдын –ала дайындап  ұсынады.  Оқыту міндеттері  белгілі  мақсатында  жету. Бала  өздігінен  әрекет  етсе де,  оның  белсенділігі   мұғалім  белгілеген  шеңбер  аясында  болады. Бұл ойынның  білімділік,  тәрбиелік,  дамытушылық мәні  зор.

3. Қимыл-қозғалыс  ойындары дене шынықтыру  жаттығулары мен спорттық  ойындарға деген   қызығушылығын   арттыруға  баланың қозғалысын  үйлестіріп,  ептілігін  қалыптастырады.

4. Тетрландырылған  ойын: оқылған ертегі,  әңгімелерді  ролдерге бөле  отырып  орындау  жағымды,  жағымсыз кейіпкерлерге  енуі  образдарды  құрастыру, сахналау.

5. Ережелі  ойындар: үстел  үсті  ойындары,  шахмат,  дойбы, тоғызқұмалақ  т.б.  ойындар  жатады.

6. Құрастыру  ойындарына: лего  конструкторлар, мозайка т.б.  ойындар жатады.

7. Ұлттық ойындар т.б.

Жоғарыда  көрсетілген  ойындардың   барлығының  мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Бұл ойынның  түрлерін  бастауыш  сыныптық оқыту  үрдісіне  кеңінен  пайдалануға болады.

Ойын бастауыш   сынып оқушыларына   тәрбие мен  білім беруде  өте қажетті  құралдың  бірі болып  табылады. Балаларды  оқытып-үйрету  барысында біртіндеп ойын  іс -әрекетінен  таным  іс әрекетін  орындауға   бейімделуі  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар

 

Балалардың танымдық қабілетін дамытатын жеке қызығушылығын негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар. Ойынды мұғалім баланың ойлау  іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданылады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін, жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін пайдалынатын дидактикалық ойындардың мазмұндары, мысалы, «Орамал тастау», «Сақина салу», «Жамбы ату», «Ханталапай», «Ақ сүйек», т.б. ойындар.

Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың  желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіру, қалыптастыру - басты нысаны. Сондықтан математика сабағында пайдалануға болатын дидактикалық ойындардың мазмұнын, шарттық көрнекі құралдарын, ойнау ережелерін, қарапайым тапсырмаларды оқушылар өздері орындауға шамасы жететіндей сұрыптап үлгісін ұсынамын.

Дидактикалық ойындарға тапсырмалар өзегі табылады. Бұл ойындарды математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта өткізуге болады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, творчестволық қабілетін оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді. Дидактикалық ойындар баланың математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз—ұшқыр білімге құмарлық пен еліктеудің аздап жанар оты."- деген болатын. Ендеше дидактикалық ойын — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында қолдануға болатын дидактикалық ойындарды ұсынамын.

Бұл дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу

бағдарламасына байланысты математика сабағында пайдалануға болады. мысалы, "Алма теру" ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту. Ондықтан аттап қосу және азайтуды үйрену. Балалар ойнай отырып, ауызша немесе жазбаша есептеп жаттығады.

Керекті құралдар: Алма бағының суреті, магит тақтасы, жеке-жеке 1-ден 20-ға дейінгі бірнеше алма мен алмұрт салатын себеттер.

Мазмұны: Магнитті тақтаға алма ағашының суреті орналастырылады. Ағашқа ілінген алмаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады. Себеттің сыртына нәтиже жазылады, ал алмаларға өрнектер жазылған. Балалар өздері қалаған себеттерін тавдап алады да, соған тиісті алманы үзіп алып салады. Ойынды 5-9-6 бала ойнауға немесе бүкіл топ болып ойнауға да болады.

Себетті кім бұрын толтырса, солар мұғалімге өткізеді. Себетті өткізетін жеке бала болуы мүмкін немесе бірлескен топ, командалар болуы мүмкін. Мұғалім алма ағашын басқа да қатармен ауыстырып, ойынды күрделендіріп жалғастыра беруіне болады.

"Керуеншілер" ойыны. Дидактикалық мақсаты: Балаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап меңгерту және ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру. Мазмұны: Мұғалім керуен ойынын ұйымдастыру жолдарын түсіндіреді. Тақтаға алдымен 8 баланы шақырып, оларды тізбек құрғызып тұрғызады, керуен құратын ботақандар 8 бала. Соңынан тағы да қыз баланы шақырып, тақтадағы керуен тізбегін толықтырады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп 2 қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала қосылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетіп, "МОФ" деген дыбыс шығарып, орындарында қимылдап тұрады. Ал сыныпта қалған балалар мұғалімнің басшылығымен керуен тізбегін талдайды.

-   Керуен тізбегіне 8, тағы неше ботақан тіркеледі?

-   Керуен тізбегін 10-ға толтыру үшін алдымен қанша ботақан тіркеледі?

- Ең соңынан тағы қанша ботақан қосылды? Мұғалім тақтаға жазып көрсетуіне болады.

8+6

8+2+4

-   Барлығы керуен тізбегінде қанша болады? (14)

Кері тәртіппен  ойнауға болады.  Керуенде  барлығы   14  ботақан,

соңынан 2 ботақанды тізбектен босатты, сонда нешеуі қалды?

14-2

14-4-2

Ойынды келесі сабақтарда күрделендіріп жалғастыра беруге болады.

"Сақина салмақ" ойыны. Дидактикалық мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жатығу кезінде пайдаланады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады. Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме, т. б. Қолда барды пайдалануға болады (әр қатарға бір-бір сақинадан болса, ойын тез жүреді). Мазмұны: Топтағы балалар 2 немесе 3 топқа бөлінеді. Сыныпта неше қатар парта болса, сонша топ болады. Әр топқа бір-бір сақина береді.

Тақтаға топ санына байланысты, баған түрінде мысалдар жазып қойылады. Әрбір қатар мысалдарды топқа бөліп береді. Мұғалімнің командасы бойынша, қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады (бағалауға да болады). Ойын бірдей уақытта басталып, бір мезгілде үш топпен бірдей аяқталуы да мүмкін. Онда шығарылған мысалдардың дұрыстығы ескеріледі.

"Орамал тастау" (1-нұсқа). Дидактикалық мақсаты: Балаларға сан құрамын толық меңгертуге және есеп құрал шығара білуге үйрету. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп жазылған 13,15,16 сандары.

Мазмұны: Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші қолына жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі қалаған балаға береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды келесі балаға жалғастырып,  бала бірден жауап береді. Қалған топтың балалары ойынды бақылап отырады.

13=7+6                                        13=9+4

13=8+5                                        13=11+2

13=10+3                                       13=14-1 т.с.с.

1-ші топ болғансын, 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр топтың тұсына (тақтаға) қате жіберген жағдайда, белгі қойып отырады. Нәтижесі сол арқылы анықталады. Ойынды бір тақтаны (санды) санға ондықтан аттап қосу, ондықтан қосу, ондықтан аттап азайту, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қосу және азайту т.с.с.

"Орамал тастау" (2-нұсқа). Дидактикалық мақсаты: Теңдеуді шешуге, әріпті өрнектрдің мәнін табуға арналған (ең қарапайым жеңіл түрі алынады).

Керекті құрал: Топтағы оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе отырады (арасы 5-6 метр, 10 м болуы керек). Жүргізуші қолындағы орамалды 1-ші топтың шеткі ойыншысына береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек жасырады (жұмбақ жасыру ойыны сияқты): (х+8=12) Белгісіз қандай санға 8-ді қосқанда 12 саны шығады? Қарсы топтағы бала орамалды қосып алып, жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетіп орнына отырады немесе ойыннан шығып кетеді де, бақылаушы болып отырады. Егер дұрыс жауап берсе, ойын әрі қарай жалғасады. х-4=7 қай санды 4-ке азайтқанда 7 саны қалады? (жауап береді),

Жауапты тек қана орамалды ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Күрделендіріп мұғалім өз қалауынша келесі сабақтарда қолдана беруіне болады.

"Шынжыр" ойыны. Дидактикалық мақсаты: 20 көлемін ауызша және жазбаша есептеп дағдыландыру.

Қажетті материалдар: Цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.

Мазмұны:Мұғалім 1-ден   9-ға   дейінгі   сандар   жазылған карточкаларды балаларға таратып береді. Ойынның тәртібімен таныстырады. Бір балаға карточканы береді де, тақтаға шығарады. Бала қолындағы санды атайды. Мұғалім балаларға қарап, сол санды 9-ға дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14-ке, соңынан тапсырма береді. Қалған оқушылар бақылушылар ролінде болады.

6+3+5+6=20

2+8+7+3=20

4+2+3+6+5=20

Ойын    нәтижесінде    тез    және    қатесіз    орындаған    топ    озып шығады. Ойынды сан құрамын табуға,  ондықтан аттап қосу мен азайтуға да пайдалануға болады. Келесі сабақтарда күрделендіріліп, орындай беруге болады.

"Ақ сүйек" (Белгісіз санды табу). Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер (осы ойынға тиесіле ғана тоқтап алады).

Мазмұны: Ойынға топ толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына "Ақ сүйек" тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді.

 

12

7

 

9

3

4

5

 

А

8

7

9

6

12

 

8

 

 

 

 

 

А+4

 

 

 

 

 

"Ақ сүйек" ойыны. Дидактикалық мақсаты:   Бір  таңбалы  санды  қосу  және   азайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттығу.

Керекті құралдар: Әр топқа арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға қатысқан  балаларға  арналған  номер,  қосымша  мысалдар жазылған карточкалар, плакат.

Мазмұны: Мұғалім топты бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген мысалдарды карточкаларға немесе ойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге түсетін бала алдын ала 1-ші турдан өтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады: мұғалім жарыс тәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне тиесілі жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңеді. Мәреге жеткенше қатысқан баланы шаршады деп есептесе, басқа балалармен ауысуға болады. Қалған топтың балалары "жанкүйерлер" болып отырады. Ойынды күрделендіріп келесі сабақта қолдана беруге болады. Ойын басталды.

Математикалық бәйге ойынның сабақтан тыс уақыттарда екі-екі баладан жеке ойнауға да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Сабақтан тыс  жұмыстарда   ойындарды   пайдалану  әдістері

 

Бастауыш сынып оқушыларына тек  пәндік  білім, білік  дағдыларын  меңгертіп қана  қоймай, сабақтан  тыс  жұмыстарда  ойындарды  пайдалану  керек. Қимыл-қозғалыс ойындары  мен ұлттық ойындармен  таныстырып,  оларды сабақ  барысында   қолдану керек. Ойындарды қазақтың ұлттық   ойындарымен  байланыстыра  жүргізу келешек жас  ұрпақ тәрбиесіне  үлкен әсерін  тигізеді.  Себебі  ұлттық ойындар  арқылы  жас ұрпақ  өзінің  кім  екеніне, ата –анасының өсу  тарихына   көз жібереді. Этнограф ғылымдар –ұлттық ойындардағы   өзгешеліктердің   адамзат мәдениетіне  қосқан үлесіне де ерекше назар аударып, әр халықтың ойнынан соның өзіне тән айырмашылықтарын  танып білуге   көңіл  бөлген.

  Адамдардың  ертеден келе  жатқан  салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін, еңбек  дағдыларын балалар  ойнынан  да байқауға болады.  Тіпті  ұмтыла бастаған  салт-дәстүр  түрлері де   ойыннан елес  беріп тұрады.   Ересектердің  есінен  шығып кеткен  халықтың  ежелгі  әдеттерінің  санамақө  жырларының  тек балалар  ойындарында   сақталып  қалған  түрлері  де бар.

Әншіл,  сауықшыл қазақ  халқы   адамның ой өрісін  кеңейтетін, орталық  жүйке жүйесін  шынықтыратын, өмірге  қажетті  ауызекі  есепке  төселдіретін,  ұстамдылыққа,  кәсіптік еңбекке дағдыландыратын  тамаша  ойындарға  асас бай.  “Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма” деп  балалар  табиғатын   ойынның балалар  тәрбиесіндегі   алатын орнын жақсы  білген  халқымыз балаларға  алатын орнын жақсы білген халқымыз балаларға   икемдеп “Санамақ”, “Тәй-тәй”, “Ақ серек-көк  серек” “Соқыр теке”, “Бұлақ” , “Жер, су, от, ауа”, “қыз қуу”, “ Күміс алу”, т.б.   қимылды  ойындар  туралы кеңірек  баяндайық.

Бұлақ

Оқушылар екі топқа бөлінеді де, өздері таңдаған алаңқайға қаз –қатар екі сызық сызады. Аралығы онша алшақ болмауы керек. Бұл “Бұлақ” деп аталады. Әр оптан бір –бірлеп бала шығады да, бұлақтыңбасына барып, қарғып өте бастайды. Қарғып өткен бойынша өз тобына қайта қосылады. Ал қарғи алмаған ойышы келесі топқа қосылуға тиіс.

Ойынның соңында, яғни  ойынға қатысушылар түгел бұлқтан қарғып өтіп біткен кезде, қай топтың ойыншысы көп болса, жеңіске сол топ жетеді.

Жер, су, от, ауа.

              Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез –келгеніне допты лақтырып жібереді де, “жер”, “су”, “от”, “ауа” деген сөздің біреуін айтады.

              Егер бастаушы “жер” десе, допты қағып алған бала бір үй жауарлардың немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал “су” сөзі айтылса, өзен –көл мен теңіз –мұхитта кездеетін балықтың аты аталады. “Ауа” дегенде, бір құс айтылуға тиіс. Ал “от” аталған кезде, ойынға қатысушылардың бәрі қолдарын бұлғап, орындарын айнала бірнеше дүркін тез –тез секіруі керек.

Ойынның түрі –түрі аяқталған сайын доп тастаушы қайта аралап отырады.

Жайбасар, сасқалақ балалар ойын шартын бұзған заматта-ақ ойыннан

шығарылады.

Санамақ

Санамақты көбінесе шағын доп құрып ойнауға болады. Ол оқушының диалог түрінде сөйлесе білуге, өзіне қойылатын сұраққа жауап беріге жаттықтыру ісіенд басты рөл атқарады. Төменде осы үлгідегі 6 ойынды ұсынып отырмыз.

1. –Қоян қашқын,                                                         -Ізімді бастың.

Қайда қаштың?                                                                       –Ендеше қашпа.

-Тоғайға қаштым.                                                         –Мылтығынды таста.

Неге қаштың                                                                       –Ауызынды аш та!

Сенен састым.                                                                       Он сөз зыт, тез!

-Неге састың?

(Ойынша сөз келген бала саптан шығып, өз алдына топ құрайтын орынға барып тұрады).

Қимыл- қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады осылардың бәрі қимыл -қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. «Түйе-түйе», «Жануарлар қалай үндейді», «Қой бағу», «Қоян» сюжетті қимыл- қозғалыс ойындарына жатады. Жоғарыда аты аталған ойындар болашақ ұрпақ тәрбиесінде қанат жайып келеді. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына енгізу мүмкіндіктері өте зор.

Ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды үзілістердегі, ұзартылған күн топтарындағы ертеңгілік, кештердегі ұжымында еркін сезіну, саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, мақсатқа Жетудегі табандылық атмосферасын қалыптастыруға ұмтылу қажет. Осыдан халық ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану шарттары, өдістері мен түрлерін қарастыру қажеттігі туады.Тек осындай жағдайда ғана халық ойындары жай ермекке Кетпей, оқу-торбие мақсаттарына бағындырылып, пайдасын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Ойын бала іс -әрекетінің  негізгі түрі.  Баланың өсіп өнуінде  ойынның мәні зор. Әсіресе  бала өмірінде  ойынның атқаратын  қызметі айрықша.

Ойындар баланың  дамуына   септігін  тигізеді.  Балалар жаманнан жиреніп,   жақсыға  еліктеп, бойына  жақсы  қасиеттерді сіңіреді. Әрине мұның барлығы мұғалімнің іскерлігі мен шеберлігінің нәтижесінде жүзене асады.

              Мектепте ойындарды пайдалану барысында балалар арасында сұрақ –жауап, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, тапсырмаларды талау, ойын, ойлау әдістеелерімен өткіздім. Балалармен жұмыс істей отырып. Олардың ойындарға деген қызығушылығы оқуға, білуге, сабаққа деген ынтасының артатыңына көзім жетті.

              Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілеттері, ақыл –ойы дамуына зердесін, қиялын дамытатынына көзім жетті.

              Сабақта ойындарды қолданған кезде балалар өздерін еркін сезініп, өз ойларын қысылмай жеткізіп бір –бірімен тіл табысып, тез ұсынысты. Демек, ойындардың өзі балаға білім берудің, тәрбиелеудің қайнар көзі дер едім.

              Қорыта айтқанда, баланың дамуына ойынның  атқаратын қызметі айрықша. Ойындар арқылы баланың бойына ойлау, сөйлеу, қабілдау, иесте сақтау үрдістерін дамытып, сонымен қатар баланың ақыл –ойы дамиды, елестетуін бекітеміз, кеңейтеміз, белсенді сөздік қорын дамытамыз.

Ал бала үшін ойын –іс -әрекет, қимыл құралы болуымен қатар олардың танымын, түсінігін және білімін жетілдірудің негізгі жолы. Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деп санаймын.

Ойын бос ермек емес, ол баланың күшін, оның белсенділігін, тапқырлығын, зеректігін дамытып, әр түрлі сезім әрекеттеріне нәр береді. Ойын –балаларға да, үлкендерге де ауадай қажет.

              Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

              Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан –ойға жетелейтін, адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл –ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

              Кейде балалар ойынында өлең –тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар жиі кездеседі. Негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат бітіріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған кезде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез –келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

              Жалпы ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға, ұрпақтан –ұрпақа ауысып отырады. Тапқыр, алғыр, шымыр, епті, қайратты, қажырлы бала өсіруді армандамайтын ата –ана жоқ. Сондықтан ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Менің ойымша сабақта ойындарды қолдану, сабаққа өзгеше нәр беріп, жаңартып тұрады.  Ал балалар ойнай да білсін, ойлай да білсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Аманжолов А.С. Қазақ жұмбақтары //Ана тілі, 1993.

2.      Ахметов С. Қуыр-қуыр қуырмаш. – Алматы, 1993.

3.      Баймуханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. Алматы, 1983.

4.      Жикалина Т.К. 2-сыныпқа арналған математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар. Алматы, 1992. 3-15 б.

5.      Жолтаева Г.Н. Бастауыш   сыныптарда   математиканы   оқытуда этнопедагогика элементін пайдалану. - Талдықорған. 2000. 13-25 б., 39-49 б.

6.      Құрманалин Ш.Х., Сәрсенова С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Математикадан       дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар 1-сынып. -Алматы, 1997, 3б.

7.      Перельман В.И. Занимательные   задачи   и   опыты. -Москва, 1972.

8.      Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение. Вопросы, теории и технологии. - Алма-ата, 1980. 204 с.

9.      Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991.

10. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. - Алматы, 1991.

11. Толымбаев Г. Кел ойнайық.- Алматы,1990.

12. Ысқақов М.,    Назаров С.Н.   Математика    мен    математиктер жайындағы әңгімелер. -Алматы, 1991.

13. Эрдниев П.Н. Укрепление дидактических единиц как технология. Москва, 1992.

14. Эльконин Д.Б. Педагогика игры. - Москва, 1976. -304 с.

15. Аубакирова Ж. Ойынның бала психологиясына әсері //Ізденіс. 2000. 4-5, 203-208 б.

16. Елубаева С. Дидактикалық ойын  оқыту әдістерінің бірі //Бастауыш мектеп 1988. 2, 7-12 б.

17. Жузбаева Б. Ойын сабақ өрнегі. //Бастауыш мектеп 1990.

18. Қаратаева Ғ. Ойын адам психологиясын дамыту факторы. //Қазақстан мектебі 2000. №5, 20-26 б.

19. Қойшиев Қ., Ыскакова Б. Балаларды қуыршақтармен ойнату арқылы ізгі сезімдерге тәрбиелеу. //Ізденіс, 1997. №2, 153-157 б.

20. Нұрғаева Ғ. Ойын сабақ. // Бастауыш мектеп, 2001. №7, 40-42 б.

21. Оразбекова К. Дидактикалық  ойындардың маңызы. //Бастауыш мектеп, 1988. №10.

22. Сағымбекова Т. Ойыннан оқуға ауысу.//Бастауыш мектеп, 1991, №7, 33-34 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

Информация о работе Математиканы оқытуда дидактикалық ойындар пайдалану